Халықаралық қаржылық есептілік стандарты бойынша босалқылардың есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2012 в 13:26, курсовая работа

Краткое описание

Тауарларды өндіру мен жеткізуде бір қалыптылық жоқ жағдайында үзіліссіз сауданы қамтамасыз ету үшін сауда мекемелері мен кәсіпорында қажетті тауар қорлары болуы қажет.

Оглавление

Кіріспе
I. Материалдардың жіктелуі мен жауапты тұлғаның есебі
2.1 Материалдық қорлардың ұғымы, классификациясы және бағалануы.
1.2 Материалдың жауапкершілік тұлғаның есеп беруі.
2.2 МАТЕРИАЛДАРДЫҢ ҚОЙМАДАҒЫ ЖӘНЕ СИНТЕТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ АНАЛИТИКАЛЫҚ ЕСЕБІ
2.1 Қорлардың қоймадағы есебі
2.2 Қорлардың синтетикалық есебі мен материалдық қозғалысын есепке алу
III. Халықаралық қаржылық есептілік стандарты бойынша босалқылардың есебі
3.1 Халықаралық қаржылық есептілік стандарты бойынша босалқылардың есебі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер:

Файлы: 1 файл

материалдың есебі.doc

— 244.50 Кб (Скачать)


 

 

Жоспар

Кіріспе

I.              Материалдардың жіктелуі мен жауапты тұлғаның есебі

2.1              Материалдық қорлардың ұғымы, классификациясы және бағалануы.

1.2 Материалдың жауапкершілік тұлғаның есеп беруі.

2.2              МАТЕРИАЛДАРДЫҢ ҚОЙМАДАҒЫ ЖӘНЕ СИНТЕТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ АНАЛИТИКАЛЫҚ ЕСЕБІ

2.1              Қорлардың қоймадағы есебі

2.2              Қорлардың синтетикалық  есебі мен материалдық қозғалысын есепке алу

III.              Халықаралық қаржылық есептілік стандарты бойынша босалқылардың есебі

3.1              Халықаралық қаржылық есептілік стандарты бойынша босалқылардың есебі

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Тауарларды өндіру мен жеткізуде бір қалыптылық жоқ жағдайында үзіліссіз сауданы қамтамасыз ету үшін сауда мекемелері мен кәсіпорында қажетті тауар қорлары болуы қажет.

Қорлар – бұл:

1.                  Шикізат қатары, материалдар, сатып алатын жартылай фабрикаттар және құрамдық заттар, конструкциялар  мен тетіктер, отын, ыдыс ыдыстық заттар, қосалқы бөлшектер, өндірісті пайдалануға немесе тұрмыстар мен қызметтер үшін пайдалануға арнарған өзге материалдар;

2.                  Аяқталмаған өндіріс, жұмыстар,қорлады есептен шығару қызметтерін орындау;

3.                  Ұйымдардың қызметі барысында сатуға арналған дайын өнімдер мен тауарлдар түріндегі активтер.

Соған сәйкес қорлардың келесідей топтарды бөліп көрсететін, олардың экономикалық жіктеуі материалдардың есебін дұрыс ұйымдастырудың маңызды жағдайларының бірі болып болып табылады.

  1310. Шикізат пен материалдар

   1311. Сатып алынған жартылай фабрикаттар мен жинақтау бұйымдары, конструкциялық және тетіктер

   1312. Отын

   1313.Ыдыс және ыдыс материалдары

   1314. Қосалқы бөлшектер

   1315. Өзге материалдар

   1316. Ұқсатуға берілген материалдар

   1317. Құрылыс материалдары   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I. Материалдардың жіктелуі мен жауапты тұлғаның есебі

1.1       Материалдық қорлардың ұғымы, классификациясы және бағалануы.

Тауарларды өндіру мен жеткізуде бір қалыптылық жоқ жағдайында үзіліссіз сауданы қамтамасыз ету үшін сауда мекемелері мен кәсіпорында қажетті тауар қорлары болуы қажет.

13.11.96 жылғы № 3 бухгалтерлік есеп жөніндегі Ұлттық комиссияның қаулысымен бекітілген 7 «Тауарлы – материалдық қорлар есебі» бухгалтерлік есеп стандартына, 28.01.2003 жылы 27 ҚР Қаржы Министрлігінің бұйрығымен бекітілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, 23.05.2007 жылы №185 ҚР Қаржы Министрлігінің бұйрығымен бекітілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес «Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарында қорлар – бұл:

4.                  Шикізат қатары, материалдар, сатып алатын жартылай фабрикаттар және құрамдық заттар, конструкциялар  мен тетіктер, отын, ыдыс ыдыстық заттар, қосалқы бөлшектер, өндірісті пайдалануға немесе тұрмыстар мен қызметтер үшін пайдалануға арнарған өзге материалдар;

5.                  Аяқталмаған өндіріс, жұмыстар,қорлады есептен шығару қызметтерін орындау;

6.                  Ұйымдардың қызметі барысында сатуға арналған дайын өнімдер мен тауарлдар түріндегі активтер.

Соған сәйкес қорлардың келесідей топтарды бөліп көрсететін, олардың экономикалық жіктеуі материалдардың есебін дұрыс ұйымдастырудың маңызды жағдайларының бірі болып болып табылады:

I.             Шикізаттар мен материалдар - өнімнің материалдық негізін құрайды. Осыған орай, негізінен, ауылшаруашылығы мен өндіруші өнеркәсіп өнімін – шикізат деп, ал өндеуші өнеркәсіп өнімін – материалдар деп атайды. Өнеркәсіптің кейбір салаларында шикізат және материалдар негізгі және көмекші болып бөлінеді, дегенмен, бұлай бөлу, шартты болып саналмайды, өйткені ол өнімдердің әр түріне материалдардың сол бір түрін қолдану санына, технологиялық процесстің сипатына қатысты болады. Мысалға, наубайхана өндірісінде негізгі шикізат және материалдарға ұн, тұз, ашытқы және су жатқызылады. Көмекші шикізат және материалдар өнімдердің сапасын жақсартуға әсерін тигізеді, олар белгілі бір тұтыну қасиеттерін береді.(қант, сүт, хош иіс)

      Сатып алынатын жартылай фабрикаттар - өндеудің белгілі бір сатысынан өткен, бірақ әлі де дайын өнім блып саналмайтын шикізат және материалдар. Яғни, материалдық негізін құрайды.

      Отын - өндірістегі өзінің тағайындалу және пайдалану жағдайлары бойынша энергетикалық, технологиялық, двигательдік (жанар, тағар май) және шаруашылық мұқтаждықтары үшін (ғимараттар мен үй жылытулары үшін) отын болып бөлінеді.

      Ыдыс және ыдыстық заттар – бұл әртүрлі материалдар мен дайын өнімдерді орау, буып-түю, тасымалдау және сақтау үшін пайдаланатын заттар.

      Қосалқы бөлшектер машиналар мен құрал жабдықтардың тозған бөлшектерін жөндеу және ауыстыру үшін қызмет етеді.

      Өзге де материалдар өзіне аталмыш ұйымда материалдар, отын немесе қосалқы бөлшектер ретінде, пайдалана алатын, негізгі құралдардың шығарылып тасталуынан алынған материалдарды, өндіріс қалдықтарын, түзетуге келмейтін ақшаларды енгізеді.

      Басқа жаққа қайта өңдеуге берілген материалдар – бұл сырт ұйымдардың өңдеуіне тартылған және одан кейін одан алынған өнімдердің өзіндік құнына қосылатын материалдар.

      Құрылыс материалдары – құрылыс салушы ұйымдар есепке алынатын, құрылыс бөлшектерін жасау, ғимараттар мен құрылыстардың бөліктерін және конструкцияларын бөлу және көтеру үшін тікелей құрылыс және монтаж жэұмыстары процесінде пайдаланатын материалдарды, сондай-ақ құрылыс мұқтаждықтары үшін қажетті өзге де тауарлы-материалдық қорларды білдіреді.Өндірістік қорлар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін оларды негізді бағалай білудің үлкен маңызы бар.

Материалдардың бір ғана түрінің алу бағасы есептік кезең барысында әртүрлі болуы мүмкін, сондықтан оларды дұрыс анықтау үшін, №7 БЕС қарастырылған 2 әдістің бірін қолданамыз:

-                                                       арнайы (идентификациялау) әдісі

-                                                       орташа өлшемді әдіс – қорларды бастпқы сатып алу бағалары бойынша бағалау әдісі (Фифо)

Жоғарыда келтірген кестеден көріп отырғандай, қорларды бағалаудың дұрыс әдісін таңдау кәсіпорынның таза табысын да, тұтас табысында , қаржылық жағдайына да мәнді әсер етуі мүмкін. Сондықтан оларды таңдағанда салыстырмалы қағиданы ұстаған жөн. Бір әдістен екінші бір әдіске көшер алдында, яғни екіншісінің біріншісінен басымдылығымен қатар мына жағдайларды да сақтау керек:

-                     шаруашылық жүргізуші субьектінің есептік саясатына өзгерістерді енгізу;

-                     бір әдістен екіншісіне көшуді, есепті жылдың басынан бастап енгізу;

-                     дер кезінде тауарлы – материалдық қорлар қалдықтарына да және өткен жылдардың тартылмаған табысына да түзетулерді енгізу.

Материалдың босалқы қорлардың барлық түрін есепке алу үшін 1300 «Қорлар» бөлімінің негізгі, активті мүліктік шоттары қолданылады. Бұл бөлімше құрамына төмендегі синтетикалық шоттар кіреді :

  1310. Шикізат пен материалдар

   1311. Сатып алынған жартылай фабрикаттар мен жинақтау бұйымдары, конструкциялық және тетіктер

   1312. Отын

   1313.Ыдыс және ыдыс материалдары

   1314. Қосалқы бөлшектер

   1315. Өзге материалдар

  1316. Ұқсатуға берілген материалдар

  1317. Құрылыс материалдары   

1310 «Шикізат және материалдар» шотында шығарылатын өнімнің негізін салатын немесе өнімді жасап шығаруда оның компоненті болып табылатын қажет шикізаттар мен материалдарын есепке алады. Бұл жерде сондай-ақ өнімді шығаруға қатысатын шаруашылық, технологиялық және өндіріс процесіне септігін тигізетін көмекші материалдар есепке алынады.

Әрбір шаруашылық жүргізуші субъектілер қажеттігінше әрбір шоттар бойынша субшоттар және материалдың есебі бойынша аналитикалық шоттар аша алады. Сонымен қоса, кәсіпорын өзіне жатпайтын материалдарды, баланстан тыс шоттарда есепке алады.

Атап көрсетілген шоттар дебеті бойынша әртүрлі көздерден түскен қорлар операциялары, ал кредит бойынша қорлардың әртүрлі бағыттар бойынша шығарылу операциялары көрсетіледі. Шикізаттар, материалдар, сатып алынған жартылай шикізаттар, отын, қосалқы бөлшектер және басқа қосалқы материалдар кәсіпорын балансында өздерінің нақты өзіндік құнымен көрсетіледі.Осы баға бойынша құндылықтар синтетикалық есеп – тұрақты есеп бағасымен (келісімді немесе жоспарланған) көрсетіледі.

 

 

 

 

1.2 Материалдың жауапкершілік тұлғаның есеп беруі.

 

Тауарлар мен ыдыстардың саны мен сапасын және ақшалардың сақталуын қамтамасыз ету үшін материалдардың жауапкершілік енгізілген және ол жүктелген қызметкерлер материалды жауапты тұлғалар деп аталады.

Қоймадағы материалдық босалқыларды есепке алуды материалды есепке алуды материалды жауапты немесе олардың келісімдерін жұмысын атқаратын есепшілер (операторлар) материалдарды есепке алу үшін арналған карточкаларында жүргізеді. Босалқылардың әрбір номенклатурысының нөміріне жекелеген карточкалар ашады да, содан соң ол бухгалтериядан қоймаға жартылай толтырылған күйінде беріледі.

Алған карточкаларда қоймада материалдардың сақталатын орнын сипаттайтын реквизиттерді толтырады. Карточкаларға жазбалар құжаттардың негізінде жазылады. Материалдарды ескере алудың толтырылған карточкасы төменде келтірілген.

Егер қоймадағы материалдық қорлардың қалдықтары қорлардың белгіленген нормасынан жоғары немесе тең болса, онда қойма меңгерушісі бұл туралы жабдықтау бөліміне хабарлауы тиіс. Бұл мақсатта қорлардың белгіленген нормаларынан нақты қалдық қорының ауытқушылығы туралы дабыл анықтамасы қолданылады. Анықтаманы бір дана етіп қойма меңгерушісі материалдарды есепке алу карточкасының  деректері бойынша жасайды. Анықтамаға деректерді енгізудің өлшемдерін субъектінің материалдық-техникалық жабдықтау бөлімі белгілейді.

Бухгалтерияға берер алдында жазбалардың дұрыстығы және карточкадағы қалдықтардың шығарылуы қойманың өзінде тікелей тексеріледі. Материалдық құндылықтардың қозғалысын рәсімдейтін құжаттарды бухгалтер қоймадағы «Құжаттарды қабылдау - өткізу тізімінің» негізінде қабылдайды.

Жетіспеушілік және материалдық жағынан жауапты адамдардың қызметіндегі тәртіп бұзушылықтар туралы, сондай-ақ іріктеп тексерулер мен өткізілген нұсқамалардың нәтижелері туралы бухгалтерияның қызметкері бас бухгалтерге хабарлауы тиіс.

Айдың аяғында қоймаға бухгалтериядан материалдардың қалдықтарының есепке алынатын кітабын қоймашыға береді, оған қойма меңгерушісі материалдарды есепке алу карточкасындағы қалдықтарын көшіріп жазады. Мұнан кейін деректерді салыстыра отырып тексеру үшін материалдық босалқы қорлардың есептік топтары бойынша және бүтіндей алғанда кітап бойынша жиынтығын бухгалтерияға қайтарады.

Сөйтіп, қойма меңгерушісі материалдарды есепке алуға, олардың карточкаларын жүргізуге, құжаттардың тізімдерін жасауға және қойма есеп кітабынның қалдықтарын шығаруға міндетті.

Есеп беру түрлері мен мәні. Материалды жауапты адам басшы тағайындаған белгілі бір мерзімде бухгалтерияға бірінші ретті кіріс және шығыс құжатын есеп беру ретінде тапсырып отыруы тиіс. Ол әрбір шаруашылық операциялар тауардың шығуы және түсуімен байланысты болады. Тауардың түсуі мен шығуы көлемі мен жиілігіне байланысты болады.

Қызмет жасау саласына байланысты көтерме сауда кәсіпорында тауарлар түрі, тауарлық операциялар көлемі және құжат айналымы көп болғандықтан, аналитикалық есепке алу тауарларды  бухгалтерияда материалды жауапкершілікті адамдар тіркемелелі құжаттарды тапсыру реестрі немесе тауарлап есеп беруді құрайды. Реестрда тек кіріс және шығыс құжаттарының аттары, олардың нөмірлері мен күні көрсетіледі. Соңында, құжаттар мөлшерін көрсетеді. Реестр – тек құжаттар тізімі, онда т.б. мәліметтер болмайды. Көтерме сатуда көп тараған және МЖА тауар қозғалысының есеп беру үлгісі «Тауарлық есеп беру», ол тауарлардың қордағы қозғалысын және қалдығын көрсетеді.

Информация о работе Халықаралық қаржылық есептілік стандарты бойынша босалқылардың есебі