Лекция по "Бюджетному праву"

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 18:14, лекция

Краткое описание

Работа содержит лекцию по дисциплине "Бюджетное право"

Файлы: 1 файл

Мороз кәсіпкерлік құқық.doc

— 1.33 Мб (Скачать)

тапсырма. ПИК 1998 ж. 30 қыркүйекте «Сэулетші» ЖШС-і мен Мемлекеттік мүлік жөніндегі қалалық комитет арасында жасалған көппэтерлі тұрғын үйге жанастырылып салынған қосымша тұрғын үй емес тұрақжайларды жалға беру шартын бұзу және оны жасалган кезінен және «Сәулетші» ЖШС-і орналасқан тұрақжайдан шығарылған кезден бастап жарамсыз деп тану жөнінде сотқа жүгінеді.

Талап-арыздар дау тудырып отырған түрақжайлар «Жөндеу зауыты» АҚ-ы салған және соңғының қабылдау-беру кесімі бойынша ПИК-ке ақысыз берген үйде орналасқанына негізделген. Талап қоюшының пікірінше, үйдің ПИК теңгеріміне берілуі арқылы аталған үйге катысты кұкықтар мен міндеттер, оның ішінде жанастыра салынған тұрғын үй емес тұрақжайларды жалға беру құқығы да «Жөндеу зауыты» АҚ-ынан ПИК-ке өткен.

Сот анықгағандай, тұрғын үйді «Жөндеу зауыты» АҚ-ы 1991 жылы салған және 1997 жылға дейін ведомстволық болып келген, яғни 1997 ж. дейін зауыт үй иеленуші болған. Мемлекеттік мүлік жөніндегі қалалық комитеттің 1994 ж. 2 акдандағы қаулысымен № 2-жөндеу зауыты «Жөндеу зауыты» АҚ-ы болып қайта құрылған. Оның үстіне, элеуметтік-мэдени жэне элеуметтік-түрмыстық мақсаттардағы нысандар, олардың қүнын қоғамның жарғы капиталына қоспағанда және мемлекет меншігіне қалдырьгла отырып, АҚ теңгеріміне билік ету қүқығымен емес, иелену, пайдалану және басқару қүқығымен берілген.

Жалдаушылар пәтерлерді жекешелендіргеннен кейін, үйдің түрғын үйге арналган бөлігі жэне ортақ меншік қүқығымен оларға тиесілі түрғын үй емес тұрақжайлар (технйкалық қабаттар, баспалдақ алаңдары, жертөлелер) тұрғындардың меншігіне айналды.

ҚР Үкіметінің 1997 ж. 17 сэуірдегі «Пәтерлер иеленушілердің тұтыну кооперативтеріның қызметін қолдау жөніндегі шаралар туралы» № 570-Қаулысына сәйкес, тұрғын үйлердегі жекешелендірілмеген тұрғын үй емес тұрақжайлар (үйдің ортақ меншік құқығымен меншік иелеріне жататын бөліктерін қоспағанда) мемлекет меншігі болып табылады және қолданылып жүрген зандарға сәйкес жекешелендірілуге жатады.

Тараптардың дәлелдерін талдаңыз. Даулы мүліктің меншік иесі кім болып табылады? Сот қандай шешім шығаруға тиіс?

7-тапсырма. Облыс прокуроры «Автокөліктерді қою үшін уақытша жалға беру Ережелерін» бекіту туралы қалалық мэслихаттың кезекті сессиясының шешімін заңсыз деп тану жөнінде сотқа жүтінді.

Іс материалдарынан белгілі болғандай, қалалық мэслихат қабылдаған «Жалпы пайдаланылатын қала жерлерін ұйымдастыру жэне күтіп-ұстау Ережелері туралы» шешімге сэйкес, жалпы пайдаланылатын қала жерлерін ұйымдастырудың жэне күтіп-үстаудың, қалада актокөлік қоюға арналған қысқа мерзімді жалдау ережелері жэне жерді автокөлік қою үшін қысқа мерзімге жалдау құны 40 теңге болып белгіленді.

Негізгі жер пайдаланушы жэне жерді автокөлік қою үшін қысқа мерзімге жалдауды ұйымдастьфушы болып қала экімінің Абаттаңдыру басқармасы тағайындалды жэне актокөліктерді қою ақшасы соған түсетін болды.

Бекітілген Ережелерде уақытша автокөлік тұрақтарына жер телімдерін бөлу материалдарын қала әкімінің Абаттандыру басқармасы жер құрылысы жобаларын эзірлеу жэне бекіту, жалға беру шартын жасай отырып, жер телімдерін уақытша пайдалануға беру ушін «Қалалық жер комитеті» кэсіпорнына жолдайтыны белгіленген, сондай-ақ актокөлік қою жерлерін иеленушілердің міндеттері жэне ақы төлеу шарттары айқындалған.

Сонымен қатар автотұрақгарды иеленушілердің қызмет керсететін қызметкерлеріңде ақы алу құқығына берілген куәлік, кеудеге тағатын белгі, реттік нөмірлермен белгіленген жэне Абаттандыру басқармасының мерімен куэландырылған жыртылатын талоны бар бірыңғай үлгідегі квитанция болуы көзделген.

Сот ңандай шешім шыгаруга тиіс? Жалпы пайдаланылатын жерлердің ңүңыңтыңрежимінің ерекшеліктері ңандай?

Тестілер:

1. Пайдалану құқығы - ол:

А. Затты иеленуді жүзеге асыру мүмкіндігі.

Ә. Мәмілелер жасау және өз мүлкіне қатысты басқа да заңды іс-әрекеттер жасау мүмкіндігі.

Б. Заттың іс жүзіндегі жэне заңды тағдырын анықтау мүмкіндігі. В. Заттан оның пайдалы табиги касиеттерін шығару мүмкіндігі.

Меншік иесі құзыреттерінің қайсысы басты және айқындаушы болып табылады?

А. Иелену құқығы.

Ә. Пайдалану құқығы.

Б. Билік ету құкығы.

В. Шаруашылықішілік басқару құқығы.

Шаруашылық жүргізу құқыгы - ол:

А. Мекеменің заттық құқығы. Ә. Мемлекеттік мекеменің заттық құкығы. Б. Мемлекеттік кэсіпорынның заттық кұкьгғы. В. Қазынашылық кәсіпорынның заттық құқығы.

Мүлікті міндеттемелік түсіну:

А. Мүлік - ол заттардың жэне мүліктік құқықтардың жиынтығы. Ә. Мүлік - ол заттардың, мүліктік қүкықтардың жэне міндеттердің жиынтығы.

Б. Мүлік - ол заттар мен материалдық құңдылықтардың жиынтығы.

В. Мүлік - ол заттар мен материалдық емес құндылықтардың жиынтығы.

Мүліктік игіліктер мен қүқықтарга төмендегі жатпайды: А. Заттар.

Ә. Ақша жэне бағалы қағаздар.

Б. Авторлық құқық жэне туындыға қолсұқпаушылық. В. Қызметтер, жұмыстардың нэтижелері.

Айналымнан алынған заттарга төмендегілер жатады:

А. Әскери атқыш қол қаруы.

Ә. Қымбат бағалы металдар және қымбат бағалы тастар. Б. Мұнай және басқадай энергия көздері. В. Су нысандары.

Жылжымайтын мүліктің қүқықтық режимі келесілерге қолда-нылады:

А. Суда жүзетін кемелер. Ә. Жеңіл автомобильдер. Б. Жолаушы пойыздары.

Жүк автомобильдері.

8. Жеке меншікке беруге жатпайтындар:

А. Жер телімдері.

Ә. Жер қойнауы телімдері.

Б. Жалпьгға таратылмаған пайдалы қазбалар.

Жалпыға таратылған пайдалы қазбалар.

Жылжитын заттарға жататындар:

А. Қолма-қол ақша.

Ә. Қолма-қол емес ақша. Б. Бағалы қағаздар.

В. Тауар белгісі және қызмет көрсету белгісі.

10. Эмиссиялық емес бағалы қағаздар болып табылатындар:

А. Акция. Ә. Облигация. Б. Коносамент. В. Чек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8-тақырып. Кәсіпкерлік қызметті  мемлекеттік реттеу Тақырып бойынша сұрақтар:

Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік  реттеудің түсінігі жэне түрлері.

Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік  реттеу органдары жүйесі.

Кәсіпкерлік кызметті мемлекеттік  реттеу эдістері жэне бағыттары.

Кәсіпкерлік қызмет саласындағы мемлекеттік бақылау.

Нормативтік материал:

ҚР Азаматтық кодексі (Жалпы  бөлім). 27.12.1994. // ҚР Жоғарғы Кеңесінің  ведомостары. 1994. № 23-24 (қосымша). 282-бап; ҚР Азаматтық кодексі (Ерекше бөлім). 01.07.1999 ж. № 409-1. // ҚР Парламентінің ведомостары. 1999. № 16-17. 642-бап.

2003 ж. 20 маусымдағы № 442-П ҚР  Жер кодексі. // Казахстанская правда. 04.05.2005 ж.

2008 ж. 10 желтоқсандағы № 99-ІУ  «Салық жэне бюджетке төленетін  басқа да міндетті төлемдер  туралы» ҚР Кодексі. // «Параграф»  АЖ.

1995 ж. 23 желтоқсандағы № 2721-ші «Жекешелендіру туралы» ҚР Заңы. // ҚР Жогарғы кеңесінің ведомостары. 1995. № 24. 163-бап.

2001 ж. 16 қаңтардағы № 142-П «Коммерциялық  емес үйымдар туралы» ҚР Заңы. ҚР Парламенті ведомостары. 2001. №  1. 8-бап.

2001 ж. 16 шілдедегі № 242-П «Қазақстан Республикасындағы сэулет, қала құрьшысы жэне қүрылыс қызметі туралы» ҚР Заңы. ҚР Парламентінің ведомостары. 2001. № 17-18. 243-бап.

2006 ж. 31 қаңтардағы № 124-ИІ «Жеке  кәсіпкерлік туралы» ҚР Заңы. Казахстанская правда. 07.02.2006. № 27 (24998).

ҚР Жоғарғы сотының 1992 ж. желтоқсанның 18-індегі «Сот тэжіри-бесінде жеке және заңды түлғалардың ар-ожданы, қадір-қасиеті жэне іскерлік беделі туралы» № 6-нормативтік қаулысы (Қосымшаны қараңыз).

ҚР Жоғарғы сотының 2004 ж. 26 қарашадагы «Соттардың экімшілік құқық бұзушылық туралы зандарды қолдануының кейбір мәселелері туралы» № 18-нормативтік қаулысы (Қосымшаны қараңыз).

ҚР Жоғарғы сотының 2006 ж. 23 маусымдағы «Салық заңын қолданудың сот тэжірибесі туралы» № 5-нормативтік қаулысы (Қосымшаны қараңыз).

ҚР Жоғарғы сотының 2007 ж. 16 шілдедегі «Соттардың жер заңдарын қолдануының кейбір мәселелері туралы» № 6-нормативтік қаулысы (Қосым-шаны қараңыз).

ҚР Жоғарғы сотының 2008 ж. шілденің 10-ындағы «Жауапкершілігі шектеулі жэне қосымша жауапкершілігі бар  серіктестіктер туралы заңдарды қолданудың кейбір мэселелері туралы» № 2-нормативтік қаулысы (Қосымшаны қараңыз).

Әдебиет:

И.В.Амирханова. Гражданско-правовое обеспечение развития предприни-мательства в РК. - Алматы, ҚазМУ, 2003.

Ю.Г.Басин. Избранные труды по гражданскому праву. // Құрастырушы М.К.Сүлейменов. - Алматы, «Әділет» ЗА-ЖҚМ-і, ҚазМЗУ Жеке қүқық ҒЗИ-і, 2003.

С.В.Белых. Свобода предпринимательской деятельности как конститу-ционно-правовая категория РФ. - СПб.: Р.Асланованың «Юридический центр Пресс» баспасы, 2005.

Н.Ю.Круглова. Хозяйственное право. - М., 2006.

Право и внешнеэкономическая деятельность в Республике Казахстан. // Жауапты  ред. М.К.Сүлейменов. - Алматы, ҚазМЗА, 2001.

Предпринимательское право Российской Федерации. // Жауапты ред. Е.П.Губин, П.Г.Лахно. - М.. Юристь, 2006.

Субъекты гражданского права. // Жауапты  ред. М.К.Сүлейменов. -Алматы: ҚазМЗУ Жеке құқық ҒЗИ-і, 2004.

Тапсырмалар:

1-тапсырма. «Техносервис» ЖШС-і  Ақтау қаласының экіміне, «Ақтау  қаласының қала қүрылысы және  құрылыс бөлімі» ММ-іне, Сәулет-құрылыс бақылауы, Маңғыстау облысы бойынша тексеру жэне лицензиялаудың аумақтық басқармасына шағымданып, Ақтау қаласы әкімдігінің 2005 ж. 15 сәуірдегі, 2006 ж. 27 сәуірдегі, 2007 ж. 15 мамырдағы қаулысын, Сәулет-құрылыс бақьшауы, Маңғыстау облысы бойынша тексеру және лицензия-лаудың аумақтық басқармасының 2007 ж. 15 мамырда берген хабарламасын, «Ақтау қаласының қала құрылысы жэне құрылыс белімі» ММ-інің хабарламасын мына негіздемелерге байланысты заңсыз деп тану және күшін жою туралы талап-арызбен сотқа жүгінеді: Ақтау қаласы әкімінің 2004 ж. 30 сәуірдегі өкімімен Ақтау қаласындағы тұрғын үй кешенін жобалауға рұқсат алынған. Осы өкімде жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу және жер телімін рәсімдеу талабы белгіленіп, соның негізінде Ақтау қаласының әкімдігі 2004 ж. 12 мамырда тұрғын үй кешені құрылысының шекарасы және нақты анықталған салынатын алаңы бекітіледі, сондай-ақ 2004 ж. 27 мамырда 2009 ж. 26 наурызына дейінгі мерзімге жер телімін жалға беру туралы үлгі шарт жасалып, белгіленген тәртіпте 2005 ж. 4 мамырда тіркеледі. Сонымен бірге «Жобаэкспо» ЖШС-і жобалау ұйымымен жасалған шарт негізінде түрғын үй кешені құрылысының әзірленген жұмыстық жобасына сәйкес, Сәулет-құрылыс бақылауы, Маңғыстау облысы бойынша тексеру және лицензиялаудың аумақтық басқармасы нөлдік кезенде құрылыс-құрастыру жұмыстарын орындауды жүзеге асыруға рұқсат береді, ал Ақтау қаласы әкімінің 2004 ж. 18 маусымдағы өкімімен тұрғын үй кешенінің құрылысын жүргізуге рұқсат беріледі.

2005 ж. мамырдың аяғында талап  етушіге Ақтау қаласы әкімдігінің 2005 ж. 15 сәуірдегі қаулысымен Ақтау қаласы әкімінің 2004 ж. 30 сәуірдегі өкімі жер телімінің «игерілмеуі» себепті заңды күшін жойған болып танылады жэне әкімдіктің 2006 ж. 27 сәуірдегі қаулысымен аумағы 3 720 шаршы метр жер телімі Ақтау қаласының жер қорына аударылады, ал 2004 ж. 27 мамырдағы жалға беру шарты бұзылған болып танылғаны мәлім болады.

Егер талап қоюшының өзіне алган  шарт міндеттемелерін орындамаганы және түргын үй кешені құрылысын салуга кіріспегені дәлелденсе, сот қандай шешім шыгаруга тиіс?

тапсырма. Сот өз шешімімен талап  қоюшының салық қызметі органының  «Ауылшаруашылық өнімдері» АҚ-ына  тиесілі мүлікке билік етуді  шектеу жөніндегі іс-әрекеттерін  заңсыз деп тану туралы талабын канағаттандырудан  бас тартты. Дүкен ғимаратын сату бойынша аукцион өткізу нәтижелері және осы дүкенді сатып алу-сату жөніндегі салық комитеті мен «Кристина» ЖШС-і арасындағы мәміле жарамсыз деп танылған, тараптар бастапқы жагдайларына келтірілген.

Сотта «Ауылшаруашылық өнімдері»  АҚ-ының 36 826 200 теңге сомасында бюджетке төленетін төлемдер бойынша берешегі бола түрып, салық төлемегені, соған байланысты салық қызметі органы салық төлеушінің мүлкіне билік етуді шектеу туралы шешім шығарып, бүл мүлікті қаттағаны, оның үстіне «Ауылшаруашылық өнімдері» АҚ-ының өкіліне комитеттің іс-әрекеттеріне шағым берудің мерзімдері мен тәртібін түсіндіргені анықталады.

Іс материалдарынан белгілі  болғандай, дүкенді сату туралы аукцион  салық төлеушінің қатысуынсыз және салық төлеушінің мүлкіне билік  етуді шектеу салу сәтінен бастап екі айдан кейін өткізілген.

Тараптардың дәлелдерін талдаңыз. Сот  шешімі негізді ме?

тапсырма. «Еуразия» АҚ-ы мен  «Мирас» ЖШС-і арасында дүкен  тұрақжайын сатып алуға алдын  ала шарт жасалып, онда тараптар шарт міндеттемелерін бұзған жағдайда дүкен  құнының 1/3 бөлігі көлемінде айыппүл төлеу ыкпалшаралары көзделеді. Сонымен бірге шартта иеленуші -«Мирас» ЖШС-і шартқа қол қойылған күннен бастап алты ай ішінде дүкенді сатып алу туралы үшінші түлғаларға ұсыныс жасамауға және сатып алу үшін парапар тұракжай іздестірмеуге, сондай дүкен сатып алуға келіссөздер жүргізбеуге және міндеттемелері бар шарт жасаспауға міндеттенеді (шарттың 2.1.2-тармағы).

Аддын ала шарт жасалғаннан кейін  бір ай өткеңде, «Мирас» ЖШС-і  «Еуразия» АҚ-ына сатып-алу-сату туралы аталған шартты шартта көрсетілген мерзімде жасауға немесе шарттың 3.1-тармағы талаптарына сәйкес айыппұл төлеуге ұсыныс жолдайды. Алайда үш айдан кейін «Еуразия» АҚ-ы өндірістік кешен сатып алады, тұрақжайдың бір бөлігін сауда залы ретінде пайдалануға болатыны себепті тараптардың өзара келісімі бойынша «Еуразия» АҚ-ы «Мирас» ЖШС-іне 4 503 276 теңге сомасының тауарлық-материалдық құндылықтары түрінде айыппұл телейді.

Информация о работе Лекция по "Бюджетному праву"