Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 17:19, курсовая работа
Есеп саясатының мазмұны белгіленген жағдайда ұйым әкімшілігінің басқару процесін қандай дәрежедегі тиімділікке жеткізгендігі, ұйымның қаржы жағдайы мен мұның өзгеріске түсуін, сондай-ақ шаруашылық қызметінің нәтижесін шындық және сенімді әдістермен дайындау үшін қолданылатын есеп принциптерін таңдап алу бағытында ашылды. Есеп саясатын жасау мен мұның маңызын ашып көрсету мақсатында әрбір ұйым өздеріне тән есеп ережелерін, есеп тәсілдерін таңдап алуға, мұндай ережелерді қорытынды есеп жасау процесіне қолдануға құқылы болып танылады. Мұның өзі ұйымдар мен меншік иесінің өз мүліктеріне иелік ету, пайдалану және әміршілік жүргізу құқысын сипаттайды.
Кіріспе
1-тарау. Ұйымдардың есеп саясаты
1.2. Есеп саясатын қалыптастыру
2-тарау. Есеп саясатының техникалық аспектілері
2.1. Есеп саясатының уйымдық және техникалық аспектілері
2.2. Есеп саясатының өзгеріске түсу жағдайлары
Қорытынды
9. Берешек
және алашақ қарыздар есебі. Ес
Қоюшы үйымдар өз өнімдері мен тауарларын женелте отырып, жүмыстар орындап, қызметтер көрсетіп, жөнелтілген өнімдер т.б. үшін ақшаның түсетіндігіне толық сенім білдіре алмай тәуекелшілікке түсуі де мүмкін. Осыған байланысты ұйымдар дайын өнімдерді (тауарлар, жұмыстар, қызметтер) сату есебінен болашақтағы күмәнді қарыздарды жабу резервін құруына болады. Күмәнді қарыздардға белгіленген мерзімде жабылмаған (төленбеген) және заңдастырылмаған жағдайдағы берешектердің қарыздары жатады. Күмәнді қарыздарды жабу үшін резерв сомасын есептеуге екі түрлі әдіс қолданылады.
Біріншісі, сатылған өнімдер, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтердің жалпы көлеміне қарай пропорционалды пайыз құру әдісі бойынша өткен кезеңдегі берешектер қарызын талдау арқылы және берешектердің сенімсіз қарыздары сомасы көлемінің жалпы берешектер қарызының ішіндегі пайыздық үлесін анықтау арқылы құрылады.
Екіншісі, счеттарды мерзіміне қарай төлеу әдісі бойынша берешектер қарызын жабу дәрежесіне қарай классификациялық топтарға бөліп, күмәнді қарыздар бойынша болжау пайызын шығару арқылы счеттардағы сомалар төленіп отырады.
10. Еңбек
ақы төлеу есебінің саясатында
Сонымен қатар есеп саясатында еңбек ақы өрісіне тән бухгалтерлік есеп счеттарының, субсчеттардың жүргізілу тәртібі, демалыс уақытын төлеу резервін құру, есептеу мен есеп айырысу құжаттарының тәртібі көрсетіледі.
Негізгі қызметтен түскен табыстар төмендегілерді сатудан түседі:
1) Тауарлы-материалды босалқылар:
2) Орындалған жұмыстар:
3) Қызмет көрсету:
Негізгі қызметке жатпайтын табыстар мыналар:
1). Ұзақ мерзімді (айналыс сыртындағы) активтерді сату:
2) Дивиденттер:
3) Пайыздық түрдегі табыстар:
4) Басқада табыстар:
5) Төтенше жағдайлардан түскен табыстар (апат, табиғат құбылысы, өрт, сақтандыру, материалды құндылықтарды жоюдан түскен жарамды материалдар құнынан т.б. себептерге сай түскен табыстар).
Есеп саясаты жөніндегі құжатка түскен табыстар ағынын көрсететін құжаттарды, сондай-ақ түсетін табысты қамтамасыз етуге жауапты адамдардың (мамандар) жауапкершілік міндеттері қысқаша жазылуы керек.
- шеккен зиянды
салық кезеңдеріне қарай таратуға.
Мұндай жүмыстарды
орындау үшін
ұйымдар бухгалтериясында арнайы бөлім
кұрылып, бұл бөлім өз қызметіне тән кұжаттар
үлгісін жасап, салық есебін мұқият жүргізуді
қамтамасыз етуі керек.
Салық есебіне тән есеп саясатын қалыптастыру барысында салық есебін жүргізудің ұйымдық-техникалық және әдістемелік аспектілері толығымен қаралып, мұндай шаралар Салық Кодексі заңының шеңберінде іске асырылады. Мұның үшін:
Сонымен қатар салық есебін жүргізуге арналған аналитикалык жіктеу мен тіркеу регистрларының үлгісі компьютерлік технологияға салынып, салық есебін өңдеу мен жүргізудің техникалық тәртібі қаралады.
Егер ұйымдар
қызмет атқарудың бірнеше түрлерімен
айналысатын болса, онда есеп саясатында
табыстар мен шығындар өрісіндегі ерекшеліктердің
мазмүны әрбір атқарылатын
Сонымен қатар есеп саясатына табыстар мен шығындарды тану, мысалы, табыстарды (шығындарды) есепті кезеңде (салық кезеңінде) тану процесін түскен ақша, тауарлар, жұмыстар, қызметтер және мүліктік иелік құқымен тікелей байланыстырып қараған жөн.
Салық есебіне тән табыстар мен шығындарды классификациялық топтарға бөлу принципі бухгалтерлік есепке тән классификациядан ерекше жағдайда болуы мүмкін. Салық есебін жүргізу үлгілерінде (форма) табыстар мен шегерімдер, тұрақты және уақтылы айырымдардың тізімі жазылады.
Салық есебі саясаты жөніндегі ақпараттар мен мәліметтер қаржылық қорытынды есеп мазмұнын толық түсінуге бағытталуы қажет.
Есеп саясатының сапалы және оңтайлы әдістерін таңдап алып, тәжірибеде ұтымды жолдармен қолдана білудің маңызы зор.
Мұндай шаралар іске асырылған жағдайда ұйымдар қызметінің нәтижесін, бұлардың қаржылық жағдайын шындық және объективтік тұрғыда бағалау мүмкіндігі қалыптасады.
2-тарау. Есеп саясатының техникалық аспектілері
2.1. Есеп саясатының уйымдық және техникалық аспектілері
Ұйым шеңберінде іске асырылатын есеп саясатын жасау мен қалыптастыру төмендегі сабақтастық кезеңдерден тұрады:
Есеп саясатының үйымдық және техникалық аспектілеріне мыналар жатады:
- ұйымдардың ұйымдық құрылымы, оның көлемі мен сипаттамасы, қызмет атқару ерекшеліктері;
- ұйымның жарғысы, құрылтайшылар мен үлес қосушылар, акционерлер мен тұрақты клиенттер тізімі, жұмысшылар мен жауапты басшылар тізімі;
- акционерлермен өткізілетін жиылыс, кездесулер, т.б. ұйым қызметіне байланысты маңызды шаралар.
Осы жоғарыда айтылған мақсатты шаралар мен атқарылатын мәселелер стандарттық үлгіде емес, ішкі ерекшеліктерге сай жазба түрде икемді, жинақы және сапалы жазылуы керек.
Есеп саясатының қысқаша мазмүны ұйым басшысының шығарған бұйрығында көрсетіледі. Әдетте есеп саясатына тән шығарылған бұйрық үш тараудан тұрады. Олар:
Есеп саясатының ұйымдық және техникалық мәселелерін сипаттаушы материалдар ақпараттык көздер, анықтамалық тұжырымдар және ішкі ережелер түрінде қолданылады.
Есеп саясатын жасауға қатысты жауапты мамандар, әсіресе ұйымның бас бухгалтері ресми қолданудағы құжаттар мазмұнын қайта қарап, нұсқаулар мен ережелердің т.б. қолданбалы ресми құжаттардың тиімді және тиімсіз жақтарын зерделеуі керек. Әрқашанда ұйымның бас бухгалтері кәсіби тұрғыда табандылық көрсетіп, өзінің білімі мен тәжірибесін есеп саясатын сапалы жасауға жұмсауы қажет. Икемді, зерделі жасалған есеп саясаты осы ұйымның ішкі нормативтік құжаты болып табылады. Бәсекелестік жағдайда сапалы жасалынған осы ұйымның есеп саясатының кейбір маңызды тұстары басқа да ұйымдар тәжірибесінде қолданылуы мүмкін. Сонымен қатар нарықтық қатынастар, халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары талабына және үйымдар өрісіндегі технологиялық, шаруашылық ерекшеліктерге сай жасалынған есеп саясаты есеп жүргізудің әдіснамалық концепциясы болып та қаралады.
Айтылғандарға
орай есеп саясаты бухгалтерлік есеп
жүйесіндегі принциптерден, әдістер
мен тәсілдерден, негізге алынған
концепциялар мазмүнынан, қазақстандық
және халықаралық стандарттар
Сонымен есеп саясатының ұйымдык және техникалық аспектілерінің мазмүны мына төмендегі құжаттардан: бұйрықтар, ішкі ережелер, құжатайналысының графигі, нұсқаулар, акционерлер жиналысының қаттамасы, ұйымның жарғысы, құрылтайшылық келісім, заңды тұлғаны тіркеуден өткізудің анықтамасы т.б. бухгалтерлік есепке тән құжаттардан тұрады.
Есеп саясатының мазмұнды сапалық дәрежесі қаржылық қорытынды есеп даярлап тапсыруға, бухгалтерлік баланс құрылымына, есеп жүргізудің үлгісіне, сондай-ақ ішкі және сыртқы аудит қызметінің маңызына карай сипатталады.
2.2. Есеп саясатының өзгеріске түсу жағдайлары
Есеп саясатының мазмұны мына төмендегі жағдайларда: ұйымның стратегиялық бағыты, мұның қайта құрылуы, қызмет бағытының өзгеріске түсуіне байланысты қайта қаралуы мүмкін. Сонымен қатар қаржы салымшы инвесторлардың тұжырымды талабына сәйкес есеп саясаты жүйесіне қосымшалар мен өзгерістер енгізілуі де мүмкін.
Ресми түрде ұйымдардың есеп саясаты мына жағдайларға байланысты өзгертіледі: