Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 16:05, реферат
Қазіргі таңда, әлемде, оның ішінде түбегейлі бетбұрыс жасап, демократиялық өзгерістерді іске асырып жатқан елімізде, саясаттан тыс тұрған адам жоқ. Яғни, саясат ол - әлеуметтік күрделі құбылыс болып саналады. Өйткені, бүгінгі күні ешбір адам өзін саясаттан тыспын деп айта алмайды.
Саясат ол – қоғамның саяси саласы.
Саясат қоғамның басқа да салаларын қамтиды және сол салалармен байланыста болады.
Ал бүгіндері социализм
мен коммунизм идеяларын
Қорыта келе, қазіргі таңда біздің елімізде де діни сенім бостандығы, діни бірлестіктер, діни конфессиялардың және мемлекетаралық қатынастарға қатысты мемлекеттік Тұжырымдама жасалынғанын айта кету керек. Біздің мемлекетіміздің осы тұжырымдамасында дінді уағыздаушылық немесе дінге қарсы ұмтылыстар жоққа тән және діни қарама – қарсылыққа не болмаса жеккөрушілікті өрістетуде мүлдем жол берілмеген.
Осы арада өзіміздің төл дінімізге санап жүрген мұсылмандылықтың, оның мәдениетінің өрісінің кеңдігі мен мүмкіндіктерінің шексіздігіне еріксіз риза болмасқа амалымызда жоқ екен. Басқасын қойғанда, адам құқықтары жөніндегі үндеудің ХХ ғасырда ғана бекітілгенін еске алсақ, он төрт ғасыр бұрын Құран Кәрімде барлық адамдардың құқықтарын қорғау міндетін бұйырғанын көреміз: «Адамдардың құқықтарын қыспаңдар! Жер бетінде бұзақылық шығарып, бүлік жасамаңдар!». Сөйтіп, көптеген аяттар мен хадистерге шолу жасар болсақ, мұсылмандықтың қу бастан – ақ әртүрлі діндер аралық жауапкершілік мәселесін де нақтылап берген екен.
Дінге сенушілер көптен күткен бостандықтарын алды, елімізде діни өмір жандана бастады. 1992 жылдың 15 қаңтарында «Дін ұстану бостандығы және діни бірлестіктер туралы». Қазақстан Республикасының заңы қабылданды. Ол діни бірлестіктер қызметін құқықтық жағынан реттейді. Азаматтарды дінге деген көзқарасына қарап олардың құқықтарын шектеу немесе осыған байланысты жауыздық пен алауыздықты тудыру, не азаматтардың сезіміне кір келтіру Қазақстан Республикасының заңы бойынша жауапқа тартылады.
Соңғы кезде елімізде дінге сенушілердің саны көбейді. Зерттеушілердің айтуына қарағанда, қазір олар халықтың 35-40 пайызын құрайды. Республикада 2000–ға жуық діни бірлестіктер жұмыс істейді. Елімізде көптеген діни мемлекеттер ашылуда, бірқатар жастар шетел діни оқу орындарында оқуда. Шамасы келгендер меккеге барып, қажылық жасауда. Мұның бәрі елімізде дінге деген көзқарас түбегейлі өзгеріп, халқымыз адамзат өркениетінің, рухани байлығының бір көзі – дінімен қайта қауышуында.
1 .Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1999.
2. Жамбылов Д. « Саясаттану », Алматы,2003.
3. Саясат-Policy, № 7, 2003.
4. Масанов Н. У политического ислама в Казахстане нет перспектив, «Мегаполис », 2001.