Маркетингті басқаруды ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 23:08, контрольная работа

Краткое описание

Маркетинг кешені бойынша әзірленген шараларды іс жүзінде асыру үшін өндіру мен өткізуге қызмет көрсету, сандай- ақ үйлестіруші, жоспарлаушы және бақылау жасаушы қызметтерін өзіне алатындай жағдайы бар, маркетингтің арнайы қызметі қажет. Егер фирма шағын болатын болса, маркетингтің барлық қызметін бір адамға жүктеуге болады. Ал үлкен фирмалар маркетинг қызметін ұстауға мүмкіндіктері бар.

Файлы: 1 файл

маркетинг.doc

— 116.00 Кб (Скачать)


131 топ.                                                                     Сұрақтар: 11. 13.23.34.24.

 

11. Маркетингті басқаруды ұйымдастыру

 

         Маркетинг кешені бойынша әзірленген шараларды іс жүзінде асыру үшін өндіру мен өткізуге қызмет көрсету,  сандай- ақ үйлестіруші, жоспарлаушы және бақылау жасаушы қызметтерін өзіне алатындай жағдайы бар, маркетингтің арнайы қызметі қажет. Егер фирма шағын болатын болса, маркетингтің барлық қызметін бір адамға жүктеуге болады. Ал үлкен фирмалар маркетинг қызметін ұстауға мүмкіндіктері бар. Маркетингтік қызметтің құрылымы алуан түрлі. Ең көп тараған маркетинг қызметін функционалды ұйымдастыру болып саналады. Бұндай ұйымдастыру кезінде маркетинг жөніндегі мамандар маркетингтік қызметтің әрқилы түрлерін басшылыққа алады.

         Негізінде мұндай құрылымға тар шеңбердегі тауар ассортиментімен, ұлттық нарықтың және олардың сегменттерінің үлкен емес санымен жұмыс жасайтын, белгілі бір ыңғайлылығымен, тұрақтылығымен және онша көп емес сыйымдылығымен өзгешеленетін шағын фирмалардың маркетингтік қызметтері ие. Дегенмен, тауар ассортиментінің өсу мүмкіндігіне қарай, бұл сурет өзінің тиімділігін жоғалтады. Өнімдер (тауарлар) бойынша арнайы бөлімдердің жоқ болуы және қиындықтарға байланысты жаңа тауарларды жасау, оларды енгізу идеясы процентіне бақылау мен байланыстың болмауы жаңалыұқтарды енгізугі баяулатады.

 

Маркетинг

 

Маркетинг қызметін басқарушы

Жарнамамен өткізуді ынталандыру қызметі

Өткізу қызметін басқарушы

Маркетингтік зеттеулер қызметін басқарушы

Жаңа тауарлар жөніндегі басқарушы

1 сурет. Маркетинг қызметін функционалды ұйымдастыру.

 

Тауар белгілері бойынша ұйымдастыру өндірілетін өнім мен көрсетілген қызмет түрлерініңт тауарлық – салалық белгілері бойынша ұйымды құрудың негізі болып саналады. Мұндай құрылым өндірудің әртүрлі технологиялары бар, көп ассортиментті өнімдерді шығарушы, бір ыңғай сипаттағы, үлкен емес өткізу нарықтарына маманданушы фирмалар үшін тиімді. Ұйымдастырудың мұндай құрылымы жағдайында, фирма шығаратын тауарлар өндірудің түрлі технологияларымен, тауарлық өмірлік кезеңінің қысқа болуымен сипатталады. Нарық динамизмімен ерекшеленеді, тұтынушылардың өз талабына талап – тілек, сұраныстарына маркетингтік қызметтің тез икемдеу мен жылдамдылығы талап етіледі.

 

 

 

Маркетинг жөніндегі

Вице - президенті

  

Маркетинг қызметін басқарушы

Жарнама және ынталандырушы қызметін басқарушы

Тауар номенклатурасы жөніндегі басқарушы

Маркетингтің зерттеуге қызметі жөніндегі басқарушы

өткізу қызмет жөніндегі басқарушы

 

Тауар топтары жөніндегі басқарушы

 

Тауарлар жөніндегі басқарушы

 

2 сурет. Тауарлық өндіріс бойынша маркетинг қызметін ұйымдастыру.

 

Мұндай ұйымдастыру кезінде барлық тауарлар өндірісіне, тауар бойынша бірнеше басқарушы бағынатын, тауар номенклатурасы жөніндегі басқарушы жетекшілік етеді. Өзінің тауары бойынша басқарушының маркетингтік барлық кешенін үйлестіру мен нарық проблемаларына тез қарсы әрекет ететін маркетингті ұйымдастырудың басымдылығы болып саналады. Дегенмен, бұл басымдықтар қосымша шығындарды да туғызады (басқарушылар штабы, әрбір тауарға маркетинг кешені бойынша қосымша шығындар және т.б.).

Географиялық принцип бойынша ұйымдар, өткізу қызметі аймаққа бағдарланған фирмаларға тән. Ол шет елдерде кең ауқымды өткізу және өндірістік қызметтерін жүзеге асырып жатқан фирмаларға басымдық береді.

 

 

Басқарушы маркетинг қызметі бойынша

Басқарушы жарнамалар және өткізуші ынталандыру қызметі бойынша

Басқарушы өткізудің жалпы ұлттық өызметі бойынша

Басқарушы маркетингтік зерттеу қызметі бойынша

Басқарушы жаңа тауарлар бойынша

 

өткізудің аймақтық қызметінің басқарушысы

 

өткізудің зоналық қызметінің басқарушысы

 

өткізудің аудандық қызметінің басқарушысы

 

 

Сауда агеттері

3-сурет. Географиялық принцип бойынша ұйымдастыру.

 

Нарықтық принцип бойынша ұйымдастыру, тауарлы-өндірісті ұйымдастыру жүйесіне ұқсас. Нарықтық жұмыстар жөніндегі басқарушы жекелеген нарықтар жөніндегі біршене басқарушының қызметіне басшылық жасайды. Бұлай ұйымдастыру фирманың барлық қызметін түпкі тұтынушыларға бағдарлауға және осы кезде олардың әрбір топторы үшін жеке, арнайы нарық саясатын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл құрылым көп дәрежеде маркетинг тұжырымдамаларының қағидалары мен талаптарына сәйкес келеді.

Тауарлы-нарықты принципі бойынша ұйымдастыру көптеген нарықтарда әртүтрлі тауарлар сатушы фирмаларға тән. Фирмалардың бір мезгілде тауарлар мен нарықтар жөніндегі басқарушылары болуы мүмкін, яғни материалдық ұйымдастыруды қолданады.

Маркетингтің даму кезеңіне байланысты Қазақстан Республикасы және басқа елдер кәсіпорындары экономиканың өтпелі кезеңінде, маркетингпен айналысатын ұйымдық құрылымдардың келесі үлгілерін пайдалануы мүмкін.

Бәрінші сатыда келесі бөлімдер қызмет етеді:

      Тауарларды ішке және экспортқа өткізу бойынша жедел қызметті ұйымдастырып және соған басшылық жасайтын коммерциялық ұйым;

 

 

13. Нарық мүмкіншіліктерін талдау

 

 

Маркетингті басқару процессі - бұл фирманың нарықтық қызметін тиімді жүзеге  асыруға және оның негізгі мақсаттары:   қалыпты пайда ала отырып, фирманың тауарлары және қызметімен тұтынушыларды тұрақты және жан-жақты қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялық және тактикалық сипаттағы кең ауқымды шаралар кешені.

Маркетингті баскару процесі келесі бөлімдерден тұрады:

1.      нарық мүмкіндіктерін талдау;

2.      мақсатты нарықты іріктеу;

3.      маркетинг кешенін әзірлеу;

4.      маркетингтік шараларды өмірде жүзеге асыру.

Оларды келесі сутертер түрінде келтіруге болады:

Нарық мүмкіншіліктерін талдау:

1.      маркетингтік зерттеулер және маркетингтік ақпараттар жүйесі

2.      маркетингтік орта

3.      тұтынушылар нарығы

4.      кәсіподақтар нарығы

Максатты нарықты іріктеу:

1.      сұраным көлемін өлшеу

2.      нарықты сегменттеу

3.      мақсатты сегменттерді іріктеу (таңдау) және тауардың айқындамасын жасау.

Маркетинг кешенін әзірлеу

1.      тауарларды әзірлеу

2.      тауарға баға белгілеу

3.      тауарды тарату әдістері

4.      тауарды өткізуге ынталандыру

Маркетингтік шараларды өмірде жүзеге асыру

1.      стратегия

2.      жоспарлау

3.      бақылау

1 сурет. Маркетингті басқару процесі.

 

Бірде – бір фирма нарықтағы өз тауарының тұрақты табысына сене алмайды. Сондықтан фирма жаңа мүмкіндіктер мен идеюларды іздеумен, нарықтағы өзгерістерді мұқият қадағалап отырумен, бәсекелестердің тауарларын зерттеп үйренумен айналысулары тиіс. Жаңа нарықты анықтау үшін тауар мен нарықтың даму торын қарауға болады.

Информация о работе Маркетингті басқаруды ұйымдастыру