Жергілікті басқарудың экономикалық механизмі

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2012 в 08:09, курсовая работа

Краткое описание

Осылайша, қазіргі таңда жергілікті бюджеттердің кірістерін толыққанды қамтамасыз ету және оларды өзекті бағыттарда жұмсау қоғамның әлеуметтік жағдайын арттырудың бірден-бір көзі болып отыр. Сонымен қатар еліміздің кең-байтақ территориясының аймақтық ерекшеліктеріне байланысты бюджет қаражаттары алуан түрлі көлемде болып келеді. Сол себепті әр аймақтың бюджеттік кірістері мен шығыстарын талдау және қажетті шаралар қолдану көкейтесті мәселелердің бірі болып табылады және осы курстық жұмыс бүгінгі таңдағы өзекті тақырыпқа жазғанымды анықтап береді.

Оглавление

Кіріспе..........................................................................................................
І Жергілікті өзін-өзі басқарудың мәні мен теориялық негіздері...............
1.1 Жергілікті өзін-өзі басқарудың мәні мен мазмұны.................................
1.2 Жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық механизмдері ...................
ІІ Қазақстан Респуликасындағы бюджет үдерісінің негіздері..................
2.1 Бюджет және бюджет жүйесі ұғымы............................................................
2.2 Республикалық бюджет...............................................................................
2.3 Жергілікті бюджеттер және олардың аумақтық құрылымдарының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы мәні.......................................................
ІІІ Жергілікті бюджеттің кірісі мен шығысын экономикалық талдау.......
3.1 Жергілікті бюджеттің кірістерін талдау....................................................
3.2 Жергілікті бюджеттің шығыстарын талдау.................................................
Қорытынды.....................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................................

Файлы: 1 файл

Ляззат курсовая оконч.doc

— 262.50 Кб (Скачать)

Республикалық бюджеттің  салықтық емес түсімдері мыналар  болып табылады: республикалық меншіктен  түсетін кірістер, мүлікті заңдастырғандық  үшін алым, республикалық бюджеттен  қаржыландырылатын мемлекеттік  мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді)  сатқанынан түсетін түсімдер және т.б.

Республикалық бюджеттен  берілген кредиттерді өтеуден, мемлекеттің  республикалық меншікте тұрған активтерін, үкіметтік қарыздарды сатудан түскен түсімдер республикалық бюджетке есептеледі.

Мемлекетте әр түрлі уақытта қандай да бір қажеттіліктерге арнап жұмсалатын қаражаттың мөлшеріне әсер ететін иелігінде бар қаражатты жұмсау бойынша әр түрлі басмымдықтардың болуы мүмкін. Мемлекеттің өзінің ақшалай қаражатты жұмсау жөніндегі басымдықтарын өзгертуі оның фискальдық саясатында және стратегиялық әлеуметтік-экономикалық жоспарларында  көрініс табады. Осыған байланысты мемлекет не кірістердің жаңа көздерін іздестіреді, не өзге қажеттіліктерге арналған шығыстарын реттейді (қысқартады).

Республикалық бюджеттің  шығыстары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

- әлеуметтік сала (білім  беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік  көмек және әлеуметтік қамтамасыз  ету);

- қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік;

- құқықтық, сот, қылмыстық-атқару  қызметі;

- мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік;

- өнеркәсіп, жер қойнауын  пайдалану, сәулет, қала құрылысы  және құрылыс қызметі;

- агроөнеркәсіптік кешен,  су, орман, балық шаруашылығы,  ерекше қорғалатын табиғи аумақтар  және қоршаған ортаны қорғау, жер қатынастары;

- елдің инфрақұрылымы (көлік және коммуникациялар);

- өзге де бағыттар.

Республикалық бюджеттен  сондай-ақ:

- кадрларды қайта даярлау  мен қызметкерлердің біліктілігін  арттыруды қоса алғанда, орталық  мемлекеттік органдар мен басқа  да мемлекеттік мекемелердің  қызметін қамтамасыз етуге;

- Бюджет кодексінде  белгіленген бағыттар бойынша  бюджеттік инвестициялық жобалар  мен бағдарламаларға, халықаралық  ынтымақтастыққа, қолданбалы ғылыми  зерттеулер мен нормативтік-әдістемелік  қамтамасыз етуге жұмсалатын  шығыстар қаржыландырылады.

Кез келген бюджеттің  тағы бір маңызды құрауышы кірістер мен шығыстардың жоспары болып табылады, ол бір күнтізбелік жылға арналып нормативтік-құқықтық акт – Республикалық бюджет туралы заң түрінде жазбаша нысанда міндетті түрде жасалады. Шындығында, кез келген осындай жоспар кірістер мен шығыстар тең болатындай үлгіде жасалуға және орындалуға тиіс.

Мемлекеттік бюджет:

1. Мемлекеттің тиісті жылға арналған ең маңызды мақсаттарын айқындайды. Бұл өте маңызды функция, өйткені ол жұртшылыққа елдің саяси басшылығы мәлімдеген мақсаттарды іс жүзінде бюджетке енгізілген және яғни ағымдағы жылы іске асырылуға жататын мақсаттармен салыстыруға мүмкіндік береді.

2. Мемлекетке елдегі  экономикалық жағдайға әсер етуге  мүмкіндік беретін құрал қызметін атқарады.

3. Бюджеттік ресурстарды басқаруға арналған жүйе қызметін атқарады. Конституцияға сәйкес өзінің мемлекеттік құрылымы бойынша Қазақстан Республикасы унитарлық мемлекет болып табылады. Біздің еліміздің бүкіл аумағында бірыңғай бюджет заңнамасына, бюджет үдерісін жүзеге асырудың бірыңғай рәсімдеріне және т.б. негізделген біртұтас бюджеттік жүйе әрекет етеді. Сондықтан бюджеттік қатынастарды реттейтін негізгі заңнамалық акт ҚР Бюджет кодексі болып табылады.

2.3 Жергілікті  бюджеттер және олардың аумақтық  құрылымдардың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы мәні

 

Елдің мемлекеттік құрылысында  аумақтық құрылымдардың болуы оларда тіршілік ету қызметін қамтамасыз ету  үшін оларға белгілі бір өкілеттіктер мен қаржы ресурстарының көлемін  беру қажеттілігін негіздейді. Осыған байланысты қаржылық жүйенің құрылымында жергілікті бюджеттер ерекше буын ретінде бөлінеді.

Жергілікті бюджет тиісті мәслихаттың шешімімен бекітілетін,  түсімдердің және жергілікті атқарушы орган өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін айқындайтын  жергілікті бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға арналған бюджеттің тапшылығын (профицитті пайдалану) қаржыландырудың есебінен қалыптастырылатын әкімшілік аумақтық бірліктің ақшалай қорын білдіреді.

Жергілікті бюджеттердің рөлі, олардың құрамы мен құрылымы жергілікті мемлекеттік органдарға жүктелген функциялар мен міндеттердің мазмұнымен және сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылысымен және саяси-экономикалық бағыттылығымен толықтай айқындалады.

Жергілікті бюджеттердің жай-күйі әр түрлі факторларға тәуелді болады. Оларға мыналар жатады:

- елдің жалпы экономикалық  жағдайы;

- тиісті аумақтың экономикалық  әлеуеті;

- жергілікті билік  және басқару органдарының құқықтары  мен міндеттерін реттейтін мемлекеттік  заңнаманың деңгейі;

- жергілікті билік және басқару органдарының өздеріне берілген құқықтарды іске асырудағы құзыреттілік дәрежесі.

Жергілікті бюджеттер  тұрақтылығының басты шарты нақты  қаржы кезеңі мен нақты аумақтың шеңберінде жергілікті мемлекеттік  органдардың келіп түсетін кірістер мен жүзеге асырылатын қажетті шығыстардың арасындағы тиісті тепе-теңдікті қамтамасыз ете білу шеберлігі болып табылады.

Қазақстан Республикасында  жергілікті бюджеттер (әкімшілік-аумақтық бірліктердің бюджеттері) облыстық бюджеттермен, республикалық маңызы бар қаланың және астананың бюджеттерімен және аудандық бюджеттермен ұсынылған.

Облыстың бюджеті олардың  арасындағы өзара өтемелі операцияларды  ескерместен облыстық, қалалық және аудандық бюджеттердің жиынтығы болып  табылады.

Қазіргі кезде Қазақстандағы  жергілікті бюджеттер мемлекеттік бюджет қаражатының жалпы көлемінің кірістер бойынша шамамен 30%-ын және шығыстар бойынша – шамамен 48%-ын алады.

Жергілікті бюджеттерді  қалыптастырудың олардың өз бетімен  жұмыс істеуінің үш деңгейі бойынша  өз ерекшеліктері бар: облыстық бюджет деңгейінде, республикалық маңызы бар қала мен астананың бюджеті деңгейінде және аудан бюджеті деңгейінде. Жергілікті бюджеттердің кірістері республикалық бюджеттің кірістері сияқты салықтық және салықтық емес түсімдерден қалыптастырылады. Бұл ретте жергілікті бюджетке түсетін салық түсімдері Бюджет және Салық кодекстерінің регламенттеуші ережелеріне сәйкес республикалық бюджетке түсетін  салық түсімдері түрлерінен ерекшеленеді.

Жергілікті бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер коммуналдық  меншіктен; облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатуынан түскен түсімдерден; облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алу өткізуден ақша түсімдерінен; облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдардан, өсімақылардан, санкциялардан, алымдардан түсетін кірістерді; облыстық бюджетке түсетін басқа да салықтық емес түсімдерді білдіреді.

Мыналар:

- аудандардың (облыстық  маңызы бар қалалардың) бюджеттерінен облыстық бюджетке трансферттер;

- республикалық бюджеттен  трансферттер жергілікті бюджетке  трансферт түсімдері болып табылады.

Республикалық маңызы бар  қаланың, астананың бюджетіне республикалық  маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен берілген кредиттерді өтеуден, республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншігінде тұрған мемлекеттің қаржы активтерін сатудан, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының қарыздарынан түскен түсімдер есептеледі.

Мыналардың:

- облыстың;

- республикалық маңызы  бар қаланың;

- астананың,

- ауданның (қаланың),

- қаладағы ауданның,

- аудандық маңызы бар  қаланың,

- кенттің, ауылдың  (селоның),

- ауылдық (селолық)  округтің бюджеттік бағдарламалары  жергілікті болып табылады.

Облыстық деңгейдегі жергілікті өкілдік және атқарушы органдардың  жұмыс істеуіне; облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын стратегиялық жоспарлауға; облыстың деңгейінде бюджеттік жоспарлауға; облыстық бюджеттің орындалуын ұйымдастыруға; облыстық коммуналдық меншікті басқаруға жұмсалатын шығындар жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерді қамтамасыз ететін шығыстарға жатады.

 

 

 

 

ІІІ Жергілікті бюджеттің  кірісі мен шығысын экономикалық талдау

 

  3.1 Жергілікті бюджеттің кірістерін талдау

 

Жергілікті бюджеттің кірісін талдауда кірістерді сенімді және тұрақты нормативтік негізде қалыптастырылуы қажет. Индустриалды немесе аграрлы бағыттардағы аумақтардан табыстарды жаңа меңгеріліп жатқан аумақтарға аудару кезінде әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі әртүрлі облыстар, қалалар, аудандар топтар арасында да салықтық бөлулердің диференциясы болуы керек. Бұл республика экономикасының қаржылық экономикалық баланстың болуынан жергілікті орган және мемлекеттік бюджет қатынастарын ғылыми негізде нормативтік базаға ауыстыруға негізделген.

Жергілікті экономикалық-әлеуметтік және саяси жағынан одан әрі демократияландыруда  жергілікті шаруашылықты басқаруда  әкімшілік экономикалық механизімдердің  алатын орыны бөлек Жергілікті шаруашылықты басқару аясына жегілікті бюджетті бекіту, жергілікті салықтарды белгілеу, сол белгіленген салықтардан жергілікті бюджетке кіріс кіргізу, жергілікті тұрғындарды әлеуметтік көмекпен қамсыздандыру жергілікті органның басты міндеті Жергілікті бюджеттің дербестік орын алуы мен және қаржы ресурстарын шешу құқығының берілуімен байланысты болуы керек бақылау жасау керек. Жергілікті қаражатты басқарудың тиімділігін көтеруде, бюджеттік менеджменттің маңызды элементі-бақылаудың мәні зор. Бюджеттік кодекске сәйкес қаржылық бақылаудың үш нысанасы белгіленед: алдын-ала, ағымдағы, болашақтағы. Бюджеттің атқарылуын бақылау процедурасын құрастыруда, әрбір нысанды бақылау ерекшелігін есепке алу қажет.

Бюджеттің кірісі салық  саясатын қоса бірыңғай әлеуметтік-экономикалық саясат арқылы іске асырылады Алайда жергілікті бюджет бірлігі бюджет жүйесін құрудың маңызды қағидаты болып отырған, оның жеке буындарының дербестігін жоққа шығармайды және әртүрлі деңгейдегі бюджеттердің арасындағы кірістері болудың, тұрақты нормативтерін орнынықтыру және бюджет жүйесін белгілеу арқылы құқығы қамтамасыз етіледі Салықтың әрбір орыны өз бюджетін жасайды, бекітеді және оны атқарады

Жергілікті бюджеттерден түсетін түсімдер мен бюджет тапшылығын, профицитті пайдалану қаржыландыру есебіне қалыптасатын конститутция мен заңдармен және Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілері мен жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін, жергілікті атқарушы органдар белгілейтін жергілікті бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға арналған тиісті мәслихаттың шешімімен бекітеді.

Әкімшілік аймақтық бөліністердің  ақша қорлары болып табылады. Жергілікті атқарушы органдар тиісті әкімшілік  аймақтар бөліністерін бюджеттің бірыңғай әзірлеп дербес атқарады-жергілікті атқарушы органдар тиісті қаржы жылына арналған бюджетті және өткен қаржы жылына тиісті бюджеттердің атқарылуы туралы қарап есепті бекітеді. Облыстық өкілді органдар, облыстық бюджетпен аудандық қалалардың бюджеттері арасында кірістерді бөлудің тұрақты нормативтерін және облыстық, аудандық, аудандық қалалардың бюджеттеріне берілетін сувенцияларынан берілетін бюджетаралық алымдардың мерзімді мөлшерлерін бекітеді. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілердің тізбесін жергілікті өкілді органдар бекітетін әкімшілік аумақтық көріністі басқару схемасына сәйкес жергілікті атқарушы органдар айқындайды.

Жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді осы айтылған Райымбек ауданы бюджетінің 3-жылғы  орындалуы жАйлі есебінде кестедегі салықтық түсімдеріне талдау жасаймын. Қаржыландыру көзі: Райымбек ауданы бюджеттері кірістерінің негізін аумақтағы шаруашылық жүргізуші субъектілері мен халықтың салықтық түсімдері құрап отыр (1-кестені қараңыз).

 

Райымбек ауданы бюджетіне түсетін кіріс көздерінің жалпылама түрде топталуы

 

Мазмұны

Нақты бюджеттің орындалуы

%-дық есебімен орындалуы

2009ж

2010ж

2011ж

1

Түсімдердің барлығы

602802

683376

842140

139,7

 

2

3

 

4

Оның ішінде:

Ауданның өз кірісі

Алынған ресми трансферттер

Бос қалдық қаржысы

 

191276

411526

 

8325

 

205411

477965

 

3307

 

218381

623759

 

10633

 

114,1

151,5

 

127,7

Информация о работе Жергілікті басқарудың экономикалық механизмі