Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 20:50, курсовая работа
Қазақстандық экономикалық жүйе толығымен нарықтық қатынастарға көшті. Елімізде нарықтық экономиканың қалыптасып, мұның тұрақты түрде дамуына байланысты бухгалтерлік есеп жүйесі де жаңа сипатпен жаңа бағытқа, халқаралық мазмұн мен мағынаға ауыстырылып келеді. Қазіргі таңда ұйымдарда жүргізілетін бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық стандарттар талабына сәйкес болмаса, онда халықаралық капитал рыногын құру мен тиімді объектілерді инвестициялау, қаржыландыру процестері өз мәнін таппайды. Сондықтан потенциалды инвесторлар қаржылық ақпараттардың «тұнықтылығын» талап етеді.
Кіріспе…………………………………………………………………….......……3
1.Ұйымның есеп саясатының мәні мен маңызы және қалыптастыру негіздері
1.1.Есеп саясатының мәні мен маңызы.................................................................5
1.2. Есеп саясатын қалыптастыру негіздері....................................................... 11
1.3.Есеп саясатының ұйымдық және техникалық аспектілері......................... 31
2. ХҚЕС кезіндегі есеп саясатын жасау мәселелері мен жетілдіру жолдары
2.1. ХҚЕС кезіндегі есеп саясатының жасау мәселелері ….............................35
2.2. ХҚЕС-қа көшуге байланысты есеп саясатын жетілдіру жолдары........ 45
Қорытынды….....................................................................................................…51
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................53
Бухгалтерлік есеп тәжірибесінде барлық шығындар екі вариантпен — жартылай фабрикатты және жартылай фабрикатсыз әдіспен жинақталады. Бұл варианттар өндірістік шығындарды жинақтау тұрғысынан қарағанда шығындардың баптары және бұларды шығындар объектілері бойынша бөлшектеп көрсетуге арналған. [13, 86 бет]
Жартылай фабрикатты әдіс жекелеген ауыспалы кезеңдер бойынша өңделген өнімдердің өзіндік құнын калькуляциялауға арналған әдіс. Жартылай фабрикатты әдіс кезеңдік технологиямен өндірілетін өнімдерге жұмсалған шығындар есебі мен бұлардың өзіндік құнын калькуляциялау үшін «Өз өндірісіндегі жартылай өнімдер (фабрикаттар)» счеты белгіленген.
Кейбір өндірісте бір мағынадағы фабрикаттар әр түрлі мақсатта пайдаланылуы мүмкін.
Жартылай фабрикатсыз әдіс. Жартылай фабрикаттар өндірістің бір стадиясынан екінші стадиясына ауыстырылып отырылуына байланысты шығындарды ауыспалы кезеңдер бойынша есептеуге арналған әдіс.
Жартылай фабрикаттар
қозғалысы тек қана сандық өлшеммен
өлшеніп, бұлардың өзіндік құны калькуляцияланбайды.
Калькуляциялауға цехтар ішінде жинақталған
шығындар сомасының негізінде
Ұйымдар бухгалтериясындағы синтетикалық счеттарда тек қана дайын өнімдер қөзғалысының есебі, ал әр стадиялар ішіндегі өндірілген өнімдер есебі тек кана оперативтік тәртіппен есепке алынып, бұлар бухгалтерлік есеп счеттарына тіркелмейді. Яғни жартылай фабрикатсыз әдіс әр стадиялар бойынша сандық есеп жүргізуге арналған.
Өндірілген өнімнің бір өлшемін калькуляциялау әдістері. Өндірістік шығындар есебін жүргізу және өндірілген өнімдердің (тауарлар, жұмыстар, қызметтер) өзіндік құнын калькуляциялау ерекшеліктеріне қарай мына төмендегі әдістер өндірілген өнімнің бір өлшемін калькуляциялау үшін қолданылады: тікелей есептеу; коэффициенттік калькуляциялау; нормативтік калькуляциялау; шығындарды сомалау; аралас калькуляциялау әдістері.
Тікелей есептеу әдісін қолдану арқылы өнімдер өндіруге жұмсалған барлық шығындар сомасын өндірілген өнімдердің натуралды көлеміне бөліп, өндірілген өнімнің бір өлшемінің өзіндік құны калькуляцияланады.
Өндірілген өнімнің нақтылы өзіндік құны мына формула бойынша шығарылады:
Өқ= Жш : Нс,
Мұндағы: Өк - өнімнің өзіндік құны;
Жш - жұмсалған барлық шығындар;
Н - өндірілген өнімдердің натуралды саны; [13, 89 бет]
Коэффициенттік калькуляциялау әдісі бойынша өндірілген өнімдердің өзіндік құны арнайы коэффициенттерді қолдану жолдарымен есептелінеді. Коэффициенттер құрудың негізі мына төмендегі базистік көрсеткіштерден тұруы мүмкін: бір өлшемдегі өнімнің нормативтік өзіндік құны; өнімнің сметалық ставкасы; өнімді жөнелтудегі (босатудағы) баға.
Нормативтік калькуляциялау әдісі. Бұл әдіс өндірістік шығындар мен өнімнің өзіндік құнын нормативтік мөлшер мен деңгейде есептейтін ұйымдар қызметіне арналған. Мұндай ұйымдар өнім шығару жоспарында қаралған және есепті жыл ішінде нормадан ауытқушылық факторлар мен өзгерістерді есепке алып отырады. Нормативтік калькуляция әдісі бойынша бүтіндей бұйымның өзіндік құны анықталады.
Мысалы, 2004 жылдың сәуір
айында машина жасау зауыты 110 желдеткіштер
өндірді. Осы өнімнің өзіндік
құнын нормативтік әдіспен
Кесте 6. 2004 жылы сәуір айында өндірілген желдеткіштердің өзіндік құнын нормативтік калькуляциялау әдісі бойынша есептеу.
Көрсеткіштер Калькуляциялық баптар |
Шығындар |
Жеделкіштің өзіндік құны |
Бір дана желдеткіштін жоспарлы құны | |||
Норма бойынша |
Өзгеріс |
Нормадан ауытқу |
Жинағы | |||
Негізі материалдар |
74 470 |
680 |
+2 |
-5 |
677 |
685 |
Сатылып алынған жартылай фабрикаттар |
9130 |
83 |
- |
- |
83 |
84 |
Қызметтер |
4180 |
38 |
+1 |
-1 |
38 |
39 |
Қалдықтар |
-330 |
3 |
- |
- |
3 |
39 |
Материалдар жинағы |
87450 |
798 |
+3 |
-6 |
795 |
805 |
Еңбекақы |
20570 |
181 |
+1 |
+5 |
187 |
190 |
Басқа да өндірістік шығындар |
4510 |
45 |
-11 |
-5 |
41 |
46 |
Жалпы өндірістік шығындар |
17710 |
159 |
+3 |
-1 |
161 |
159 |
Ақаулық шығындар |
440 |
- |
- |
+4 |
4 |
- |
Өндірістік өзіндік құн |
130680 |
1183 |
+8 |
-3 |
1188 |
1200 |
Осы есептеулердің нәтижесінде өндірілген бір бұйымның нақтылы өзіндік құны - 1188 теңге екендігін және нормада көрсетілген 1183 теңгеден + 8,-3 теңге ауытқығандығын көрдік. Егер осы бұйымның жоспарлы құны 1200 теңге болып жоспарланса, онда 17 теңгеге нормативтік мөлшерден артық болғандығын көреміз.
Аралас калъкуляциялау әдісі. Бұл әдіс тікелей калькуляциялау және коэффициенттік калькуляциялау әдістерінің тәсілдерін біріктірген тұрғыда - өндірілген өнімнің бір өлшемінің өзіндік құнын есептеуге арналған.
Жанама шығындарды тарату тәсілдері: еңбек ақы шығындары көлеміне; тікелей шығындар көлеміне; жұмысшылардың істеген адам-сағаты санына;
басқа да көрсеткіштерге
пропорционалды жолдармен
Жанама шығындарды өз
мазмұнына қарай тарату процесі
өнімдердің өзіндік құнын
Аяқталмаған өндірісті бағалау әдісі: шығындардың тікелей баптары; материалдық шығындар сомасына; нормативтік (жоспарлы) өзіндік құн; шартты бірлік тәсілі бойынша бағаланады.
Аяқталмаған өндіріс шығындарының тікелей баптары әдісіне
сай аяқталмаған өндірістегі бұйымдарға, өнімдерге, жұмыстарға, жұмсалған материалдық шығындар (шикізаттар, материалдар, жартылай фабрикаттар), осындай өнімдер өндіруге жұмсалған еңбек ақы құнымен бағаланады. Жалпы және әкімшілік шығындар аяқталмаған өндіріс құрамында бағаланбайды.
Аяқталмаған өндірісті материалдық шығындар сомасына қарай бағалау өндірісі аяқталмаған бұйымдарға т.б. жұмсалған шикізаттар, материалдар жартылай фабрикаттардың нақтылы құнымен бағаланады. Осы әдіспен бағалауға еңбек ақы шығындары есепке алынбайды. [14, 69 бет]
Аяқталмаған өндірісті нормативтік (жоспарлы) өзіндік құнмен бағалау үшін аяқталмаған бұйымдар саны саналып, осылардағы аяқталмаған өндіріс нормативті деңгейде жұмсалған материалдар және еңбек ақы шығындарымен бағаланады. Калькуляциялаудың басқа да баптары жеке бағаланады.
Аяқталмаған өндірісті шартты бірлік тәсілі бойынша бағалау. Есепті жылдағы шығындардың құндық жиынтығының барлық сомасын шартты бірліктегі дайын өнімдер санына бөлу жолымен шығарылады.
9.Берешек және алашақ
Қоюшы ұйымдар өз өнімдері мен тауарларын
жөнелте отырып, жұмыстар орындап, қызметтер
көрсетіп, жөнелтілген өнімдер т.б.
үшін ақшаның түсетіндігіне толық
сенім білдіре алмай
Біріншісі, сатылған өнімдер, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтердің жалпы көлеміне қарай пропорционалды пайыз құру әдісі бойынша өткен кезеңдегі берешектер қарызын талдау арқылы және берешектердің сенімсіз қарыздары сомасы көлемінің жалпы берешектер қарызының ішіндегі пайыздық үлесін анықтау арқылы құрылады.
Екіншісі, счеттарды мерзіміне қарай төлеу әдісі бойынша берешектер қарызын жабу дәрежесіне карай классификациялық топтарға бөліп, күмәнді қарыздар бойынша болжау пайызын шығару арқылы счеттардағы сомалар төленіп отырады. [15, 98 бет]
10.Еңбек ақы төлеу есебінің саясатында еңбек ақы төлеудің түрлері мен жүйесі, есептесу тәртібі, еңбек ұйымдастырудың қалыпты жағдайдан ауытқу факторлары, өндірістегі акаулар мен тоқтап қалушылық себептері, сыйақы төлеу, қосымша еңбек ақы есептеу тәртібі, жеңілдік сағаттар, демалыс уақытына еңбек ақы төлеудің тәртібі, компенсациялар мен жәрдем ақы т.б. есептеу мен төлеудің жолдары мен ерекшеліктері қаралады.
Сонымен қатар есеп саясатында
еңбек ақы өрісіне тән
11.Ақшаларға тән есеп саясатында кассалық операциялар жүргізу, шетелдік валютадағы ақшалар есебін жүргізу ерекшеліктері, дүкендер, сату нүктелеріндегі, жеке баланс жасамайтын филиалдардағы, кассадағы ақша қалдығын түгендеу т.б. акша қөзғалысына тән ерекшеліктер қаралады.
12.Табыстар мен шығындар жөніндегі есеп саясатынын мазмұнында негізгі кызметтен және негізгі қызметке жатпайтын табыстар мұқият шектеліп көрсетілуі керек.
Негізгі қызметтен түскен табыстар төмендегілерді сатудан түседі:
1) Тауарлы-материалды қорлар: дайын өнімдер; тауарлар; материалдар; аяқталмаған өндіріс.
2) Орындалған жұмыстар: құрылыс-монтаж; зерттеу-жобалау; геологиялық барлау; ғылыми-зерттеу; басқалар.
3) Қызмет көрсету: тасымалдау; байланыс; коммуналды және энергетикалық; күзет және қоймалау; жалдағы активтер бойынша; делдалдық; басқалар.
Негізгі қызметке жатпайтын табыстар мыналар:
1) Ұзақ мерзімді активтерді сату: материалды емес активтер; негізгі құралдар; инвестициялар; ұзақ мерзімді берешектердің қарызын.
2) Дивиденттер: акциялар, облигациялар, басқа да құнды кағаздар бойынша; басқа да ұйымдардың жарғылық капиталға үлес қосуынан; бірлескен қызмет нәтижесінен;
3) Пайыздық түрдегі табыстар: берілген қарыздар мен займдардан; сатылған қарыздардан; басқалардан. [15, 105 бет]
4) Басқада табыстар: шетелдік валюта айырбастау операциялары бойынша жағымды курстық айырым; шаруашылық келісім-шарт талаптарының бұзылғаны үшін басқалардың төленген айып-пұлы, өсімдер, тұрақсыздықтары; қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар құнының ағымдағы өзгерістеріне сай; заңды және жеке тұлғалардан ақысыз алынған активтер; заңды және жеке тұлғалардың осы ұйымға шектірген зиянын төлеуден; есепті жылы анықталған өткен жылдың табысы; басқалардан.
5) Төтенше жағдайлардан түскен табыстар апат, табиғат құбылысы, өрт, сақтандыру, материалды құндылықтарды жоюдан түскен жарамды материалдар құнынан т.б. себептерге сай түскен табыстар.
Есеп саясаты жөніндсгі құжатқа түскен табыстар ағынын көрсететін құжаттарды, сондай-ақ түсетін табысты қамтамасыз етуге жауапты адамдардың жауапкершілік міндеттері қысқаша жазылуы керек.
13. Қарыз қаражаттары жөніндсгі есеп саясаты. Мұнда қысқа және ұзақ мерзімді займдар сомасын, бухгалтерлік есеп счеттарына жазудың тәртібі, займдарды жабудың мерзімі, есептелінген пайыздар, акция ұстаушыларға белгілі соманы белгілі уақытта төлеу міндеттемесінің қарыздарын жабудың тәртібі көрсетіледі.
14. Салық ссебінің саясаты. Салық және салық салымы жөніндегі есеп саясаты мына төмендегі сұрақтардың маңызын шешуге арналған: пайдаға салынатын салықтың базалық көрсеткішін анықтауға; бюджет алдындағы салықтық міндеттемелердін қалыптасуына; мүліктерді бағалауға; шеккен зиянды салық кезеңдеріне қарай таратуға.
Мұндай жұмыстарды орындау үшін ұйымдар бухгалтериясында арнайы бөлім құрылып, бұл бөлім өз қызметіне тән құжаттар үлгісін жасап, салық есебін мұқият жүргізуді қамтамасыз етуі керек. [16, 135 бет]
Салық есебіне тән
есеп саясатын қалыптастыру барысында
салық есебін жүргізудің ұйымдық-техникалық
және әдістемелік аспектілері