Халықаралық қаржылық есептілік стандарты бойынша босалқылардың есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2012 в 13:26, курсовая работа

Краткое описание

Тауарларды өндіру мен жеткізуде бір қалыптылық жоқ жағдайында үзіліссіз сауданы қамтамасыз ету үшін сауда мекемелері мен кәсіпорында қажетті тауар қорлары болуы қажет.

Оглавление

Кіріспе
I. Материалдардың жіктелуі мен жауапты тұлғаның есебі
2.1 Материалдық қорлардың ұғымы, классификациясы және бағалануы.
1.2 Материалдың жауапкершілік тұлғаның есеп беруі.
2.2 МАТЕРИАЛДАРДЫҢ ҚОЙМАДАҒЫ ЖӘНЕ СИНТЕТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ АНАЛИТИКАЛЫҚ ЕСЕБІ
2.1 Қорлардың қоймадағы есебі
2.2 Қорлардың синтетикалық есебі мен материалдық қозғалысын есепке алу
III. Халықаралық қаржылық есептілік стандарты бойынша босалқылардың есебі
3.1 Халықаралық қаржылық есептілік стандарты бойынша босалқылардың есебі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер:

Файлы: 1 файл

материалдың есебі.doc

— 244.50 Кб (Скачать)

Материалдарды босатуға арналған талап накладнойы. Босалқыларды субъектінің өз ішіндегі қозғалысына және олардың кәсіпорынның аумағынан тыс жердегі шаруашылықтарына, сондай – ақ басқа мекемелерге босатуды есепке алғанда пайдалынады. Ол екі дана дайындалады. Материалдарды өз кәсіпорынының шаруашылықтарына босатқанда данасын алушыға, екіншісін – қоймаға, кейінірек бухгалтерияға өткізіледі. Бір данасы қоймаға, ал екіншісі цехқа құндылықтарды кіріске алуға негіз бола алады.

Кәсіпорынның аумағынан тыс жерде орналасқан өз шаруашылықтарына немесе басқа мекемелерге материалдық құндылықтарды босатқан кезде талап – накладной келісімдердің, нарядтардың және басқа тиісті құжаттардың негізінде дайындалады. Бірінші данасы қоймаға материалды қоймаға босатуға негіз болады, ал екіншісі материалды қабылдап алушыға беріледі. Материалды босатқан кезде өзі алып кететін жағдай туса, алушы қол қойған талап-накладнойды, сондай-ақ егер қорлар кейін төленетін болып босатылып жатса, қоймашы есеп айырысу төлемдік құжаттарын толтыруға бухгалтерияға жібереді.

 

 

 

2.2 Қорлардың синтетикалық  есебі мен материалдық қозғалысын есепке алу

 

Барлық есеп шоттар өздерінің масштабы, көлемі, есептік деректерінің топтасуы бойынша негізгі екі түрге бөлінеді:

      біртекті құралдарды (ресурстарды) және шаруашылық процестерін қорытындылаушы топтар аты мен есепке алуға арналған синтетикалық есеп шоты (немесе бірінші реттегі  шоттар);

      құралдар (ресурстар) мен шаруашылық процестерін егжей– тегжейлі түп–түгел топтастыру мен есептеуге арналған аналитикалық шоттары (немесе екінші реттегі есеп шоттар);

           Бұлардың құрлымының негізіне олардың белгілі бір ситетикалық есеп шотқа қатыстылығы алынады. Есеп шоттардың синтетикалық және аналитикалық болып бөлінуіне сәйкес бухгалтерлік есеп субъектінің шаруашылық операцияларының қорытындыланған көрінісін беретін синтетикалық есепке және субъектінің шаруашылық қызметінің бүкіл бөліктерін немесе элементтерін толық көрсететін аналитикалық есепке бөлінеді.
           Синтетикалық есеп ақшалай өлшемде жүргізіледі, ал аналитикалық есеп ақшалай өлшеммен қатар натуралдық және еңбек өлшемдерін де пайдаланады, яғни бірдей операциялар, мысалы тауар– материалдық игіліктердің қозғалысы натуралдық және ақшалай өлшемдермен жазылады. 
Синтетикалық және аналитикалық есеп–бұл қатарлас жүретін есептің екі түрі. Бұлардың әрқайсысы бухгалтерлік есептің аяқталған ақпараттын тек мынадай айырмашылақпен–синтетикалық есеп оны қорытындыланған түрде, ал аналитикалық есеп толықтүрінде береді.
           Аналитикалық есеп жүргізу қажеттілігі мынадан туындаған: синтетикалық есеп казіргідей күрделі нарықтық шаруашылық жағдайында субъект қызметіне барынша толық бақылау жасауға сенімді түрде қамтамасыз ете алмайды. Мысалы, материалдық құралдардың (ресурстардың) жекелеген түрлерінің қозғалысына қорытынды бақылау жасап, тіркеу жұмысы әрбір нақты заттың қозғалысы мен жағдайы туралы нақты деректерді қажет етеді және т.б.
           Жалпыға мәлім, шаруашылық құралдарының (ресурстарының) әрбір түрінің ондаған, жүздеген заттар түрлері болады. Мысалы, материалдардың саны мен қозғалысы есепке алынып отыратын «Материалдар» синтетикалық есеп шоты бойынша материалдардың әрбір түріне аналитикалық есеп талап етіледі, ал олардың саны субъектіде кейде ондап, жүздеп өлшенеді.
           Сонымен бірге керісінше қажеттілікте туып жатады– аналитикалық есепке қатарлас синтетикалық есеп керек болады, өйткені аналитикалық есеп шоттардың жүйесі өте толық болып келеді де, объективті түрде қорытындылауды қажетсінеді. Синтетикалық және аналитикалық есеп үшін ортақ нәрсе – олар бірімен өзара байланысты және бір–бірін бақылап отырады. 

Синтетикалық және аналитикалық  есеп шоттары.
Синтетикалық есе пшот                                      Аналитикалық есеп шот
( ақшалай өлшем )                                        ( натуралдық және ақшалай  өлшемдер )
 

                                                                                   

Синтетикалық есеп шоттарда шаруашылық ресурстары (құралдары) мен олардың қозғалысы туралы қорытындыланған көрсеткіштер сақталады.
 

Аналитикалық есеп шоттар есептің тиісті объектілеріне толық, әрі егжей - тегжейлі сипаттама береді. Өзіне қосымшаға аналитикалық есеп шоты бар синтетикалық есеп шотқа жазылатын барлық жазулар бірдей уақытта және қатарлас тиісті аналитикалық есеп шоттарға  да жазылады және керісінше, бірдей уақытта және қатарлас синтетикалық есеп шотқа жазу жазылмай тұрып аналитикалық есеп шотқа бірде -бір жазу жасалынбау керек. 
           Синтетикалық және аналитикалық есеп шоттар арасындағы өзара байланыс былайшы көрінеді:

1.                  Синтетикалық есеп шотқа түсірілетін әрбір жазу олар біріктіретін аналитикалық есеп шоттар тұсына жүргізіледі (дебетке немесе кредитке);

2.                  Синтетикалық есеп шотқа операция жалпы сомамен жазылады, ал аналитикалық есеп шотқа-тиісті жеке сомалармен жазылады, олар жиынтығында жалпы соманы құрайды;

3.                  Синтетикалық есеп шоттың дебет бойынша айналымы дебеттер айналымдары қамтыған аналитикалық есеп шоттардың жалпы жиынтығына тең, ал шаруашылық есеп шоттың кредит бойынша айналымы аналитикалық есеп шоттардың кредиттік айналымдарының жиынтығына тең;

4.                  Синтетикалық есеп шот сальдосы олар қамтыған аналитикалық есеп шоттардың барлық сальдоларының жалпы жиынтығына тең;

Есептің қатарлас түрлерін жүргізу арқылы ағымдағы бүкіл есепке автоматты түрдегі бақылау жүзеге асырылады, яғни синтетикалық есептің жиынтық деректері аналитикалық есептің жиынтық деректерімен бақыланады және керісінше.
 

Материалдың қозғалысын есепке алу жөніндегі жөніндегі шоттардың корреспонденциясын қарастырайық:

 

1.        Мынадай материалдық құндылықтар қоймаларға келіп түсіп, кіріске алынады: «Қорлар» бөлімшесінің шоттары (1310) дебеттеледі де, ҚР-да ҚҚС төлеушілерден түскен материалдардың құнына, 1420-ші «Қосылған құн салығы» шоты дебеттеліп – жабдықтаушылардың жалпы салықтық шот-фактурасындағы саласына 4110- шоты белгіленеді.

2.Негізгі құралдарды жоюдан алынған материалдарды кіріске алған кезде: 1310 «Шикізаттар мен материалдар» шоты дебеттеледі де,6010 « Негізгі емес қызметтен түскен басқадай табыстар» шоты кредиттеледі.

3.Өндірістегі алынған шоттарда, өндіріс қалдықтары, өндірістен қоймаларға қайтарылған материалдар кіріске алынған кезде:

1310 «Шикізат пен материалдар» шотының дебетінен және

2930 «Аяқталмаған құрылыс»,

8310 «Зілзала апаттарынан болған шығын »,

8100 « Негізі өндіріс», 8300« Көмекші өндіріс» шоттары кредиттеледі.

4.Кәсіпорынға тиесілі емес қоймаларда материалдарды                                                                                                         

  тасымалдау, түсіру, сақтау жөніндегі шығыстар төленді.  

Дт                                   Кт

1310                      4110, 1250, 1060, 1010, 3350, 3420,4220.

5.Қоймадан берілген материалдардың шығысы:

             Дт                                       Кт

        1) 1310                                   1310

        2) 8100, 8300                         1300

        3) 8310                                    1310

        4) 8100                                     1310

Егер қорлар келісім шарттағы бағасы бойынша сатылса, онда 1210, шоттары дебеттеледі де, 6010 кредиттеледі.

Синтетикалық және аналитикалық тауарлар жалпы соманың көрсеткіште № 11 журнал –ордерде кредит шоты 1330 «Тауарлар» сату мекемесі

Бойынша түгелімен. № 11 журнал –ордерде, сонымен қатар, 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің берешегі», 1220 «Еншілес ұйымдардың дебиторлық берешгі» және 6000 «Өнімдерді өткізумен қызмет көрсетулерден түскен кірістер» бөлімшесінің шоттарында арналған.

Аналитикалық құн есебі тауарлар қозғалысын МЖА – ға «Материалдардың қозғалысы бойынша ведомосіі» құжатын пайдалануға болады, оған №  6 журнал –ордер арналған.

Ұсынылатын «Материалдардың қозғалысы бойынша ведомосі» құжаты енгізілген өзгерістерді ескергенде келесідей болады.Өзіңізге белгілі, журнал –ордерлерге және ведостарға бірінші ретті құжаттар негізінде, тауарлы есеп беруге қосымша салынған, олардың түсу уақытын ескере отрып.

Сауда кәсіпорындарына бір ведомос жүргізу ыңғайлы, себебі көптеген жеке ведомостарды жазбауға рұқсат етеді. «Материалдардың қозғалысы бойынша ведомос» әрбір вариантта сату бірлігіне бір жол арналады, ол кезектілік сату бірлік көшірмесіне сай келеді. Арналған жол әрбір ведомосте тұрақты және жол нөмірі тұрақты болуы және жол нөмірі тұрақты болуы тиіс. Сол нөмір мен жолды тауарлық есеп беруде көрсетіп кету керек. Бұл МЖА ай соңындағы соңғы көрсеткіштерді тез тауып тексеру үшін керек.

«Бухгалтерлік есеп пенқаржылықесептілік туралы»  ҚР Заңы мен ҚР Қаржы Министрінің 22.06.2007 ж. №221 бұйрығымен бекітілген «Бухгалтерлік есепті жүргізу ережесіне» және үлгілік проводкаларға сәйкес, ШҮЖ  осы кіші бөлімі бойынша төмендегі бухгалтерлік проводкалар тізімін қолдану ұсынылады:

 

Шикізат және материалдар есебі бойынша операцияларды көрсететін проводкалар (1310 шоты)

 

№ р/р

Операциялар мазмұны

Шоттар коррес-понденциясы

Дебет

Кредит

1.

Шикізат пен материалдарды берушілерден сатып алу (заңды тұлғалардан)

-                   келісілген бағаға

-                   ҚҚС сомасына

 

 

1310

1420

 

 

3310

3310

2.

Сол сияқты, жеке тұлғалардан

1310

3390

3.

Сол сияқты, подотчеттық сомалардың есебінен:

-келісілген бағаға

-ҚҚС сомасына

 

 

1310

1420

 

 

1251

1251

4.

Сатып алуға тікелей байланысты тасымалдау және өзге шығындардың есебінен шикізат пен материалдар бағасының өсуі

 

1310

 

3310

3390

5.

Құрылтайшылардың жарғылықкапиталға шикізат пен материалдар түрінде салған салымдары

 

 

1310

 

 

5110

6.

Жеке және заңды тұлғалардан өтейсіз алынған шикізат пен материалдар

 

1310

 

6220

7.

Түгендеу кезінде немесе басқа себептерге байланысты артық шыққан шикізат пен материалдарды кірістеу

 

 

1310

 

 

6280

8.

Бұрын берілген шикізат мен материалдардың қалдықтарын төмендегі мақсаттарға пайдалану үшін кірістеу:

-негізгі өндірісте

-көмекші өндірісте

 

 

 

1350

1350

 

 

 

8110

8310

9.

Шикізат пен материалдарды келесі мақсаттарға пайдалану үшін есептен шығару:

-негізгі өндірісте

-көмекші өндірісте-жалпы өндірістік мақсаттарға

-әкімшілік шығындарына

 

 

8110

8310

8410

7210

 

 

1310

1310

1310

1310

10.

Шикізат пен амтериалдардыңтабиғи есептен кеміген мөлшерін бекітілген норма көлемінде есептен шығару

 

 

7210

 

 

1310

11

 

Сол сияқты, табиғи нормадан тыс көлемі

7410

1310

12

Кінәлі тұлғалар анықталмаған жағдайда, бүлінген, кемшін шыққан шикізат пен материалдарды есептен шығару

 

 

7410

 

 

1310

13

Сол сияқты, егер кінәлі тұлға анықталған болса, яғни келтірілген залалды кінәлі тұлға мойындап немесе залал келтірілгені туралы соттың шешімі шығарылса:

-кінәлі тұлғаның міндеттемесін көрсету

-кем шыққан немесе бүлінген шикізат пен материалдарды есептен шығару

 

 

 

 

1254

3390

 

 

 

 

3390

1310

14

Төтенше жағдайға байланысты жарамсыз болған немесе жойылып кеткен шикізат пен материалдарды есептен шығару

 

 

7470

 

 

1310

15

Өтеусіз берілген шикізат пен материалдарда көрсету

 

7410

 

1310

16

Сатылған шикізат пен материалдардың өзіндік құнын есептен шығару

 

7410

 

1310

17

Қызметі тоқтауға байланысты шикізат пен материалдарды есептен шығару

 

7510

 

1310

18

Шикізат пен материалдарды таза сату құнына  дейін арзандату

 

1360

 

1310

19

Ақысы төленген сапасыз шикізат пен материалдарды иесіне қайтару:

-келісілген сату құнына

-ҚҚС сомасына

 

 

1280

1280

 

 

1310

1420

20

Сапасыз шикізат пен амтериалдарды ақысы төленбей тұрып иесіне қайтару:

-келісілген сату құнына

-ҚҚС сомасына

 

 

3310

3310

 

 

1310

1420

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III.              Халықаралық қаржылық есептілік стандарты бойынша босалқылардың есебі

3.1 Халықаралық қаржылық есептілік стандарты бойынша босалқылардың есебі

 

 

Стандарттың мақсаты - босалқылар есебін жүргізу тәртібін орнату болып табылады. Босалқылар есебін жүргізудегі негізгі мәселе актив ретінде танылуға жататын және тиісті түсімдерді танығанға дейінгі келесі кезеңдерге көшірілетін шығындардың шамасын анықтау болып табылады. Стандарт шығынды анықтау және сатудың ықтимал таза бағасының шамасына дейінгі құнның кез келген азаюын қоса алғанда, оларды кейіннен шығыстар ретінде тану бойынша нұсқау береді. Сондай-ақ ол босалқылардың өзіндік құнын анықтау үшін пайдаланылатын өзіндік құнды есептеу тәсілдері жөнінде түсінік береді.

Халықаралық қаржылық есеп стандартына байланысты қолданылу саласы:

      қызмет көрсетулерге тікелей байланыстыны қоса алғанда, құрылыс салуға жасалған шарттар бойынша туындаған, аяқталмаған өндірістерді (қараңыз: 11-«Құрылыс салуға жасалған шарттар» IAS Халықаралық стандарты);

      қаржы құралдарын;

      ауыл шаруашылығы қызметімен және жинау кезінде ауыл шаруашылығы өнімімен байланысты биологиялық активтерді қоспағанда (қараңыз: 41-«Ауыл шаруашылығы» IAS) барлық босалқыларға қатысты қолданылады.

Халықаралық қаржылық есеп стандарты              :

                 ауыл және орман шаруашылығы өнімін, жиналғаннан кейінгі ауыл шаруашылығы өнімі, сондай-ақ осы өнеркәсіп салаларында қабылданған есеп практикасына сәйкес іске асырудың мүмкін болатын таза құны бойынша бағаланатын пайдалы қазбаларды өндірушілер қолданатын босалқыларды бағалауға қолданылмайды. Іске асырудың мүмкін болатын таза құны бойынша бағаланатын осындай босалқылар осы құнның өзгерістері болған кезеңде пайда және залалдар туралы есепте танылады.

                 сатуға жұмсалған шығындарды есептемегенде өзінің босалқыларын әділ құн бойынша бағалайтын тауар брокерлері және трейдерлер қолданатын босалқыларды бағалауға қолданылмайды. Осындай босалқыларды сатуға жұмсалған шығындарды шегеріп тастағанда, әділ құн бойынша бағалаған кезде, сатуға жұмсалған шығындарды шегеріп тастағанда әділ құнның өзгеруі өзгерістер болған кезеңдегі пайда және залалдар туралы есепте танылады.

Информация о работе Халықаралық қаржылық есептілік стандарты бойынша босалқылардың есебі