Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2012 в 13:26, курсовая работа
Тауарларды өндіру мен жеткізуде бір қалыптылық жоқ жағдайында үзіліссіз сауданы қамтамасыз ету үшін сауда мекемелері мен кәсіпорында қажетті тауар қорлары болуы қажет.
Кіріспе
I. Материалдардың жіктелуі мен жауапты тұлғаның есебі
2.1 Материалдық қорлардың ұғымы, классификациясы және бағалануы.
1.2 Материалдың жауапкершілік тұлғаның есеп беруі.
2.2 МАТЕРИАЛДАРДЫҢ ҚОЙМАДАҒЫ ЖӘНЕ СИНТЕТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ АНАЛИТИКАЛЫҚ ЕСЕБІ
2.1 Қорлардың қоймадағы есебі
2.2 Қорлардың синтетикалық есебі мен материалдық қозғалысын есепке алу
III. Халықаралық қаржылық есептілік стандарты бойынша босалқылардың есебі
3.1 Халықаралық қаржылық есептілік стандарты бойынша босалқылардың есебі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер:
Кәсіпорында кіші көлемде тауар кезінде МЖА және тауар жіберіп тұрғанда кіріс- шығыс накладнойы екі көшірмеде жасалады. Бірінші көшірме тауар қабылдаған адамға жіберіледі, ал екіншісі - қоймада қалады.
Әрбір МЖА есеп беруі аналитикалық тауарлар есебі, қаржы құралдардың есебі, ол қол астындағы тауарлардың көлемін айқындап отырады.
МЖА есеп беруі кәсіпорында қандай үлгіде болмасын бірнеше бөлімнен тұрады. Есеп беру бастапқы бөлімді толтырудан басталады, онда кәсіпорынға аты мен нөмірі (бөлім, секция), фамилиясы және МЖА аты –жөні, айлық тауар айналым жоспары және тауарлы қалдықтардың нормативі; ол норматив мекеме басшының тағайындалған мөлшеріне сәйкесті келеді, есеп беру нөмірі және есеп беру мерзімі, қай мерзімге есеп беру құрылатыны көрсетіледі.
Есеп беру жыл басынан жыл соңына дейін МЖА-м бірінші нөмірден бастап нөмірленеді. Егер МЖА жұмысқа жыл басынан кіріспесе, сол жұмыс бастаған күннен бастап нөмірленеді.
Есеп берудің келесі бөлімінде есеп беруде тауарлар мен ыдыстардың есеп беру жыл басына қалдығы жазылады, ол қалдықтар тексерілген және қабылданған бекітілген тәртіпке өткен жыл бойынша «Есеп беру мерзімінің аяғына қалдығы» немесе инвентаризациялық тексеруден алынады. Қалдықтар және тауарлар есеп беруінде мекеме есептік саясатын аналитикалық есеп есептік бағасымен көрсетіледі. МЖА көтерме кәсіпорында тауарлық есеп беруде бірінші бес бөлімдерін кіріс жән шығыс бөлімінде толтырады, онда жеке нөмірі және кіріс және шығыс құжаттарының күні, жабдықтаушылардың және сатып алушыларды аттары, тауарлардың нақты өзіндік құны бойынша көрсетіледі.
Кіріс бөлімінде есеп беру әрбір кіріс құжатының әр бөлек жолда сол күнде жасалған операцияларға сәйкес пайда болу көздерімен түсуі, нөмірі және құжат күні, нақты өзіндік құн бойынша қабылданған тауарлар және қабылданған ыдыстарды әрбір құжат бойынша. Барлық есеп беру мерзіміне кіріс құжаттарын жазғаннан кейін түскен тауарлар және түскен ыдыстар саналады және оларды тауарлық есепте соңғы құжат түскенде береді.
Осылайша ,шығыс құжаттарда шыққан материалдардың мөлшері анықталады. Соңында тауар қалдығы есеп беру мерзімі аяғына бөлек есептеледі, бұл үшін есеп беру мерзім басындағы қалдыққа қосамыз соңғы кіріс сомасы және соңғы шығыс сомасын алып тастаймыз.
Қорларды кәсіпорын әртүрлі жағдайда алуы мүмкін: жабдықтаушының қоймасынан, темір жол станцияларынан, аймақтардан, аэропорттардан, материалды жауапты тұлғалар арқылы өз қоймаларынан.
Жабдықтаушылардың қоймаларынан қорды алған кезде алушы кәсіпорын өздерінің жауапты тұлғалары арқылы жүзеге асырылады. Материалдардың қозғалысын есепке алынған кезде мынадай типтік құжаттар пайдалынады.
Жабдықтаушылардың қоймаларынан тауарларды алу үшін материалды жауапты тұлғаға сенімхат беріледі. Сенімхатты бухгалтерия рәсімдеп, алушының қолын қойғызып, қолхат алу арқылы береді. № М – 2а типтік ведомосы арқылы нысаны, алдын -ала нөмірленген және түптелегн Журналға (ү.№ М-3) тіркеледі. Берілген сенімхатты есептеу журналы, сенімхатты тіркеуге және беруге жауапты тұлғаға сақталады. Сенімхатты беру үшін лауазымды тұлғамен келісім шарт жасалады, ондай келісім шарты жоқ болған жағдайда бір жолғы сенімхаттар беріледі. Берілген сенімхатта шаруашылық жүргізуші субъектілер оның мерзімін көрсетеді. Сенімхатқа кәсіпорын басшысы, бас бухгалтері қол қойып, мөр басады. Сол сенімхатты алынатын тауарлардың тізімі сенімхаттың артқы жағында жазылады.
Бір қоймаға жататын қорлар алынған жағдайда оған бірнеше накладной керек болса, сенім беруші тұлғаға бір сенімхатын беруіне болады, бірақ онда берілген барлық накладной нөмірі, күні көрсетілуі тиіс.
Пайдаланбаған сенімхатты қайтарған кезде оны «Сенімхаттарды есепке алу журналына» тіркейді және оның түбіршегіне «пайдаланбаған» деген белгісін жасайды. Жабдықтаушылар қорларды босатқан кезде, әрбір жіберілген қорларды бақылау жасау үшін пайдалынады. Ал 3-шісі бухгалтерияға беріледі. Қорларды босатып біткен соң ең соңғы партиясының құжаттырмен бірге сенімхатын да бухгалтерияға тапсырылады.
Жабдықтаушылардан сатып алушының қоймасына автотранспортпен қорларды жеткізіп берген кезде сатып алушылардың материалдары материалды жауапты тұлғасы жабдықтаушылардың экспидиторынан алған қорлардың санын және брутто салмағын, тауарлы – көліктік накладной мәселесімен салыстырады, ол екі дана жасалады. Егер олардың мәлімдемесінде айырмашылық болмаса, онда оның бір данасына қол қойып және штамп басып, қорлар қабылданды деп жазады. Накладнойдың бір экземпляры материалды жауапты адамда қалады. Ал егер сомасы мен санында айырмашылық болса, Акт жасалады. Ол екі дана қылып жасалады және оған жауаптылары қол қояды.
Қорларды қабылдау кезінде жүзеге асырылатын операциялардың барлығы автомобильмен, сумен, авиациямен әкелетін жүктердің операцияларына ұқсас болып келеді.
Қорларды кірістеуге мына құжаттар негіз болып саналады:
- шот фактура (№3 қосыша), онда: тауар нөмірі мен күні, атауы және жабдықтау мен тауарлы – материалдық қорларды сатып алушының СТН, ҚҚС-ын есепке қою туралы куәлік нөмірі, әкелінген тауарлы – материалдық қорлардың атаулары мен саны құны, акцизделетін тауарлы – материалдық қорлардың сомасы т.б.
Кіріс ордері. Жабдықтаушылардан немесе өңдеуден түскен запастарды есепке алу үшін пайдалынады. Ол бір ғана данада жазылады және ол қоймаға келіп түскен кезде толтырылады.
Материалдарды қабылдау туралы акті. Жабдықтаушылардың ілеспе құжаттарындағы мәліметтерді сандық сапалық айырмашылықтары бар босалқыларды қабылдау кезінде қолданылады. Құндылықтарды қабылдағаннан кейін құжаттармен қоса актілердің бір данасы материалдық қорлардың қозғалысын есепке алу үшін бухгалтерияға, ал екіншісі – жабдықтаушыға талап хатын жазу үшін , жабдықтау бөліміне жіберіледі.
Материалдық құндылықтарды өндірісте дайындалған және сақталған кезіндегі жетіспеушілігі мен жоғалуы туралы актісі. Бұл құжат материалдарды қабылдау жөніндегі Актге тіркеледі. Екі данасы толтырылады, комиссия мүшелері мен кінәлі кісілер қол қояды. 1-ші данасы бухгалтерияға, ал екіншісі – бөлімшеді қалады.
Материалдардың бөлінуі, сынуы, қирауы туралы актісі. Кәсіпорындарда сынудың , бүлінудің, қираудың нәтижесінде арзандатуға және қорларды есептен шығару үшін пайдалынады. Ол 2 дана етіп жасалынады. 1- ші дана бухгалтерияға жіберіліп, 2-шісі данасы бөлімшеді қалады.
Сауда мекемелерінде тауарларды қабылдау, біріншіден кімнен тауар жеткізілген және ол қандай түрде – упаковка жасалған немесе упаковкасы алынған күйде ме.
Сандық және сапалық тауарды жергілікті жабдықтаушылардан қабылдағанда жабдықтаушының қоймасында егер тауарлар менеджерлермен немесе жүргізушімен, онда қоймада, егер тауарлар көліктік жеткізушілермен әкелінсе.
Тауарларды саны мен сапасы бойынша сату кәсіпорындарда боса, тауарлардың «тауарлардың сапасы мен саны және өнімнің қабылдауы»бекітілген тәртіпке сүйене отырып қабылданады, ол ҚР Министрлер кабинетінің қаулысымен бекітілген
Тауарды қоймадан мекеме өкілі алуы үшін ол міндетті түрде сенімхат және куәлік көрсетуі тиіс. Жабдықтаушылармен тауар жіберілген кезде сенімхат алынады, ол менеджерге керекті тіркемелі құжаттар және тауарларды қабылдағанда тауар көлемі, сапасы құжатқа сәйкес тексеріледі. Егер қабылданып жатқан тауар упаковка ішінде болса, онда міндетті түрде ілеспе құжат жазылуы тиіс «Тауар массасы брутто және орын мөлшері нақты тексерілмеген» және «Тауар құжаттама келтірілген сапаға сәйкес нақты тексерілмей қабылданды», бұл құжат тапсырған және қабылданған адамдардың қолдарымен рәсімделеді.
Егер тауарларды қоймаға жабдықтаушы немесе жүргізуші үш – төрт тауарлы – көлік накладнойымен жеткізеді.
Түскен тауарларды қоймада қабылдауды қойма меңгерушісі және МЖА сапасы және санын тексеріп қабылдайды. Жергілікті жабдықтаушылардан тауарларды қабылдау мерзімі тауар түскеннен бастап 10 күн, басқа қалалардағылардан – тауарлар станцияға түсу күннен кейін – 20 күн. Тез бұзылатын тауарларды 24 сағат ішінде сапасы мен санына сәйкес қабылданады. Егер тауарды қабылдау мерзімі кешіктірілсе, ол тауарайналымының көлемі азаюына әкеледі, ол дегеніміз шығындардың ұлғаюына және табыстың азаюына әкеліп соғады. Қабылдап алынағн қоймадағы тауарларды бағытталағн түрде тіркейді, ал ілеспе жабдықтаушы тауарлардың құжаттарырын қолдана отырып. Бұл үшін қойма меңгерушісі арнайы штамп қояды, онда келесілер көрсетіледі:
Тауар қабылдау күні, нөмірі және ілеспе құжат күні, нақты өзіндік құны және бөлек ыдыстар, ал материалды жауапкершілік адам қолымен расталады.
Бұндай тауар қабылдауды құжаттық рәсімдеу тәртібі рационалды болып саналады, сондықтан құжат санын азайтып, оларды құруға жұмсалатын шығындарды азайтады. Егер тауар қабылдау бойынша келіспеушілік туындаған жағдайда бекілген тәртіпте акті жазылып, арнайы комиссия құрылады. Ол үшін шешім комиссия шешімміен сәйкес шешіледі.
Қорларды жабдықтаушы жөнелткенде оған келесі құжаттар толтырылады:
Тауарлық, есептік жіне көліктік.
Тауарлық құжат – деп, жіберілген тауарлар саны мен сапасы, яғни толық мәлімет беріледі. Оларға: шоттар, счет – фактуралар, тауарлы – көліктік накладнойы, спецификасы. Жүк жіберуші түбіртегі және т.б.
Есеп айырысу құжаттары – бұл түскен тауарларды түсіргенде есеп айырысу және жүк жіберушімен олар банқа беріледі. Мұндай құжаттарға: төлем талап – тапсырмасы.
Көліктік - бұл құжаттар тасымалданған жүк көлемін және айқындайды және көліктік қызмет және көліктік органдарға есеп айырысуға арналған құжаттар.Тасымалдау үшін қолданылатын транспорт түрі:
- теміржол накладнойы – теміржол көлігімен тасымалдайтын тауарлар.
- Тауарлы – көліктік накладнойы – автокөліктік тасымалдайтын тасымалдайтын тауарлар екі бөлімнен тұрады: тауарлардың – транспорттық;
- Коносамент – су жолымен тасымалданатын тауарлар;
- Авиа накладнойы - әуе жолымен және су жолымен тасымалдайтын тауарларды жеткізгенде беріледі. Счет – фактураны сепке алу «Счет – фактураны тіркейтін журнал», бұл журнал есеп беру мерзіміне сәйкесті келесі түрде жүргізіледі.
Тауар түріне байланысты және оның счет – фактурасын немесе тауарлы – көліктік накладнойына жабдықтаушы көптеген басқа құжаттар беріледі, бір бөлігі мөлшерді растайды және түскен тауарлар санын, ал басқасы – сапасы және т.б. тауарлар бірлігі.
ҚР заңына сәйкес «Стандартизация және сертификация жайлы» тауарлардың халық тұтыну үшін сертефикация жасалынады, ол тізімді Республика Парламенті тағайындайды.
Кәсіпорын қоймасынан материалдар өнімді әзірлеуге және басқа да шаруашылық қажеттілігі үшін цехтарға, сондай – ақ сыртқа өңдеуге немесе артығын сатуға босатқан кезде пайдалынады. Қорларды цехтан цехқа берілсе, онда оны өндірістің ішіндегі қозғалысы деп санайды, ал егер де орталық қоймадан цех қоймасына берілсе, онда ол өндіріс шығыны ретінде танылады.
Материалдардың шығысы мынадай құжаттар бойынша рәсімделеді:
Лимиттік – жинақтама картасы;
материалдарды айырбастауға арналған талап –актісі;
материалдарды босатуға арналған талап накладнойы.
Жабдықтаушылар тауарларды босатқан кезде әрбір жіберілген бөлігіне 3 данада накладной жазады. Онда сенімхаттың нөмірі, күні көрсетіледі. 1- ші данасы тауарларды алушыда, ал екіншісі жіберушінің өзінде қалады, үшіншісі бухгалтерияға беріледі.Тауарларды босатып біткен соң ең соңғы партиясы құжаттарымен бірге сеніхатын да бухгалтерияға тапсырады.
Лимиттік - жинақтама картасы - өнімді дайындауда үздіксіз пайдалынатын құндылықтарды бостау, сондай – ақ өндіріс қажеттілігіне керек құндылықтарды босатудың белгіленген лимиттерін сақтауға, ағымдағы және қоймадағы материалдық қорларды бақылауға және олрады есептен шығаруға негіз бола алатын құжат. Лимиттік жинақмата карталары жабдықтау бөлімі немесе жоспарлау бөлімі материалдардың бір түріне 2 дана етіп дайындалады. Бір данасы ай басталғанша цехқа қорды пайдаланушыға, 2-ші қоймаға немесе цехтың қоймасына беріледі. Өндіріске қорлар қоймалардың, цех өкілдерінің лимиттік – жинақтама картасы ұсынған кезде ғана босатылады. Қоймашы екі данаға да босатылған қордың күні мен мөлшерін жазған соң, лимитте қалған қалдығы шығарылды.
Қоймашының лимиттік – жинақтама картасын цех өкілі, ол цехтың лимиттік – жинақтама картасына қоймашы қол қояды. Цех өнім қорларды алу кезінде тікелей материалдар есебінің картотекасына қол қояды, ал қоймашы лимиттік – жинақтама картаға қол қояды.
Материалдарды айырбастауға арналған талап – актісі. Бұл құжат қорлардың белгіленген лимиттен артық босатылуын немесе олардың ауыстырылуын есепке алу үшін қолданылады, сондай –ақ қоймадан қорларды шығаруға негіз болып табылады. Ол екі дана етіп дайындалады: біріншісі алушыға, ал екінщісі – қоймаға. Қоймашы актінің екі данасына да босатылған қорлардың күні мен мөлшерін белгілеп, содан соң қалдығын шығарады. Алушының актісіне қойма меңгерушісі, ал қойма актісіне – алушының өкілі қол қояды.
Информация о работе Халықаралық қаржылық есептілік стандарты бойынша босалқылардың есебі