ХҚЕС кезіндегі есеп саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 20:50, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстандық экономикалық жүйе толығымен нарықтық қатынастарға көшті. Елімізде нарықтық экономиканың қалыптасып, мұның тұрақты түрде дамуына байланысты бухгалтерлік есеп жүйесі де жаңа сипатпен жаңа бағытқа, халқаралық мазмұн мен мағынаға ауыстырылып келеді. Қазіргі таңда ұйымдарда жүргізілетін бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық стандарттар талабына сәйкес болмаса, онда халықаралық капитал рыногын құру мен тиімді объектілерді инвестициялау, қаржыландыру процестері өз мәнін таппайды. Сондықтан потенциалды инвесторлар қаржылық ақпараттардың «тұнықтылығын» талап етеді.

Оглавление

Кіріспе…………………………………………………………………….......……3
1.Ұйымның есеп саясатының мәні мен маңызы және қалыптастыру негіздері
1.1.Есеп саясатының мәні мен маңызы.................................................................5
1.2. Есеп саясатын қалыптастыру негіздері....................................................... 11
1.3.Есеп саясатының ұйымдық және техникалық аспектілері......................... 31
2. ХҚЕС кезіндегі есеп саясатын жасау мәселелері мен жетілдіру жолдары
2.1. ХҚЕС кезіндегі есеп саясатының жасау мәселелері ….............................35
2.2. ХҚЕС-қа көшуге байланысты есеп саясатын жетілдіру жолдары........ 45
Қорытынды….....................................................................................................…51
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................53

Файлы: 1 файл

ХҚЕС кезіндегі есеп саясаты. КУРСОВАЯ.doc

— 288.00 Кб (Скачать)

4)  меншік иесі мен  жаңа бағыт ұсынған басшылардың  өзгеруіне;

5)  активтер, меншікті  капитал, міндеттемелер, шаруашылық нәтижесі және қаржы нәтижесі шеңберіндегі шаруашылық факторларының өзгеруі мен қайта бағалануына. [23, 134 бет]

Сонымен қатар ұйымдар  қызметіне жаңа технологиялар енгізіліп, өндірістік процесс қайта модернизацияланған және халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары мен принциптерін қабылдаған жағдайда есеп саясаты өзгеріске түседі. Қандай жағдайларда болмасын есеп саясатының өзгеріске түсуі арнайы тәртіппен қаралып, жан-жақты негізделуі керек.

Есеп саясатын өзгерту  процесі жөніндегі шешім есепті жыл ішінде іске асырылуы қажет. Егер есеп саясатының өзгеріске түсуінің әсерінен ұйымның қаржылық көрсеткіштері де өзгеріске түсетін болса, онда өзгеріс факторлары арнайы есептеу жолдарымен дәлелденіп, әрбір өзгеріс мазмұны бағалануы керек. Қаржылык және бухгалтерлік қорытынды есеп жасау процесінде теріс факторлар мен қателер жіберіліп, сенімсіздік жағдайлар пайда болса, мұндай факторлардың барлығы да талданып, неден туындап, иелермен байланысты екендігі есеп саясатында жазылып, тиісті орындарға хабарланады. Осындай бағытпен есеп саясатын зерделеу нәтижссінде тапсырылатын қорытынды есеп барынша тұнық сапада сипатталады. Сонымен қатар есеп мәліметтерін пайдаланушы менеджерлер, инвесторлар, несиелендірушілер, қоюшылар т.б. үшін сенімділік жағдай туындайды.

Есеп саясаты ұзақ мерзімге арналып жасалынуы керек. Мұндай талапты орындау барысында  есеп саясаты өзгеріске түсіп  қана қоймай, мұның маңызы қосымша  ережелер, нұсқау және басқа да материалдармен толықтырылып отырады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бекіткен «Қаржылық қорытынды есеп дайындау мен тапсыру жөніндегі Концептуалды негізінде» «Қаржылық қорытынды есеп саясатын ашып көрсететін, қосымша материалдар мен басқа да ақпараттардан тұратын қосымша түсініктеме беріледі» делінген. Бухгалтерлік есеп тәжірибесінде қорытынды есеп пен бухгалтерлік баланс тапсыру мазмұнын косымша түсіндіруге арналған ақпаратты - түсіндірме хат деп атайды. [23, 136 бет]

Түсіндірме хат тәуекелшілік пен кейбір маңызы толық ашылмаған  белгісіз факторларды қосымша түсіндіруге және ұйымдардың қаржылық нәтижесіие тікелей әсер етуші анықталмай қалған ресурстар мен міндеттемелер т.б. мазмұнын ашып көрсетуге арналады. Бухгалтерлік корытынды есеп құрамына қосымша түрінде берілетін түсіндірме хат ұйым қызметі өрісіндегі есепті жылдың мәліметтерін өткен жылдармен салыстыру және бухгалтерлік баланстың маңызды баптарын қосымша бағалауға да арналған.

Егер қаржылық және бухгалтерлік қорытынды есеп жүйелерін дайындап тапсырған кездегі мәліметтер жеткіліксіз  жасалып, мұндай кемшіліктер ұйымның қаржылық және шешім қабылдаушылық қызметіне кері әсерін тигізетін болса, онда мұндай фактілер түсіндірме хатта қосымша есептеулер жүргізу және талдап жазу арқылы түсіндіріледі.

Кезеңдік (айлық, тоқсандық) қорытынды есеп жасау барысында  есеп саясатының мазмұнын түсіндірме хат арқылы ашып көрсетудің қажеті жоқ. Кезеңдік есеп беру негізінен ішкі пайдаланушыларға арналады. Ал ресми мазмұндағы есеп саясаты негізінен сыртқы пайдаланушылар талабын қанағаттандырады. Осыған орай ұйымның қаржылық көрсеткіштерін сыртқы пайдаланушы тұлғалар осы ұйымның қаржы жағдайының болашағына, өндірістік процесті ары қарай жетілдірудің жолдарына, басқару мен шаруашылық қызметінің тиімділігіне байланысты шаралар белгілеуі керек.

Ұйымдардың экономикалық қызметіне байланысты сыртқы тұлғалардың қабылдайтын шешімдерінің қысқаша мазмұны түсіндірме хатта жазылуы керек. Түсіндірме хаттың мазмұны жекелеген тараулар мен атауларға бөлініп, бірнеше жылдар бойы өзгеріске түспейтіндей ұштастырылып отыратын жағдайда жазылғаны жөн. Яғни түсіндірме хатта жазылып көрсетілген тараулар мен атаулар бухгалтерлік есеп әдіснамаларындағы немесе бухгалтерлік есеп счеттарының типтік жоспарындағы тараулармен сәйкес мағынада болғаны жөн. Қандай сипат пен дәрежеде болмасын түсіндірме хатты сапалы рәсімдеу қаржылық қорытынды есептің тұнықтылығы мен сапасын жақсартуға аса зор үлес қосуы керек.

Есеп саясаты туралы ақпарат қаржы есептілігінің  пайдаланылатын құрылымына сәйкес мазмұндалуы  мүмкін, мұның өзі қаржылық жыл аяқталғаннан кейін есептілікке түсіндірмелерді жасаған кезде негіз ретінде есеп саясатын пайдалануға мүмкіндік береді. [23, 141 бет]

Кез келген жағдайда таңдау нақты  ұйымның өзінде ғана болады. Халықаралық  қаржы есептілігінің стандарттарына көшуді жүзеге асыру үшін "дәстүрлі" тәсілді қолдану болыл табылады, ол құжаттың жаңа талалтарға сәйкестігін қамтамасыз ету арқылы мәртебесін және есеп саясатының құрылымын сақтауға мүмкіндік береді. Ал содан кейін, олардағы өзге  рістерін ескере отырып, есептілікті халықаралық стандарттар бойынша жасаудың тікелей тәжірибесі мен практикасын ала отырып, басқа нұсқаны әзірлейтін болды.

Есеп саясатын негіздеу және тандау кезінде барынша жалпы  танылған талаптар мен қағидалар  басшылыққа алынады және оны сақтаған жағдайда кәсіпорын үшін де, жалпы  республика бойынша да шаруашылық жағдайына бейімделген есеп саясатын қалыптастыру мүмкіндігі туады.

Есеп саясатын әзірлеген  кезде кәсіпорын өз мүліктері  мен міндеттемелерін басқа кәсіпорынның мүліктері мен міндеттемелерінен  бөліп көрсетуі тиіс яғни, мүліктік жеке дараланған қағидасы бойынша, кәсіпорын өзінің көз жетерлік болашақ кезеңінде өз қызметін жалғастыруды көздейтін болса, яғни өз қызметін тоқтату жөнінде ниетінің жоқтығын білдірсе, онда толассыздық, үздіксіздік қағидасын сақтағаны болып табылады, кәсіпорын өзі тандап алған бухгалтерлік есепті жүргізудің тәсілін жүйелі пайдаланып, тек тиімді түзетулерді ғана жасап отырса, онда ол жүйелілік қағидасын сақтағаны, ал егерде кәсіпорында орын алған барлық шаруашылық фактілерін сол кезеңіне жатқызатын болса, онда мерзімділігі анықталған қағидасын ұстағаны болып табылады. Бұдан басқа, мынадай талаптарды да ұстағаны жөн, атап айтқанда: шаруашылық қызметінің барлық фактілерін бухгалтерлік есепте толығымен көрсету; сақтық жағдайын ұстау керек, яғни бухгалтерлік есепте жоғалту мен пассивтерді көрсетуге дайын болуы тиіс, активтер мен табыстарға қарағанда;  шаруашылық нысанының басымдылық мазмұнын, яғни шаруашылық қызметінің барлық, фактілерін есепте көрсетілуін қамтамасыз ету керек, демек оның тек құқықтық негізін ғана емес, сонымен қатар, пайда болған шаруашылық ахуалын, оның экономикалық мазмұнын да қамтуы керек;  қайшылықсыз деп әрқилы есеп түрлерінен қалыптасқан мәліметтердің сәйкестілігін, бухгалтерлік есеп беру көрсеткіштерінің және синтетикалық, аналитикалық есеп мәліметтерінің ұқсастылығын айтады; ұйымдылық  кәсіпорынның көлемімен, оның қызмет масштабына лайықты келетін есепті жүргізудің қолайлылығын білдіреді.

Аталған қағидалар мен  талаптар кез келген кәсіпорынның есептік  саясатын әзірлеу барысында оның негізін қалайды. Егер де олар толығымен сақталмаса, онда бухгалтерлік есепті жүргізудің дұрыс еместігі ретінде танылуы және кәсіпорынның мәліметтерінің  бұрмалануы мүмкін. [24, 169 бет]

Есеп саясаты мен  бухгалтерлік қорытынды есеп мазмұнын ашуға арналған түсіндірме хат әр түрлі тәсілдермен орындалуы мүмкін. Бухгалтерлік қорытынды есеп мәліметтерін пайдаланушылар сипатына қарай түсіндірме хат есеп саясатының мазмұнын толық және қысқартылған түрде баяндайды. Қазақстандық есеп әдіснамалары мен нұсқау-ережелерімен таныс емес тұлғалар, сондай-ақ шетелдік әріптестермен бірлескен ұйымдар талабын қанағаттандыру мақсатында жасалатын есеп саясатына қосымша берілетін түсіндірме хат толық түрде жазылуы керек. Қалған жағдайлардың барлығында түсіндірме хаттың қысқартылған вариантын орындап, есеп жүйесінде қолданылған әдістер мен тәсілдердің қысқаша мазмұны мен тізімі қаралады. [24, 172бет]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 Жалпы курстық жұмысты  қорыта келгенде ұйымдар өздерінің есеп саясатын қалыптастыру барысында тәжірибедегі есеп әдістері мен қорытынды есеп жасаудағы ережелердің ішіндегі ең тиімділерін таңдап алуына құқылы. Таңдалып қабылданған ережелер мен әдістерді өз мәнінде қолдану арқылы есеп мәліметтерін жинақтаудың тәртібін, мұны пайдаланушыларға түсіндіріп, шаруашылық процесінің ерекшеліктері жөніндегі ақпараттарды зерделеу және ұйымдар қызметіндегі өзгерістер мен жағдайларды дер кезінде білу мүмкіндіктері туындайды.

Ұйымдардың есеп саясатының дәрежесі мен бағыты басқару ерекшеліктеріне, кәсіпкерлік қызмет нормасына, үлес қосу құжаттарының қалыптасуына, салық жағдайына, клиенттермен ұзақ мерзімді келісім жасауға т.б. байланысты болады. [25, 14 бет]

Есеп саясаты ұйымдар  шаруашылық қызметі өрісінің іс-тәжірибесінде  қолданылынатын, таңдалып алынған және сабақтастықпен жүргізілетін бухгалтерлік есеп жүйесіне тән ішкі ережелер жиынтығын айтамыз. Есеп саясатының мазмұны ұйымдардың шаруашылық жүргізу қызметі талабы мен қаржы нәтижесін сипаттауға арналған есеп әдістерін жақсы және тиімді қолданудың жолдарын көрсетеді. Есеп саясаты қаржылық қорытынды есеп жасауда ұйымдардың қолданатын есеп принциптері, әдістер мен ережелер, сондай-ақ ұйымдардың шаруашылық қызметі мазмұнын тәжірибеде ашып көрсету үшін қабылданған ережелер жиынтығынан құралады.

Сондықтан әрбір ұйымда бухгалтерлік есеп пен қорытынды  есеп жүйесінің қандай жолдармен жетілдірілетінін біліп түсіну үшін бұған әсер етуші факторларды зерделей білу қажет.

Есеп саясатының мазмұны  белгіленген жағдайда ұйым әкімшілігінің  басқару процесін қандай дәрежедегі тиімділікке жеткізгендігі, ұйымның  қаржы жағдайы мен мұның өзгеріске түсуін, сондай-ақ шаруашылық қызметінің нәтижесін шындық және сенімді әдістермен дайындау үшін қолданылатын есеп принциптерін таңдап алу бағытында ашылды. Есеп саясатын жасау мен мұның маңызын ашып көрсету мақсатында әрбір ұйым өздеріне тән есеп ережелерін, есеп тәсілдерін таңдап алуға, мұндай ережелерді қорытынды есеп жасау процесіне қолдануға құқылы болып танылады. Мұның өзі ұйымдар мен меншік иесінің өз мүліктеріне иелік ету, пайдалану және әміршілік жүргізу құқысын сипаттайды.

Есеп саясатын жасау мен қалыптастыру барысында есеп әдісіндегі кездесетін жорамал-принциптерді зерделеп білген жөн. Халықаралық қаржылық есеп стандарттарына сай, мұндай жорамал принциптерге: мүліктік жекелену, үздіксіздік, сенімділік, шындық, бейтараптық, байқаушылық және шаруашылық фактілерінің толықтылык принциптері жатады.

Есеп саясатын қалыптастыру процесі қаржылық қорытынды есепке, басқарушылық және салық есебіне  тән барлық бухгалтерлік есеп элементтер мазмұнын сабақтастық жолдармен  ашып көрсетуге, сондай-ақ ұйымдардың қаржы нәтижесі көлемін арттырып отыруға арналған. [26, 19 бет]

Есеп саясатын жасау  алдында ұйымдардың міндет атқарушы бухгалтерлері осы кезеңде басшылыққа алынған және ез кызметін атқарудың  негізін құраушы ресми заң  актілері мен нормативтік базаларды зерделеп, өткен жылдары жасалған есеп саясатының тиісті тараулары мен объектілерін сараптауы керек. Егер ұйымдар  заң  актілеріне  қайшы  келмейтін  бухгалтерлік операцияларын жүргізіп, алайда бухгалтерлік есеп жүргізуді реттеуші құжаттарда кейбір операциялар мазмұны көрсетілмеген жағдайда, ұйымдар өз еркімен жаңа әдістерді құру мен жасауға және мұндай операцияларды есеп саясатына қосуына құқылы. Мұндай мүмкіндіктер Қазақстандық 30 «Қаржылық қорытынды есеп тапсыру» стандартының 2-ші тарауындағы 19-шы бапта қаралған.

Жалпы қорыта келгенде есеп саясатын қалыптастыру процесінде ұйымдар өз таңдауы бойынша және нақтылы жағдайды ескере отырып, есеп саясатын құраушы объектілер мен операцияларға тән басқа да әдістерді бухгалтерлік есеп жүйесінде қолдануына болады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

       1. Қазақстан  Республикасының Президенті Нұрсұлтан  Назарбаевтың 

            Қазақстан халқына Жолдауы «Жаңа  әлемдегі жаңа Қазақстан» –   

           Астана  2007жыл.

        2. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтің халқына Жолдауы 2005-2006 ж.//

    «Егемен Қазақстан»  №134-136.

        3.ҚР Азаматтық Кодексі :2001ж. 15.01 дейінгі өзгертулер мен  

           толықтырулар енгізілген.-Алматы:ЖШС  «Баспа»,2001жыл.

4. Ә. Әбдіманапов Бухгалтерлік  есеп теориясы және принциптері-

     Алматы, 2001жыл

       5. Қ.Қ.  Кеулімжанов,  З.Ж..Әжібаева  Бухгалтерлік  есеп  принциптері.

    Алматы 2003 жыл.

6.В.В.Радостовец, В.К.Радостовец, Т.Ғ. Ғабдуллин, И.О. Шмидт.   

  Кәсіпорындағы бухгалтерлік  есеп. Алматы,2002 жыл.

7.Ж.С. Толпаков. Бухгалтерский учет:Учебник для вузов.-Караганда, 

   ОАО  «Карандинская  Полиграфия», 2004год.

8.Бухгалтерский финансовый  учет:Учебник для вузов/     

   Под.ред.проф.Ю.А.Бабаева.-М.:Вузовский  учебник, 2005год.

9. Э.С.Хендриксен, М.Ф.  ВанБреда Теория бухгалтерского учета:  Пер.  

    с   Я.В.  Соколова.-М.:Финансы и статистика, 1997год.

10. В.Л.Назарова Шаруашылық  жүргізуші субъектілеріндегі  

   бухгалтерлік  есеп:  Оқулық/Жалпы редакциясын  басқарған Н.Қ. 

     Мамыров  .-Алматы:  Экономика, 2005жыл.

11.Ә. Әбдіманапов Бухгалтерлік  және қаржылық есеп принциптері  

     (халықаралық  стандарт).

        12.В.М.Волковой,Е.В. Лахова Меджународные стандарты  

            бухгалтерского учета.Основные принципы  и приемы  

           конвертации.М.:Издательский   дом  «Аудитор»,1998 год.

    13.С.Б. Баймуханова., Ә.Ж. Балапанова. Бухгалтерлік есеп  – оқулық 

              Алматы, 2001 жыл.

   14. Стандарты бухгалтерского учета финансово-хозяйственной деятельности     

      субъектов. Алматы 2003 г.

      15.Б.Ержанов М.С. Основы бухгалтерского учета и новая корреспонденция

           счетов. Алматы 2003г.

16.Кондратьев Н.П. Бухгалтерский учет. Москва 1997г.

17.Рахимбекова Р.М. Финансовый учет на предприятии. Алматы 2003г.

    18.Родостовец В.В. Сквозной пример по бухгалтерскому и налоговому

         учету с заполнением форм бухгалтерской и налоговой отчетности.

         Алматы 1999г.

 19.Сейдахметова Ф.С. Современный бухгалтерский учет. Алматы 2000г.

16.Савицкая  П.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия. Минск

Информация о работе ХҚЕС кезіндегі есеп саясаты