Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2012 в 08:09, курсовая работа
Осылайша, қазіргі таңда жергілікті бюджеттердің кірістерін толыққанды қамтамасыз ету және оларды өзекті бағыттарда жұмсау қоғамның әлеуметтік жағдайын арттырудың бірден-бір көзі болып отыр. Сонымен қатар еліміздің кең-байтақ территориясының аймақтық ерекшеліктеріне байланысты бюджет қаражаттары алуан түрлі көлемде болып келеді. Сол себепті әр аймақтың бюджеттік кірістері мен шығыстарын талдау және қажетті шаралар қолдану көкейтесті мәселелердің бірі болып табылады және осы курстық жұмыс бүгінгі таңдағы өзекті тақырыпқа жазғанымды анықтап береді.
Кіріспе..........................................................................................................
І Жергілікті өзін-өзі басқарудың мәні мен теориялық негіздері...............
1.1 Жергілікті өзін-өзі басқарудың мәні мен мазмұны.................................
1.2 Жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық механизмдері ...................
ІІ Қазақстан Респуликасындағы бюджет үдерісінің негіздері..................
2.1 Бюджет және бюджет жүйесі ұғымы............................................................
2.2 Республикалық бюджет...............................................................................
2.3 Жергілікті бюджеттер және олардың аумақтық құрылымдарының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы мәні.......................................................
ІІІ Жергілікті бюджеттің кірісі мен шығысын экономикалық талдау.......
3.1 Жергілікті бюджеттің кірістерін талдау....................................................
3.2 Жергілікті бюджеттің шығыстарын талдау.................................................
Қорытынды.....................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................................
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Менеджмент және маркетинг кафедрасы
Жергілікті басқарудың экономикалық механизмі
Курстық жұмыс
Пән: Муниципалдық менеджмент
Мамандық:
Ғылыми жетекші:
Курстық жұмыс 20__ ж. ___ __
қорғалды. Бағасы ___________
қостанай, 2012
3>Мазмұны
Кіріспе.......................
І Жергілікті өзін-өзі басқарудың
мәні мен теориялық негіздері.......
1.1 Жергілікті өзін-өзі
1.2 Жергілікті өзін-өзі
ІІ Қазақстан Респуликасындағы бюджет үдерісінің негіздері..................
2.1 Бюджет және бюджет жүйесі
ұғымы.........................
2.2 Республикалық бюджет..........
2.3 Жергілікті бюджеттер және
олардың аумақтық
ІІІ Жергілікті бюджеттің кірісі мен шығысын экономикалық талдау.......
3.1 Жергілікті бюджеттің кірістерін талдау........................
3.2 Жергілікті бюджеттің шығыстарын талдау........................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі........................
Еліміз егемендік алып, іргелі елдермен ұлы көшке ілескеніне саусақпен санарлықтай жылдар өтсе де, осы аз мерзімнің ішінде ғасырға татырлық игі өзгерістер болды. Еліміздің егемендік алу сәті нарықтық экономикаға тұспа-тұс келіп, халық арасында «нарық қарық қыла ма ?!»-деген мысқыл мәтел де пайда болды. Әйтсе де бүгінгі күні бәріміз де нарықтық экономиканы мойындап, оның өмір талабынан туындап отырғанына көзіміз жетті. Нарықтық экономика жағдайларында халықтың әлеуметтік тұрмыс-жағдайы, шаруашылық көрсетуші субъектілердің әлеуметтік дамуы мемлекеттің қолында болып отыр. Осы орайда жергілікті қаржының атқаратын рөлі мен маңызы ерекше. Қазақстан Республикасында экономикалық қатынастарды орталықсыздандыру мемлекеттің жалпы экономикалық саясатын жүзеге асыруда аймақтардың дербестігі мен рөлін арттырып отыр. Жергілікті қаржы органы қызметінің аясы кеңейе түсуде, олар әлеуметтік-экономикалық сипаттағы проблемаларын шешуге едәуір дербестікке ие бола бастады. Жергілікті өзін-өзі басқару органына мемлекеттің әлеуметтік бағдарламаларын жүзеге асыру жөнінде оларға маңызды міндеттер жүктелген. Халыққа қызмет көрсету жөніндегі шараларды қаржыландыру негізінен жергілікті қаржы органдары есебінен жүзеге асырылады. Жергілікті қаржының бүкіл теориялық аспектілерін шешіп алуға, елдің бюджет құрлысының мемлекеттік құрлысқа нақты сәйкестігіне байланысты болып келеді. Жергілікті қаржыда билік пен басқарудың жергілікті органдарының сан қырлы қызметінің қаржы базасы болып табылатын жергілікті бюджеттерге маңызды рөл беріледі.
Курстық жұмысымның мақсаты жергілікті қаржының мәні мен маңызын, оның қазіргі кездегі дербестігін, қандай әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешетінін толық ашып, талдау жасау.
Жергілікті қаржының әлеуметтік-экономикалық мәні жалпы мемлекеттік қаржыға ұқсас. Басқарудың жергілікті органдарына мемлекеттің әлеуметтік бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша маңызды міндеттер жүктелінген. Халықка қызмет көрсету бойынша шараларды қаржыландыру негізінен жергілікті қаржылық ресурстар есебінен жүзеге асырылады. Әлеуметтік тұрмыстық инфрақұрылым салалары халықка қызметтерді басым бөлігінде бюджеттік қаражаттар есебінен қалыптастырылатын қорлар есебінен береді. Жергілікті буында қаржылық қатынастар «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңмен, Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексімен, республикалық бюджет туралы заңмен және шаруашылық пен қаржылық қызмет туралы басқа заңдармен реттелінеді.
Жергілікті бюджеттер билік пен басқарудын жергілікті органдарының сан қырлы қызметінің негізгі қаржы базасы бола отырып, олардың экономикалық дербестігін нығайтады, шаруашылық қызметін жандандырады, ведомствоға қарасты аумактарда оларга инфрақұрылымды дамытуға, аумактың экономикалық әлуетін кеңейтуге, қаржылық ресурстардың резервтерін ашып, пайдалануға мүмкіндік жасайды. Сөйтіп, жергілікті бюджеттер жергілікті деңгейдегі экономикалық және әлеуметтік міндетгерді жүзеге асыруда елеулі рөл атқарады. Бұл түтынудың коғамдық қорларын бөлген кезде керінеді. Жергілікті бюджет арқылы мемлекеттік бюджет қаражаттарының басым бөлігі әлеуметтік инфрақұрылымга жұмсалады.
Жалпы жергілікті қаржының жай-күйі әркашанда, біріншіден, елдің жалпы экономикалық жағдайына, екіншіден, тиісті аумақтардың экономикалық әлуетіне, үшіншіден, билік пен басқарудың жергілікті органдарының құқығы мен міндеттерін белгілі бір дәрежеде реттеп отыратын мемлекеттік заңдардың деңгейіне, төртіншіден, биліктің жергілікті органдары құзырының дәрежесіне байланысты болды. Өркениетті батыс елдерінде жергілікті қаржы мемлекеттің қаржылық ресурстарын қалыптастыру мен пайдалану үдерісінде едәуір рөл атқарады. Оның үстіне жергілікті бюджеттердің айтарлықтай дербестігі болады және батыс елдерінде олар мемлекеттік бюджеттің жалпы жүйесіне кірмейді. Жергілікті қаржыда ұлттық табысты аумақтық тұрғыда қайта бөлуге мүмкіндік жасайтын және билік пен басқарудың жергілікті орғандарының қаржы базасын жасауды қамтамасыз ететін экономикалық қатынастардың жиынтығы ретіндегі жергілікті бюджеттерге маңызды рөл беріледі. Жергілікті бюджеттерді қалыптастыру мен пайдалану өндіріс пен айырбасқа қатысушылар арасындағы, атап айтқанда: кәсіпорындар мен мемлекет арасындағы, меншіктің барлық мысандарындағы макроэкономиканың өндірістік және қызметтер көрсету салаларының кәсіпорындары, ұйымдары мен мекемелері арасындағы, бюджет жүйесінің буындары арасындағы, мемлекет пен халық арасындағы қоғамдық өнім құнының қозғалысын білдіреді. Жергілікті бюджеттердің экономикалық; мәні олардың мынандай арналымында көрінеді: билік пен басқарудың жергілікті орғандарының ақшалай қорларын қалыптастыру; бұл қорларды жергілікті деңгейдегі инфрақұрылым салалары мен халықтың арасында қайта бөлу.
Осылайша, қазіргі таңда жергілікті бюджеттердің кірістерін толыққанды қамтамасыз ету және оларды өзекті бағыттарда жұмсау қоғамның әлеуметтік жағдайын арттырудың бірден-бір көзі болып отыр. Сонымен қатар еліміздің кең-байтақ территориясының аймақтық ерекшеліктеріне байланысты бюджет қаражаттары алуан түрлі көлемде болып келеді. Сол себепті әр аймақтың бюджеттік кірістері мен шығыстарын талдау және қажетті шаралар қолдану көкейтесті мәселелердің бірі болып табылады және осы курстық жұмыс бүгінгі таңдағы өзекті тақырыпқа жазғанымды анықтап береді.
І Жергілікті өзін-өзі басқарудың мәні мен теориялық негіздері
Қазақстан Республикасындағы қазіргі заманғы демократиялық жаңарулар жүйесіндегі жаңа экономикалық қатынастарға өту кезеңінде жергілікті өзін - өзі басқару реформасы маңызды роль атқарады.
Жергілікті өзін-өзі басқару - "... шешім қабылдауды неғұрлым адамдарға жақындату, олардың сөзсіз жүзеге асуына мүмкіндік береді, өйткені барлық үдерісте оны орындағанға дейін олар өздері қатысады".
Еуропалық Хартияға сәйкес, жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік істердің мардымды бөлігін регламенттеу және де оны басқару құқығы мен нақты қабілеті деп түсініледі.
Жергілікті өзін-өзі басқару Еуропалық Хартиясының негізінде субсидиарлық принципі жатыр. Оның басты мәні: төменгі (жергілікті) деңгейлерде шешуге болатын мәселелерді биліктің жоғарғы деңгейлеріне жеткізбей-ақ шешу. Қазіргі кездегі әлем елдерінде жергілікті өзін өзі басқару органының екі түрі бар; тиісті әкімшілік-аумақтық, бірліктік тұрғындарымен сайланатын және аса маңызды мәселелер бойынша шешім қабылдайтын жергілікті өкілді орган, екіншісі - әдетте оперативтік басқаруды жүргізетін атқару органы. Дегенмен, оған кейбір жалпымемлекеттік функцияларды да жүктеуі мүмкін.
Жергілікті өзін - өзі басқару органдары өздерінің билік (компотенция) шегінде шешім қабылдайды, ол шешімді сол территорияда тұратын азаматтар орындауға міндетті.
Қазақстан Республикасының жергілікті және өзін - өзі басқару мемлекеттік басқарудың обьектісі бола отырып, өзін - өзі басқару функциясын кеңейте отырып, мемлекеттік билікті қалаларда, аудандарда, ауылдарда жүргізу құқығына ие болды. Облыстағы барлық әлеуметтік – экономикалық процестерді тиімді басқару үшін оның экономикалық – географиялық жағдайын, оның шекарасын, табиғат жағдайы мен ресурстарын барлық демографиялық прцесстерін басқаруы тиіс.</h4>
Жергілікті өзін - өзі басқарудың құрылымдарына – азаматтардың тұрақты тұратын аумақтық құрылымдарда жеке өздері тұрғындар тобы жинақы тұратын және де тарихи, ұлттық және басқа да жергілікті мүдделерін ескере отырып, жергілікті деңгейдегі мәселелерге байланысты шешімдерін қабылдауға шақырылған, билікті жүзеге асыратын ұйымдастырылған нысан.
Жергілікті өзін - өзі басқаруды тұрғын халық тікелей сайлау жолымен, сондай –ақ халық топтары жинақы тұратын аумақты қамтитын селолық және қалалық жергілікті қауымдастықтардағы сайланбалы және басқа жергілікті өзін - өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырады.
Жергілікті өзін - өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызмет тәртібін заңмен белгіленген шекте азаматтардың өздері белгілейді.
Жергілікті өзін - өзі басқару органдарының дербестігіне олардың заңмен белгіленген өкілеттігі шегінде кепілдік беріледі.
Облыстық жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыру нысандарына: тікелей сайлаулар, азаматтардың жалпы жиналыстары, азаматтардың конференциялары жатады.
Жергілікті өзін - өзі басқарудың функцияларына: облыс территориясындағы жергілікті істерді шешуге тұрғындардың қатысуын қастамасыз ету, коммуналдық меншікті және қаржылық құралдарды басқару, облыстағы аумақтардың дамуын қамтамасыз етуді, облыс тұрғындарына әлеуметтік – мәдени, коммуналды – тұрмыстық және басқа да қызметтер көрсету, облыс территориясында қоғамдық тәртіпті қорғау, заңдылықты қамтамасыз ету, жергілікті өзін-өзі басқарудың мүдделері мен құқықтарын қорғауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы
Конституциясына сәйкес әрбір жергілікті
өзін - өзі басқару органдары
Жарғыда мына төменгідей ережелер көрсетіледі:
Шымкент қаласы 60-шы жылдан бастап дамыған өнеркәсібі
бар ірі облыс орталығы. Қаланың өнеркәсіп спецификасы тарихи қалыптасқан. Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы аудандарының орталығы болды. Жергілікті шикізат базасында қалада жеңіл өнеркәсіп пен тамақ өнеркәсібі дамыды.
60 жылдан бастап қаланың
өнеркәсібі демографиялық
Облыста ірі қалаларға – Шымкент, Арыс, Кентау, Түркістан қалалары жатады. Облыста 11 аудандық құрылым: Бәйдібек, Қазығұрт, Мақтарал, Ордабасы, Отырар, Сайрам, Сарыағаш, Созақ, төлеби, Түлкібас және Шардара аудандары, Түркістан қаласы.
Көптеген мемлекеттердегі мемлекеттік және муниципалдық құрылымды тәжірибесі ЖӨӨБ органдарының экономикалық негізінің нақты көздерінің қалыптасқанын көрсетеді. Қазақстандағы осы көздер қалыптасу үстінде және ол заңдарда, басқа да нормативтік құқықтық актілерде жан-жақты таразыланып бекітілуін қажет етеді.
ЖӨӨБ-дың экономикалық
негізі мына түрде қалыптасады.
а)ЖӨӨБ-ратын қауымның меншігі;
б)Мемлекеттік меншіктің ЖӨӨБ органдары басқаруына берілген мүлігі;
в)қолданыстағы заңға сәйкес жергілікті қауымның қажеттілігін қанағаттандыру мүмкіндігі бар басқада меншік түрлері;
г)жергілікті қаржылар.
ӨӨБ-дың экономикалық негізін тану тек берілген негіздегі құрылымдық компоненттерін білу ғана емес, сондай-ақ заңдық аспектілерін де білу өте маңызды. Қолданыстағы заң негізінде бірқатар түсініктер қолданылады: меншік, мүлік, мүліктік құқық.
Муниципалды бірлестіктерді алып қарайтын болсақ мемлекеттік меншікті муниципалды органдарға беру тәртібімен анықталған коммуналдық заңды тұлға болып бекітілетін, жергілікті қазына мен мүліктен тұратын тікелей коммуналдық меншікке қатысты болады. Мысалы: қазіргі таңдағы қолданыстағы мемлекеттік объектіні алған шағын кәсіпкерліктің субъектілеріне беру тәртібі қабылданған.
Коммуналдық меншік жергілікті (коммуналдық) тұлғаларға оперативті басқару мен шаруашылықты жүргізу құқығы бекітіледі. Егер жергілікті кәсіпорындар коммуналдық меншікті иелену, қолдану және басқаруды алса, онда олар нақты меншік иесі болады. Бұл құқықтық фактіні анықтауды мынадай себептер қажет етеді: муниципалды бірлестікке қызмет көрсету үшін тек кәсіпорындар ғана емес, сонымен қатар жер, табиғи ресурс, муниципалды қаржы-несиелік мекемелер, жергілікті тарихи және мәдени ескерткіштер, яғни жергілікті мүлік қорын құрайтын барлығын да жатқызу керек.
Информация о работе Жергілікті басқарудың экономикалық механизмі