Басқаруды талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 07:48, автореферат

Краткое описание

Нарықтық экономика жағдайындағы шаруашылық субъектiлерiнiң қызметiнiң басқарушылық талдауы
Субъект қызметінің жүйесіндегі басқарушылық талдаудың ролі мен мағынасы.
Басқарушылық талдаудың пәні, мағынасы, оның мақсаты мен міндеті.
Басқарушылық талдаудың басқа ғылымдармен байланысы мен көзқарасы.
Басқарушылық талдаудың түрлері.

Файлы: 1 файл

Басқару талдау.docx

— 159.51 Кб (Скачать)

- Көлемі 5 беттен кем емес

- Әдебиеттер тізімі

- шрифт 14 Times New Roman,интервал 1,5.

Реферат тексті келесі параметрлерді  сақтай отырып теріледі: сол жағы-30мм, оң жағы-10мм, жоғарғы жағы-20мм, төменгі  жағы-20мм.

 

 

4-тақырып

СӨЖ тақырыбының  атауы Маркетингтік қызметті талдаудың мәні мен міндеттері

Тапсырманы орындау  бойынша әдістемелік нұсқау: лекциялық материалдарды қайталап «Экон.талдау» пәні бойынша сәйкес тақырыпты оқу

Бақылау нысаны: реферат қорғау

Тапсырманы орындауды  бағалау баллы: 15 балл

СӨЖ тапсырмасын  орындау мерзімі: 14 апта

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

  1. Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия: Учебник. М.: ИНФРА-М, 2002. - 336 с.
  2. Дюсембаев К.Ш. Аудит и анализ в системе управления финансами: теория и методология. - Алматы: Экономика, 2000. - 294 с.
  3. Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия: Учебное пособие. - Алматы: Экономика, 2005. – 128 с.
  4. Дюсембаев К.Ш. Анализ финансовой отчетности: Учебник. – Алматы: Экономика, 2009. – 384 с.

Өзіндік жұмысты  реттеу тәртібі

Конспект реферат түрінде  жазылып қорғалады 

Рефераттың құрылымдық әлементтеріне  қойылатын талаптар:

-Титулды парақ

- Мазмұны

- глоссарий 

- Көлемі 5 беттен кем емес

- Әдебиеттер тізімі

- шрифт 14 Times New Roman,интервал 1,5.

Реферат тексті келесі параметрлерді  сақтай отырып теріледі: сол жағы-30мм, оң жағы-10мм, жоғарғы жағы-20мм, төменгі  жағы-20мм.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Басқару талдау» пәнін оқу-әдістемелік жабдықтау картасы

Мамандықтар: Еңбекті нормалау және ұйымдастыру

 

Мамандық 

Пән

Негізгі оқу-әдістемелік  әдебиеттер (дана)

Студенттер контингенті

Ескертпе 

Еңбекті нормалау және ұйымдастыру

Басқару талдау

Оқулықтар және оқу құралдары

ПОӘК эектрондық нұсқасы

24

 
   

1 Дюсембаев К.Ш. Аудит и анализ в системе управления финансами: теория и методология. - Алматы: Экономика, 2000. - 294 с.

     
   

2 Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия: Учебное пособие. - Алматы: Экономика, 2005. – 128 с.

     
   

3 Дюсембаев К.Ш. Анализ финансовой отчетности: Учебник. – Алматы: Экономика, 2009. – 384 с.

     
   

4 Баканов М.И., Шеремет А.Д. Теория экономического анализа: Учебник. - М.: Финансы и статистика, 2001. - 416 с.

     
   

5 Басовский Л.Е. Теория экономического анализа: Учебное пособие. - М.: ИНФРА-М, 2001. - 222 с.

     
   

6 Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия: Учебник. М.: ИНФРА-М, 2002. - 336 с.

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Интернет –  ресурстар

www.centercredit.kz 

www.uchebniki-online.com/read/

www.buhgalter.kz/

business.zakon.kz/buhuchet/

balans.kz/

www.bin.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Глоссарии

 

Кәсіпорынның  қаржылық жағдайы - осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылыгын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.

"Кәсіпорынның  қаржылық тұрақтылығы - бұл тәуекелділікті мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты есіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы".

Көлденең (уақытша) талдау - есеп берудің әрбір позициясын өткен кезеңімен салыстыру. Ол өткен кезеңдегімен салыстырғандағы бухгалтерлік есептің түрлі баптарының абсолюттік және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға мүмкіндік береді.

Тікелей (құрылымды) талдау - әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткіштердің құрылымын анықтау. Ол жалпы баланс немесе оның бөлімдері бойынша қорытынды көрсеткіштегі жеке баптардың үлес салмағын анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, ұзақ және ағымдағы активтердің кәсіпорын мүлкінің жалпы құнындағы, яғни баланс валютасындағы үлес салмағы және тағы басқалар.

Трендтік талдау барлық көрсеткіштер 100% деп алынатын базистік жыл деңгейінен, бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуын есептеуге негізделеді. Басқаша айтқанда, трендтік талдау әрбір есеп позициясын бір қатар өткен кезеңдермен салыстыруды және трендті, яғни жеке кезеңдердің дербес ерекшеліктері мен кездейсоқ әсерлерінен тазартылған көрсеткіш динамикасының негізгі тенденциясын анықтауды көрсетеді. Трендтің көмегімен болашақтағы көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы қалыптасады, ал одан кейін перспективті, болжамдық талдау жүргізіледі.

Коэффициенттер салыстырмалы шамалар болып табылады, оларды есептеу кезінде шамалардың біреуін бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке қатынасы ретінде көрсетеді. Қаржылық коэффициентерді есептеу баланстың жеке баптарының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген.

Салыстырмалы (кеңістіктік) талдау - бұл фирмалардың, еншілес фирмалардың, бөлімшелердің және цехтардың жекелеген көрсеткіштері бойынша есебінің құрама көрсеткіштерін шаруашылық ішіндегі талдау, сондай-ақ берілген фирманың көрсеткіштерін орташа салалық және орташа жалпы экономикалық мәліметтері бар бәсекелес фирмалардың көрсеткіштерімен салыстырғандағы шаруашылық аралық талдау болып тыбалады.

Факторлық талдау - бұл жекелеген факторлардың (себептердің) қорытынды көрсеткішке тигізетін әсерін зерттеудің детерминдік (анықтау) немесе реттелмеген тәсілдері көмегімен талдау.

Ең өтімді активтер. Әлемдік тәжірибеде бұларға кәсіпорынның ақша қаражаттарының барлық баптары және  құнды қағаздары жатады.

Тез өткізілетін  активтер. Бұларға қысқа мерзімді дебиторлық борыш басқа да активтерді жатқызады. Дебиторлық борыш сомалары есеп айырысу шотына белгілі бір уақытта келіп түсіп, бұлар да өз міндеттемелерін төлеуге жұмсалуы мүмкін.

Баяу өткізілетін  активтер. Баланс активіңің II бөлімінің "Тауарлы-материалдық қорлар" бабы және баланс активтінің I бөліміндегі "Үзақ мерзімді инвестициялар" (жарғылық қорға басқа кәсіпорындардың салған салымдар мөлшеріне азайтылған) бабы.

Қиын өткізілетін  активтер - баланс активінің I бөлімінің алдындағы топтарға еңгізілген баптарынан басқа барлық баптары. 1 бөлім жиынынан "Үзақ мерзімді қаржылық инвестициялар" бабы бойынша соманың бір бөлігі ғана алынып тасталынғандықтан, қиын өт-кізілетін активтер құрамында басқа кәсіпорындардың  жарғылық капиталға салған салымдары ғана есепке алынады.

  П1 Неғурлым тезірек төленуге тиісті міндеттемелер - бұларға уақытында төленбеген кредиторлық борыш, қарыздар, басқа да қысқа мерзімді міндеттемелеp, жұмыскерлермен олардың алған қарыздары бойынша есеп айырысу көлемінен асқан мөлшерде- жүмыскерлерге берілген қарыздар жатады. Бұл берілген мөлшерден асу банктің мақсатты қарыздарын (несиелерін) өз мақсаты бойынша пайдаланбағандығын білдіреді  және  сондықтан тезірек өтеу үшін неғұрлым өтімді активтермен қамтамасыз етілуі тиіс.

  П2 Қысқа мерзімді міндеттемелер - қысқа мерзімді несиелер мен заемдар және жұмыскерлерге арналған қарыздар.

П3   Ұзақ мерзімді міндеттемелер - ұзақ мерзімді неииелер мен заемдар.

П4   Тұрақты   міндеттемелер  -   пассивтің   I   бөлімінің "Меншікті капитал" баптары. Актив пен пассивтің балансың  сақтау  үшін   бұл  топтың  жиыны   баланс   активінің "Алдағы   кезең    шығындары"    бабы    бойынша азайтылады.

Төлем қабілеттілігі - бұл кәсіпорынның кредиторлары жағынан төлемдер туралы қойылған талаптары қарыздарын өтеуге дайындығы".

Абсолютті   өтімділік   коэффициенті   (жеделдік    коэффициенті) ақша қаражаттары мен тез өткізілетін бағалы қағаздардың   мерзімді   және   қысқа   мерзімді   міндетімелерге қатынасы ретінде есептеледі. Ол баланс жасалған  мерзімінде немесе жақын  мезгілде  ағымдағы   қарыздардың   қандай   бөлігі   өтелетінін көрсетеді.

Аралық өтеу коэффициентін  есептеу үшін (немесе басқа аталуы: қауіпті өтім коэффиценті,) ақша қаражатының құралдыңғы көрсеткіштің алымына дебиторлық және басқа да активтер қосылады. Ол кәсіпорының дебиторлармен өз уақытында есеп жүргізу жағдайында болжамданған төлемдік мүмкіндігін көрсетеді, яғни ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігі тек  ақша қаражаты есебінен емес, сонымен қатар өткізілген өнімдер, орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер үшін түсімдер есебінен өтелетінін сипаттайды

Ағымдағы өтімділік  коэффициенті (жалпы өтеу коэффиценті) барлық ағымдағы активтердің жедел және қысқа мерзімді міндеттемелердің көлеміне қатынасын көрсетеді. Ол ағымдағы активтер мен міндеттемелердің қандай есесін өтейтінін белгілеуге мүмкіндік береді және дебиторлармен өз уақытында есеп айырысу және дайын өнімді тиімді өткізу жағдайларында ғана емес, сонымен бірге материалды айналым құралдарынын басқа элементтері қажет болған кезде сату жағдайында бағаланатын кәсіпорынның төлемдік мүмкіндіктерін көрсетеді.

Жалпы өтеу коэффициенті өтімді құралдар жедел және қысқа мерзімді міндеттемелерінің сомасын отейтінын белгілеуге мүмкіндік береді және сонымен баланс  құрлымының тұрақтылық дәрежесін ғана емес, кәсіпорының өзінің қысқа мерзімді қарыздары бойынша тез есептесе   алу қабілеттілігін дәлелдейді.

Капиталдың жалпы  анналымдылық коэффициенті - ол жылына қанша рет айналу  мен өндірудің толық циклі болатындығын және активтердің әрбір ақша бірлігі    сатылған    өнімнің    қанша    ақша    бірлігін әкелгенін көрсетеді коэффициенті кәсіпорыңнын іскерлік белсенділігі туралы жан-жақты түсінік береді.

Негізгі құралдардың  айналымдылығы - бұл көрсеткіш қор қайтарымдылығын көрсетеді, яғни кәсіпорынның кезеңдегі негізгі өндірістік қорларын пайдаланудың тиімділігін сипаттайды. Ол саудадан түскен табысты (ақшаны) қалдық құны бойынша кезеңдегі негізгі құралдардың орташа шамасына бөлу арқылы есептейді.

Меншікті капиталдың  айналымдылық коэффицииенті - бұл   көрсеткіш   қызметті   әр қырынан   сипаттайды: коммерциялық    көзқараспен     қарағанда ол сатудың артықтығын немесе жеткіліксіздігін анықтайды; қаржылық жағынан - салынған меншікті капиталдың айналым жылдамдығын, ал экономикалық тұрғыдан - кәсіпорынның   меншік   иелері    (акционерлер,    мемлекет   немесе басқадай меншік иелері) тәуекелдік етіп салып отырған ақша қаражатының  белсенділігін  көрсетеді.

 Ағымдағы активтер (мобильдік қаражат) немесе айналым капиталының айналымдылық коэффцциенті - ол өнім сатудан түскен (ақша) табысының (жұмыс, қызмет көрсету) ағымдағы активтердің орташа шамасына қатынасы.

 Ағымдағы активтердің айналымдылық жылдамдығы, жоғарыда келтірілген формула бойынша есептелген оның айналым санымен ғана емес және айналымның ұзақтығымен, айналым қаражатының беку коэффициентімен де сипатталады (немесе айналымдылықтың айналым коэффициентімен).

 Капиталдың жалпы анналымдылық коэффициенті - ол жылына қанша рет айналу  мен өндірудің толық циклі болатындығын және активтердің әрбір ақша бірлігі    сатылған    өнімнің    қанша    ақша    бірлігін әкелгенін көрсетеді.

Материалдық  айналым  қаражатының   айналымдылық коэффициенті -кәсіпорынның талдау кезіндегі    шығындары    мен    қорларының    айналым    санын көрсетеді,  яғни  олардың   сатылу  жылдамдығын   сипаттайды.    

Дайын өнімнің  айналымдылық коэффициенті - бұл көрсеткіш өнімді сатудан түскен (жұмыс, қызмет көрсету) табыстың (ақша) кезеңдегі дайын өнімнің орташа шамасына қатынасы.

Инвестицияланған  капиталдың айналымдылығы - инвестицияланған   капиталдың   айналымдылық  коэффициенті    кәсіпорынның    өзінің    дамуына    салған инвестицияны   қоса   есептегенде,   оның   ұзақ   мерзімді  және қысқа    мерзімді    инвестицияларының    айналым жылдамдығын көрсетеді.

Инвестицияланған  капиталдың айналымдылығы - инвестицияланған   капиталдың   айналымдылық  коэффициенті    кәсіпорынның    өзінің    дамуына    салған инвестицияны   қоса   есептегенде,   оның   ұзақ   мерзімді  және қысқа    мерзімді    инвестицияларының    айналым жылдамдығын көрсетеді.

Кредиторлық борыштын айналымдылық коэффициенті - ол өнімді сатудан түскен табыстың (ақша) кезеңдегі кредиторлық борыштың орташа шамасына қатынасы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Басқаруды талдау