Жергілікті басқарудың экономикалық механизмі

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2012 в 08:09, курсовая работа

Краткое описание

Осылайша, қазіргі таңда жергілікті бюджеттердің кірістерін толыққанды қамтамасыз ету және оларды өзекті бағыттарда жұмсау қоғамның әлеуметтік жағдайын арттырудың бірден-бір көзі болып отыр. Сонымен қатар еліміздің кең-байтақ территориясының аймақтық ерекшеліктеріне байланысты бюджет қаражаттары алуан түрлі көлемде болып келеді. Сол себепті әр аймақтың бюджеттік кірістері мен шығыстарын талдау және қажетті шаралар қолдану көкейтесті мәселелердің бірі болып табылады және осы курстық жұмыс бүгінгі таңдағы өзекті тақырыпқа жазғанымды анықтап береді.

Оглавление

Кіріспе..........................................................................................................
І Жергілікті өзін-өзі басқарудың мәні мен теориялық негіздері...............
1.1 Жергілікті өзін-өзі басқарудың мәні мен мазмұны.................................
1.2 Жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық механизмдері ...................
ІІ Қазақстан Респуликасындағы бюджет үдерісінің негіздері..................
2.1 Бюджет және бюджет жүйесі ұғымы............................................................
2.2 Республикалық бюджет...............................................................................
2.3 Жергілікті бюджеттер және олардың аумақтық құрылымдарының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы мәні.......................................................
ІІІ Жергілікті бюджеттің кірісі мен шығысын экономикалық талдау.......
3.1 Жергілікті бюджеттің кірістерін талдау....................................................
3.2 Жергілікті бюджеттің шығыстарын талдау.................................................
Қорытынды.....................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................................

Файлы: 1 файл

Ляззат курсовая оконч.doc

— 262.50 Кб (Скачать)

Айырбас процесінде әлеуметтік институттар қатыса алмайтын жағдай орын алуы мүмкін, олар тек қана жергілікті қауымдастық тұрғындары атынан тапсырыс беруші және сатып алушы бола алады. Осыған байланысты коммуналдық меншік субъектілерінде алынатын игіліктерді төлеудің шамасы мен көлемі бойынша проблемалар туындайды. Тұрғындар әлеуметтік институттардың араласуынсыз игіліктерді өндірушілерден тікелей сатып ала-алмайтын болғандықтан, ондай институттар өндірушілерді таңдауда белгілі бір монополиялық үстемдікке, яғни игіліктің бағасын белгілеуде де артықшылыққа ие болады. Мұндай жағдайда негізгі субъектілік өкілеттігі бар ЖӨӨБ органдары тарапынан тұрғындар үшін тиімсіз баға жолсыздығына берілуі мүмкін. Бағаға байланысты туындайтын тұрғындардың шығынын өтеу үшін мемлекеттік және жергілікті бюджет тарапынан дотация берілуі қажет.

Ұдайы өндіріс процесінің түпкі нәтижесі тұтыну. Ол өндірістік және жеке тұтыну болып бөлінетіндігі  белгілі. Коммуналдық құрылым деңгейіндегі қоғамдық игіліктерді тұтыну өндірістің жеке факторларын дамытатынын ескерсек, оның өзі жанама түрдегі өндірістік тұтынуға айналады. Жергілікті қажеттіліктерді қанағаттандыратын игіліктерді өндіруде қолданылатын өндіріс құрал-жабдықтарын тұтынуда, оның көлемі мен сипатын берілген аумақтық құрылымның өндіріс процесін ұйымдастырушы жергілікті атқарушы және өкілетті органдар анықтайды. Бұл жерде ескеретін бір жайт – ол тұтынуды қамтамасыз ететін шаруашылық субъектілері коммуналдық меншіктен тыс басқа меншік нысандарында да болуы ықтимал. Жергілікті басқару органдары ондай субъектілердің шығынын әртүрлі алымдар мен салықтарға жеңілтік беру, жер салығын азайту сияқты шаралар арқылы өтеуге мүмкіндігі бар. Бұл арада ондай субъектілердің қызметкерлерінің терриоториялық құрылымның басқа тұрғындармен бірге коммуналдық меншіктің түпкі объектісі болып табылатын түпкі игіліктерді тұтынатынында есептен шығармау керек. Тұтыну бойынша субъектілік-объектілік қатынастарды есепке алу нарықтық экономика жағдайында табиғи туындайтын мемлекеттік, ұжымдық, жеке мүдделердің қайшылығын коммуналдық құрылым деңгейінде бесеңдетуге және үйлестіруге қолайлы ортаны қалыптастыруға мүмкіндік берер еді.

Жалпы, коммуналдық меншікті  қоғамның ұдайы өндіріс процесі  кезеңдеріндегі экономикалық қатынастар тұрғысынан талдау оны экономикалық категория ретінде мойындауға, оның саяси-экономикалық табиғатын ашуға негіз болды.

Сонымен ЖӨӨБ органдары  муниципалды меншікті басқара алады, бұл коммуналдық меншік құрамына кіретін мүлікке қатысты меншік құқығын білдіреді.

Осыдан, ЖӨӨБ органдары  заңға сәйкес коммуналдық меншік объектілерін уақытша немесе мерзімсіз жеке және заңды тұлғалардың қарамағына беруге, жалға беруге, оларды белгіленген тәртіпте босатуға және мүлікпен келісімдер жасау құқы бар.

Қабылданған заң тәртіптерімен  мемлекет муниципалды округ халқының тікелей меншік иесі болуының құқықтық жағдайында белгілейді.

Жергілікті қауымның ұйымдасуын құруда ЖӨӨБ органдарының оперативті басқару және шаруашылықты жүргізу құқығындағы қызметтерінде  мыналарды жүзеге асырады:

-тауардың (қызметтің)  бағасы мен тарифтерін реттеуді;

-олардың жарлығын бекіту;

-ұйымның басшысын  тағайындау;

-жергілікті тапсырыстарды  араластыру;

-территорияның әлеуметтік-экономикалық  даму кешенінде муниципалды округ  терриоториясында орналасқан ұйымдардың  қатысуын үйлестіру;

-қабылданған заң шеңберінде  сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру.

Коммуналдық меншіктің  берілу жолдары.

1.Жергілікті қауымға  берілетін объектілер мен мемлекеттің  меншігіндегі объектілердің ара  жігін ажырату принциптерін шығару;

2.ЖӨӨБ жүйесіне берілетін  объектілердің тізімін жасау;

-Объектілерді ЖӨӨБ органдарына берудің тәртібін дайындап шығару және олардың қызметін қаржыландыру көздерін анықтау.

Жергілікті қауымның коммуналдық меншігіне берілуге тиісті объектілер төмендегі принциптерге сай алынады;

-сол объектілердің  көрсететін қызметтерінің тұрғындарға қажеттілігі;

-жергілікті билік  органдардың  сол объектлерідің  қызметін қаржыландыру мүмкіндігі.

Ерекше бір жағдайда жергілікті қауымның коммуналдық меншігіне  республикалық тарихи-мәдени қазынасы болып табылатын объектілер де беріледі. Ал кейбір объектілерді ЖӨӨБ органдарына бере отырып, мемлекеттік мүлік қоры оны басқаларға пайдалануға беруге немесе сатуға болмайтынын заңдастырады:

*жергілікті қауымның  коммуналдық меншігіне берілген  объектілерді басқару сол ЖӨӨБ  жүйесінің Жарғысына сай жүргізіледі;

*егер жергілікті қауымның  коммуналды меншігіне берілген  объекті дәлелді себептермен  өзінің қажеттілігінен айырылып  қалса, ол туралы мемлекеттік  мүлік қорына хабарланады; 

*жергілікті қауымға  берілген объектілерді жалға  беру ЖӨӨБ органының шешімімен  ғана жүзеге асады.

Қазақстандық Азаматтық  Кодексте республикалық және коммуналдық  меншік мойындалған. Бірақ Қазақстандағы  муниципалды меншік федеративтік құрылымдағы  елдердің конституциялық заңдарынан айрықшалығы, біздің елдегі муниципалды меншік мемлекеттіктен бөлінбеген, ал мемлекеттік – республикалық және коммуналдық болып бөлінеді және осы арқылы коммуналдық меншік мемлекеттік меншіктің туындысы болады.

Тәжірибе көрсеткендей түрлі меншік формасын қолдану режиміндегі  анықталмаған түрлі әдістерді қолдануда  тек заң аясындағы актілерге сүйену жеткіліксіз болып отыр. Объектілер бір разрядтан басқа разрядқа жиі ауыса алады. Сондықтан аймақтық дамуды барынша тиімді реттеуге мүмкіндік беретін арнайы “Коммуналдық меншік туралы” заңды қабылдау қажет.

 Объектілерді басқаруды  құқықпен қамтамасыз етуді реттеу мәселесіндегі құқықтық жиынтықты ұсынады. Мұнда екі басты әдіс бойынша жүреді; 1) орталықтандырылған реттеу (субординация әдісі) – мұнда реттеу тек “жоғарыдан” жүреді; 2) орталықсыздандырылған реттеу – мұнда келісім әдісімен реттеу қатынас сфералары орын алады.

Коммуналдық меншіктің  түрлеріне қарай дифференцияция екпініндегі түрлі объектің түрлері  құқықтық режимде болуы керек. Соңғысын үш топқа бөлуге болады. 1) меншік функциясын орындауға қажетті объектілер. Бұл  топқа жергілікті бюджет және бюджеттік емес қорлардың құралдарын, сондай-ақ жергілікті билік органдарына иелік ету, қолдану және басқаруға берілген басқада муниципалды (коммуналды) меншікті жатқызуға болады; 2) қаланың әлеуметтік-экономикалық жүйесі (шаруашылығы), яғни меншік құқығымен салыстырғандағы белгілі бір шектеулерді иемденетін шаруашылық жүргізу құқығы жатқызылатын муниципалды кәсіпорын мүліктері; 3) олардың басқаруына, қолдануына және иелік ету құығын жүргізетін мүліктерге оперативтік басқару құқығы берілуіне қатысты қазыналық кәсіпорындар мен мекемелер.

 

ІІ Қазақстан Респуликасындағы бюджет үдерісінің негіздері 

 

2.1 Бюджет және  бюджет жүйесі ұғымы

 

Бюджет – мемлекеттің  міндеттері мен функцияларын іске асыруды  қаржылық қамтамасыз ету үшін арналған оның орталықтандырылған ақшалай қоры.

 


 

 

 

Бюджеттің экономикалық тұрғыдан арналуы, оның қоғамдық ұдайы  өндірудегі орны мен рөлі, сондай-ақ Конституцияда белгіленетін Қазақстан  Республикасының мемлекеттік құрылымы Қазақстанның бюджеттік құрылысы үшін негіз құрайды.

Бюджеттік құрылыс деп экономикалық та, сондай-ақ ұйымдастырушылық-құқықтық та тұрғыдан алғанда, мемлекеттік бюджетті ұйымдастыру ұғынылады. Бұған мемлекеттік бюджеттің ішкі бөлімшелерінің құрамы мен құрылымы, оларды пайдалану саласының функционалдық ара жігінің ажыратылуы, тең бағыныстылық, өзара іс-қимыл, сондай-ақ бюджетті ұйымдастырудың құқықтық және рәсімдік жағы енгізіледі. Басқа сөзбен айтқанда, бюджеттік құрылыс – бұл бюджет жүйесін ұйымдастыру, оны құру қағидаттары.

Қазақстан Республикасының  бюджет жүйесі Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 4-бабында айқындалған қағидаттарға негізделеді. Оларға бірлік, толықтық, шынайылық, транспаренттілік, сабақтастық, нәтижелілік, дәйектілік, негізділік, уақтылылық, кассалардың бірлігі, бюджеттердің дербестігі, тиімділік, жауапкершілік, бюджет қаражатының атаулылық және нысаналы сипаты сияқты қағидаттар жатады.

Мемлекеттің әкімшілік-аумақтық бөлінісіне мемлекеттік билік пен  басқару деңгейлері сәйкес келеді, бұл өзара байланысқан және бірыңғай бюджет жүйесіне біріктірілген әр түрлі деңгейдегі бюджеттерді де алдын ала айқындайды.

Қазақстан Республикасының  бюджет жүйесі республикалық және жергілікті бюджеттер мен Ұлттық қордың, сондай-ақ бюджет үдерісінің жиынтығын білдіреді.

Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің құрылымы 6-суретте ұсынылған.

 

 

 

 

 


 


 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6-сурет. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, болашақ ұрпақтар үшін қаржы қаражатын жинақтау, экономиканың қолайсыз сыртқы факторлардың әсеріне тәуелділігін азайту үшін құрылды.

Мемлекеттік бюджет олардың арасындағы өзара өтеу операцияларын ескермегенде, республикалық және жергілікті бюджеттердің жиынтығын білдіреді.

Республикалық бюджет – бұл Бюджет кодексінде белгіленген салық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын орталықтандырылған ақшалай қор. Республикалық бюджет орталық мемлекеттік органдардың, олардың бағынысындағы мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз ету және мемлекеттік саясаттың жалпы республикалық бағыттарын іске асыру үшін арналған. Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен бекітіледі. Қазақстандағы қаржы жылы күнтізбелік жылға сәйкес келеді, яғни 1 қаңтарда басталады және 31 желтоқсанда аяқталады.

Облыстық бюджет, республикалық  маңызы бар қаланың, астананың бюджеті  де Бюджет кодексінде белгіленген салық  және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын орталықтандырылған ақшалай қорды білдіреді. Ол облыстық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, олардың бағынысындағы мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз ету және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі мемлекеттік саясатты іске асыру үшін арналады. Тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихатының шешімімен бекітіледі.

Ерекше жағдайларда төтенше мемелекеттік бюджет әрекет етеді – Қазақстан Республикасында төтенше немесе әскери жағдай болған кезде республикалық және жергілікті бюджеттердің негізінде құрылатын төтенше мемлекеттік бюджет енгізіледі. Төтенше мемлекеттік бюджетті енгізу және оны тоқтату үшін негіздеме Қазақстан Республикасы Президентінің республиканың бүкіл аумағында төтенше немесе әскери жағдай енгізу немесе оның күшін жою туралы Жарлығы болып табылады.

Төтенше мемлекеттік бюджеттің әрекет етуі кезінде республикалық бюджет туралы заңның және мәслихаттардың жергілікті бюджеттің барлық деңгейлеріндегі  бюджеттер туралы шешімінің қолданысы тоқтатыла тұрады. Төтенше мемлекеттік бюджеттің қабылдануы туралы Республика Парламенті жедел хабардар етіледі.

Шоғырландырылған бюджет – республикалық бюджетті, облыстардың,  республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін және олардың  арасындағы өзара өтелетін операцияларды  ескерместен, Қазақстан Республикасының  Ұлттық қорына  жіберілетін түсімдерді біріктіретін мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қоры. Шоғырландырылған бюджетті заңнамалық билік органдары бекітпейді және талдамалық мақсаттарда пайдаланылады.

Шоғырландырылған бюджеттің  құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:

– республикалық бюджет;

– облыстың,  республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері;

– Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына  жіберілетін бюджетке түсімдер мен олардың Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына  аударымдары.

 

2.2 Республикалық бюджет

 

Республикалық бюджет салық  және өзге де түсімдер есебінен қалыптастырылатын  және республикалық бюджеттік бағдарламалар  мен іс-шараларды қаржыландыруға арналған орталықтандырылған ақшалай  қаражат қорын білдіреді.

Республикалық бюджеттің  қаражаты экономиканы құрылымдық қайта құруды қаржыландырудың, өндіріс саласындағы перспективалық бағыттарды дамытудың маңызды көзі болып табылады. Республикалық бюджет өнерді, мәдениетті, бұқаралық ақпарат құралдарын қолдау мен дамытуда үлкен рөл атқарады.

Азаматтар мен ұйымдардан алынатын салықтар, мемлекеттік меншікті жалға беруден немесе оларды сатудан түскен кірістер, берілген кредиттер бойынша пайыздар және т.б. мемлекет үшін кірістердің көздері болып табылады.

Қазақстан Республикасының  Бюджет кодексіне сәйкес республикалық бюджетке түсетін түсімдер мыналарды қамтиды:

- республикалық бюджеттің  кірістері;

- алынған бюджеттік  алымдар;

- республикалық бюджеттен  берілген кредиттерді қайтару.

Республикалық бюджеттің  кірістері салықтардан (корпоративтік  табыс салығы, қосылған құн салығы және т.б.), алымдардан (автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өтуі, консулдық алым) және басқа да міндетті төлемдерден (әкелінетін және әкетілетін тауарларға салынатын кедендік баждар, Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар мен жеке басын куәландыратын  куәліктер бергені үшін мемлекеттік баж) түсетін түсімдерден қалыптастырылады. Бұдан басқа, республикалық бюджет капиталмен жүргізілетін операциялардан түсетін  салықтық емес түсімдер мен  кірістердің есебінен толықтырылады.

Информация о работе Жергілікті басқарудың экономикалық механизмі