Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2012 в 08:09, курсовая работа
Осылайша, қазіргі таңда жергілікті бюджеттердің кірістерін толыққанды қамтамасыз ету және оларды өзекті бағыттарда жұмсау қоғамның әлеуметтік жағдайын арттырудың бірден-бір көзі болып отыр. Сонымен қатар еліміздің кең-байтақ территориясының аймақтық ерекшеліктеріне байланысты бюджет қаражаттары алуан түрлі көлемде болып келеді. Сол себепті әр аймақтың бюджеттік кірістері мен шығыстарын талдау және қажетті шаралар қолдану көкейтесті мәселелердің бірі болып табылады және осы курстық жұмыс бүгінгі таңдағы өзекті тақырыпқа жазғанымды анықтап береді.
Кіріспе..........................................................................................................
І Жергілікті өзін-өзі басқарудың мәні мен теориялық негіздері...............
1.1 Жергілікті өзін-өзі басқарудың мәні мен мазмұны.................................
1.2 Жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық механизмдері ...................
ІІ Қазақстан Респуликасындағы бюджет үдерісінің негіздері..................
2.1 Бюджет және бюджет жүйесі ұғымы............................................................
2.2 Республикалық бюджет...............................................................................
2.3 Жергілікті бюджеттер және олардың аумақтық құрылымдарының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы мәні.......................................................
ІІІ Жергілікті бюджеттің кірісі мен шығысын экономикалық талдау.......
3.1 Жергілікті бюджеттің кірістерін талдау....................................................
3.2 Жергілікті бюджеттің шығыстарын талдау.................................................
Қорытынды.....................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................................
Коммуналдық меншік жалпы-халықтық немесе қоғамдық меншіктің құрамдас бір бөлігі ретінде аймақтық ұдайы өндіріс жүйесінде, сонымен бірге жалпы макроэкономикалық құрылым деңгейінде де әрекет етеді. Дегенмен коммуналдық меншіктің басты ерекшелігі, оның жергілікті шаруашылықта жұмыс істеуінің экономикалық негізі, коммуналдық құрылым деңгейіндегі ұдайы өндірістік қатынастардың объектісі ретінде болуы. Осы тұрғыдан алғанда коммуналдық меншік белгілі бір әкімшілік аумақтық құрылым деңгейіндегі объектілерді бірлесе иемдену, пайдалану және иелік етуге байланысты, бір жағынан, жергілікті құрылымның экономикалық субъектілерінің арасындағы, екінші жағынан, сол субъектілердің мемлекеттік деңгейіндегі субъектілермен қатынасын сипаттайды.
Осы мақсатқа орай коммуналдық меншікке байланыста экономикалық қатынастарды ұдайы өндіріс циклының кезеңдерінде көрсетуді қажет етеді. Ұдайы өндіріс процесіндегі өндіру кезеңінің маңызын жоққа шығармай отырып, сонымен бірге коммуналдық меншік үшін тұтыну кезеңінің ерекшелігін атап өту керек. Себебі коммуналдық меншіктің шын мәніндегі объектісі түпкі игіліктер болып табылады, ал оларды өндіру коммуналдық меншіктен басқа меншіктің басқа нышандарында жүзеге асырылуы әбден мүмкін.
Өндіру кезеңіндегі
меншік қатынасы өндіріс құрал-жабтықтарымен
жұмысшы-қызметшілерді белгілі
Осыған байланысты, дәлірек
айтсақ, өндірілетін игіліктердің ерекшелігіне
қарай өндіріс құрал-
Коммуналдық меншіктің арнаулы өндіріс құрал-жабдығы, маңызды объектісі жер б.т. Жерге коммуналдық меншік коммуналдық құрылымдарды жоспарлы орналастыруға мүмкіндік береді. Жер ресурсын меншіктің әртүрлі нышанында иемдену оны басқа субъектілермен иемденуді шектейді, ал ол жер өзінің иемдену және өндіру шарты деп есептейтін қоғамдық игіліктерді иемденуге кедергі жасайды. Нәтижесінде коммуналдық құрылымдардың қажеттіліктері тоық қанағаттандырылмайды. Шектеулі ресурс ретіндегі жердің құндылығы және қоғамдық аралас игіліктерді өндірудегі ролі қазіргі таңда, әсіресе жерге жеке меншік енгізілуі жағдайында артып отырғанын ескеру қажет. Сондықтан коммуналдық меншіктің барлық объектілері мен субъектілері орналасатын коммуналдық жерлерді негізгі және барынша болашағы бар меншік объектісі деп қарауға болады.
Өндіріс құрал-жабдықтары мен коммуналдық меншік объектісіне шаруашылық жүргізудің жалпы шарты, оның нәтижесіне жатады. Осы тұрғыдан алғанда, қоғамдық секторға барынша сәйкес қызмет көрсету саласы коммуналдық меншіктің маңызды құрамдас бөлігі б.т.
Қазақстандағы 5175 мемлекеттік меншік объектілерінің 90,4% коммуналдық меншікке тиесілі, ал ол объектілердің 85-90% қызмет көсетуді өндіру ролін атқарады.
Қызмет көрсету саласы материалдық және материалдық емес салаларын қамтитын болғандықтан, олардың қызметі материалдық және таза қызмет көрсету болып бөлінеді. Материалдық қызмет көрсетудің нәтижесі тұтыну құны, оны тұтынушыға жеткізу коммуналдық меншік объектісінің экономикалық өткізілуін сипаттайды. Саяси-экономикалық тұрғыдан материалдық игіліктерді иемдену қатынасы өндірістің нәтижесін иемдену бойынша қатынастардың құрамдас бөлігі б.т.
Коммуналдық қызметке барынша тән жергілікті басқару, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және тағы да сол сияқты салалар таза қызмет көрсету өрісіне жатады. Әрине бұл салалардың игілігі зат нышанында көрінбейді, бірақ олар сондай игіліктерді өндіруде қолданылатын материалдық құрал-жабдықтардан мықты тәуелді болады. Таза қызмет көрсетуді өндіру қоғамның жеке тұтынуының құрамдас бөлігі болғандақтан, оларды өндіретін құрал-жабдықтар қоғам үшін ерекше сипаттағы тұтыну заты б.т. Таза қызмет көрсетуді өндірудің тағы бір ерекшелігі – бұл салада еңбек құн жасалмайды және қажетті материалдық шығындардың құнын еңбектің нәтижесіне аудармайды. Бұл жерде тұтыну құны тиімді іс-әрекет ретінде тірі еңбектің өзі түрінде көрінеді (айталық, оқытушының лекциясы, дәрігердің консултациясы т.с.с.). Нарықтық экономика жағдайында материалдық емес өндірістің игіліктері ақшалай бағаланатын және ондай бағаланудың ерекшелігін ескеру маңызды. “Егер нарықта материалдық өнімдердің тұтыну құны және құны болатын болса, ал қызмет түріндегі тұтыну заттарының құны және айырбас құны болады”.
Коммуналдық меншіктің қызмет көрсету объектілерін теориялық тұрғыдан негіздеу мынандай қорытынды жасауды қажет етеді.
1-ден, бұл объектілер
коммуналдық құрылым
2-ден, әлеуметтік-қоғамдық
маңызы зор материалдық және
материалдық емес қызмет
3-ден, ең бастысы
мұндай объектілердің
Көп жағдайда қоғамдық игіліктерді өндіретін мекемелердің тиімді жұмыс жасауы коммерцеиялық емес ұстанымдар негізінде құрылады. Сондықтан “ондай игіліктерді өндірудің барынша сәйкес механизмі, сол мекемелердің жұмысын міндетті салық салу және азаматтардың сайлау құқы арқылы қоғамдық таңдау механизмін пайдалану негізіндегі бюджеттік қаржыландыру б.т.” Бюджеттік қаржыландыру жақсы жолға қойылған аудит және бюджет қаржы процесін бақылау, аккредитация, сертификация, аттестация, басқа да мемлекеттік бақылау жүйесін қажет етеді.
Коммуналдық меншік объектілері болып табылатын көптеген әлеуметтік-мәдени салалар “квазиқағамдық”, басқаша айтқанда аралас қоғамдық қызметтер көрсетеді.
Сондықтан оларды ұдайы өндіру механизмі мемлекеттік емес мекемелер мен ұйымдардың болуын қажет ететін аралас экономика ұстанымына негізделіп құралады. Бір жағынан мұндай мекемелерде пайда табу олардың іс-әрекеттерінің басты түрткісі бола алмайды, ал екінші жағынан дербес игілік қасиеті бар функциялары таза коммерциялық негізде орындалуы мүмкін. Басқаша айтқанда, азаматтар үшін ақылы және тегінде қызмет көрсетуді,оларды бюджеттік, нарықтық және рақымшалық негізде көп арналы қаржыландыруды көздейді. Жалпы аралас қоғамдық игіліктерді өндіруде белгілі бір заңдылық бар: игілік жергілікті қауымдастыққа неғұрлым маңызды болса, солғұрлым ол пайдалы, себебі ондай игілікке мұқтаждық бар және адамдар оны төлеуге дайын. Пайда алу мүмкіндігі, берілген игілікті өндірудің экономикалық немесе экономикалық емес сипатын көрсетеді. Игіліктің жоғарғы пайдалылығы, егер әлеуметтік институттар мен заң тарапынан бөгет болмаса, объектінің нарықтық айналысқа өтуіне кепілдік береді.
Жоғарыда ұдайы өндіріс процесінің өндіру кезеңінде коммуналдық меншік объектілерін иеленуге байланысты қатынастарға талдау жасалды.
Бірақ меншік объектісі меншік қатынастарының пассивті жағы екендігін ескерген жөн. Ал оның активті жағын меншік субъектілері құрайды. Себебі меншік иесінің меншікті иемдену құқы, оны экономикалық өткізу мүмкіндігі болады. Меншік субъектілеріне жеке адамдар топтар, немесе адамдардың қауымдастығы жатады, шын мәнәнде меншік құқы сол тұлғалардың мүддесіне қарай өткізіледі.
Осы тұрғыдан алғанда меншік қатынасы «субъект-объектң, «субъект-субъектң болып айрықшаланады. Субъектілік-объектілік қатынастар меншік қатынасының бастау және материалдық алғы шарты б.т. Ал субъектілі-субъектілік қатынастар әлеуметтік-экономикалық сипатта болады, және меншік иелерінің арасында мүлікті, өнімдерді, тауарларды, басқа да құндылықтарды бөлу нышандарын тудырады. Қорыта айтатын болсақ меншік қатынастарының пайда болуы үшін субъектінің өзін-өзі меншік субъектісімін деп сезінуі, түйсінуі, объектінің және басқа субъектілердің болуы қажет.
Коммуналдық меншік субъектілерінің ұдайы өндіріс процесіне қатысу ұснанымы және өздерін меншік иесі ретінде өткізу шамасына қарай құрылған құрылымы болады. Коммуналдық меншіктің негізгі субъектісі – жергілікті билік органдарына меншік иесі функциясына өкілеттік беретін нақты коммуналдық тұрғындары. Жергілікті деңгейдегі ауқымды қажеттіліктердің негізінде қалыптасатын тұрғандардың терриоториялық мүдделері жергілікті қауымдастық тұрғындарын өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған мақсатты іс-әрекеттерді жүзеге асыруға түрткі болады, ынталандырады. Көп жағдайда жергілікті қауымдастықтың мүдделері пәрменді, олар жергілікті адамдардың тұрмыс, әдет, дәстүрлерімен байланысты болады. Сондықтан жергілікті басқару органдары тұрғындардың нақты мүдделерінің жаршысы ретінде жергілікті өндірісті тұтынуға бағдарлауға, онда болатын өзгерістерге барынша сезімтал болуға мәжбүр етеді. Шын мәнінде аумақтық жергілікті мүдделер коммуналдық меншік қатынастарының көрінісі б.т. Коммуналдық меншік субектілерінің күрделі құрылымы өндіріс құрал-жабдықтарын және шарттарын, әлеуметтік сала объектілерін пайдалануы бойынша жергілікті билік органдары мен билік басында тұрған мемлекеттік органдардың арасында, меншік субъектілері мен шаруашылық жүргізу субъектілерінің, жұмыс істейтіндердің салалық топтары мен кәсіпорынның ішкі ұжымдары арасындағы экономикалық қатынастарды анықтайды.
Коммуналдық меншік субъектісіне байланысты экономикалық қатынастар жүйесін біржақты құқықтық пайымдау жергілікті аумақтың құрылым мәселелерін шешуде қолбайлау болуы, тіпті жергілікті басқару органдары тарапынан коммуналдық меншік обектілерін иемдену, пайдалану және иелік етуге байланысты билік жолсыздықтарына жол беруі мүмкін.
Соған сәйкес Қазақстандағы
«субъектілік-объектілікң
Шын мәнінде коммуналдық меншік субъектілерінің құрылымына мемлекеттік биліктің коммуналдық органдары, жергілікті билік және басқару органдары, коммуналдық құрылым аумағына орналасқан мемлекеттік, аралас, мемлекеттік емес нышандардағы шаруашылық жүргізу субъектілері, негізгі субъект болып табылатын жергілікті қауымдастық халқы кіреді. Коммуналдық меншік субъектілерінің күрделі құрылымын осылайша анықтау олардың арасында орын алатын экономикалық қатынастардың ұдайы өндірісінің әртүрлі кезеңдеріндегі тиімді өткізілуін жүзеге асыруға мүмкіндік берер еді.
Ұдайы өндіріс процесін бөлу кезеңінде коммуналдық меншікте тұрған игіліктерді бөлу және ұдайы өндіру шартының ұстанымдарын айқындау қажет. Коммуналдық меншік игіліктерінің ерекшеліктеріне қарай олардың елеулі бөлігі жергілікті қауымдастық мүддесіне сәйкес қажеттілік бойынша бөлінеді. Бірақ субъектілердің тұрған жеріне және әлеуметтік-кәсіби статустарының ерекшеліктеріне қарай коммуналдық меншік игіліктерін тұтынуда теңсіздік орын алады.
Бөлу кезеңіндегі «субъектілік-
Осыған байланысты қайшылықтар орын алуы мүмкін. Айталық, бөлу принципі бойынша жергілікті басқару органдары мен тұрғындардың арасындағы келіспеушілік немесе тұрғындардың жеңілдік алу құқы бар және коммуналдық құрылымның қалған топтарының мүдделеріне сәйкес болмауы сияқты құбылыстар. Мұндай қайшылықтарды шешу қоғамдық өзін-өзі басқаруды дамытуды, тұрғындар тарапынан коммуналдық құрылымның билік органдарының үстінен бақылауды күшейтуді талап етеді.
Ұдайы өндіріс процесінің “субъектілік-субъектілік” қатынастарға байланысты проблемалар айырбас кезеңінде орын табады. Айталық, айырбас кезеңінде коммуналдық деңгейдегі “қоғамдық игіліктер” тауар нышанында болмайды, олар тұтынушыға тауар-ақша қатынасының араласуынсыз жетеді. Әрине, бұдан ондай игіліктер тегін таратылады деген пікір тумауы керек. Оларды төлеу белгілі бір терриоториялық қауымдастық тұрғындарынан алынатын салықтар, басқада ақшалай міндеттемелер арқылы жүзеге асырылады. Себебі қендай да бір болмасын игілікті өндіру құндық сипатта болады және жергілікті шаруашылықта қолданылатын өндіріс құрал-жабдықтары мен жұмыс күшінің тауарлы нышанында көрінеді. Нәтижесінде айырбас саласында қлғамдық игіліктерді иемдену қатынасы тауарлы, құндық нышанда болмайды. Мұндай сәйкессіздікті жергілікті әлеуметтік институттардың ролімен түсіндіруге болады, себебі олар бұл процестерді өткізуге делдал бола отырып, тұтынылуға тиісті ұстаныммен сипатталатын қоғамдық игіліктерді өздерінің мүддесіне икемдейді.
Информация о работе Жергілікті басқарудың экономикалық механизмі