Халықаралық қаржылық есептілік стандарты бойынша босалқылардың есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2012 в 13:26, курсовая работа

Краткое описание

Тауарларды өндіру мен жеткізуде бір қалыптылық жоқ жағдайында үзіліссіз сауданы қамтамасыз ету үшін сауда мекемелері мен кәсіпорында қажетті тауар қорлары болуы қажет.

Оглавление

Кіріспе
I. Материалдардың жіктелуі мен жауапты тұлғаның есебі
2.1 Материалдық қорлардың ұғымы, классификациясы және бағалануы.
1.2 Материалдың жауапкершілік тұлғаның есеп беруі.
2.2 МАТЕРИАЛДАРДЫҢ ҚОЙМАДАҒЫ ЖӘНЕ СИНТЕТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ АНАЛИТИКАЛЫҚ ЕСЕБІ
2.1 Қорлардың қоймадағы есебі
2.2 Қорлардың синтетикалық есебі мен материалдық қозғалысын есепке алу
III. Халықаралық қаржылық есептілік стандарты бойынша босалқылардың есебі
3.1 Халықаралық қаржылық есептілік стандарты бойынша босалқылардың есебі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер:

Файлы: 1 файл

материалдың есебі.doc

— 244.50 Кб (Скачать)

Брокерлер және трейдерлер - тауарларды басқалар үшін немесе жеке өз есебіне сатып алатын немесе сататын тұлғалар. 3(б)-параграфында айтылған босалқылар негізінен жақын болашақта сату және бағаның немесе брокерлер мен трейдерлер маржасындағы ауытқулардан пайда табу мақсатында сатып алынады. Осындай босалқыларды сатуға жұмсалған шығындарды шегеріп тастағанда, әділ құн бойынша бағалаған кезде олар осы Стандарттың бағалау бойынша талаптарынан ғана алынып тасталады.

a.                                                                                            Босалқылар - бұлар:

                 қалыпты қызмет барысында сатуға арналған;

                 осындай сату үшін өндіріс процесіндегі;

              немесе

                 өндіріс процесінде немесе қызмет көрсетулері кезінде пайдалануға арналған шикізат немесе материалдар нысанындағы активтер.

Өткізудің ықтимал таза құны - бұл жұмысты орындауға жұмсалған ықтимал шығындар мен өткізуге арналған ықтимал шығындарды шегеріп тастағанда әдеттегі іс барысындағы болжамды сату бағасы.

Әділ құн - бұл активтерді олармен айырбастаған немесе осындай мәмілені жасаудан жақсы хабары бар, мәміле жасағысы келетін және бір-бірінен тәуелсіз тараптар арасында мәміле жасалған кезде міндеттемелерді реттеуге болатын сома.

Босалқылар міндетті түрде ең кемі екі деңгей бойынша: өткізудің өзіндік құны мен ықтимал таза құнында өлшенуге тиіс.

Босалқылардың өзіндік құнына міндетті түрде сатып алуға, қайта өңдеуге жұмсалған барлық шығындар және босалқыларды ағымдағы жай-күйіне және орналасқан жерге дейін жеткізу мақсатында жұмсалған шығындар жатады.

Босалқыларды сатып алуға жұмсалған шығындарға сатып алу бағасы, импорттық баж салықтары мен басқа да салықтар (ұйымдар кейіннен салық органдары арқылы өтейтін салықтардан басқалары), сондай-ақ тасымалдауға, өңдеуге арналған шығыстар және объектіні сатып алумен тікелей байланысты шығыстар жатады. Сауда жеңілдіктері, төлемдерді қайтару және басқа да осындай баптар сатып алуға жұмсалған шығындарды анықтаған кезде шегеріп тасталады.

Босалқыларды қайта өңдеу шығындарына еңбекақы төлеуге жұмсалған тікелей шығындар сияқты өнім бірліктерімен тікелей байланысты шығындар кіреді. Сонымен қоса оларға шикізаттан дайын өнім жасап шығару кезінде орын алған тұрақты және ауыспалы үстеме өндірістік шығыстарды жүйелі түрде бөлу кіреді. Тұрақты үстеме өндірістік шығыстар амортизация мен үйлерге қызмет көрсету және жабдықтар мен әкімшілік-басқару шығыстары сияқты өндіріс көлемінен тәуелсіз салыстыра алғанда өзгеріссіз болып қалатын жанама өндірістік шығындар болып табылады. Ауыспалы үстеме өндірістік шығыстар шикізаттың жанама шығындары мен еңбектің жанама шығындары сияқты өндіріс көлемінің өзгеруінен тікелей немесе тікелей дерлік тәуелді жанама өндірістік шығыстар болып табылады.

Төменде босалқылардың өзіндік құнынан алынып тасталатын және олардың пайда болуы кезеңінде шығыстар ретінде танылатын шығындардың мысалдары келтірілген:

                 шикізаттың, жұмсалған еңбектің нормативтен тыс ысырабы немесе басқа да өндірістік шығындар;

                 егер олар тек өндірістік процестің келесі кезеңіне көшу үшін осы өндірістік процесте қажет болмағанда ғана сақтауға жұмсалатын шығындар;

                 босалқыларды қазіргі орналасқан жеріне және жай-күйіне дейін жеткізуге байланысты емес әкімшілік үстеме шығыстар;

                 сатуға жұмсалатын шығындар.

Бірін-бірі алмастырмайтын босалқылардың жекелеген баптарының, сондай-ақ арнаулы жобалар үшін өндірілген және оларға арналған тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің өзіндік құны оларға жұмсалатын жеке шығындарды ерекше сәйкестендіру арқылы анықталуға тиіс.

Іс жүзіндегі шығыстардың нақты анықтамасы белгілі бір шығындар босалқылардың белгілі бір баптарына жататынын білдіреді. Есепке алудың бұл тәртібі, олардың сатып алынғанына немесе өндірілгеніне қарамастан, арнаулы жобаларға арналған бұйымдар үшін сәйкес келеді. Алайда, іс жүзіндегі шығындардың нақты анықтамасы босалқылардың бір-бірін алмастыра алатын бірліктері аса көп болған жағдайда бұған лайықты болмайды. Мұндай жағдайларда пайда немесе залалға есептің әсерін тигізу үшін босалқыларда қалатын баптар таңдау әдісін пайдаланылар еді.

Жоғарыда қарастырылған өзіндік құнын анықтауға жатпайтын босалқылардың өзіндік құны екі әдістің: алғашқы түскен өнім - алғашқы жөнелтілген өнім (ФИФО) немесе орташа өлшемді құн әдістерінің көмегімен анықталады. Ұйым сипаты және олардың ұйымдарда пайдалануы жағынан ұқсас барлық босалқылар үшін бағалаудың бірдей формулаларын пайдалану міндетті. Әр түрлі сипаттағы немесе пайдаланудағы босалқылар үшін әр түрлі бағалау формулаларын қолдану өзін-өзі ақтауы мүмкін.

Қаржы есептілігі міндетті түрде мыналарды:

(а)               босалқыларды, оның ішінде олардың өзіндік құнын есептеудің пайдаланылатын тәсілін бағалау үшін қабылданған есеп саясатын;

(b)               осы кәсіпорын қабылдаған босалқылардың жалпы баланстық құнын және саралау баптары бойынша баланстық құнын;

(c)              өткізудің ықтимал таза құны бойынша ескерілген босалқылардың баланстық құнын;

(d)               кезең ішінде шығыстар ретінде танылған босалқылардың тиісті сомасын;

(e)               кезең ішінде шығыс ретінде танылған босалқылар құнының кез келген арзандау сомасын;

(f)               осы кезеңде шығыс ретінде танылған босалқылар самасының төмендеуі жағынан танылатын шығынға есептелген босалқы құнының кез келген сомасын қалпына келтіруді;

(g)               шығынға есептелген босалқылардың қалпына келуіне әкелген жағдайларды және оқиғаларды;

және

(h) міндеттемелерді қамтамасыз ету ретінде салынған босалқылардың баланстық құнын ашу керек.

Ұйым осы Стандартты 2005 жылдың 1 қаңтарынан басталатын немесе осы күннен кейінгі кезеңдерді қамтитын жылдық кезеңдерде пайдалануға міндетті. Осы Стандартты мерзімінен бұрын пайдаланған жағдайда қолдау көрсетіледі. Егер осы Стандартты ұйым 2005 жылдың 1 қаңтарына дейін басталатын мерзімде қолданса, бұл фактіні ашып көрсетуі тиіс.

Басқа құжаттардың күшін жою

Осы Стандарт 2-«Босалқылар» IAS Халықаралық стандарттың орнына пайдаланылады (1993 ж. редакцияда).

Осы Стандарт SIC-1-«Бірізділік - босалқылар үшін өзіндік құнының әр түрлі формулалары» Түсіндірменің орнына пайдаланылады.

Қазақстанда мемлекеттік тілдегі ХҚЕС-ын тарату құқығы ХҚЕС жөніндегі Комитет Қорымен жасалған шарттың негізінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне тиесілі. ХҚЕС-на авторлық құқық ХҚЕС жөніндегі Комитет Қорына тиесілі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

 

              Сонымен, кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі барысында өздерінің өндірген дайын бұйымдары, сату үшін сатып алған тауарлары, сатып алған бірақ әзір ұйымға келіп түспеген тауарлары (жолдағы тауарлар), аяқталмаған өндіріс, басқаларға көрсеткен қызметтері, сондай-ақ жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету барысында пайдалануға арналған қосалқы бөлшектері, отындары, ыдыс және ыдыстық материалдары, жартылай фабрикаттар және басқа да материалдары сол ұйымның тауарлы-материалдық қоры түріндегі ағымдағы активі болып табылады.

Жақсы және дұрыс ұйымдастырылған есеп материалдардың түгел сақталуына, үнемді пайдаланылуына көмегін тигізеді. Материалдардың түгел және дұрыс сақталуы, сондай-ақ ұтымды пайдаланылуы, жұмсалуы үшін алдын ала тиісті түрде жабдықталған материалдық-қорларды сақтайтын қойма немесе бөлме болуы қажет және бөлмелердің әрқайсысы материалдардың белгілі бір түрін сақтауға арналған болуы керек; материалдар қойманың әр бөлігінде өздерінің түрлері, сорттары, өлшемдері бойынша керекті кезінде тез алуға және босатқаннан кейінгі кезде қалдығын тексеруді қамтамасыз ететіндей етіп орналастырылуы керек.

Еңбек заттары бір тектес емес.  Олардың бір-бірінен өндірісте атқаратын міндеттеріне қарай, сондай-ақ физикалық және химимялық қасиеттеріне қарай өзара айырмашылықтары бар. Сондықтан да материалдар есебін дұрыс ұйымдастырудың ең басты мәселесі - оларға экономикалық жағынан дәлелденген жіктеу жасау болып табылады.

Материалдар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін материалдардың номенклатуралық тізімі мен баға көрсеткішін дайындаған дұрыс.

Материалдардың номенклатурасы  деп өндірісте пайдаланылатын материалдардың белгілі бір түрлеріне олардың аты, сапасы, мөлшері және т.б. көрсеткіштері бойынша жасалған жіктеу тізімін айтады.

Материалдар өздері сақталып тұрған жері бойынша, яғни кәсіпорын қоймасында және кәсіпорын бухгалтериясында есептелінеді. Материалдық қорлардың қоймадағы есебінің дұрысұйымдастырылуы олардың дұрыс сақталынуына, қоймадағы жұмыстың дұрыс жүргізілуіне және олардағы жұмыстың қалай қойылғандығына байланысты.

Материалдардың бухгалтерияда аналитикалық есебі сандық және ақшалай өлшемде жүргізіледі. Мұндай есепті ұйымдастырудың көп қиындығына байланысты бухгалтерияда талдамалы есепті ұйымдастыру жұмысы үздіксіз жетілдіріліп келеді.

Өндірістік қорларды кіріске алу және шығысқа шығарудың бастапқы құжаттары материалдар есебін ұйымдастыруға, өндірістік қорларға аудит жүргізуге негіз болатын есептік көрсеткішті жинақтауда маңызды рөл атқарады. Тікелей бастапқы құжаттары аралық материалдар ресурстарының қозғалысына, сақталуына, тиімді пайдалануына алдын ала, ағымдағы және күнделікті бақылауды жүзеге асырады.

Шаруашылық жүргізуші шаруашылықтың қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есеп бас жоспарының «Материалдар» бөлімшесінің синтетикалық шоттарында шикізаттардың, сатып алынған жартылай фабрикаттардың, құрастыру бұйымдарының, конструкциялардың, отындардың, ыдыстардың және ыдыстық материалдардың, қосалқы бөлшектредің, құрылыс материалдардың сақталуын, пайдалануын және есебінің ұйымдастырырлуын аудиторлық тексеруді қойма шаруашылыған тексеруден бастаудың  маңызы зор.

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

 

              1. Абдиманапов А.А., Юсупжанова А.К. Организация учета том 3. // Бухгалтерский учет и аудит: - 2006 год. № 2. – стр. 44-54.

              2. Әбдіманапов Ә.Ә. Есеп көрсеткіштерін өзара салыстру мен талдау принциптері. // Бухгалтерлік есеп және аудит. – 2006 жыл.

              3. Әбдіманапов Ә.Ә. Бухгалтерлік есеп счеттарының жаңа типтік жоспарымен қалай жұмыс істеу керек. // Бухгалтерлік есеп және аудит. – 2007 жыл.

              4.              Әбдіманапов Ә.Ә. Қаржылық қорытынды есеп терминдері мен элементтерін тану. // Бухгалтерлік есеп және аудит. – 2007 жыл.

              5. Әбдіманапов Ә.Ә. Есеп саясатының концептуалды негіздері мен қалыптасуы. // Бухгалтерліқ есеп және аудит. – 2006 жыл.

                            6. Әбдіманапов Ә.Ә. Есеп саясатының концептуалды негіздері мен қалыптасуы. // Бухгалтерліқ есеп және аудит. – 2007 жыл

              7. №2 Халықаралық қаржылық есеп стандарты. www.google.kz

              8. "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы" заң 02.09.2009 жыл

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Информация о работе Халықаралық қаржылық есептілік стандарты бойынша босалқылардың есебі