Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 16:05, реферат
Қазіргі таңда, әлемде, оның ішінде түбегейлі бетбұрыс жасап, демократиялық өзгерістерді іске асырып жатқан елімізде, саясаттан тыс тұрған адам жоқ. Яғни, саясат ол - әлеуметтік күрделі құбылыс болып саналады. Өйткені, бүгінгі күні ешбір адам өзін саясаттан тыспын деп айта алмайды.
Саясат ол – қоғамның саяси саласы.
Саясат қоғамның басқа да салаларын қамтиды және сол салалармен байланыста болады.
ЖОСПАР
Қазіргі таңда, әлемде, оның ішінде түбегейлі бетбұрыс жасап, демократиялық өзгерістерді іске асырып жатқан елімізде, саясаттан тыс тұрған адам жоқ. Яғни, саясат ол - әлеуметтік күрделі құбылыс болып саналады. Өйткені, бүгінгі күні ешбір адам өзін саясаттан тыспын деп айта алмайды.
Саясат ол – қоғамның саяси саласы.
Саясат қоғамның басқа да салаларын қамтиды және сол салалармен байланыста болады.
Мәселен, «саясат және дін», онда діннің саясатпен байланысын көреміз. Тіпті, ең алғашқы кездегі саясаттардың өзі діни тұрғыда болған.
Олай болса, біз осы тақырыпқа:
а) қоғамның саяси өміріндегі діннің орны
б) діннің халықаралық саяси мәселесі деген бөлімдерінде тоқталамыз.
Қоғамның саяси өмірінде дін де айтарлықтай орын алады. Бұрынғы Кеңес одағы кезінде дін қудалауға түсіп, саяси өмірден шеттетілуінің, атеистік (құдайға сембеушілік) идеологиясының үстемдік етуінің салқыны елімізде әлі айыға қойған жоқ. Сондықтан біздің жұртшылыққа бұл мәселені толық түсіне қою оңай емес. Ал шетелдерде діни идеологиялық адамдар іс - әрекетіне елеулі ықпалы бар және ол түрлі түрде көрініс береді. Мысалы, Италияда жастардың 80%- ы дінге сенеді, олардың 67.3% - ы өз өмірлерінде құдай маңызды рөл атқарады деп есептейді. Бұдан олар үшін дүниеге діни көзқараспен қараудың ерекше орын алатындығын байқаймыз.
АҚШ – тағы ұлт – азаттық күрес кезінде діни қайраткерлердің көбі революцияға қатысып, құлдықты жоюға, спирт ішімдіктерін тыюға, әйелдерге дауыс беру құқығын беруге және т.с.с. шақырды. Кейбір діндер әділеттілікті бұзған, құдай жолынан тайған басшыларды биліктен қууға халықтың құқығы бар деді. Бірқатар діндер еңбекқорлықты құдайға құлшылық етудің әдісі ретінде қарайды. Кейбір мұсылман елдерінде ислам мемлекетін құру, ел Конституциясының Құранға сәйкес келуін талап ету, шариғат заңдарын сақтау идеялары діннің саяси процесіне ықпал ететіндігін байқатады. Оның мысалы ретінде Иран мемлекетін айтса да болады.
Мұнда көңіл аударатын тағы бір мәселе – мемлекет пен діннің ара қатынасы. Адамзат тарихында ол 3 түрлі шешіліп келеді:
Қазір ол 2 түрлі шешіледі:
Алайда өз қызметін толық атқару үшін мемлекетке дін қажет. өйткені дін қоғамда этикалық қызметтерді атқарып, имандылық ережелерін қалыптастырады. Дін әділетті, қайырымды болуға, кісі ақысын жемеуге, өтірік айтпауға, туыстарын, үлкендерді сыйлауға, ұрлық – қарлық жасамауға және т.с.с. үйретеді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 22 – бабына сәйкес әркімнің ар – ождан бостандығына құқығы бар. Ол әркімнің дінге көзқарасын дербес белгілеуге, діннің кез – келгенін уағыздауға, ұстануға немесе ұстанбауға құқығы бар екендігін білдіреді.
Көп конфессиялы, көп
ұлтты болғанына қарамастан, қазіргі
ұлтаралық және конфессия аралық
келісім мен бейбітшілікті
Конституциямызда әркімнің ана тілімен өзінің төл мәдениетін пайдалануға, тәрбиені, діни сенімін еркін таңдап алуына құқы толық бар делінген.
“Терроризм” термині ғасырлар тереңіне кететін түсінік болғанымен, бұл сөздің ұғымдық тұрпаты өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары ғана біздің тілдік лексиконымызға мықтап енді. Шешен жауынгерлерінің Ресей территориясында жүргізген бірнеше террористік актілерінен, 1999 жылғы Баткент өңірінде болған қарулы қақтығыстардан кейін оған “экстремизм” деген тіркес қосылды. Қазіргі кездегі “терроризм” және “экстремизм” ұғымдарын қабылдаудағы ерекшеліктердің бірі, әсіресе, орта Азия халықтарының арасында, біріншіден, сыртқы ақпараттық әрекеттердің әсерінен, екіншіден, діни біліктіліктің төмендегі салдарынан оған діни өң беру түпкілікті түрде қалыптасып үлгерді. Соған орай, көптеген жағдайларда терроризм мен экстремизм мұсылмандық қозғалыстардың мүшелеріне қатысты жиі қолданылады.
Мысалы, өзбекстанның мұсылмандық
қозғалысы мүшелерін “діни
Мәселен, “Исламдық азат ету партиясының” өз алдына қойған мақсаттары мен міндеттерін қысқаша қарастыра кетсек.
Олардың көздеген басты идеясы дүниежүзілік біртұтас және біртекті, қоғамдағы билікті зайырлы және діни басшылар іске асыратын Халифат құру болып табылады екен. Сөйтіп, осы мұсылмандық мемлекеттің билеушісі теократ Халиф болуы тиісті. Ал оның қарамағына тұрғындарының басым көпшілігі мұсылмандық ағымды ұстанатын әлемдегі барлық мемлекеттер аймақтар “уалаяттар” түрінде енуге міндетті болмақ.
Бұл діни партияның түпкілікті және басты мақсаты мынадай төрт принципке негізделген:
Осы партияның идеясы көптеген мұсылман ағымындағы елдерде - Мысырда, Иранда, Иракта, Алжирде, Суданда, Йеменде, Пәкстанда, Ауғанстанда кеңінен таралды.
ТМД елдерінің діни ахуалы шиеленісе
бастаған, экономикалық және саяси
реформаларының жаңа қалыптастырыла бастаған
кезеңінде “Хизб-ут-Тахрир”
“Хизб-ут-Тахрир” діни партиясының іс - әрекеттік стратегиясын “панисламистік” шеңберден көруімізге болады. Теориялық тұрғыда партия күрес жүргізудің күш қолданбау принципін ұстана отырып, өз идеяларын Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Қазақстан территорияларында діни сенімдік деңгейі салыстырмалы түрде жоғарғы тұрғындар арасында тарту арқылы сандық үстемділікке жетуді көздеуде. Ондағы мақсат - сандық үстемдікке жеткеннен кейін саяси билікті талап ету. Сонымен қатар, мамандардың пайымдауынша, халықаралық ахуалдың шиеленісу жағдайында бұл діни партия экстремистік бағытқа ауытқып кетуге де даяр екен.
Аталмыш діни партия елімізде жаңа діни ағымдық ілімнің бірі бола тұра, соңғы кездері көңіл алаңдатарлық әрекеттерімен көзге түскенін білеміз. Оның үстіне, діни партияның белсенділері өз идеяларын насихаттау кеңістігін ұлғайту мақсатында діни әдебиеттерді тарату ісін барынша өрістетуде. Сонымен қатар діни – мәдени орталықтар мен шағын шаруашылық ұйымдарын өз мүдделеріне пайдалануға ұмтылуда.
Сонымен бірге діни құрылымның құқықтық
негіздеріне қазіргі күн
Қазіргі кезеңдегі Қазақстанның қоғамдық өміріндегі діннің алатын орны мен рөлін сараптай келе, оның қаншалықты мәнді екендігін, оған деген ықыластың артып отырғандығын түсінеміз. Діни фактор, тарихи тұрғыдан алып қарағанда, өз алдына діни немесе ұлтаралық қайшылықтар тудыра қоймайтыны анық.
Осы келтірген мағлұматтардың өзінен көріп отырғанымыздай, бұл түсініктердегі діни реңнің өзі – ақ басқалардың алдында әлеуметті деңгейдегі террористер мен экстремистер ретінде мұсылмандардың теріс бейнесін қалыптастыратыны анық. Сөйтіп, ұлы діндердің және әлемдік мәдениеттің қосғаушы күштерінің бірі болып саналатын мұсылмандық ілімге орны толмас залал келтіруде. әлемдік аренадағы мұндай құбылыс адамзаттық өркениетіміздің діни ұстамдарына қарай қарама – қарсы екі лагерьге бөлінуіне әкеліп соғары – Хантингтонның теориясымен толық сәйкес келетін мұсылмандық және басқа әлемдік қауымдастық түрінде – сөзсіз.
Діни терроризм мен экстремизмнің құрылымдық мазмұнына әлемдік діни қайта өрлеу процесінің күрделі қалпы да өзіндік рең беріп отыр. Жаңадан қалыптасқан тәуелсіз мемлекеттердің қалыптасып қалған, ендігі кезеңде әлеуметтік сұраныстан шыққан коммунистік идеологиясының орнын толтыратын моральдық – имандылық құндылықтарға және руханилыққа қатысты жауапкершіліктің жаңа қоғамдық құрылымға қажетті идеяларын дер кезінде қалыптастыра алмауы өзінің теріс әсерін тигізбей қоймайды. Мемлекеттік құрылымның жаңа жағдайда өзінше өмір сүріп, аяғынан тұрып кету үшін жанталасқан әрекеттер үстінде жасалынып, өткен идеялармен тарихи тұлғалардың бейнелерін жаңаша сомдау арқылы қоғам мүшелерін ұжымдастыруға арналған әрекеттер көп жағдайда күткендей нәтижелер бере алмады.
Советтік кезеңде азшылықтағы діни қауымдастықтардың дәстүрлі ортодоксальды мұсылмандық ағымдағы дамыған елдермен белсенді түрде қарым – қатынас жасауы мүмкін болмаған еді. Бұл арада айта кетсек, Қазақстан территориясында саяси исламның келешегі жоқтығы жайлы дәлелдемелі тұжырымдардың бірі белгілі ғалым, тарихи ғылымдарының докторы Н. Масановтың «У политического ислама в Казахстане нет перспектив» атты мақаласында өте ұтымды ашылған.
Терроризм мен экстремизмнің діни реңдік бағытта дамуына қатысты көптеген зерттеушілердің пікірлері бір мәселеде тоғысады, оның екі түрлі мүмкіндігі бар екен:
1. Бірінші мүмкіндігі ең алдымен мұсылмандықтың діни сенімдік мәнінен келіп шығады. Мұсылмандықтың басқа діндерден ерекшелігі оның тек ғана діни сенімдік мәнінде ғана емес, мұсылмандардың өмірлік тұрпатына айналғандығы екендігі белгілі. Мұсылмандық тағылымда өзінің мәдени – діни дәстүрлерін зайырлық және руханилық бастамаларға бөліп қарастыру мәселесі болған емес. Сондықтан, бұл тұрғыдан алғанда, ол саясаттан, мемлекетті басқаруға қатысудан бөлектенбейді.
2. Екіншіден, діни терроризм мен экстремизмнің қайнар көздері ретінде мұсылман ілімінің радикальды қалыптары түсуі мүмкін. Олар тек ғана зайырлы мемлекеттік құрылымға қана емес, дәстүрлі мұсылмандық ілімдерге қарсы күрес жүргізеді. Мысалы, ваххабизм туралы осыны айтуға болады.
Оның үстіне, АҚШ халықаралық терроризмді қолдаушы мемлекеттер ретінде Кубаны, Иракты, Ливияны, Солтүстік Кореяны, Суданды, және Сирияны атады. Осы аталған мемлекеттердің бесеуі мұсылмандық қауымдастыққа жатады. Және де АҚШ Вашингтон мен Нью–Йорк қалаларында болып өткен террористік актілерді ұйымдастырушылар мен іске асырушылар ислам террористері деп атап көрсетуі отқа май құйғандай болды. Бірақ бұл арада діни себептерді іздеудің артықтығы бұқаралық ақпарат құралдарында жеткілікті түрде мағлұматталды. Бұл арадағы басты мәселе әлемдік геосаяси ахуалдағы экономикалық, саяси және басқада мүдделерін өз уысынан шығарғысы келмей отырған алдынғы қатарлы мемлекеттердің жоспарларының бағыт – бағдарына байланысты. Мысалы, Иракты бомбалау, тәуелсіз Югославияға қарсы агрессия, Ауғанстан территориясында жүргізіліп жатқан әскери операциялар, Палестина автономиясына қарсы Израил мемлекетінің ұстанған саясаты бұлтартпас дәлел бола алады.
Сонымен, халықаралық терроризм мен экстремизмнің пайда болуы мен өрши түсуінің себептерін діннен, әсіресе мұсылмандық ілімдерден іздеу діннің рухани қайнар қайнар көздерінің мәніне қатысты біліксіздік немесе белгілі бір саяси мүдделердің сойылын соғушылық сияқты пиғылдағы топтардың әрекеті болып шығады.
Ескере кететін маңызды бір жайт – табынушылық қызметкерлері мен діни сенімдегілер дін мен мемлекет арасындағы қарым – қатынасты бір жақты қабылдайтындығы. Мемлекет тарапынан берілген діни сенімдік бостандықмен мемлекеттік органдардың немқұрайды қатынасына орай соңғы жылдары Орта Азия мемлекеттерінің территориясында іс-әрекеттерінде діни – саяси бағдарламалары бар діни топтардың қызметі жандана түскеннің айтылғаны белгілі. Оның үстіне, көптеген конфенциялардың рухани басшылары ар–ұждан бостандығына қатысты көзқарастарында діни сенімдік бостандықты ғана қабылдайды.
Мемлекеттік және халықаралық ұйымдар тарапынан бақылаудың әлсіздігінен көптеген діни табынушылық қызметкерлері діни іс - әрекеттерінің шегінен шығып кететін қызметтермен қоса айналысуда. Бұл дегеніміз діни қызметкерлердің азаматтық жауапкершілігінің жоқтығынан туындап отырған әлеуметтік құбылыс. Толығымен алғанда, діни ахуалды теңгермелі түрде ұстап отыруға мемлекеттік органдардың қабілеттілігімен құдіреттілігі жетеді деп есептесек те, бұның барлығымен мемлекеттің ішкі жағдайында және халықаралық қауіпсіздік мәселесінде өте күрделі діни – саяси қайшылықты туғызбай қоймайды.
Тарих сахнасына көз салсақ діни ілімдердің қасиетті саналатын кейбір догмаларын кез – келген мүдделікке сәйкес түсіндіруге болатынын білеміз. Мысалы, кеңес үкіметі кезіндегі христиандық және мұсылмандық ағымдардың рухани басшыларының қалыптасқан мемлекеттік құрылымды қолдану үшін социализм идеясы мен оның құрған мемлекетін жаратушының жазуымен қалыптасқан, Қасиетті жазбаларға негізделген ең әділ қоғам деп жариялағандары есімізде.