Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2012 в 08:09, курсовая работа
Осылайша, қазіргі таңда жергілікті бюджеттердің кірістерін толыққанды қамтамасыз ету және оларды өзекті бағыттарда жұмсау қоғамның әлеуметтік жағдайын арттырудың бірден-бір көзі болып отыр. Сонымен қатар еліміздің кең-байтақ территориясының аймақтық ерекшеліктеріне байланысты бюджет қаражаттары алуан түрлі көлемде болып келеді. Сол себепті әр аймақтың бюджеттік кірістері мен шығыстарын талдау және қажетті шаралар қолдану көкейтесті мәселелердің бірі болып табылады және осы курстық жұмыс бүгінгі таңдағы өзекті тақырыпқа жазғанымды анықтап береді.
Кіріспе..........................................................................................................
І Жергілікті өзін-өзі басқарудың мәні мен теориялық негіздері...............
1.1 Жергілікті өзін-өзі басқарудың мәні мен мазмұны.................................
1.2 Жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық механизмдері ...................
ІІ Қазақстан Респуликасындағы бюджет үдерісінің негіздері..................
2.1 Бюджет және бюджет жүйесі ұғымы............................................................
2.2 Республикалық бюджет...............................................................................
2.3 Жергілікті бюджеттер және олардың аумақтық құрылымдарының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы мәні.......................................................
ІІІ Жергілікті бюджеттің кірісі мен шығысын экономикалық талдау.......
3.1 Жергілікті бюджеттің кірістерін талдау....................................................
3.2 Жергілікті бюджеттің шығыстарын талдау.................................................
Қорытынды.....................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................................
Райымбек ауданы бюджетінің 2009-2011 жылдардағы кірісі анықталған кассалық атқарылуымен салыстырғанда 139,7%-ға орындалды, 2010 жылды салыстырғанда 123,2%-ға орындалды немесе 842140,0 мың теңге болды. Ауданның өз кірісі нақтыланған бюджетпен 2009-2011 жылмен салыстырғанда 114,1%-ға орындалды немесе 27105,0 мың теңге артық түсті, ал 2010-2011 салыстырғанда 106,3%-ға орындалды немесе 12970,0 мың теңге артық түсті. 3-жыл ішіндегі нақтыланған бюджет жоспарына жыл басындағы бос қалдық қаржысы есебінен қосымша 2009 жылы 8325,0 мың теңге, 2010 жылы 3397,0 мың теңге, 2011 жылы 10633,0 мың теңге кірістері және шығыстары жағына қаржы қарастырылып бюджеттің орындалуына өзгерістер жасалынды. Райымбек ауданының бюджеті жылдан, жылға артып келеді. Осылайша ауданның бюджеті арта берсе, халықтың әл ауқаты жақсара түспек. Райымбек ауданының бюджетіне түскен кіріс көзінің динамикалық топталу көрсеткіштері төменгідей.
Райымбек ауданы бюджетінің
кірісі жағынан жекеленген салық
түсімдері бойынша орындалуы
төмендегі кесте бойынша анықта
Райымбек ауданының 2009-2011 жылдардағы салыстырғандағы бюджетінің нақты орындалуы
№ |
Кірістер |
Нақты түсімнің орындалуы |
%-дық есебімен орындалуы | ||
2009ж |
2010ж |
2011ж | |||
1 |
Кірістерге салынатын табыс салығы |
35815 |
37293 |
41586 |
116,1 |
2 |
Әлеуметтік салық |
111236 |
125684 |
135328 |
121,6 |
3 |
Мүлік салығы |
6089 |
7014 |
6796 |
111,6 |
4 |
Жер салығы |
5824 |
5211 |
5829 |
100 |
5 |
Көлік құралдарына салынатын салық |
7790 |
8042 |
8851 |
113,6 |
6 |
Бірыңғай жер салығы |
3886 |
3875 |
4152 |
106,5 |
7 |
Тауарларға, жұмыстарға және қызметтер көрсетуге салынатын салық |
14269 |
9576 |
4375 |
30,6 |
8 |
Мемлекеттік баж салығы |
3403 |
4504 |
6097 |
179,1 |
9 |
Салыққа жатпайтын түсімдер |
2770 |
3683 |
4234 |
152,8 |
10 |
Капиталмен жасалған операциялардан алынатын кірістер |
194 |
529 |
1143 |
589,1 |
11 |
Алынған ресми трансферттер |
411526 |
477965 |
623759 |
151,5 |
12 |
Бос қалдық қаржысы |
8325 |
3307 |
10633 |
127,7 |
Жиынтығы |
602802 |
683376 |
842140 |
139,7 |
Кірістерге салынатын табыс салығы бойынша. Жалпы сипаттағы жергілікті қызметкерлерден салынатын табыс салығы қаралған салық 2009-2011жылдардың түсімімен нақты орындалуымен салыстырғанда 116,1%-ға орындалды. Бұл салық бойынша 2009-ші жылы нақты бюджет 35815 мың теңге болса, 2011 жылы 4158 мың теңге болды немесе 5771,0 мың теңгеге көбейген, ал 2010-2011 жылмен салыстырғанда 111,5%-ға орындалды. 2010 жылы нақты бюджет 37292 мың теңге болса, 2011 жылы 41586 мың теңге болды немесе 4294,0 мың теңгеге көбейген. 2009-2011 жылдардағы Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалардан алынатын жеке табыс салығы 2009 жылы 1767мың теңге, 2010 жылы 2421 мың теңге, 2011 жылы 3168 мың теңге; Қызметін біржолғы талон бойынша жүзеге асыратын жеке тұлғалардан алынатын жеке табыс салығы; 2009 жылы 1110 мың теңге, 2010 жылы 1274 мың теңге, 2011 жылы 1376 мың теңге; Төлем көзінен ұсталынатын жеке табыс салығы; 2009 жылы 32938 мың теңге, 2010 жылы 33598 мың теңге, 2011 жылы 37051 мың теңге.
Әлеуметтік салық. Бұл салықтан түскен түсім 2009 жылы 111236 мың теңге түссе, 2011 жылы 135328 мың теңгеге орындалып 121,6%-ға артқан немесе 24092,0 мың теңгеге көбейген, ал 2010 жылы 125684 мың теңге 2011жылмен салыстырғанда 107,6%-ға артқан немесе 9644,0 мың теңгеге көбейген. Бұл салық бұрынғы әлеуметтік сақтандыру қорына, әлеуметтік қамтамасыз ету қорына енгізілген.
Мүлікке салынатын салықтар. Салықтан алынатын алым 2009 жылы 6089 мың теңге түссе, 2011 жылы 6796 мың теңгеге орындалып 111,6%-ға артқан, 2010жылы 7014 мың теңге 2011 жылмен салыстырғанда 96,9%-ға көбейген. Заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салықтар 2009жылы 3819 мың теңге, 2010 жылы 4309 мың теңге, 2011 жылы 3965 мың теңге; Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықтар 2009 жылы 2270 мың теңге, 2003 жылы 2705 мың теңге, 2011 жылы 2831 мың теңге.
Жерге салынған салықтардан алынған алым 2009 жылы 5824 мың теңге түссе, 2011жылы 5829 мың теңге орындалып 100%-ға артқан, 2010 жылы 5211 мың теңге түссе 2011 жылмен салыстырғанда 111,8%-ға көбейген. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жеке тұлғалардан алынатын жер салығы 2009 жылы 1427 мың теңге, 2010 жылы 156 мың теңге, 2011 жылы 166 мың теңге, Елді мекендер жерлеріне жеке тұлғалардан алынатын жер салығы 2009 жылы 4024 мың теңге, 2010 жылы 3943 мың теңге, 2011 жылы 3847 мың теңге, Өнеркәсіп көлік байланыс қорғаныс жеріне және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерге салынатын жер салығы 2009 жылы 320 мың теңге, 2010 жылы 82 мың теңге, 2011 жылы 321 мың теңге, Орман қорының жерлеріне салынатын жер салығы 2009 жылы 53 мың теңге, 2010 жылы 13 мың теңге, 2011 жылы 6 мың теңге, Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге заңды тұлғалардан жеке кәсіпкерлерден жеке натариустар мен адвокаттардан алынатын жер салығы 2010 жылы 699 мың теңге, 2011 жылы 1096 мың теңге, Елді мекендер жерлеріне заңды тұлғалардан жеке кәсіпкерлерден жеке нотариустар мен адвокаттардан алынатын жер салығы 2010 жылы 318 мың теңге, 2011 жылы 366,0 мың теңге.
Көлік құралдарынан түскен түсім 2009жылы 7790 мың теңге түссе, 2011 жылы 8851 мың теңгеге орындалып 113,6%-ға артқан, 2010 жылы 8042 мың теңге түссе 2011 жылмен салыстырғанда 110%-ға көбейген. Заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық 2009 жылы 2152 мың теңге, 2010 жылы 1162 мың теңге, 2011 жылы 1011 мың теңге: Жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық 2009 жылы 5638 мың теңге, 2010 жылы 6880 мың теңге, 2011 жылы 7840 мың тнңге.
Бірыңғай жер салығынан түскен түсім 2009жылы 3886 мың теңге түссе, 2011 жылы 4142 мың теңгеге орындалып 106,6%-ға артқан немесе 256,0 мың теңгеге көбейген, ал 2010 жылы 3875 мың теңге түссе 2011 жылмен салыстырғанда 106,8%-ға артқан немесе 267,0 мың теңгеге көбейген.
Тауарларға, жұмыстарға және қызметтер көрсетуге салынатын ішкі салықтар. Бұл салықтан бюджетке түсетін түсімі 2009 жылы 14269 мың теңге түссе, 2011 жылы 4375 мың теңгеге орындалып 30,6%-ға артқан, 2010 жылы 9576 мың теңге түссе, 2011 жылмен салыстырғанда 45,6%-ға көбейген.
Мемлекеттік баждан түскен түсім 2009 жылы 3403 мың теңге түссе, 2011 жылы 6097 мың теңгеге орындалып 179,1%-ға артқан, 2010 жылы 4504 мың теңге түссе, 2011 жылмен салыстырғанда 135,3%-ға көбейген. Оның ішіне кіретіндер; Сотқа берілетін талап арыздардан, ерекше өндірістегі істер бойынша арыздардан, жүгіну шағымдарынан, атқару парағының көшірмесін беру туралы мәселе бойынша сот анықтамасына жеке шағымдардан сот бұйрығын шығару туралы арыздан алатын алым 2009 жылы 333 мың теңге алынса, 2010 жылы 408 мың теңге алынса, 2011 жылы 1132 мың теңге алынған. Нотариаттық іс-қймылдар жасағаны үшін, сондай-ақ нотариат куәландырған құжаттар көшірмелерін бергені үшін алынатын мемлекеттік баж 2009 жылы 468 мың теңге алынса, 2010 жылы 99 мың теңге алынса, 2011 жылы 98 мың теңге алынған. Шетелге баруға және Қазақстан Республикасына басқа мемлекеттерден адамдарды шығаруға құқық беретін құжаттарды рәсімдегені үшін, сондай-ақ осы құжаттарға өзгерістер енгізгені үшін алынатын мемлекеттік баж; 2009 жылы 1087 мың теңге алынса, 2010 жылы 910 мың теңге алынса, 2011 жылы 917 мың теңге алынған. Қазақстан Республикасындағы тұрғылықты жерін тіркегені үшін, азаматтық қаруды тіркегені үшін, азаматтардың паспорттары мен және куәліктерін бергені үшін алынатын мемлекеттік баж; 2009 жылы 1514 мың теңге алынса, 2010 жылы 1912 мың теңге алынса, 2011 жылы 2207мың теңге алынды. Мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бергені үшін, жүргізуші куәліктерін бергені үшін, көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер бергені үшін, қаруды және оның оқтарын сатуға немесе сақтаумен алып жүруге тасмалдауға, әкелуге және әкетуге рұқсат бергені үшін мемлекеттік баж; 2009 жылы 1мың теңге алынса, 2010 жылы 1175 мың теңге алынса, 2011 жылы 1743 мың теңге алынған.
3.2 Жергілікті бюджеттің шығыстарын талдау
Жергілікті бюджеттік шығындар түсінігі-жергілікті тұрғындардың талаптарын қанағаттандырумен байланысты материалдық игілік пен қызметтерді сатып алуға кететін шығындарды білдіреді. Қаржыларды шығындау саясатының негізгі міндеті жиынтық сұранымға әсер ету болып табылады. Ауданның нақты шығыстар жиыны шығыс бағдарламасының пакеті терминімен жүзеге асырылуы тиіс, барлық шығыстар бағдарламасының пакеттерін оларды орндауға кеткен шығын есебімен жөнлтуі керек, сол не басқа шығыстар бағдарламасын орындауға кеткен шығындар есебінен, барлық экономикалық шығындар бабының есбімен жасау керек-еңбек ақы, коммуналды төлемдер, сатып алынған жабдықтар, материалдар және т.б. Шығыс бағдарламасының орындалуын бақылау, орталықтандырылмаған болу керек және жалпы шығынның орындалуын қадағалауды енгізуге болады. Кеткен шығынды және одан алынған салықты талдау керек. Шығынды жұмсау мақсатын қалыптастыру өткен жылмен салыстырып нақты кірісті анықтау керек.
Шығыстар ергілікті борышқа қызмет көрсету жөніндегі бюджеттен жұмсалынатын барлық шығындарды қамтиды. Жергілікті бюджеттік қаражаттарды бюджетте көрсетілген шығындардың көлеміне және бағытына сай шығындану керек. Бюджеттік қаражаттардың шығындардың бағыттары мен табыс көздерінің тәртіпке келтіруі бюджеттің құрлыуымен орындалуын міндетті шарты. Жергілікті шығындарды жергілікті ақшалай қаражат бөлу мен оны пайдалану барысында пайда болатын экономикалық қарым–қатынастар.
Бюджеттің шығысы-экономиканы, қоғамдық-мәдени бағдарламаны, қорғанысты, басқаруды, мақсатты бағдарламаны қаржыландыру.
Қаржыландыру жүйесін ұйымдастыруда екі прицип бар:
1) Демократиялық орталықтандыру, әкімшілдік-әміршілдік жүйеге тән (КСРО және Шығыс Европа елдері). Ол төмегі сатыдағы қаржы меке-мелеріне қаржы органдрының дерективті нұсқауларын орындауға міндеттелген.
2) Қазыналық (фискалдық-қазына) федерализм. Бұл нарықтық экономикасы дамыған елдерде бекітілген. Осы принцип мәні: жергілікті бюджет өзінің табысы мен шығысымен мемлекеттік бюджетке кірмейді. Жергілікті орган өзінің бюджетінен қоғам тәртібін сақтауды, мектептерді, емханаларды және тағы басқаларды қаржыландыруы тиіс.
Әлеуметтік қамсыздандыру иесі - Республикалық деңгейде, жергілікті деңгейде және шаруашылық білім деңгейінде қалыптасады. Республикалық деңгей - осы қоғамның барлық қатысушыларына әлеуметтік кепілдікпен қамсыздандыру және оны бақылау. Оған келесі табыс деңгейлерінің кепілдемелерін қосамыз.
-минималды айлық жалақы,
қызметкерлердің еңбекақы
Жергілікті деңгейде - әлеуметтік мәдениеттік және демографиялық ерекшеліктерді есепке ала отырып, әлеуметтік қорғау жүйесін қамтамасыз ету.
Еңбекші топтың деңгейі - мекеменің өзіндік қорлары, зейнетақы және әлеуметтік кепілдемелер мен жеңілдіктер есебінен қалыптастыруды негіздейді. Әлеуметтік қамсыздандыру шығындарының қаржыландыру көздеріне мыналар кіреді:
- бюджеттік зейнетақы қорының құралдарынан;
- әлеуметтік сақтандыру қорынан;
- қайрымдылық қорлары және тағы басқа да қорлардан.
Еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылу жағдайында әлеуметтік қорғауға мынадай құрылымдарды енгізуді түзейді:
1) Барлық азаматтарға
бюджет қаражаты есебінен
2) Ресми жұмыс істейтін
қызметкерлерге міндетті
3) Еңбек міндеттерін
атқару кезінде жазатайым
Жұмысшысынан айырылу
жағдайларында азаматтарды
1) Біріші деңгей: жергілікті бюджеттер есебінен барлық жұмыссыз азаматқа жұмысқа орналасуға, кәсіби қайта даярлауға көмек көрсету, қоғамдық жұмыстар беру жолымен әлеуметтік қорғау.
2) Екінші деңгей: ресми жұмыс істейтін еңбеккерлерге міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінен белгілі бір мерзім ішінде төлем ақы беру.
Қайтарған кездегі әлеуметтік
қорғау ынтымақтастықты зейнет ақы
жүйесінің өлшемдері
Райымбек ауданы бюджетінің 2009–2011-ші жылдардағы шығысы анықталған нақты орындалуы мен салыстырғанда 143,4%-ға орындалды, 2010–шы жылмен салыстырғанда 124,1%-ға орындалды немесе 852773,0 мың теңге шығысы болды. Бюджеттің шыққан шығыс көзінің топталуы төмендегідей (3-кесте).
Информация о работе Жергілікті басқарудың экономикалық механизмі