Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 20:50, курсовая работа
Қазақстандық экономикалық жүйе толығымен нарықтық қатынастарға көшті. Елімізде нарықтық экономиканың қалыптасып, мұның тұрақты түрде дамуына байланысты бухгалтерлік есеп жүйесі де жаңа сипатпен жаңа бағытқа, халқаралық мазмұн мен мағынаға ауыстырылып келеді. Қазіргі таңда ұйымдарда жүргізілетін бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық стандарттар талабына сәйкес болмаса, онда халықаралық капитал рыногын құру мен тиімді объектілерді инвестициялау, қаржыландыру процестері өз мәнін таппайды. Сондықтан потенциалды инвесторлар қаржылық ақпараттардың «тұнықтылығын» талап етеді.
Кіріспе…………………………………………………………………….......……3
1.Ұйымның есеп саясатының мәні мен маңызы және қалыптастыру негіздері
1.1.Есеп саясатының мәні мен маңызы.................................................................5
1.2. Есеп саясатын қалыптастыру негіздері....................................................... 11
1.3.Есеп саясатының ұйымдық және техникалық аспектілері......................... 31
2. ХҚЕС кезіндегі есеп саясатын жасау мәселелері мен жетілдіру жолдары
2.1. ХҚЕС кезіндегі есеп саясатының жасау мәселелері ….............................35
2.2. ХҚЕС-қа көшуге байланысты есеп саясатын жетілдіру жолдары........ 45
Қорытынды….....................................................................................................…51
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................53
Сонымен қтар салық есебін жүргізуге арналған аналитикалық жіктеу мен тіркеу регистрларының үлгісі компьютерлік технологияға салынып, салық есебін өңдеу мен жүргізудің техникалық тәртібі қаралады.
Егер ұйымдар қызмет атқарудың бірнеше түрлерімен айналысатын болса, онда есеп саясатында табыстар меа шығындар өрісіндегі ерекшеліктердің мазмұны әрбір атқарылатын қызметтер бойынша толығымен көрсетіледі. Мұндай жағдайда өнімдер, тауарлар, жұмыстар сатудан түскен табыстардың, сондай-ақ сату сыртында түскен табыстардың қалыптасу тәртібін ашып көрсеткен жөн.
Сонымен қатар есеп саясатына табыстар мен шығындарды тану, мысалы, табыстарды есепті кезеңде тану процесін түскен ақша, тауарлар, жұмыстар, қызметтер және мүліктік иелік құқымен тікелей байланыстырып қараған жөн.
Салық есебіне тән табыстар мен шығындарды классификациялық топтарға бөлу принципі бухгалтерлік есепке тән классификациядан ерекше жағдайда болуы мүмкін. Салық есебін жүргізу үлгілерінде табыстар мен шегерімдер, тұрақты және уақтылы айырымдардың тізімі жазылады.
Салық есебі саясаты жөніндегі ақпараттар мен мәліметтер қаржылық қорытынды есеп мазмұнын толық түсінуге бағытталуы қажет.
Есеп саясатының сапалы және оңтайлы әдістерін таңдап алып, тәжірибеде ұтымды жолдармен қолдана білудің маңызы зор.
Мұндай шаралар іске асырылған жағдайда ұйымдар қызметінің нәтижесін, бұлардың қаржылық жағдайын шындық және объективтік тұрғыда бағалау мүмкіндігі қалыптасады. [16, 138 бет]
1.3. Есеп саясатының ұйымдық және техникалық аспектілері.
Ұйым шеңберінде іске асырылатын есеп
саясатын жасау мен калыптастыру
төмендегі сабақтастық
1) арнайы комиссия құрылып, мұнын мақсаты мен атқаратын міндеті;
2) есеп жүргізудің жаңа әдістері айқындалып, бухгалтерлік есеп стандарттары мен принциптері талаптарына жауап беретін мазмұнда ұйым басшысының бұйрығы шығарылады;
3) есеп саясатын
сапалы жасау үшін
жауапты есеп қызметкерлері
мен қатар өнім өндіру
4) есеп саясатын қалыптастырудың кезеңдік шаралары, қажетті құжаттар мен есеп объектілерінің тізімі жасалынады;
5) есеп объектілерінде қолданылатын әдістер мен тәсілдерді таңдап алу, бұлардың қысқаша мазмұнын өкілетті органдарға хабарлау мен келістіру шаралары белгіленеді.
Есеп саясатының ұйымдық және техникалық аспектілеріне мыналар жатады:
1) ұйымдардың ұйымдық құрылымы, оның көлемі мен сипаттамасы, қызмет атқару ерекшеліктері;
2) ұйымның жарғысы,
құрылтайшылар мен үлес
3)акционерлермен өткізілетін жиылыс, кездесулер, т.б. ұйым қызметіне байланысты маңызды шаралар.
Осы жоғарыда айтылған мақсатты шаралар мен атқарылатын мәселелер стандарттық үлгіде емес, ішкі ерекшеліктерге сай жазба түрде икемді, жинақы және сапалы жазылуы керек. [17, 67 бет]
Есеп саясатының қысқаша мазмұны ұйым басшысының шығарған бұйрығында көрсетіледі. Әдетте есеп саясатына тән шығарылған бұйрық үш тараудан тұрады. Олар:
1) бухгалтерлік есепті ұйымдастыру;
2) есеп жүргізудід техникалық тәсілдері;
3) негізгі есеп
объектілеріне тән
Есеп саясатының ұйымдық және техникалық мәселелерін сипаттаушы материалдар ақпараттық көздер, анықтамалық тұжырымдар және ішкі ережелер түрінде қолданылады.
Есеп саясатын жасауға қатысты жауапты мамандар, әсіресе ұйымның бас бухгалтері ресми қолданудағы құжаттар мазмұнын қайта қарап, нұсқаулар мен ережелердің т.б. қолданбалы ресми құжаттардың тиімді және тиімсіз жақтарын зерделеуі керек. Әрқашанда ұйымның бас бухгалтері кәсіби тұрғыда табандылық көрсетіп, өзінің білімі мен тәжірибесін есеп саясатын сапалы жасауға жұмсауы қажет. Икемді, зерделі жасалған есеп саясаты осы ұйымның ішкі нормативтік құжаты болып табылады. Бәсекелестік жағдайда сапалы жасалынған осы ұйымның есеп саясатының кейбір маңызды тұстары басқа да ұйымдар тәжірибесінде қолданылуы мүмкін. Сонымен қатар нарықтық қатынастар, халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары талабына және ұйымдар өрісіндегі технологиялық, шаруашылық ерекшеліктерге сай жасалынған есеп саясаты есеп жүргізудің әдіснамалық концепциясы болып та қаралады.
Айтылғандарға орай есеп саясаты бухгалтерлік есеп жүйесіндегі принциптерден, әдістер мен тәсілдерден, негізге алынған концепциялар мазмұнынан, казақстандық және халықаралық стандарттар талабынан, сондай-ақ қаржылық қорытынды есеп дайындау мен тапсыру талаптарынан туындайтындығын білген жөн. Есеп саясаты сапалы жасалып, тәжірибеде оңтайлы қолданылған жағдайда ұйымдардагы инвестициялық саясат, қаржылық қатынастар, келісш-шарт, т.б. өзара келісімге түсетін әрекеттер, сондай-ақ басқарушылық шешім қабылдаудың икемді негізі қаланып, бухгалтерлік есептің тұнықтылығы қалыптасады. [17, 72 бет]
Сонымен есеп саясатының ұйымдық және техникалық аспектілерінің мазмұны мына төмендегі құжаттардан: бұйрықтар, ішкі ережелер, құжатайналысының графигі, нұсқаулар, акционерлер жиналысының хаттамасы, ұйымның жарғысы, құрылтайшылық келісім, заңды тұлғаны тіркеуден өткізудің анықтамасы т.б. бухгалтерлік есепке тән құжаттардан тұрады.
Есеп саясатының мазмұнды сапалық дәрежесі қаржылық қорытынды есеп даярлап тапсыруға, бухгалтерлік баланс құрылымына, есеп жүргізудің үлгісіне, сондай-ақ ішкі және сыртқы аудит қызметінің маңызына қарай сипатталады.
Есеп саясатының өңделуі барлық принциптерге сай және де ХҚЕС есептескен, сонымен қатар 1.01.2006 жылдан бастап қолданысқа енгізілген.
Сонымен әр қаржылық жыл 1 қаңтардан басталып, 31 желтоқсаннан аяқталады. ЖШС есеп саясатының қабылдануы бойынша жылдан жылға қолданылады.
Егерде есеп саясатында қандай
да бір өзгерістер болса, онда
жаңа есеп саясатының өзгерісі
бойынша келісімшарттармен
Бухгалтерлік есептер бухгалтерияның жеке бөлімшесінде орындалады.
Нормативті-құқықтық құжаттар бухгалтерлік іс-әрекетіне байланысты ол бухгалтерлік жағдай және секторлық жағдай болып табылады.
Есеп саясатына сәйкес ортақ есептік жүйесі мынандай бөлімшелерге бөлінеді:
1) қаржылық есеп, ХҚЕС шот жоспарына сәйкестелінген олармен АҚ кірістері мен шығыстары көрсетіледі;
2)статистикалық есеп,
олар қаржылық есепте
3)салық есебі, қаржылық есептің қорытындысына заңды түрде және альтернативті түрде қолданылады;
4)басқару есебі - құрама
мәлімет, АҚ бастығының
Бухгалтерияда шаруашылық операциялары ішкі бақылауы бастапқы есепмқұжаттары және бақылау процедурасы келесі тәртіп бойынша қарастырылады:
1)санкциялық бақылау, шаруашылық операциялар рұқсат етілген болуы қажет;
2) заңды бақылау әрбір шаруашылық операциясы заңға сәйкес болуы қажет;
3) уәкілетті бақылау;
4) мәліметтердің өңдеуі,
бақылануы, құжаттардың және
2. ХҚЕС кезіндегі есеп саясатын жасау мәселелері мен жетілдіру жолдары
2.1. ХҚЕС кезіндегі
есеп саясатының жасау
2006 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан
Республикасының кәсіпорындары
ХҚЕС-на сәйкес жасалған қаржы
есептілігін тапсыруға
Кәсіпорындардың қаржылық басшылықтары үшін қиындығы сол, олар уақытпен шектеліп қана қоймай, бұл ХҚЕС бойынша үшінші есептілік, ал кейбір кәсіпорындар үшін салықтық, бухгалтерлік және басқарушылық есептен басқа төртінші есеп жүйесі болып табылады.
ХҚЕС өздерінің жылдам өзгеруімен байланысты қосымша міндеттер туындайды, 2004 жылы ХҚЕС жөніндегі комитеті активтер мен міндеттемелерді рыноктық бағалауды көбірек пайдалануға, сондай-ақ есеп стандарттарын US GААР-пен үйлестіруге бағытталған бірқатар өзгерістерді іске асырды. Нәтижесінде кәсіпорындардың бірқатар шаруашылық шарттарын, материалдық емес активтерді, сондай-ақ қосылулар мен жойып жіберу жөніндегі мәмілелерді тану жөніндегі ХҚЕС бойынша есеп саясаттарын қайта қарағандары жөн. [19, 246 бет]
8-"Есеп саясаты,
есептік бағалаулардың
Есеп саясаты туралы ақпаратты ашып көрсету жөніндегі талаптар 1-"Қаржы есептілігін ұсыну" ІАS-да белгіленген. 8-ІАS қолдану аясы мынадай мәселелерді қамтиды:
1)есеп саясатын таңдау немесе оны өзгерту;
2) есептік бағалауларды өзгерту;
3) алдыңғы есептік кезеңдерде жіберілген қателіктерді түзету.
Есеп саясаты өз құрылымы мен мазмұндық нысаны бойынша үш дәстүрлі блоктардан тұрады: жалпы бөлім; ұйымдастыру бөлімі: әдістемелік бөлім.
"Жалпы ережелер" бөліміне мыналарды енгізген жөн:
1) ұйым туралы жалпы мәліметтер;
2) қаржылық жағдайлар,
қызмет нәтижелері және осы
ұйымның қаржылық жағдайындағы
өзгерістер туралы шынайы
3) таңдап алынған есеп
саясаты арқылы қаржы
Бұдан кейін есепті жүргізген және қаржы есептілігін жасаған кезде ұйым мүлтіксіз ұстануға тиіс негізгі принциптерге сілтенуге болады, оның ішінде 1-ХҚЕС-на сәйкес есеп саясатын қалыптастыруға бағытталғандарын - орындылық пен сенімділікті ерекше атап өту керек. [19, 248 бет]
Есепті жүргізген және
қаржы есептілігін жасаған
"Әдістемелік бөлім" ақпаратты қаржы есептілігінде көрсетудің ХҚЕС ұсынатын таңдаулы баламаларға орай нақты тәсілдерін қамтуға тиіс. Егер басқаша жасаудың ерекше негіздемелері болмаса, есеп саясатын ХҚЕС бойынша бірінші рет қалыптастыратын ұйымдарға "негізгі" (ұсынылатын) жол бойынша жүргені жөн болады. Жүйелілікті, кезектілікті және толықтықты қамтамасыз ету мақсатында бір ХҚЕС-нан басқасына таңдауды жүзеге асырған, яғни алдымен 1-ХҚЕС содан кейін 2-ХҚЕС және т.б. көзделген тәсілдерді, баламаларды анықтап алған дұдыс. Бұл ретте бұйрықты жасаушылар дербестіліктің жоғары дәрежесімен сипатталатын және ұйымның шаруашылық өмірінде әлі кездеспеген объектілерге қатысты таңдау жасаудың барынша қиын екенін, ал кейде жүзеге асырудың мүмкін еместігін айқын түсінулері тиіс. Мысалы, материалдық емес активтердің, зерттеу, әзірлеу, өндірісті игеру, және т.б. шығындарының әлі бола қоймаған амортизациясын есептеу нормалары мен тәсілдерін анықтау барынша проблемалы болып келеді және олардың таяу болашақта болатыны да белгісіз.
Сондықтан, біріншіден, есеп саясатында оқиғалардың барлық өрбу жағдайларын және бухгалтерлік қадағалау обьектілерін алдын ала болжап білуге тырысудын керегі жоқ. ХҚЕС егжей-тегжейлі рәсімдерге емес, принциптерге сүйенеді. Ал екіншіден, жаңадан пайда болған бухгалтерлік қадағалау объектісін есепке алудың нақты тәсілін есепке қабылдау сәтінде, міндетті түрде 1 қаңтардағы жағдай бойынша емес, тіпті жыл ортасында да анықтауға болады. Бұл факті есеп саясатының езгерісі емес, толықтырылуы ретінде танылатын болады, сондықтан халықарапық стандарттарға қайшы келмейді. [19, 251 бет]
Өзгерістерге қатысты келетін болсақ, онда ХҚЕС компания операцияларының немесе ХҚЕС өзі мен оларға түсіндірмелердегі езгерістердің сипатындағы елеулі өзгерістер болған жағдайда ғана жол береді.
Сондай-ақ есеп саясаты - бұл алдағы жылға (немесе бірқатар жылдарға) әрекет жасауда ұсталатын жалпы басшылық екенін және ол түсіндірме жазабаларда (немесе ХҚЕС-на сәйкес "қаржы есептілігіне түсіндірмелерде") ашылуға тиіс әдістемелік сипаттағы мәліметтерді алмастыра алмайтынын ескеру керек. Есепті кезең аяқталғаннан кейін қажетті қорытындыларды шығарып, есеп саясатын таңдаумен байланысты барлық елеулі аспектілерді ашып көрсету және ұсыну мүмкін болады. Өкінішке қарай, бұл құжатты отандық қолданушылар мен қаржы есептілігін жасаушылар жеткілікті түрде бағаламай отыр. Алайда оны жасау теориясы мен практикасының көкейтесті мәселелерін талдау - жекелеген мақалалардың тақырыбы. Біздің пікірімізше, баяндаудың мұндай тәсілі (стандарттан стандартқа) құжаттың мұрагерлілігін сақтауға, оның халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етуге, бұл ретте елеулі болып келетін жағдайләрды жіберіп алмауға мүмкіндік береді.