Ұйымдардың есеп саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 17:19, курсовая работа

Краткое описание

Есеп саясатының мазмұны белгіленген жағдайда ұйым әкімшілігінің басқару процесін қандай дәрежедегі тиімділікке жеткізгендігі, ұйымның қаржы жағдайы мен мұның өзгеріске түсуін, сондай-ақ шаруашылық қызметінің нәтижесін шындық және сенімді әдістермен дайындау үшін қолданылатын есеп принциптерін таңдап алу бағытында ашылды. Есеп саясатын жасау мен мұның маңызын ашып көрсету мақсатында әрбір ұйым өздеріне тән есеп ережелерін, есеп тәсілдерін таңдап алуға, мұндай ережелерді қорытынды есеп жасау процесіне қолдануға құқылы болып танылады. Мұның өзі ұйымдар мен меншік иесінің өз мүліктеріне иелік ету, пайдалану және әміршілік жүргізу құқысын сипаттайды.

Оглавление

Кіріспе
1-тарау. Ұйымдардың есеп саясаты
1.2. Есеп саясатын қалыптастыру
2-тарау. Есеп саясатының техникалық аспектілері
2.1. Есеп саясатының уйымдық және техникалық аспектілері
2.2. Есеп саясатының өзгеріске түсу жағдайлары
Қорытынды

Файлы: 1 файл

__ld_0_61__-_.doc

— 275.50 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

Жоспар

Кіріспе

1-тарау. Ұйымдардың есеп саясаты

1.2. Есеп саясатын  қалыптастыру

 

        2-тарау. Есеп саясатының техникалық аспектілері

          2.1. Есеп саясатының уйымдық және техникалық аспектілері

        2.2. Есеп саясатының өзгеріске түсу жағдайлары

 

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қазақстандық  бухгалтерлік есеп тәжірибесіне «есеп  саясаты» термині кезіндегі Қазақстан  Республикасы «Бухгалтерлік есеп жөніндегі  үлттық комиссияның» 13 қазан 1996 жылғы  №2 «Қаржылық қорытынды есеп дайындау және тапсыру жөніндегі тұжырымдама (концепция)» деп аталған қаулысымен енгізілген. Бұдан соң «есеп саясаты» ұғымы Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттарының №1 «Есеп саясаты және оны ашу» стандартында көрсетіліп, меншік түрі мен қызмет ерекшеліктеріне қарамастан барлық үйымдар өздеріне тән есеп саясатын қалыптастыратындығы міндеттелді.

Кейіннен Қазақстан  Республикасы Қаржы министрлігінің 17 қаңтар 2003 жылғы №14 бұйрығымен: №1 «Есеп саясаты және оны ашу», №2 «Бухгалтерлік баланс және қаржылык корытынды есеп маңызын ашу негіздері», №3 «Қаржы-шаруашылык қызметі нәтижесі жөнінде қорытынды есеп» жөніндегі стандарттары жойылып, бұлардың орнына №30 «Қаржылық қорытынды есеп тапсыру» жөніндегі жаңа стандарт қабылданып, мұның 14 тарауы 2-ші тармағында ұйымдардың есеп саясатын жасау мен тапсырү жөніндегі тәртіптер қарастырылған.

Есеп саясаты  ұғымы екі жағдайда; біріншісі - мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың белгілеген есеп саясаты, екіншісі -ұйымдардың ішкі есеп саясаты болып ажыратылады. Ендігі жерде біздер ұйымдарда жасалынып, қалыптасатын ұйымдардың ішкі есеп саясатының мәселелерін қарастырамыз.

Есеп саясаты  деп қандай мазмұнды түсінеміз?

Халықаралық қаржылық есеп стандартында (ХҚЕС) есеп саясаты; «Қаржылық қорытынды есеп дайындау мен тапсыру жөніндегі ережелер мен тәжірибе» деп анықталған.

Қазақстандық 30 «Қаржылық қорытынды есеп тапсыру» жөніндегі стандарттың 2-ші тарауында: «Есеп саясаты деп -Қазақстан  Республикасындағы бухгалтерлік және қаржылық қорытынды есеп, бухгалтерлік есеп стандарттары және бухгалтерлік есептің типтік счеттар жоспарының талаптарына және ұйымдар қызметін жүргізу ерекшеліктеріне сай бухгалтерлік есеп пен қаржылық қорытынды есеп жасау үшін ұйымдардың қабылдаған принциптерін, негіздерді, ережелер мен тәжірибені айтады», - делінген.

Ары қарай осы стандарттың 19-шы бабында: «Ұйымдарда бухгалтерлік есеп стандарттары (БЕС) қабылданбаған жағдайда ұйым басшылары қорытынды есеп ақпараттарын пайдаланушыларды қамтамасыз ету мақсатында, ішкі есеп саясатын жасау мақсатында өз жағдайлары мен ойларын енгізуіне болады» делінген.

Осы заманғы  нарықтық экономика жағдайында шаруашылык операцияларының түрлері әр түрлі  ықпалдастық жағдайда болады.

Елімізде көптеген типтегі ұйымдардың әр кайсысы әр түрлі экономикалық факторларға тап болады. Әр түрлі типтегі ұйымдар саны аса көп. Осыларға байланысты әрбір ұйым өзінің алға қойған мақсат-мүддесіне жету үшін өз қызметтеріне тән: өнім өндірудің технологиялық ерекшеліктері, басқарудың ұйымдық құрылымы, қызмет көлемінщ түрі мен деңгейі, операциялар жүргізу, клиенттермен жұмыс істеудщ тәртібі, ақпараттарды өңдеу т.б. ерекшеліктерін зерделеуі керек. Мұның барлығы да шаруашылық жүргізу ерекшеліктеріне байланысты ұйымдарда есеп саясатын қалыптастырудың мазмұны мен маңызын ашып көрсетудің негізін қалайды.

Ұйымдар өздерінің есеп саясатын қалыптастыру барысында тәжірибедегі есеп әдістері мен қорытынды есеп жасаудағы ережелердің ішіндегі ең тиімділерін таңдап алуына құқылы. Таңдалып қабылданған ережелер мен әдістерді өз мәнінде қолдану арқылы есеп мәліметтерін жинақтаудың тәртібін, мұны пайдаланушыларға түсіндіріп, шаруашылық процесінің ерекшеліктері жөніндегі ақпараттарды зерделеу және ұйымдар қызметіндегі өзгерістер мен жағдайларды дер кезінде білу мүмкіндіктері туындайды.

Сонымен есеп саясаты деп — ұйымдар шаруашылық қызметі өрісінің іс-тәжірибесінде қолданылынатын, таңдалып алынған және сабақтастықпен жүргізілетін бухгалтерлік есеп жүйесіне тән ішкі ережелер жиынтығын айтамыз. Есеп саясатының мазмұны ұйымдардың шаруашылық жүргізу қызметі талабы мен қаржы нәтижесін сипаттауға арналған есеп әдістерін жақсы және тиімді қолданудың жолдарын көрсетеді. Есеп саясаты каржылық қорытынды есеп жасауда ұйымдардың қолданатын есеп принциптері, әдістер мен ережелер, сондай-ақ ұйымдардың шаруашылық қызметі мазмұнын тәжірибеде ашып көрсету үшін қабылданған ережелер жиынтығынан құралады.

Сондықтан әрбір ұйымда бухгалтерлік есеп пен қорытынды есеп жүйесінің қандай жолдармен жетілдірілетінін біліп түсіну үшін бүған әсер етуші факторларды зерделей білу қажет.

Жоғарыда қойылған талаптарға сай, біздер, мейлі студенттер. мейлі атқарушы бухгалтерлер, есеп саясатының мазмұны мен мақсатын, мұндағы шешілетін мәселелерді тереңінен түсініп білуіміз керек.

Есеп саясатының мазмұны белгіленген жағдайда ұйым әкімшілігінің басқару процесін қандай дәрежедегі тиімділікке жеткізгендігі, ұйымның қаржы жағдайы мен мұның өзгеріске түсуін, сондай-ақ шаруашылық қызметінің нәтижесін шындық және сенімді әдістермен дайындау үшін қолданылатын есеп принциптерін таңдап алу бағытында ашылды. Есеп саясатын жасау мен мұның маңызын ашып көрсету мақсатында әрбір ұйым өздеріне тән есеп ережелерін, есеп тәсілдерін таңдап алуға, мұндай ережелерді қорытынды есеп жасау процесіне қолдануға құқылы болып танылады. Мұның өзі ұйымдар мен меншік иесінің өз мүліктеріне иелік ету, пайдалану және әміршілік жүргізу құқысын сипаттайды.

Есеп саясатын жасау мен қалыптастыру барысында  есеп әдісіндегі кездесетін жорамал-принциптерді зерделеп білген жөн. Халықаралық қаржылық есеп стандарттарына сай, мұндай жорамал принциптерге: мүліктік жекелену, үздіксіздік, сенімділік, шындық, бейтараптық, байқаушылық және шаруашылық фактілерінің толықтылық принциптері жатады. Осы көрсетілген жорамал-принциптер жан-жақты және толығымен кітаптың 9-шы тарауында қаралды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-тарау. Ұйымдардың есеп саясаты

 

1.2. Есеп саясатын қалыптастыру

 Есеп саясатының тиімді бағытын қалыптастыру үшін бухгалтерлік есеп принциптері мен мұның қолайлы нақтылы әдістерін, салық салу процесін, қаржылық менеджментті және басқа да көптеген экономикалық қатынас мәселелерін кімде-кім болмасын жақсы білуі керек. Өкінішке орай, кейбір ұйым басшылары мен атқарушы бухгалтерлер айтылған мәселелер өрісін терең түсініп біле бермейді.

Есеп саясаты  бухгалтерлік есеп жүйесіне тән қойылған талаптар мен принциптерге жауап беруді қамтамасыз етуі керек.1

Осы кезеңдегі  нарықтық қатынастар, меншіктік экономика және кәсіпкерлік процестің дамуына сай бухгалтерлік қорытынды есептің шынайы жасалуына ең әуелі ұйымдардың басшылары жауапты. Ал бухгалтерлік есеп саясатының сапалы қалыптасуына ұйымдардың атқарушы бухгалтерлері жауапты.

 

1Бухгалтерлік есептің ең негізгі функциясы сенімді жасалған қорытынды есеп мәліметтерін толығымен бекіту және 'Бухгалтерлік есеп принциптері осы кітаптың екшші «Бухгалтерлік есептің базистік (әдіснамалык) принциптері» тарауында толығымен жазылды.

 

 

пайдаланушыларға  тапсыру болып табылады. Сенімділік пен толықтылық терминдері бірінің маңызын бірі сипаттайтын кең ұғымдағы терминдер. Яғни осы терминдерді негізге ала отырып, тәжірибеде қолданылатын есеп әдістері мен критерийлерді бухгалтерлік есеп саясаты шеңберінде жақсы қолдану керектігі туындайды. Осыған байланысты ұйымдардың бухгалтерлері тәуелсіздік пен кәсіби мамандықты және техникалық мүмкіндіктерді ұштастыра отырып, ұйымдардағы есеп саясатын сапалы қалыптастыруы керек. Есеп саясатын қалыптастырушы бухгалтерлер бухгалтерлік есеп теориясын біліп қана қоймай, сонымен қатар:

  • мазмұны мен мәніне қарай есеп саясаты тәжірибеде қандай дәрежеде қолданылатындығын;
  • есеп саясатын қалыптастыруда әр түрлі варианттардың іске асырылуын және қандай әдістерді қолдану керектігінде білулері қажет.

Есеп саясатын қалыптастыру процесінде бухгалтерлер белгілі авторлардың және ресми  органдардың жариялаған арнайы оқулықтарын, мақалаларды, әдістемелік құжаттар мен материалдарға жүгінуі керек.

Сонымен қатар  бухгалтерлер білімі мен кәсіби деңгейі  жоғары дәрежеде танылған басқа бухгалтерлердің  іс-тәжірибесін, сондай-ақ есеп саясатын қалыптастыруға жақсы негіз болатын  бұған дейін жарияланған каржылық есеп қорытындыларын зерттеп пайдалануы керек. Есеп саясатын қалыптастыру кезінде мүмкін болатын ұйғарымдарды (альтернативы) қолданудың жауапкершілігі бас бухгалтерлерге жүктеледі. Есеп саясатының негізін қалаушы әдіснамалар мен ережелерді т.б. ресми құжаттарды қолдану процесі қаржы көрсеткіштерін талдаушыларды шатасіырмайтындай жинақы жасалынуы керек. Өткен жылдағы қорытынды есеп жүйесінде колданылған әдістерге қарағанда осы жылға жасалған есеп саясатындағы әдістер едәуір сенімді болып қалыптасқандығын көрсете білген жөн.

Есеп саясатын жасаушы мамандар есеп саясатының негізгі элементтерін, бастапқы құжаттардың мазмұны мен ерекшеліктерін, бухгалтерлік есеп счеттарының типтік жоспарын, активтер мен міндеттемелерді бағалаудың әдістерін, амортизация есептеу тәртібін, мүліктерді түгендеу, аяқталмаған өндірісті бағалау, құжат айналысы ережесін, ақпараттарды өңдеу технологиясын т.б. көптеген бухгалтерлік есеп -өрісіндегі мәселелерді зерделей білуі керек.

Есеп саясатын қалыптастыру барысында мына төмендегі  базистік принциптер маңызын басшылыққа алу керек:

а) осы ұйымның активтері мен міндеттемелері меншік иелерінің активтері мен міндеттемелерінен (үлес қосушылар, инвесторлар) дербес жүргізілетіндігін (дербестік принцип);

б) ұйым өз қызметін белгісіз уақытқа дейін үздіксіз жалғастыра беретіндігін, осы ұйымның жуық арада жойылмайтындығын және ұйым өз қызметі көлемін қысқартпайтындығын (үздіксіздік принцип);

в) таңдалып алынған есеп саясаты бір жылдан келесі жылдарға сабақтастықпен қолданылына беретіндігін (сабақтастык принцип);

г) дайын өнімдерді сатудан түскен немесе түсетін ақшалардың қашан түсетіндігі уақытына қарамастан сатылған өнімдер сатып алушыларға жөнелтілген кезде түскен табыс түрінде осы жылы керсетілетіндігін (сату принципі).

Ұйымдар есеп саясатын ыңғайлы қалыптастыру мақсатында активтер, меншікті капитал және міндеттемелер мына төмендегіше топтастырылуы керек:

  • бухгалтерлік есептің счеттар жоспарына қарай материалды емес активтер мен олардың амортизациясы, негізгі құралдар мен олардың тозуы, айналыс сыртындағы активтерге салынған табыстық инвестициялар сабақтастығы бойынша;
  • бухгалтерлік баланс құрамындағы активтік баптардың, яғни өтімділік дәрежесінің жоғарылауына қарай айқындалған материалды емес активтер, тауарлы-материалды құндылықтар, аяқталмаған өндіріс, берешектер қарызы сабақтастығы бойынша;
  • активті қаражаттар көздерінің пайда болуына қарай (меншікті капитал, міндеттемелер) арнайы сабақтастық принципі бойынша.

Ұйымдар есеп саясатын жасауға ыңғайлы және икемді басқа да топтастыру әдістерін қолдануға болады.

Жоғарыда айтылған мәселелер мен ұсыныстар мазмүны түгелімен есеп саясатын жасауға колданылады деген ұғым болмауы керек. Ұйымдардың есеп саясатын жасау барысында есеп элементтері мен әдістерді кеңінен қолдануына құқылы және бұлардың өрісін кеңейтіп, бірімен-бірін байланыстырып қолдануына олардың мүмкіндігі бар.

Ұйымдардың есеп саясаты мына төмендегі принциптерді сақтау арқылы қамтамасыз етіледі:

а) шаруашылық өрісіндегі фактілерді бухгалтерлік есеп жүйесіне толығымен тіркеу (толықтық принцип);

б) пассивтердің азаймайтындығын қамтамасыз ету, сондай-ақ жасырын резервтер құру жолдарын болдырмау (сақтық принципі);

в) әрбір айдың біріне қарай аналитикалық счеттар айналымы мен қалдығы синтетикалық счеттардағы осындай мәліметтермен сай келуі, сондай-ақ бухгалтерлік қорытынды есеп мәліметтерінің синтетикалық және аналитикалық счеттардағы мәліметтермен бірдейлігі (тепе-теңдік принцип).

Есеп саясатын қалыптастыру барысында ұйымдар  төмендегі факторларды есепке алуы керек:

- меншіктің түрі, шаруашылық қызметінің ұйымдық және құқықтық үлгісі;

- ұйымның көлемі және технологиялық ерекшеліктері (өнімдер өндіру, сатудың көлемі, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету);

- шаруашылық өрісі;

- кадрлармен қамту (инженер-техниктер, менеджерлер, бухгалтерлер білімінің кәсіби деңгейі);

- салық салу және салық есебі ерекшеліктері;

- есептеу техникалары мен бағдарламалармен қамту дәрежесі;

- өнімдерді сату принципі (базардағы жағдай, баға қалыптастырудың бостандығы, өтеушілік пен сатып алушылардың өтімділік сипаты).

Есеп саясатын тәжірибеде қолдану мен қалыптастыру барысында ұйымдар құқылы тұлғалар ретінде өздері тіркелген жердегі салық органдарымен келісті жағдайда болуы керек.

Егер ұйымдар  қызметінің нәтижесін шығару кезінде есеп мәліметтерінің кейбір объектілерінде ауытқушылық оқиғалар болса, есеп жүйесін жүргізу кезінде өзгерістер енгізілсе, бұларды реттеу мен дұрыс жолға қоюдың тәртібі есеп саясатын қабылдаушы органдарға хабарланады.

Есеп саясатын қалыптастыру процесі - қаржылық қорытынды  есепке, басқарушылық және салық есебіне тән барлық бухгалтерлік есеп элементтер мазмұнын сабақтастық жолдармен ашып көрсетуге, сондай-ақ ұйымдардың қаржы нәтижесі көлемін арттырып отыруға арналған.

Есеп саясатын жасау алдында ұйымдардың міндет атқарушы бухгалтерлері осы кезеңде  басшылыққа алынған және өз қызметін атқарудың негізін құраушы ресми заң актілері мен нормативтік базаларды зерделеп, өткен жылдары жасалған есеп саясатының тиісті тараулары мен объектілерін сараптауы керек. Нормативтік құжаттар мазмұнын талдау мен іске асыру жұмыстары ұйымдар қызметінің барлық объектілері деңгейінде жүргізілуі тиіс. Егер ұйымдар заң актілеріне қайшы келмейтін бухгалтерлік операцияларын жүргізіп, алайда бухгалтерлік есеп жүргізуді реттеуші құжаттарда кейбір операциялар мазмұны көрсетілмеген жағдайда, ұйымдар өз еркімен жаңа әдістерді құру мен жасауға және мұндай операцияларды есеп саясатына қосуына құқылы. Мұндай мүмкіндіктер Қазақстандық 30 «Қаржылық қорытынды есеп тапсыру» стандартының 2-ші тарауындағы 19-шы бапта қаралған.

Информация о работе Ұйымдардың есеп саясаты