Лекция по "Бюджетному праву"

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 18:14, лекция

Краткое описание

Работа содержит лекцию по дисциплине "Бюджетное право"

Файлы: 1 файл

Мороз кәсіпкерлік құқық.doc

— 1.33 Мб (Скачать)

Тараптардың дәлелдеріне талдау жасаңыз. Сот қандай шешім шығаруға тиіс?

тапсырма. 2000 ж. 21 ақпанда «Жылу желілері» МҚК-і шарт бойынша міндеттемелерді орындамағанына байланысты залалдың орнын толтыру үшін ПИК-тен 2 546 302 теңге өндіріп алу және мемлекеттік бажды қайтару туралы талаппен сотқа жүгінеді.

Іс материалдарынан белгілі болғандай, 1998 ж. 1 қазандағы шарт бойынша «Жылу жүйелері» МҚК-і ПИК-ке тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін керсету жөнінде өзіне міндеттеме алады, ал соңғы ол жүмыстардың ақысын төлеуге міндеттенеді. Алайда жауап беруші өзінің міндеттемелерін бұзып, көрсетілген қызметтер үшін 2 546 302 теңге (оның ішінде талап қоюшының шарттың барлык қолданылу мерзімінде төлем жасау туралы жауап берушіге жолдаған бланкілерін басып шығаруға кеткен 350 765 теңге бар) көлемінде ақы төлеу мерзімін өткізіп алады. Оған 1999 ж. 1 желтоқсандағы салыстыра тексеру кесімі дәлел болады.

ҚР Үкіметінің 1996 ж. 13 мамырдағы «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын монополиясыздандыру және тұрғын үй-коммуналдық кызметтер үшін есеп айырысуларды тәртіпке келтіру туралы» 587-Қаулысына сәйкес: егер үйлердің меншік иелері бірлестігімен, ал олар болмаған жағдайда жекелеген меншік иелерімен жұмыстар орындауға шарттар жасалмаса және накты орындалған жұмыстар қабылданбаса, пайдалану шығыстары өндіріп алуға жатпайды.

Тараптардың дәлелдеріне талдау жасаңыз. Сот қандай шешім шығаруға тиіс?

тапсырма. Прокурор «Еңбек» ӨК-і мүдделерін қорғап, 2000 ж. 2 қаңтарда «Еңбек» ӨК-і басқармасы төрағасының автокөлік жолы кәсіпорнына берген кепілдік міндеттемесін, - кепілдік міндеттеме беру туралы мәселе ӨК мүшелерінің жалпы жиналысында да, оның басқармасында да қаралмағаны және төрағаның өз уәкілеттіктерін асыра пайдаланып берілгені себепті, заңсыз деп тану женінде сотқа жүтінеді.

Сотта 1998 ж. 17 ақпанда «Оңтүстік» агрокомбинатының салынып жатқан кәсіпорындары дирекциясы мен автокөлік жолы кәсіпорны арасында шарт жасалғаны, соған сәйкес соңғының көлік жүретін жолды салу және көшелерді абаттандыру бойынша жұмыстардың бір бөлігін орындағаны мәлім болды.

«Оңтүстік» АӨК-і бас директорының бұйрығы бойынша 1999 ж. 1 ақпанда нысандардың қаржыландыру көзінің болмауы себепті аяқталмаған құрылыс «Оңтүстік» АӨК-інің теңгерімінен «Еңбек» ӨК-і теңгеріміне беріледі. Қабылдау-беру кесімі бойынша аяқталмаған құрылыстың нақты құны 804 000 теңге болған.

Кейіннен, «Еңбек» ӨК-і басқармасының төрағасы аудан әкімінің келісімімен автокөлік жолы кәсіпорнына «Еңбек» ӨК-і басқармасы теңгерімге қабылданған жол құрылысы үшін өзара есеп айырысу есебіне жатқызып, 2001 ж. өнімнен 5 200 тонна көлемінде 3 жэне 4-сүрып бидайымен немесе нарықтық құн бойынша ақшалай сомамен есеп айырысатыны туралы кепілдік міндеттеме берген.

Тараптардың дәлелдерін зерттеңіз. Сот қандай мән-жайларды ескеруге тиіс? Егер жауап берушінің нысанды теңгерімге «Еңбек» ӨК-і (жарғысы 2001 ж. 20 қаңтарда, яғни нысан теңгерімге қабылданған және кепілдік міндеттеме берілген соң бір жылдан кейін қабылданған төрағасының және бас бухгалтерінің қатысуымен 2000 ж. 17 қаңтарда қабылдағаны дәлелденсе, сот шешімі өзгере ме?

тапсырма. «Астанакөгалқұрылыс» ЖШС-і «Форсаж» ЖШС-інен 70 877 445 теңге негізгі борышты, 932 055 теңге сомасында айыпақы, сондай-ақ талап берген кезде төленген мемлекеттік бажды өндіріп алу жөнінде сотқа жүгінді.

Сот материалдарынан белгілі болғандай, «Астанакөгалқұрылыс» ЖШС-і мен «Форсаж» ЖШС-і арасында 2004 ж. 6 шілдеде және 2005 ж. 15 желтоқсанда қосымша мердігерлік жұмыстар орындауға жасалған шарттар бойынша шартқа берілген қосымшаға сәйкес, талап қоюшы Астана қаласының көшелерін көгалдандыру бойынша негізгі және мердігерлік жұмыстарды орындауға міндеттенген. 2004 ж. 6 шілдедегі шарт бойынша жұмыстардың құны шамамен 142 000 000 теңге болса, ал 2005 ж. 16 желтоқсандағы шарт бойынша 84 000 000 теңгені құраған.

Көрсетілген шарттардың талаптарын орындай отырып, талап қоюшы 2004 ж.

6 шілдедегі негізгі шарт бойынша жалпы сомасы 153 806 095 теңгеге,    2005 ж. 16 желтоқсандағы қосымша шартқа сәйкес 75 151 350 теңгеге 
орындалған жұмыстарды тапсырады, екі шарт бойынша жұмыстардың 
құнының барлық жалпы сомасы 228 957 445 теңге болған. Алайда жауап 
беруші 158 080 000 теңге ғана төлеген, төленбеген сома қалдығы - 70 877 445 
теңге. Сөйтіп, талап қоюшы негізгі қарыз - 70 877 445 теңгені, 932 055 теңге 
айыпақы, сондай-ақ талап бергендегі мемлекеттік бажды өндіріп беруді 
сұрайды.

Жауап беруші талап-арыздарды мойындамады және мынаны түсіндірді: «Бухгалтерлік есеп және қаржы қызметі туралы» ҚР Заңына сәйкес, орындалған жұмыстардың кесімі бастапқы (негізгі) құжаттар болып табылады. 2005 ж. 16 желтоқсандағы шарт бойынша орындалған жұмыстардың № 2В үлгісіндегі кесімдеріне және КС-3 үлгісіндегі олардың құны туралы анықтамаларға қол қойған «Форсаж» ЖШС-інің өкілі В.С.Жуковтың оларға қол қоюға құзыреті болмаған. Талап қоюшы нысан бойынша жұмыстардың аяқталғаны туралы жауап берушіге жазбаша түрде хабарламаған және атқарушылық құжаттама - жасырын жұмыстар кесімдерін, сертификаттарды, жұмыстар жүргізу журналын табыс етпеген. Аталған құжаттардың болмауы себепті орындалған жұмыстың жобаға сәйкестігін анықтау мүмкін емес, талап қоюшы аталған шарт бойынша жұмыстың қажетті атқарушылық қүжаттарын табыс еткен кезде, олар тиісті тәртіпте қабылданады және төленеді. 2004 ж. 6 шілдедегі шарт бойынша орындалған жұмыстар 162 948 615 теңгеге қабылданды және 158 080 000 теңге сомаға қызметтері үшін бас мердігер ұстап қалған 3% соманы есепке ала отырып төленді, сондықтан жауап беруші талап-арыздан бас тартады.

Тараптардың уәждерін талдаңыз. Сот қандай шешім шығаруға тиіс?

 

Тестілер:

Кәсіпкерлердің азаматтық құқықтарды бәсекелестікті шектеу мақсаттарында пайдалануына

А. Заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, рұқсат етіледі.

Ә. Заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, рұқсат етілмейді.

Б. Заң арқылы шектеледі.

В. Заң арқылы тыйым салынады.

Оқшауланған мүлік төмендегі болып табылады:

А. Бизнесті ары қарай дамыту шарты.

Ә. Кәсіпкерлік қызметтің кез келген субъектісінің тарихи қалыптасқан атрибуты.

Б. Кәсіпкерлік қызмет субъектісінің өзіндік мүліктік жауапкершілік негізі.

В. Кәсіпкерлік қызмет субъектісі қаражаттарының жай-күйін сипаттайтын көрсеткіш.

Азаматтық айналым субъектісін кәсіпкер ретінде тану үшін, оның:

А. Шаруашылық біліктілігі болуы керек.

Ә. Бизнес жүргізу үшін, меншігінде өндіріске, кеңсеге арналған немесе басқадай тұрғын үй емес үй-жайы болуға тиіс.

Б. Бюджет алдында берешегі болмауы керек.

В. Банктік шотында ақшалай қаражаты болуға тиіс.

Табиғи монополия субъектілерінің:

А. Жалпы біліктілігі болуы керек.

Ә. Арнайы біліктілігі болуы қажет.

Б. Өзгеше біліктілігі болуы керек.

В. Шектеулі біліктілігі болуы қажет.

Кәсіпкерге міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісті емес дәрежеде орындағаны үшін мүліктік жауапкершілік жүктеледі:

А. Қасақана пиғылы болған жағдайда ғана.

Ә. Қасақана пиғьшы жэне өрескел абайсыздық болған жағдайда ғана.

Б. Кінәнің кез келген түрінде.

В. Кінәсіна қарамастан.

Заңдарда төмендегілердің қаржылай көмек көрсету жауапкершілігі көзделген:

А. Егер тарату кезінде оның барлық борыштарын өтеу үшін қолда бар мүлкі жетпейтін болса, толық серіктестік қатысушыларының;

Ә. Қатысушылардың біреуі банкрот болған жағдайда, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік қатысушыларының;

Б. Олар салған салымдардың екі еселенген көлемінде сомалар жеткізіксіз болғанда, коммандиттік серіктестік қатысушыларының;

В. Өндірістік кооперативтің міндеттемелері бойынша оның мүшелерінің.

Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінін құқықтық қабілеттері төмендегімен шектеледі:

А. Мемлекеттік салық салу жүйесімен.

Ә. Қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялау жүйесімен.

Б. Мемлекеттік баға белгілеу жүйесімен.

Кедендік реттеу жүйесімен.

8. Қызметтік мақсаттары бойынша занды тұлғалар төмендегілерге ажыратылады:

А. Шетелдік және ұлттық.

Ә. Мемлекеттік және жеке.

Б. Коммерциялық және коммерциялық емес.

В. Республикалық және жергілікті.

9. Шағын кәсіпкерлік субъектілері болып заңды тұлға құрмай 
жұмыс істейтін, қызметкерлерінің орташа жылдық саны төмендегідей 
жеке кәсіпкер саналады:

А. 10 адамнан аспайтын.

Ә. 20 адамнан аспайтын.

Б. 30 адамнан аспайтын.

В. 50 адамнан аспайтын.

10. Ірі кәсіпкерлік субъектілері томендегілер болып табылады:

А. Жеке кәсіпкерлер және жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын, қызметкерлерінің орташа жылдык саны жүз адамнан асатын заңды тұлғалар.

Ә. Жеке кәсіпкерлер және жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын, кызметкерлерінің орташа жылдық саны жүз елу адамнан асатын занды түлғалар.

Б. Жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын, қызметкерлерінің орташа жылдық саны екі жүз адамнан асатын занды түлғалар.

В. Жеке кәсіпкерлікті жүзеге асьгратын, қызметкерлерінің орташа жылдык саны екі жүз елу адамнан асатын заңды түлғалар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6-тақырып. Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің құрылуы, қайта құрылуы және таратылуы

 

Тақырып бойынша сұрақтар:

Кәсіпкерлік қызмет субъектілерін ысүру тәртібі.

Кәсіпкерлік қызмет субъектілерін қайта құру және тарату.

 

Нормативтік материал:

ҚР Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім). 27.12.1994. // КР Жоғарғы Кеңесінің ведомостары. 1994. № 23-24 (қосымша). 282-бап; КР Азаматтық кодексі (Ерекше бөлім). 01.07.1999 ж. № 409-1. // ҚР Парламентінің ведомостары 1999 № 16-17. 642-бап.

1997 ж. 16 шілдедегі ҚР Қылмыстық кодексі. № 167-1. ҚР Парламентінің ведомостары. 1997. № 15-16. 211-бап.

1999 ж. 13 шілдедегі № 411-1 ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексі // Казахстанская правда. 27.07.1999. № 179-180 (22896-22897).

2008 ж. 10 желтоқсандағы № 99-Г7 «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексі. // «Параграф» АЖ.

1995 ж. 17 сәуірдегі «Занды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» ҚР Заңы. № 2198. // ҚР Жоғарғы Кеңесінің ведомостары. 1995. № 3-4. 35-бап.

1995 ж. мамырдың 2-індегі «Шаруашылық серіктестіктері» туралы ҚР Заңы.

№ 2255. // ҚР Жоғарғы Кеңесінің ведомостары. 1995. № 7. 49-бап.

ж. 21 қаңтардағы № 67-1 «Банкроттық туралы» ҚР Заңы. ҚР Парламентінің ведомостары. 1997. № 1-2. 7-бап.

ж. 22 сәуірдегі № 220-1 «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» ҚР Заңы. ҚР Парламентінің ведомостары. 28.04.1998. № 5-6 (2271)

2001 ж. 16 қаңтардағы № 142-П «Коммерциялык емес ұйымдар туралы» ҚР Заңы. ҚР Парламенті ведомостары. 2001. № 1. 8-бап.

1996 ж. 31 мамырдағы № 3-1 « Қоғамдық бірлестіктер туралы» ҚР Заңы. ҚР Парламентінің ведомостары. 1996. № 8-9. 234-бап.

2000 ж. 5 мамырдағы № 78-ІІ «Қаржы лизингі туралы» ҚР Заңы. ҚР Парламентінің ведомостары. 2000. № 10. 247-бап.

2003 ж. 13 мамырдағы № 415-П «Акционерлік коғамдар туралы» ҚР Заңы. // Казахстанская правда. 2003. № 141-142 (24081-24082).

2006 ж. 31 қаңтардағы № 124-Ш «Жеке кәсіпкерлік туралы» ҚР Заңы. Казахстанская правда. 07.02.2006. № 27 (24998).

ҚР Жоғарғы сотының 2004 ж. 18 маусымдағы «Өз қызметін зандарды өрескел бұза отырып жүзеге асьгратын заңды тұлғаларды таратудың сот тәжірибесі туралы» № 5-ші нормативтік қаулысы (Қосымшаны қараңыз).

ҚР Жоғарғы сотының 2006 ж. 23 маусымдағы «Салық заңын колданудың сот тәжірибесі туралы» № 5-нормативтік қаулысы (Қосымшаны қараңыз).

ҚР Жоғарғы сотының 2008 ж. 10-шілдедегі «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы зандарды қолданудың кейбір мәселелері туралы» № 2-нормативтік қаулысы (Қосымшаны қараңыз).

 

 

 

 

 

 

Әдебиет:

Ю.Г.Басин. Избранные труды по гражданскому праву. // Құрастырушы М.К.Сүлейменов. - Алматы, «Әділет» ЗА-ЖҚМ-і, ҚазМЗУ Жеке құқық ҒЗИ-і, 2003.

А.Ю.Бушев, О.А.Городов, НЛ.Вещунова жэне басқалары. Коммерческое право: оқулық. // Редакциясын басқарған В.Ф.Попондопуло, В.Ф.Яковлева. 2-6. - СПб: Санкт-Петербор университетінің баспасы, 1998.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім). 2 кітаптағы түсіндірмелер. - Түзетіліп, толыктырьшып, сот тәжірибесін пайдалана отырып 2-ші басылуы. // Жауапты ред. М.К.Сүлейменов, Ю.Г.Басин. - Алматы, Жеті жарғы, 2003.

Гражданское и торговое право зарубежных стран: оқу құралы. // Редакциясын басқарған В.В.Безбах жэне В.К.Пучинский. - М.: МЦФЭР, 2004.

Гражданское право. Макалалар жинағы. Жалпы бөлім. Оқу құралы. // Жауапты ред. А.Г.Диденко. - Алматы, Нүр-пресс, 2006.

С.И.Климкин. Юридические лица (мақалалар жинағы). - Алматы, «Норма-К баспасы» ЖШС-і, 2004.

Субъекты гражданского права. // Жауапты ред. М.К.Сүлейменов. -Алматы: ҚазМЗУ Жеке құқық ГЗИ-і, 2004.

Информация о работе Лекция по "Бюджетному праву"