Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 18:14, лекция
Работа содержит лекцию по дисциплине "Бюджетное право"
I БӨЛІМ. КӘСІПКЕРЛІК (ШАРУАШЫЛЫҚ) Қ¥ҚЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ БӨЛІМІ
1-тақырып. Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқыққа кіріспе
Тақырып бойынша сұрақтар:
Кәсіпкерлік (шаруашьшық) құқықтың қалыптасу және даму тарихы.
Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқықтың казіргі заманғы түсінігі.
Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқықтың пайда болу және даму кезендері.
Нормативтік материал:
Қазақ КСР-інің 1963 ж. желтоқсанның 28-індегі Азаматтық кодексі. // Қазақ КРС-інің Жоғарғы Кеңесінің ведомостары. 1964. № 2. (Қосымша; 1-223-баптары ҚР Жоғарғы Кеңесінің 1994 ж. желтоқсанның 27-індегі № 269-ХІІ қаулысына сәйкес күшін жойды. Азаматтық кодекс (Ерекше бөлім) 1999 ж. шілденің 1-індегі № 410-1ҚР Заңына сәйкес күшін жойды).
Қазақ КСР-інің 1963 ж. желтоқсанның 28-індегі Азаматтық іс жүргізу кодексі. // Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі және Үкіметінің ведомостары. 1964. № 2 (1999 ж. шілденің 13-індегі № 412-1ҚР Заңына сәйкес күшін жойды).
1994 ж. желтоқсанның 27-індегі Қазақстан Ресггубликасының Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім). ҚР Жоғарғы Кеңесінің ведомостары. 1994. № 23-24 (қосымша). 282-бап; 1999ж. шілденің 1-індегі ҚР Азаматтық кодексі (Ерекше бөлімі). № 409-1. // ҚР Парламентінің ведомостары. 1999. № 16-17. 642-бап.
Қазақ КСР-інің 1990 ж. желтоқсанның 11-індегі № 391-XII «Шаруашылық қызметтің еркіндігі және Қазақ КСР-інде кэсіпкерліктің дамуы туралы» Заңы. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің ведомостары. 1990. № 51. 483-бап (2004 ж. желтоқсанның 20-ындағы № 12-ПІҚР Заңына сәйкес күшін жойды).
Қазақ КСР-інің 1990 ж. желтоқсанның 15-індегі «Меншік туралы» Заңы. // Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің ведомостары. 1991. № 1. 18-бап (ҚР Жоғарғы Кеңесінің 1994 ж. желтоқсанның 27-індегі № 269-ХІІ қаулысына сәйкес күшін жойды).
Қазақ КСР-інің 1991 ж. маусымның 21-індегі № 690-ХІІ «Шаруашылық серіктестіктері жэне акционерлік қоғамдар туралы» Заңы. // Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің ведомостары. 1991. № 26. 343-бап (ҚР Президентінің 1995 ж. мамырдың 2-індегі заң күші бар № 2257-Жарлығына сәйкес күшін жойды).
Қазақ КСР-інің 1991 ж. маусымның 22-індегі «Мемлекет иелігінен шығару және жекешелендіру туралы» Заңы. // Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің ведомостары. 1991. № 27. 349-бап. (ҚР Президентінің 1995 ж. желтоқсанның 23-індегі заң күші бар № 2721-Жарлығына сәйкес күшін жойды).
1992 ж. қаңтардың 14-індегі № 1124-ХІІ «Банкроттық туралы» ҚР Заңы. ҚР Жоғарғы Кеңесінің ведомостары. 1992. № 4. 78-бап (ҚР Президентінің 1995 ж. сәуірдің
7-індегі № 2175-Жарлығымен күшін жойды).
1992 ж. қаңтардың 14-індегі № 1126-ХІІ «Мемлекеттік ауылшаруашылық кәсіпорындарының мүлкін жекешелендірудің ерекшеліктері туралы» ҚР Заңы. // ҚР Жоғарғы Кеңесінің ведомостары. 1992. № 4. 80-бап (2004 ж. желтоқсанның 20-ындағы
№ 12-ІП ҚР Заңына сәйкес күшін жойды).
ж. шілденің 3-індегі «Қазақстан Республикасындағы сақтандыру туралы» ҚР Заңы. // ҚР Жоғарғы Кеңесінің ведомостары. 1992. № 16. 390-бап (ҚР Президентінің
1995 ж. қазанның 3-індегі заң күші бар № 2476-Жарлығына сәйкес күшін жойды).
ж. қазанның 22-індегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет және қала құрылысы туралы» ҚР Заңы. // ҚР Жоғарғы Кеңесінің ведомостары. 1993. № 19. 451-бап. (2001 ж. шілденің 16-ыңдағы № 243-П ҚР Заңына сэйкес күшін жойды).
1995 ж. сэуірдің 7-індегі ҚР Президентінің заң күші бар «Банкроттық туралы»
№ 2173-Жарлығы. // ҚР Жоғарғы Кеңесінің ведомостары. 1995. № 3-4. 29-бап (1997 ж. қаңтардың 21-індегі № 68-1 ҚР Заңына сәйкес күшін жойды).
1995 ж. желтоқсанның 23-індегі № 2721 «Жекешелендіру туралы» ҚР Заңы. // ҚР Жоғарғы Кеңесінің ведомостары. 1995. № 24. 163-бап.
ж. қаңтардың 21-індегі № 67-1 «Банкроттық туралы» ҚР Заңы. ҚР Парламентінің ведомостары. 1997. № 1-2. 7-бап.
ж. сэуірдің 22-іңдегі № 220-1 «Шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» ҚР Заңы. // ҚР Парламентінің ведомостары. 28.04.1998. № 5-6 (2271).
ж. желтоқсанның 18-індегі № 126-П «Сақтандыру қызметі туралы» ҚР Заңы. // ҚР Парламентінің ведомостары. 2000. № 22. 406-бап.
ж. шілденің 16-ындағы № 242-II «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР Заңы. // ҚР Парламентінің ведомостары. 2001. № 17-18. 243-бап.
2003 ж. мамырдың 13-індегі № 415-П «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңы. // Казахстанская правда. 2003. № 141-142 (24081-24082).
2006 ж. қаңтардың 31-індегі № 124-ПІ «Жеке кәсіпкерлік туралы» ҚР Заңы. // Казахстанская правда. 07.02.2006. № 27 (24998).
ҚР Үкіметінің 1996 ж. сәуірдің 19-ындағы № 478-ші «Қазақстан Республикасы аумағында сақтандыру қызметін лицензиялау туралы Ережелерді бекіту туралы» қаулысы. // ҚР ПҮАЖ. 1996. № 17. 141-бап (ҚР Үкіметінің 2001 ж. мамырдың 24-індегі № 706-қаулысына сәйкес күшін жойды)-
ҚР Жоғарғы сотының 2000 ж. сәуірдің 28-іңдегі «Қазақстан Республикасы соттарының банкроттық туралы зандарды қолдануының кейбір мәселелері туралы» № 3-нормативтік қаулысы (Қосымшаны қараңыз).
ҚР Жоғарғы сотының 2004 ж. маусымның 18-індегі «Қызметін заңдарды өрескел бұза отырып жүргізетін занды тұлғаларды таратудың соттық тәжірибесі туралы» № 5-нормативтік қаулысы (Қосымшаны қараңыз).
Әдебиет:
В.С.Анохин. Предпринимательское право: жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық. -М.: Гуманит. ВЛАДОС баспа орталығы, 1999. И.В.Дойншов. Предпринимательское право: оқу қүралы. - М.: ПРИОР, 2000.
И.В.Ершова, Т.М.Иванова. Предпринимательское право: оқу құралы. Түзетіліп, толыктырылып екінші басылуы. - М.: Юриспруденция, 2000.
С.Э.Житский. Предпринимательское право (правовая основа предпри-нимательской деятельности): ЖОО студенттеріне арналған оқу кұралы. - М.: Норма баспасы, 2006.
Н.Ю.Круглова. Хозяйственное право. - М., 2006.
В.К.Мамутов. Хозяйственное право. Таңдамалы еңбектер. - Екатеринбург: бизнес, менеджмент и право, 2008.
В.С.Мартемьянов. Хозяйственное право: 2 томдық оқулық. - М., 1994.
Н.Н.Вознесенская және басқалары. Предпринимательское (хозяйственное) право. // В.В.Лаптевтің, С.С.Занковскийдің басшылығымен. - М.: Волтерс Клувер, 2006.
В.С.Белых, Г.Э.Берсункаев, С.И.Винниченко және басқалары. Предпри-нимательское право России: оқулық. // Жауапты ред. В.С.Белых. - М.: Проспект, 2008.
Предпринимательское право Российской Федерации. // Жауапты ред. Е.П.Губин, П.Г.Лахно. - М.: Юристъ, 2006.
Хозяйственное право: оқулық. // В.В.Лаптевтің басшылығымен.–М.: Юридическая литература, 1983.
Хозяйственное право: оқу құралы. В.П.Грибановтың, О.А.Красавчиковтің басшылығымен. - М.: Юридическая литература, 1977.
1-тапсырма. Қала прокуроры мемлекет мүддесін қорғап, «Қазэкспорт» ЖТАҚ-ының кұрылтайшылық құжаттарын және мемлекеттік тіркелуін жарамсыз деп тану туралы талаппен сотқа жүгінді. Іс материалдарынан белгілі болғандай, мемлекеттік мүлік жөніндегі қалалық комитеттің 1994 жылғы наурыздың 31-індегі қаулысымен «Қазсыртқықұрылыс» өндірістік бірлестігі жарғы капиталы 6 533 988 теңге құрайтын «Қазқұрылысқұрастыру» АҚ- ы болып қайта құрылған. Жарғыға сәйкес дауыс беру құқығынсыз артықшылықтары бар акциялар түріндегі акциялардың 10%-ы еңбек ұжымына ақысыз берілген, ал 90%-ы иелену, пайдалану және басқару құқығымен «Қазқұрылысмонтаж» АҚ-ына берілген акциялардың мемлекеттік пакетін құрайтын болып бөлінген.
1994 жылдың 22 желтоқсанында «Қазкұрылысқұрастыру» АҚ-ы және «Интерсервис» ШЖК-і «Қазэкспорт» ЖТАҚ-ын құру туралы шарт жасасып, жарғы қабылдайды, ал 1994 жылғы желтоқсанның 23-інде бұл құжаттарды Қазақстан Респубикасы Қаржы министрлігінде тіркеуден өткізеді.
Оның үстіне, жарғылық қүжаттың 3 және 4-тармақтарында және ЖТАҚ жарғысының 7.1 және 7.3-тармакшаларында оның (ЖТАҚ-тың) мүлкі бастапқыда құрылтайшылардың салымдары есебінен құрылатыны көзделген. Құрылтай құжаттарына сәйкес, «Қазқұрылыскұрастыру» АҚ-ы жаңадан құрылған «Қазэкспорт» ЖТАҚ-ының жарғылық қорына оның қайта құрылуы барысында мемлекет жарғылық корға енгізген мүлікті акциялардың мемлекеттік пакетін иеленушінің (мемлекеттік мүлік жөніндегі қалалық комитеттің) келісімінсіз беріп жіберген.
Қалалық сот талапты қараудан бас тарту туралы шешім шығарған, бірақ қалалық сот төрағасының қаулысымен бірінші сатыдағы (инстанция) сот шешімінің күші жойылып, тараптарды бастапқы жағдайға келтіре отырып, төмендегі мән-жайларға:
1) Қазақ КСР-інің 1991 ж. маусымның 21-індегі «Шаруашыдық серіктестіктері және акционерлік қоғамдар туралы» Заңының (Қазақстан Республикасының 1993 ж. сәуірдің 12-індегі Заңында түзетілген) 70-бабына жэне 72-бабының 2-тармағына сәйкес, жарғылық капиталды азайту АҚ-тың жалпы жиналысының ғана құзыретіне жататындығына; 2) Қазақ КСР-інің 1991 ж. сәуірдің 21-індегі «Шаруашылық серіктестіктері жэне акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 9-бабы 4-тармағына сәйкес, қатысушыларға мүлік тек пайдалануға берілген жағдайларда, салым көлемі жэне, тиісінше, қатысушының үлесі бұл мүлікті пайдалану үшін құрылтайшылық кұжаттарда көрсетілген серіктестіктің қызмет ету мерзіміне тұтастай немесе катысушылар келіскен басқадай мерзімге есептелген жалдау ақысына қатысты аныкталатындығына; 3) Қазақ КСР-інің 1990 ж. желтоқсанның 15-індегі «Меншік туралы» Заңына (1993 ж. 9 сәуірде түзетілген ҚР Заңына) сәйкес, меншік иесінің немесе ол уәкілеттік берген тұлганың талабы бойынша мемлекеттік басқару органының мұндай актісі жарамсыз болып табылатындығына байланысты талапты қанағаттандыру туралы шешім қабылданады.
Дау туған кезде крлданыста болған заңдарды зерттеп біліңіз және сот шешіміне негіздеме беріңіз. Бұл салада қолданылып жүрген ҚР заңдарының талаптарын ескере отырып, қазіргі уақыт жағдайында сот шешімі өзгере ме?
2-тапсырма. Сот шешімімен ұлттық компания банкрот болып танылды, ал конкурстық басқарушы болып И.И.Островский тағайындалды. «Кәсіпорындарды қайта кұру және тарату жөніндегі агенттік» (ары қарай - Агенттік) АҚ-ы конкурстық басқарушының тағайындалуына, яғни Агенттіктің пікірі бойынша, оның банкроттық туралы зандарды өрескел бұза отырып тағайындалғанына байланысты соттың орын алған шешімдерінің күшін жою туралы мәселе көтереді.
Іс материалдарынан белгілі болғандай, Мемлекеттік мүлікті және активтерді басқару департаменті 1997 ж. тамыздың 1-інде ұлттық компанияны тарату туралы қаулы қабылдаған, тарату комиссиясы құрылған, белгілі бір жұмыстар атқарылған, 1997 ж. желтоқсанның 1-і қарсаңындағы жай-күй бойынша тарату өндірісі материалдары негізінде аралық тарату теңгерімі әзірленген.
Борышкер өзін банкрот деп тану жөнінде сотқа жүгінбеген. Мемлекет, яғни бюджетке төленетін міндетті төлемдер және бюджеттен тыс қорлар бойынша кредит беруші атынан арыз жазып, ұлттық компания берген ҚР Қаржы министрлігінің сенімхаты негізінде сотқа Агенттік жүгінген.
«Банкроттық туралы» ҚР Заңының 89-бабында конкурстық өндіріс ісін қарау барысында соттың конкурстық басқарушыны бекітетіні немесе тағайындайтыны белгіленген. Оның үстіне, соттың конкурстық басқарушы кандидатурасы жөнінде кредит берушілер жиналысының шешімін бекіту міндеті оны сайлау талаптардың жалпы сомасының 2/3-сінен кем емес бөлігін білдіретін кредит берушілердің келісімімен болған жағдайда туындайды.
Сотта кредит берешегінің жалпы сомасының 1/3-інен кем бөлігін білдіретін Агенттіктің кеңесу дауысын алатын құқығы бар артықшылықтар иеленген кредит беруші болып табылатыны белгілі болды, сол себепті ол ұсынған үміткердің кредит берушілердің басқа тобы ұсынған үміткер алдында артықшылығы жоқ, сондықтан Агенттіктің ұсынуы бойынша және кредит берушілер ұсынған үміткерлердің ішінен сот кредит берушілер ұсынған үміткерді таңдады.
Кредит берушілер тізіліміне жасалған талдау жиналыста дауыс құқығы бар конкурстық кредит берушілер талаптарының жалпы сомасының жартысынан көбін сотқа үміткер ұсынған кредит берушілер тобының иеленетінін көрсетті. Сот қаулысы шығатын күн қарсаңында кредит берушілердің жалпы жиналысында сайланған кредит берушілер комитеті сот тағайындаған үміткерді қолдады. Іс материалдарында И.И.Островскийдің конкурстық басқарушы бола алмайтынын дәлелдейтін айғақтар жоқ.
Конқурстық басқарушыны тағайындау кезінде қолданыста болған заңдарды зерттеп біліңіз және сот шешіміне негіздеме беріңіз. Егер И.И.Острвоскийдің банкроттық шараларында мүлік және төлеуге қабілетсіз борышкерлерді басқару бойынша қызметті жузеге асыруга лицензиясы болмағаны белгілі болса, сот шешімі өзгере ме? Қазіргі заман жағдайында бұл салада қрлданылып жүрген ҚР заңдары талаптарын ескере отырып, сот шешімі қандай болуы мүмкін еді?
тапсырма. Соттың 1997 ж. қыркүйектің 12-індегі шешімімен «Солтүстік» АҚ-ы тарату өндірісі қозғала отырып, банкрот болып танылды. 1997 ж. қазанның 8-інде банк 1997 ж. 6 мамырдағы сот шешіміне, кредит шарттарына және кепіл шарттарына сілтеме жасай отырып, банктің талаптарын 2-кезектегі кредит берушілер тізіліміне 4 465 895 теңге сомасымен енгізу туралы конкурстық басқарушы Р.Т.Мариковке өтініш жасады.
Конкурстық басқарушы шешімімен банктің талаптары 5-кезектегі кредит берушілер тізіліміне енгізілген, өйткені соттың борыш сомасын беру туралы шешімінде кепілдің бар екендігіне сілтеме жасалмаған және меншік иесінің мүлкін кепілге алу туралы келісім болмаған. Өзінің шешімі туралы конкурстық басқарушы өтініш білдірген кредит берушіге бір ай мерзім ішінде ауызша хабарлаған банктің хаты дәлел бола алады, сондай-ақ ол 1997 ж. қарашаның 3-інде жазбаша хабарлама жолдаған, оны өтініш білдірушімен арадағы хат-хабар алысудан көруге болады.