Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 16:47, реферат
Нарықтық экономиканың қай саласында да өндірістік запастар кәсіпорынның айналым активтерінің құрамды бөлігі болып табылады. Олардың өндіріс шығындарындағы үлес салмағы түрлеріне, түсу көздеріне, бағалау әдістеріне байланысты. Агроөнеркәсіп кешенін ұйымдастыруда өндірістік шығындардың маңызды элементі болып материалды шығындар болып табылады.
Кіріспе --------------------------------------------------------------------------------------2
1. Қорларды жіктеу және бағалау ------------------------------------------------------3
2. Материалдар қозғалысының есебі және оларды құжаттау --------------------6
3. Материалдық қорлардың қоймадағы есебі ----------------------------------------9
4. Материалдардың бухгалтериядағы есебі -----------------------------------------11
Қорытынды ---------------------------------------------------------------------------------13
Пайдаланылған әдебиеттер --------------------------------------------------------------14
Жоспар
Кіріспе ------------------------------
1. Қорларды жіктеу және бағалау
------------------------------
2. Материалдар қозғалысының есебі және оларды құжаттау --------------------6
3. Материалдық қорлардың қоймадағы есебі
------------------------------
4. Материалдардың бухгалтериядағы есебі
------------------------------
Қорытынды ------------------------------
Пайдаланылған әдебиеттер ------------------------------
Кіріспе
Нарықтық экономиканың қай саласында да өндірістік запастар кәсіпорынның айналым активтерінің құрамды бөлігі болып табылады. Олардың өндіріс шығындарындағы үлес салмағы түрлеріне, түсу көздеріне, бағалау әдістеріне байланысты. Агроөнеркәсіп кешенін ұйымдастыруда өндірістік шығындардың маңызды элементі болып материалды шығындар болып табылады.
Материалдар айналым активтерінің құрамды бөлігі ретінде өндіріс процесінде толықтай қолданылады және өзінің құнын өндірілетін өнімнің құнына толығымен алып барады.
ЖШС “МТС Құрылыс” мәліметтері негізінде «Тауарлы-материалды құнды бұйымдарының есебі және аудиті» тақырыбына жазылған дипломдық жұмысты қорытындылай келе мынадай тұжырымға келуге болады. Осы жұмысты орындау барысында ең алдымен тауарлы-материалды құнды бұйымдарының есебін теориялық жағынан ашуға тырыстық. Тексеру жұмысы үшін методикалық база ретінде тауарлы-материалды құнды бұйымдарының есебі теориясы мен тәжірибесі бойынша Қазақстандық және Ресейлік ғалымдардың еңбектері алынды.
Көріп отырғанымыздай ЖШС “МТС Құрылыс” қаржылық жағдайы қарастырылған жылдары өзгеріске түскенімен жыл соңында табыспен аяқтап отыр. Тауарлы өнім көлемі есепті жылы жоғарылауда. Алайда алдыңғы екі жылмен салыстырғанда біршама өскендігін байқаймыз. Кәсіпорынның соңғы кезде қаржылық жағдайының жақсаруы және сомалар бойынша өсімдік шаруашылығы үлкен үлес алып отыр, тек өндіріс көлемін ұлғайтумен ғана емес, сондай-ақ бұдан шаруашылықтың өсімдік шаруашылығына мамандандырылғанын көреміз.
Қаржы және есеп жұмысының көлеміне қызметкерлерінің міндеттерін тиісті адамдарға бөліп, тиімді ұйымдастырылған. Жалпы есеп кәсіпорындарында журнал-ордерлік формада жүргізіледі.
Шаруашылық тауарлы-материалды құнды бұйымдардың есебін бекітілген нұсқаулықтар, ұсыныстар бойынша жүзеге асырады. Жалпы алғанда материалдардың жабдықтау-өндіру-сату процесіндегі үздіксіз қозғалысы сәйкес құжаттармен жабдықталады.
Осы ЖШС “МТС Құрылыс” есептерінің синтетикалық және аналетикалық есебінің жағдайына тоқтала келе мен үшінші бөлімнің аналитикалық есебіне тоқталдым. Шаруашылықта есептің ұйымдастырылуы жаман емес.
1. Қорларды жіктеу және бағалау
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі барысында өздерінің өндірген дайын бұйымдары, сату үшін сатып алған тауарлары, сатып алған бірақ әзір ұйымға келіп түспеген тауарлары (жолдағы тауарлар), аяқталмаған өндіріс, басқаларға көрсеткен қызметтері, сондай-ақ жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету барысында пайдалануға арналған қосалқы бөлшектері, отындары, ыдыс және ыдыстық материалдары, жартылай фабрикаттар және басқа да материалдары сол ұйымның тауарлы-материалдық қоры түріндегі ағымдағы активі болып табылады.
Еңбек заттары бір тектес емес. Олардың бір-бірінен өндірісте атқаратын міндеттеріне қарай, сондай-ақ физикалық және химимялық қасиеттеріне қарай өзара айырмашылықтары бар. Сондықтан да материалдар есебін дұрыс ұйымдастырудың ең басты мәселесі - оларға экономикалық жағынан дәлелденген жіктеу жасау болып табылады. Өздерінің өзгешеліктері мен өнім дайындауда атқаратын міндеттеріне қарай материалдар:
Негізгі материалдар мен шикізаттар өндірілетін өнімнің құрамына кіріп, оның материалдық негізін жасайды.
Шикізаттар деп бұрын азды-көпт
Негізгі материалдардың қатарына өнімнің өзіндік құнын құрайтын өңдеуші өнеркәсіп өнімдері – ұн, мата, кірпіш және т.б. жатады.
Өндірістік үдерістің бір
Көмекші материалдарға - әр түрлі химикаттар мен майлайтын, сүртетін және жөндеуге керекті басқа да материалдар жатады. Көмекші материалдардың негізгі материалдардан өзгешелігі, олар өнімнің материалдық (заттық) негізін құрамайды. Олар өндіріс үрдісінде қолданылуы барысында негізгі материалдарға өзінің қандай да бір тиісті әсерін тигізіп, негізгі материалдардың түсін тағы да басқа жақтарын өгертеді. Материалдардың бұл түріне бояуларды, әктерді жатқызуға болады.
Материалдық қорлардың ішінде бөлек топ болып отындар, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер, құрылыс материалдары, т.б. есептеледі. Отындар тобына техникалық мақсатта энергия өндіруге, үй-жайларды жылытуға пайдаланатын материалдардың барлық түрі жатады.
Материалдық босалқы қордың барлық түрін есепке алу үшін 1300 «Босалқылар» бөлімінің негізгі, активті мүліктік шоттары пайдаланылады. Бұл бөлімше құрамына төмендегі синтетикалық шоттар кіреді: 1310 «Шикізаттар мен материалдар», 1311 «Сатып алынған жартылай фабрикаттар және құрастырушы бұйымдар», 1312 «Отын», 1313 «Ыдыс және ыдыстық заттар», 1314 «Қосалқы бөлшектер», 1315 «Өзге материалдар», 1316 «Өңдеуге берілген материалдар», 1317 «Құрылыс материалдары», 1320 «Дайын өнімдер», 1330 «Тауарлар», 1340 «Аяқталмаған өндіріс», 1350 «Басқалай босалқылар», 1360 «Босалқыларды есептен шығару резерві».
1310 «Шикізаттар мен материалдар» шотында шығарылған өнімнің негізін салатын немесе өнімді жасап шығаруда оның компоненті болып табылатын қажет шикізаттар мен материалдарын есепке алады. Бұл жерде сондай-ақ өнімді шығаруға қатысатын немесе шаруашылық, технологиялық және өндіріс процесіне септігін тигізетін көмекші материалдар да есепке алынады.
1311 «Сатып алынған жартылай
1312 «Отын» мұнай өнімдері, қатты және басқа да отын түрлері есепке алынады.
1313 «Ыдыс және ыдыстық заттар» ыдыстың барлық түрі (цистернаны, бочкілерді, флягтарды қоспағанда) және ыдысты жөндеуге арналған материалдар есепке алынады.
1314 «Қосалқы бөлшектер» жөндеуге
және машинаның тозған
1315 «Өзге материалдар» өндіріс қалдықтары, жөнделмейтін ақау бөлшектер, негізгі құралды жою барысында алынған материалдар және т.б. алынады.
1316 «Өңдеуге берілген материалдар»
1317 «Құрылыс материалдары»
Әрбір шаруашылық жүргізуші субъектілер қажеттігінше әрбір шоттар бойынша субшоттар және материалдық есебі бойынша аналитикалық шоттар аша алады.
Мысалы, «Шығыс» ААҚ аяқ киімді
өндіру үшін, сары ЦЛ терісін жабдықтаушыға
тапсырыс берген, оның 1 дм2
90 теңге (ҚҚС-мен) тұрады. Келісім шарт
жасасқаннан соң, «Шығыс» ААҚ-на тапсырыс
берген материалы келіп түскен. Барлық
келіп түскен терінің мөлшері 35555,6
дм2 құраған, ал оның сомасы 3200004
теңге болған. Тасымалдау шығыны 800000
теңге және түсіру шығыны (Түсірушәлердәі
жалақысы – 300000 және әлеуметтік - 56700-(300000-300000*10%*21%)=
Біз бұл мысалда алынған терінің өзіндік құны 4545324 теңге немесе 1 дм2-ты 127,84 теңге құраған:
Алынған материалдар нақты өзіндік құны бойынша бухгалтерлік есепке кірістеледі (127,84 теңге бойынша). Содан соң олар сатуға немесе өндіріске босатуға не нақты өзіндік құны бойынша, не сатылатын таза құны бойынша босатылуы мүмкін. Тек осындай өнімді басқа кәсіпорны 90 теңгеден емес, онық бір дм2 75 теңгеден сатқан, сондықтан «Шығыс» ААҚ-на да сол бағадан сатуына тура келген.
Енді біз осы операциялар бойынша жасалатын шоттар корреспонденциясын қарастырып көрейік.
1-кесте Қорлар бойынша шоттардың корреспонденциясы
Рет № |
Шаруашылық операцияларының |
Сома, мың теңге |
Шоттардың корреспонденциясы | |
дебет |
кредит | |||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
ТМҚ жеткізіп беру үшін жабдықтаушыға аванс берілген |
3200004 |
2910 |
1040 |
2 |
Жабдықтаушыдан сары тері алынды:
|
2758624
441380 |
1310 1410 |
3310 3310 |
3 |
Тасымалдау шығындары өтелді
Сақтау шығыстары төленді |
800000
630000 |
4240 4240 |
1040 1040 |
4 |
Сары теріні алумен байланысты шығыстары материалдық құнына қосылды:
|
800000
356700
630000 |
1310
1310
1310 |
4240
3350,3140
4240 |
5 |
Жабдықтаушының қарызын өтеуге бұрындары берілген авансы зачет жасалды |
3200004 |
3310 |
2910 |
6 |
Таза сатылған құнына дейін материалдардың құны есптен шығарылды. Өзіндік құны 4545324 теңге болған. Таза сатылған құны 2300447(355555,6*64,7) теңге құраған (ҚҚС қоспағанда). Материалдардың өзіндік құны оларды алумен байланысты шығыстарын қоспағанда 2758624 теңге құраған. Таза сатылған құны мен материалдардың өзіндік құнының арасындағы айырмасы 458177 теғге құраған (2758624-2300447). |
458177 |
7450 |
1310 |
2. Материалдар қозғалысының есебі және оларды құжаттау
Кәсіпорындар мен ұйымдарда материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету жұмысымен арнайы бөлім және мамандар шұғылданады. Олар ұйым бойынша келер жылы өндірілетін өнім көлеміне қарай белгіленген өлшем бойынша өндіріске керек болатын материалдардың көлемін алдын ала анықтап, жабдықтаушы мекемелермен қажет болатын материалдар көлемі туралы шарт жасайды. Шартта материалдардың аты, көлемі, бағасы, жеткізіліп берілетін уақыты көрсетіледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың жабдықтау бөлімі шартта көрсетілген келісімдердің орындалуын қадағалап отырады. Ол үшін материалдарды алып келген тасымаладу көлігінің жолдама құжаты, теміржол жүкқұжаты (накладнойы), көліктік жүк құжаты, жабдықтаушыдан келген басқа да құжаттар алдымен жабдықтау бөліміне табыс етіледі. Бұл жерде, яғни жабдықтау бөлімінде келген құжаттар М-1 түрлі «келген жүкті есептеу» журналына тіркеледі. Одан кейін бұл құжаттарды материалды алып келетін экспедиторға береді. Сонымен қатар экспедиторға материалдарды алу үшін сенімхат беріледі. Экспедитор алған жүкқұжаттары мен сенімхатты алғаны үшін М-1 түрлі журналға қол қояды.
Жабдықтау бөлімі келген материалдарды қабылдап алуды да қадағалап отырады. Ол үшін жоғарыда аталған журналға материалдардың қабылданған уақыты (күні, айы, жылы) мен ол үшін толтырылған құжаттың атын және номерін жазады. Жабдықтаушы мекемеден және жүк тасымалдаушы ұйымдардан материалдарды немесе жүктерді алу үшін кәсіпорыннан тағайындалған экспедиторған немесе жүкті алатын басқа адамға үлгілі түрі М-2 немесе М-2А сенімхаты беріледі. М-2 түрлі сенімхатты лауазымды адамның материалдық қорларды қабылдап алуға ұйымның сенімді адамы ретінде қатысу құқығын ресімдеу үшін беріледі. Бұл сенімхатты бухгалтерия бір дана етіп жазады. Сенімхатты алған адам оны алғаны үшін хаттың бухгалтерияда қалған түбіршегіне қол қояды. Сенімхаттың М-2А түрі жабдықтаушы ұйымдардан белгіленген мерзім ішіндегі материалдарды тұрақты алып тұратын экспедиторға береді. М-2А түрлі «сенімхат» алдын ала нөмірленген барлық парағы арқылы жіп өткізіп тігілген, және үлгілі түрі М-3 «берілген сенімхаттарды есептеу» журналына тіркелуі керек. Кәсіпорындар мен ұйымдардың экспедиторы немесе басқа қызметкері М-2А түрлі «сенімхатты» алғаны үшін осы журналға қол қояды. Кейіннен олар осы журналға сенімхатта көрсетілген материалдарды алған уақытын (күні, айы, жылы), кіріс ету құжатының номерін жазады. Қоймаға қабылданған материалдық қорларға жауапты адам сол күні үлгілі түрі М-4 «кіріс ету» ордерін бір дана етіп толтырады.
Жабдықтаушы ұйым тауарлық-материалдық қорларды автомобиль көлігі арқылы жеткізіп беретін жағдайда жіберілетін материалдарға 4 (дана) етіліп «тауар-көлік жүкқұжаты» толтырылады. Оның бірінші данасы жіберілген материалдарды есептен шығару үшін материалдарды жіберушіде қалдырылады; екінші, үшінші және төртінші даналары материалдарды жіберуші (босатушы) ұйымның мөрі және лауазымды адамдардың қолымен расталып, сондай-ақ жүкті қабылдап алғаны жайлы көлікті жүргізушінің қолы қойылып жүргізушіге тапсырылады.