Тәжірибе жөніндегі есеп

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2012 в 09:08, отчет по практике

Краткое описание

Мен Тлеуова Арайлым Дулатқызы 2012 жылдың 9 сәуірінен бастап 2012 жылдың 25 мамырына дейін Көкшетау ст. Желілік Ішкі Істер бөліміндегі кадр бөлімшесінде өндірістік практика өттім.

Файлы: 1 файл

ОТЧЕТ.docx

— 34.26 Кб (Скачать)

 

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым  министрлігі Шоқан Уәлиханов  атындағы КМУ жанындағы колледжі

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәжірибе жөніндегі  есеп

 

 

 

 

 

 

 

Жасаған: Тлеуова А.Д




 

                                                 Тәжірибе жөніндегі есеп

       Мен Тлеуова Арайлым Дулатқызы 2012 жылдың 9 сәуірінен бастап 2012 жылдың 25 мамырына дейін Көкшетау ст. Желілік Ішкі Істер бөліміндегі кадр бөлімшесінде өндірістік практика өттім.

       Бірінші күні өндірістік практика өтіп жатқан Кадр жумыс тобының ұжымымен таныстым. Көкшетау ст. Желілік Ішкі Істердің  жалпы ережелерімен, құрамымен, міндеттері мен функцияларымен, бөлімнің өз құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен таныстым. Көкшетау ст. ЖІІБ –нің қызметі әр салада қамтылған, яғни жедел-іздестіру, анықтау, тергеу, сондай-ақ темір жол бойында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заңсыз көші-қонмен күрес, есірткі бизнесімен күрес, лицензиялық рұқсат беру жүйесі бағыттарында қызмет етіп, адамдардың азаматтық құқықтары мен бостандықтарына, темір жол және әуе көлігінің қызмет көрсетілетін объектілеріндегі қоғам мен мемлекет мүдделеріне қарсы қылмыстардың және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтардың алдын-алу оларды анықтау мен кесу бойынша атқару және басқару функцияларын жүзеге асырады.

                                                   Жалпы ережелері 
 
1. Көкшетау Ішкі Істер бөлімінің   Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесіне енетін және қызмет көрсету аумағында ішкі істер органдары мен бөліністеріне басшылық етуді жүзеге асыратын Ішкі істер министрлігіне, Көліктегі Ішкі Істер Департаментіне тікелей бағынысты мемлекеттік мекеме болып табылады. 
2. Мемлекет Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің атынан Департаменттің құрылтайшысы болып табылады. 
«Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 2707 Заңы, Департаментті құру туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің (бұдан әрі – министр) бұйрығы және осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаттары болып табылады.  
3. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметі мен Ішкі істер министрлігінің өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың заңдылықты қамтамасыз ету, құқықтық тәртіпті, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін сақтау мәселелері жөніндегі шешімдерді және осы Ережені басшылыққа алады.  
4. Департамент өз қызметін заңдылық, дара басшылық, ішкі істер органдары жүйесінің бірлігі, жариялылық, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, лауазымды адамдармен және азаматтармен өзара іс-қимыл жасасу принциптерінде жүзеге асырады. 
5. Департамент заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы көрсетілген, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі, өзінің қызметін жүзеге асыруға қажетті басқа да мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ қазынашылық органдарда ағымдағы шоттары болады.  
6. Департамент өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі, сондай-ақ оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, оның азаматтық-құқықтық қатынастарға мемлекет атынан түсуге құқығы бар.  
                           Департаменттің құрылымына: 
1) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Ақтау станциясындағы желілік ішкі істер бөлімі. 
2) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Ақтөбе станциясындағы желілік ішкі істер бөлімі. 
3) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Атырау станциясындағы желілік ішкі істер бөлімі. 
4) Қазақстан Респ»убликасының Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Қандыағаш станциясындағы желілік ішкі істер бөлімі. 
5) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Қызылорда станциясындағы желілік ішкі істер бөлімі. 
6) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Орал станциясындағы желілік ішкі істер бөлімі. 
7) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Астана станциясындағы желілік ішкі істер бөлімі. 
8) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Астана қаласы әуежайындағы желілік ішкі істер бөлімі. 
9) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы желілік ішкі істер бөлімі. 
10) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Көкшетау станциясындағы желілік ішкі істер бөлімі. 
11) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Қостанай станциясындағы желілік ішкі істер бөлімі. 
12) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Павлодар станциясындағы желілік ішкі істер бөлімі. 
13) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Петропавл станциясындағы желілік ішкі істер бөлімі. 
14) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Алматы-1 станциясындағы желілік ішкі істер бөлімі. 
15) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Алматы қаласы әуежайындағы желілік ішкі істер бөлімі. 
16) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Арыс станциясындағы желілік ішкі істер бөлімі. 
17) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Достық станциясындағы желілік ішкі істер бөлімі. 
18) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Жамбыл станциясындағы желілік ішкі істер бөлімі. 
19) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Защита станциясындағы желілік ішкі істер бөлімі. 
20) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Луговая станциясындағы желілік ішкі істер бөлімі. 
21) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Семей станциясындағы желілік ішкі істер бөлімі. 
22) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Түркістан станциясындағы желілік ішкі істер бөлімі. 
23) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Үштөбе станциясындағы желілік ішкі істер бөлімі. 
24) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Шу станциясындағы желілік ішкі істер бөлімі. 
25) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Шымкент станциясындағы желілік ішкі істер бөлімі. 
26) Департаментке тікелей бағынысты басқармалар, бөлімдер, бөлімшелер және бөліністер кіреді. 
8. Департаменттің құрылымын және штат санын Ішкі істер министрімен келіскеннен кейін жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын лауазымды адам Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен штат саны лимитінің шегінде бекітеді.  
9. Департаментте іс жүргізу заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізіледі.  
10. Департаменттің туы болады.  

                                 ЖІІБ-нің негізгі міндеттері: 
1) қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, оның ішінде төтенше немесе әскери жағдайда, қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, қылмыстарды ашу және тергеу, қылмыскерлерді іздестіру, әкімшілік жазаларды орындау жөнінде бағынысты ішкі істер органдары мен бөліністерінің қызметтерін тиімді ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекет мүдделерін қорғау жөнінде өзге де функцияларды жүзеге асыру;  
2) қызмет көрсету аумағындағы жедел ахуалды талдау және болжау, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту жөнінде ағымдағы және құрылтайшы шешімдерді әзірлеу, ішкі істер органдарының араласуын талап ететін төтенше жағдайларға жедел ден қою шараларын қабылдау, құқық қорғау қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу болып табылады.  
16. Ішкі істер органдарына жүктелген міндеттерді орындау үшін Департамент мынадай негізгі функцияларды жүзеге асырады: 
1) қоғамдық тәртіпті, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау және қылмысқа қарсы күрес саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады; 
2) қызмет көрсету аумағында қоғамдық тәртіпті, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау және қылмысқа қарсы күрес саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын қамтамасыз етеді; 
3) құрылымдық бөліністердің қызметін ұйымдастырады және жүзеге асырады; 
4) Қазақстан Республикасының заңнамасын іске асыру жөніндегі шараларды қабылдайды және қоғамдық тәртіпті, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау және қылмысқа қарсы күрес саласындағы нормативтік құқықтық актілердің орындалуын қамтамасыз етуді жүзеге асырады; 
5) құрылымдық бөліністердің кадрлық қамтамасыз етілуін ұйымдастырады; 
6) құрылымдық бөліністердің қызметкерлері мен қызметшілерін аттестациядан өткізеді; 
7) өзіндік қауіпсіздікті қамтамасыз етеді; 
8) құрылымдық бөліністердің жабдықталуын қамтамасыз етеді; 
9) қоғамдық тәртіпті, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау және қылмысқа қарсы күрес саласындағы өңірлік ақпараттық және коммуникациялық жүйелерді құруды және олардың қызмет етуін қамтамасыз етеді; 
10) халықтың құқықтық тәрбиелеуге қатысуын қамтамасыз етеді, құқықтық тәртіптің жай-күйі мен ішкі істер органдары қызметінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы қоғамдық пікірді зерделейді; 
11) ішкі істер органдарының бөліністерін жұмылдыру дайындығы, бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар туындағанда олардың жұмысының тұрақтылығын арттыруға, ішкі істер органдарының арнайы бөліністерін толықтай және уақтылы жұмылдыруға олардың ұдайы дайын болуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді; 
12) қоғамдық тәртіпті, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау және қылмысқа қарсы күрес мәселелері бойынша қоғамдық бірлестіктермен, ұйымдармен және мемлекеттік мекемелермен өзара іс-қимыл жасасады; 
13) мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің күзетілуін, күзет қызметін жүзеге асыратын субъектілердің қызметін бақылауды, сондай-ақ күзет сигнализациясы құралдарын құрастыруды, жинақтауды және техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді; 
14) өңірлердегі қылмысқа қарсы күрес пен оның алдын алудың жай-күйі туралы халықты хабардар етеді; 
15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмысты ашуды және тергеуді, сондай-ақ анықтау, тергеу және сот органдарынан жалтарған адамдарды, сондай-ақ хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздестіруді жүзеге асырады; 
16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ішкі істер органдарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша лицензиялар және рұқсат берулерді жүзеге асырады; 
17) ішкі істер органдарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша лицензиялау және рұқсат беру ережелерінің сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 
18) құрылымдық бөліністердің күштерімен қызмет көрсету аумағында қоғамдық тәртіпті сақтауды және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді жүзеге асырады; 
19) ішкі істер органдары ұстаған, қамауға алған адамдарды айдауылдауды қамтамасыз етеді; 
20) уақытша ұстау изоляторларының, әкімшілік қамауға алынған адамдарға арналған арнайы қабылдау орындарының, тұрақты мекенжайы және құжаттары жоқ адамдарға арналған қабылдау-тарату орындарының, питомниктердің және қызметтік жануарлар ұстайтын орындардың жұмысын және оларды бақылауды қамтамасыз етеді; 
21) қоғамдық тәртіпті, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау және қылмысқа қарсы күрес саласындағы мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді қорғау жөніндегі жұмысты жүзеге асырады; 
22) ішкі істер органдарына қатысты мәселелер бойынша халықаралық шарттардың негізінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады; 
23) заңсыз көші-қонның жолын кесу, азаматтық, эмиграция, иммиграция, шетел азаматтарымен жұмыс жасау мәселелерін қарау жөніндегі шараларды жүзеге асырады; 
24) құрылымдық бөліністердің қызметіне басшылық етуді қамтамасыз етеді, оларға жүктелген міндеттердің уақтылы және нақты орындалуын бақылауды жүзеге асырады; 
25) арнайы есепке алуды қалыптастырады, өзге де мемлекеттік органдармен және мекемелермен ақпарат алмасуды жүзеге асырады; 
26) қызмет көрсету аумағындағы криминогендік ахуалдың дамуын талдайды және болжайды, құрылымдық бөліністердің қызметінің тиімділігін зерделейді, оны жетілдіру жөніндегі шараларды әзірлейді және жүзеге асырады; 
27) Ішкі істер министрлігінің тапсырмасы бойынша ішкі істер органдары қызметінің басты бағыттары бойынша ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер өткізуге қатысады; 
28) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, жергілікті өкілетті және атқарушы органдарға, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдарға (оларға қатысы бар болса), қызмет көрсету аумағындағы қылмыстың, қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздіктің жай-күйі, құқықтық заңдылық пен тәртіпті нығайту жөніндегі ішкі істер органдары қабылдаған шаралар туралы ақпарат береді; 
29) ішкі істер органдарының, бөліністерінің және қызметкерлерінің оң жұмыс тәжірибесін таратады; 
30) көліктегі ішкі істер органдарының қорғаныс-жұмылдыру дайындығын ұйымдастырады, бейбіт және соғыс уақытында, төтенше жағдай туындаған жағдайда олардың әрекет ету дайындығын, сондай-ақ Департаменттің арнайы құрылымдарының толық және уақтылы жұмылдырылуын қамтамасыз етеді; 
31) азаматтарды қабылдауды, ауызша және жазбаша арыздардың уақтылы және толық қаралуын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде олар бойынша шешім қабылдауды және жауаптар жіберуді ұйымдастырады; 
32) ішкі істер органдарын әлеуметтік дамыту, ішкі істер органдарының қызметкерлеріне, олардың отбасы мүшелеріне және зейнеткерлерге медициналық, санаторлық-курорттық, сауықтыру қызметтерін көрсетуді, тұрғын үй, қызметтік-шаруашылық және тұрмыстық жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады; 
33) құрылымдық бөліністердегі бөлінген материалдық ресурстар мен бюджеттік қаржыларды мақсатты және тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді, олар бойынша есепке алу мен есеп беруді жүзеге асырады, қаржы-шаруашылық қызметті бақылайды; 
34) ішкі істер органдарындағы байланыс жүйелерін құру, қорғау және пайдалану жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады, жасырын ақпаратты беру кезінде құпиялылық режимін қамтамасыз етеді; 
35) өз құзыреті шегінде ішкі істер органдарындағы заңнамаға қатысты өзге де атқарушы және басқарушылық функцияларын жүзеге асырады. 

        ЖІІБ-нің өз құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен:

  1. мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, лауазымды адамдардан және азаматтардан ақпаратты сұратуға және алуға; 
    2) ішкі істер органдарының мүдделерін соттарға белгіленген тәртіппен қорғауды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға; 
    3) Ішкі істер министрлігіне, жергілікті өкілетті және атқарушы органдарға жаңа нормативтік құқықтық актілер әзірлеу және қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, сондай-ақ құрылымдық бөліністерді кадрмен, материалдық-техникалық және қаржымен қамтамасыз ету, қызмет көрсететін аумақта заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту жөнінде басқа да шараларды қабылдау туралы ұсыныстар енгізуге; 
    4) ішкі істер органдарына жүктелген міндеттерді іске асыруға тікелей қатысуға, оларды құрылымдық бөліністердің орындауын бақылауға, азаматтардың қауіпсіздік деңгейіне теріс ықпал ететін факторларды жоюға бағытталған шараларды жүзеге асыруға құқығы бар.

             Көкшетау ст. Желілік Ішкі Істер бөлімінің құрылымы

  1. Штаб-Басқармасы  
    2) Криминалдық полиция басқармасы  
    3) Тергеу басқармасы  
    4) Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы  
    5) Ақпараттық-техникалық қызмет басқармасы  
    6) Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы  
    7) Заңсыз көші-қонға қарсы күрес бөлімі  
    8) Кадр жұмысы басқармасы  
    9) Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімі  
    10) Экстремизмге, сепаратизмге және терроризмге қарсы күрес бөлімі  
    11) Анықтау бөлімі  
    12) Жедел-криминалистикалық бөлімше  
    13) Тыл бөлімі  
    14) Қаржымен қамтамсыз ету бөлімі  
    15) Өзіндік қауіпсіздік бөлімі  
    16) Хатшылық бөлімшесі  
    17) Екінші арнайы бөлімше  
    18) Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімі  
    19) Арнайы мекемелер және айдауылдау тобы  
    20) Заң тобы

             Кокшетау ст. Желілік Ішкі Істер  бөліміндегі Кадр жұмыс тобында  қызметтік іс-құжаттарды толтыруды, шығыс хаттарды жолдауды және де тағы басқа құжаттарды жасауды менгердім. Желілік Ішкі Істер бөліміндегі 110 қызметкерлеріне қызметтік тізім, аттестациялық парақ жасадым. Содан кейін Шығыс хаттар, онын ішінде ұсынымдар, сұраныс хаттар, анықтама, қызметтік мінездеме, талаптар,ілеспе хаттар жасауды үйрендім.

        Күнделікті жұмыс күнін жауапты, ұқыпты атқарып отырдым. Сағат 9-00 ден 13-00 ге дейін жұмыс атқарып, содан 13-00 ден 2-30 ға дейін түскі тамақтануға уақыты, 2-30 дан бастап сағат 7-00 ге дейін ары қарай жұмыс атқардым.

        Бірінші  жұмада ЖІІБ-дегі қызметкерлеріне қызметтік тізім жасадым, онда қызметкердің аты-жөні, атағы, тағайындалған күні, туған жылы, күні, айы, ұлты, білімі, мамандығы, қылыми дәрежесі, қандай тілдерді менгерген, әскер қатарындағы қызметі, мемлекеттік марапат, соңғы аттестацияның қортындысы және де кесте ішінде өткен қызметтері жазылады.

        Бірінші берілген тапсырманы аяқтағаннан кейін  хат алмасу мақсатында шығыс хаттар жолдадым. Онда мысалы ІІО – на кызметке тұруға ниет білдірген үміткерлерінің анықтама құжаттарын жолдауы, талап жолдауы, Әр түрлі ілеспе хаттар жасадым. Айдын соңында анықтау органында тәжірибе алдым. Олар қылмыстың қалай қозғалатындығымен таныстырды. Онда ең алдымен жәбірленушінің өтініші қабылданады, содан кейін анықтаушы сол өтінішпен танысқасын, анықтағанын жазады және қаулы шығарада, содан ҚР ҚК бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалады.

       Содан кейін криминалистика бөлімшесінде тәжірибе алдым. Онда криминалист маманымен танысып, ол маған дактиласкапиялық картамен қалай жұмыс істеу керек екендігімен, содан кейін фоторобат қалай жасалатынымен таныстырды.

     Кадр жұмысы тобының  Номенклатуралық істеріне ішкі тізімдеме жасадым, онда әр бөлімшенің өз индексі болады. Мысалы:  № 7/169 номенклатуралық папкасы. Онда ең алдымен құжаттын саны, шығыс немесе кіріс нөмері, неше данадан тұратындығы, және де құжаттын атауы мен беттері жазылады.

     Өндірістік практика өткен кезімде өзімнің болашақ мамандығым бойынша мол тәжірибе жинақтадым, біраз ақпарат алдым. Бұл тәжірибе мені мол жауапкершілікке, еңбексүйгіштікке және белсенділікке үйретті, қиыншылықтар болды бірақ мен осы қиындықтарды жене білдім.


Информация о работе Тәжірибе жөніндегі есеп