Лекция по "Бюджетному праву"

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 18:14, лекция

Краткое описание

Работа содержит лекцию по дисциплине "Бюджетное право"

Файлы: 1 файл

Мороз кәсіпкерлік құқық.doc

— 1.33 Мб (Скачать)

Тақырып бойынша сұрақтар:

7.1. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ретіндегі меншік құқығы. 
Шаруашьшық жүргізу және мүлікті оралымды (тікелей) басқару құқығы.

Мүлік (түсінігі жэне қүрылымы).

Мүліктің жекелеген түрлерінің құқықтық режимі.

Нормативтік материал:

ҚР Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім). 27.12.1994. // ҚР Жогарғы Кеңесінің ведомостары. 1994. № 23-24 (қосымша). 282-бап; ҚР Азаматтық кодексі (Ерекше бөлім). 01.07.1999 ж. № 409-1. // ҚР Парламентінің ведомостары. 1999. № 16-17. 642-бап.

2003 ж.   20 маусымдағы № 442-ІІ ҚР Жер кодексі. // Казахстанская

правда. 04.05.2005 ж.

1995 ж. 19 маусымдағы «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» ҚР Заңы № 2335. // ҚР Жоғарғы кеңесінің ведомостары. 1995. № 9. 66-бап.

1995 ж. 23 желтоқсандағы «Жекешелендіру туралы» ҚР Заңы. № 2721 ҚР Жогаргы кеңесінің ведомостары. 1995. № 24. 163-бап.

ж. 16 сәуірдегі № 94-1 «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңы. Казахстанская правда. 19.04.1997.

ж. 1 шілдедегі № 258-1 «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» ҚР Заңы. // ҚР Парламенті ведомостары. 1998. № 14 (2279). 200-бап.

2001 ж. 8 мамырдағы № 197-П «Тұтыну кооперативтері туралы» КР Заңы.2001.№10. 138-бап.

2003 ж. 13 мамырдағы № 415-11 «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңы. // Казахстанская правда. 2003. № 141-142 (24081-24082).

2003 ж. 2 шілдедегі № 461-II «Бағалы қағаздар нарығы туралы» ҚР Заңы // Казахстанская правда. 2003. № 199-200(24139-24140).

2006 ж. 31 қаңтардағы № 124-ПІ «Жеке кәсіпкерлік туралы» ҚР Заңы Казахстанская правда. 07.02.2006. № 27 (24998).

Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 ж. 20 қазандағы «Алматы қаласының мэртебесі жэне оны ары қарай өркендету шаралары туралы» Жарлығы. № 3698. // «Параграф» ақпарат жүйесі.

ҚР Үкіметінің 1997 ж. 17 сэуірдегі «Пәтерлер иеленушілердің тұтыну кооперативтерінің қызметін қолдау жөніндегі шаралар туралы» Қаулысы. № 570. // «Параграф» ақпарат жүйесі.

ҚР Жоғарғы сотының 1999 ж. 9 шілдедегі «Тұрғын үйге меншік құқығы туралы заңнаманы қолданудың кейбір мэселелері туралы» № 10-нормативтік қаулысы (Қосымшаны қараңыз).

ҚР Жоғаргы сотының 2006 ж. 20 сэуірдегі «Меншік иесі қалдырып кеткен түрғынжайға қүқық туралы даулардың соттарда қаралу тэжірибесі туралы» № 3-нормативтік қаулысы (Қосымшаны қараңыз).

ҚР Жоғарғы сотының 2007 ж. 16 шілдедегі «Тұрғынжайға меншік құқығын қорғауға байланысты дауларды шешудің кейбір мэселелері туралы» № 5-нормативтік қаулысы (Қосымшаны қараңыз).

ҚР Жоғарғы сотының 2007 ж. 16 шілдедегі «Соттардьщ жер заңдарын қолдануының кейбір мэселелері туралы» № 6-нормативтік қаулысы (Қосымшаны қараңыз).

Әдебиет:

Вещные права в Республике Казахстан. // М.К.Сүлейменовтің басшылығымен - Алматы, Жеті Жарғы, 1999.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім). 2 кітаптағы түсіндірмелер. - сот практикасын пайдалана отырып, тузетіліп, толықтырылып 2-ші басылуы. // Жауапты ред. М.К.Сүлейменов, Ю.Г.Басин. -Алматы, Жеті Жарғы, 2003.

Гражданское право. Мақалалар жинағы. Жалпы бөлім. Оқу құралы. Жауапты ред. А.Г.Диденко. - Алматы, Нұр-пресс, 2006.

О.С.Иоффе. Избранные труды по гражданскому праву: из истории цивилистической мысли. Гражданское правоотношение. Критика теории «хозяйственного права». - М.: Статут, 2000.

В.К.Мамутов. Хозяйственное право. Избранные труды. - Екатеринбург: бизнес, менеджмент и право, 2008.

Объекты гражданских прав: монография. // Жауапты ред. М.К.Сүлей-менов. - Алматы: ҚазМЗУ Жеке құқық ГЗИ-і, 2008.

Предпринимательское право России: оқулық. // В.С.Белых, Г.Э.Берсун-каев, С.И.Винниченко жэне басқалары. Жауапты ред. В.С.Белых. - М.: Проспект, 2008.

Предпринимательское право Российской Федерации. // Жауапты ред. Е.П.Губин, П.Г.Лахно.~М:. Юристь, 2006.

В.С.Якушев. Избранные труды по гражданскому и хозяйственному праву. - Екатеринбург: бизнес, менеджмент и право, 2007.

Тапсырмалар:

тапсырма. «Трансгаз» коммуналдық кәсіпорны оның ғимаратты сатып алу (атаулы сату) кұқығын мойындау және мүлік жөніндегі қалалық комитетке атаулы сату туралы құжаттарды Жекешелендіру жөніндегі департаменттің тиісті комитетіне ары қарай қарауга беруді жүктеу туралы талаппен сотқа жүгінеді. Одан өзге, талап қоюшы Мемлекеттік мүлік жөніндегі калалық комитеттің 1997 ж. 31 желтоқсандағы «Гимаратты «Алматы газ қызметі» мемлекеттік ұжымдық кэсіпорнына беру туралы» қаулысын заңсыз деп тануды сүрайды.

ҚР Президентінің 1997 ж. 20 қазандағы «Алматы қаласының мэртебесі және оны ары қарай өркендету шаралары туралы» Жарлығына сэйкес, Алматы қаласы аумағында тіркелген ұйымдардың коммуналдық меншігі болып табылатын нысандарды иелену, пайдалану жэне билік ету бойынша кұзыреттер коммуналдық меншікке беруге жататын мемлекеттік меншік нысандарының тізбесі бір ай мерзімде бекітіле отырып, Алматы қаласының атқару органына, яғни әкімге берілген.

Алматы қаласының экімі және ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі департаментінің бірлескен қаулысымен даулы нысан Алматы қаласының коммуналдық меншігіне берілген. Алматы қаласы экімінің тапсырмасы бойынша Мемлекеттік мүлік жөніндегі қалалық комитет 1997 ж. 31 желтоқсандағы қаулысымен даулы ғимаратты «Алматы газ қызметі» МҚК-не берген.

Тараптардың дәлелдерін талдаңыз. Сот ңандай шешім ңабылдауга тиіс?

тапсырма. Жеке кэсіпкер М.Л.Лисин мен «Коммерсант» ЖШС-і қалалық базар аумағында орналасқан 0,056 га және 0,23 га (тиісінше) жер телімінің меншік иелері бола отырып, 3,2 га жер телімінің меншік иесі болып табылатын «Орталық қалалық базар» АҚ-ының жер телімін (жеке сервитут) шектеулі пайдалану құқығына шарттар жасауға бірнеше ұсыныс жасайды, бірақ ол ұсыныстар қабылданбайды.

Жеке кәсіпкер М.Л.Лисин мен «Коммерсант» ЖШС-і «Орталық қалалық базар» АҚ-ын жер телімін шектеулі пайдалану қүқығына шарт жасасуға мэжбүрлеу жөнінде сотқа арызданады. Олардың мэлімдеуінше, жауап берушінің талап қоюшыларға жер телімін шектеулі пайдалану қүқықтарын беру жөніндегі занда белгіленген міндеттерден және жеке сервитутты белгілеу шартын жасасудан бас тартуы заңсыз және талап етушілердің жеке сервитут беру кұқыктарын бұзушылық болып табылады, өйткені жер заңнамасына сэйкес, мұндай шарттың жасалуы міндетті болып саналады. Талап қоюшылар оларға тиесілі жер телімдерін пайдалану үшін, көрші жер телімін кесіп өту керектігін, өйткені басқадай мүмкіндік жоқ екендігін, бұның талап қоюшылар мен жауап беруші арасында сервитут бойынша құқықтық қатынас бар екендігіне дэлел болатынын көрсетеді. Жеке сервитут белгілеу талап қоюшыларға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында орталық базар аумағындағы сауда павильонына жаяу өту және көлікпен өту үшін қажет. Сонымен бірге талап қоюшылар, ҚР Азаматтық кодексінің 399-бабына сәйкес, жауап берушіні шарт жасасуға мәжбүр етуге болатынына сілтеме жасайды.

Жауап беруші талаппен келіспеді, оның түсіндіруінше, жауап беруші тарапынан талап қоюшылардың өз алаңдарын пайдалану үшін жаяу өтуіне де, көлікпен өтуіне де ешқандай кедергі келтіріліп отырған жоқ, ал талап қоюшының қойылған талабы болашақта өзінің құқықтарын қамтамасыз етуге деген қалау-ниеті болып табылады. «Орталық қалалық базар» АҚ-ының базарында он қақпа бар, оларға кез келген тұлға еркін кіруге құқты. Одан өзге, «Коммерсант» ЖШС-інің кіретін үш есігі және өз аумағына тура өтетін жолы бар. Сондай-ақ жауап беруші аталған талап-арыздардың сот қарауына жатпайтынын және іс бойынша өндіріс АІЖК-нің 247-бабына сэйкес сотта қаралуға жатпайтынына байланысты тоқтатылуы керектігін көрсетті.

Тараптардың дәлелдерін талдаңыз. Сот ңандай шешім ңабылдауга тиіс?

3-тапсырма. Кондитер фабрикасы шарт бойынша міндеттемелерін орындамағына байланысты «Сәлем» ЖШС-інен 1 398 657 теңге өндіріп алу жөнінде сотқа жүтінді. Сотта белгілі болғандай, 1998 ж. 13 сэуірде «Сәлем» ЖШС-і мен кондитер фабрикасы арасында жасалған консигнация шартына сэйкес, талап қоюшы жауап берушіге 3 801 520 теңге сомасына сату үшін шоколад қосылган тәтті тоқаштардың 2 318 қорабын береді.

Жауап беруші талап қоюшыға тауар үшін есеп айырысу ретінде тауардың сатылуына қарай жанар-жағармай беріп отыру туралы міндеттеме алады. Сатып алушылардың сұранысы болмауы себепті тауар толық сатылмаған және талап қоюшының өтініші бойынша оның бір бөлігі, яғни 1998 ж. 15 шілдедегі тауар беру құжатына сэйкес 620 қорап, 1998 ж. 26 тамыздағы тауар беру құжатына сәйкес 870 қорап оған қайтарылган. Қайтарылмаған 828 қорап тауар жауап берушінің дүкенінде болған өрт кезінде жанып кеткен.

Қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы 1998 ж. 9 қыркүйектеп қаулыға сәйкес, өрт сөндіру техникалық сараптамасы өрттің шығуына ылғал әсері бар электр құрал-жабдығын ұзақ пайдалану салдарынан электр берілісі сымындағы қысқа тұйықталу себеп болғанын анықтаған.

Талап қоюшы кайтарылмаған мүлікті қайтару туралы, ҚР АК-інің 353-бабының талаптарына сәйкес келтірілген залалды және адвокаттың қызметін төлеу шығындарын өндіріп алу жөнінде шағым берген.

Сот қандай шешім шыгаруга тиіс? Егер жауап берушінің дүкенінде өрт кауіпсіздігі туралы ережелердің сакталмаганы дәлелденсе, сот шешімі өзгере ме?

4-тапсырма. Нұрланов Ремизовке, Шаповаловқа, «АРТ» АҚ-ына, Алматы қаласының Әділет басқармасына шағымданып, «АРТ» АҚ-ының акцияларын Шаповаловқа ақысыз беру туралы мэмілені, «АРТ» АҚ-ы акционерлерінің жалпы жиналысының акционерлер құрамын өзгерту, «АРТ» АҚ-ын жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізе отырып, «АРТ» АҚ-ын қайта тіркеу туралы хаттамасын, Алматы қаласы Әділет басқармасында тіркелген Шаповаловтың, Нұрлановтың «АРТ» АҚ-ы құрамын өзгерту туралы өтініштерін жарамсыз деп тану жөнінде аудандық сотқа жүгінеді. Нұрланов өзінің талап-арызында мынаны көрсетті: ол және Ремизов әрқайсысы 40 мың теңге тұратын 500 жай акцияға бөлінген 20 млн. теңге жарғы капиталымен «АРТ» АҚ-ын құрған. Аталған АҚ Алматы қаласының Әділет басқармасында тіркелген, ал содан кейін Шаповалов Нұрлановқа келіп, Ремизовтің оған 10 млн. теңге акцияларын ақысыз бергенін, ал ол (талап қоюшы) келіспесе, үлкен қолайсыздықтарға тап болатынын айтып, қоқан-лоқы көрсеткен, өйткені ол жоғары мемлекеттік лауазым иелерінің атынан әрекет етеді екен, ал талап қоюшы келіссе, олар «АРТ» АҚ-ына өндірістік қызметін жүзеге асыруға қолайлы жағдайлар туғызбақ. Шаповаловтың сөзіне сенген Нұрланов «АРТ» АҚ-ы акционерлерінің жалпы жиналысының Ремизовтің жарғы капиталын-дағы үлесін Шаповаловқа беру, құрылтайшылар құрамындағы өзгерістер, Шаповаловтың «АРТ» АҚ-ының директоры болып тағайындалғаны туралы олар әкелген дайын хаттамаларға қол қояды және Алматы қаласының Әділет басқармасында тіркетеді. Кейіннен оған Шаповаловтың оны алдағаны мәлім болады, өйткені іс жүзінде ол Ремизовтің акцияларын сатып алған жэне оларды дара иеленуші болып табылады. АҚ-ты Шаповалов басқарған кезден бастап қоғамның ісі кері кеткен, оның мемлекеттік лауазымды адамдармен байланысы бар екені Нұрлановтың қажетті құжаттарға қол қоюы және акцияларды өз атына рәсімдеп алу үшін ойлар тапқаны болып шығады. Жауап беруші Ремизов акцияларын Шаповаловқа сатқан, бірақ оларды ақысыз беру туралы жалған шарт жасаған. Одан өзге, Ремизов оған тиесілі акцияларды басқару құқығы үшін Шаповаловқа сенімхат берген, сондықтан АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының акционерлер құрамынан Ремизовті шығаруға, ал оның акцияларын Шаповаловка беруге құкығы жоқ, өйткені екінші кұжат акцияларды ақысыз беру туралы бірінші құжаттың күшін жоққа шығарады. Ремизов пен Шаповалов арасында акцияларды бөліп-бөліп сатып алу және сату туралы жасалған шарт жарамсыз деп танылуға тиіс. Одан өзге, талап қоюшы құрылтайшы акционерлердің құрамын өзгерту туралы Әділет басқармасына Шаповалов пен Нұрланов қол қойып тапсырған етінішті, сондай-ақ акционерлердің жалпы жиналысының басқарма төрағасын және «АРТ» АҚ-ы директорын сайлау туралы хаттамасын, жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізе отырып, Алматы қаласы Әділет басқармасының «АРТ» АҚ-ын қайта тіркеу туралы бұйрығы бойынша Әділет басқармасы жүргізген тіркеуді жарамсыз деп тану және Алматы қаласы Әділет басқармасын олардың күшін жоюға міндеттеу туралы қосымша талап-арыздар береді.

Сот шешімімен: «АРТ» АҚ-ы акционерлерінің Әділет басқармасына берген құрылтайшылар құрамын өзгерту туралы арызын, акционерлердің жалпы жиналысы хаттамасының акционерлер құрамын өзгерту жөніндегі Тәжібаева мен Сыздықова қол қойған көшірмесін, Әділет басқармасының бұйрығымен «АРТ» АҚ-ы занды тұлғасының қайта тіркелуін, «АРТ» АҚ-ы жарғысының 2-бабының 2.1-тармағына акционерлер қүрамынан Ремизовті шығару, оның құрамына Шаповаловты кіргізу туралы енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды жарамсыз деп тану және Алматы каласы Әділет басқармасын олардың күшін жоюға міндеттеу, Ремизовтен Шаповаловқа акциялардың ақысыз берілгенін жарамсыз деп тануға байланысты талап-арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулы кабылданды.

Нұрланов сот шешімімен келіспей, бірінші саты соты шешім шығар-ғанда, даудың дұрыс шешілуі үшін істің маңызы бар мэн-жайларының барлығы толық анықталмағандығына сілтеме жасап, шағымдану арызында оның күшін жоюды сұрайды.

Шағымдану арызы бойынша қалалық сот алқасы қандай шешім шыгаруга тиіс? Бул іске қатысты шешім шығарылганда, қандай мән-жайлар ескерілуге тиіс?

тапсырма. Мамаңдандырылған ауданаралық экономикалық сот «Современник» ЖШС-інің жеке кәсіпкер К.М.Балкеновке қатысты жауап беруші - «Сәлем» кафесінің иесіне газ құбыры тіреулері ретінде заңсыз пайдаланып отырған жер телімін босату, оның аумағы үстінен өтетін газ құбырын бөлшектеп бұзу және қауіпсіздірек жерге орнын ауыстыру, сондай-ақ кафе іргесінен 2 метр шегініп, өз аумағы шекарасында қоршау тұрғызу міндетін жүктей отырып, меншігін пайдалануға ол келтіріп отырған кедергілерді жою туралы берген талаптарын қанағаттандырудан бас тартты. «Современник» ЖШС-інің талабы мынаған негізделген: сатып алу-сату шарты негізінде ол 2004 ж. 1 қарашада «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК-інде тіркелген жер телімінің меншік иесі болып табылады. Осы телім аумағынан Балкеновке тиесілі кафеге керші үйден тартылған газ кұбыры өтеді. Газ құбырының тіреулері меншік қүқығымен талап қоюшыға тиесілі жерге орнатылған. Талап қоюшының жауап берушіге жер телімін пайдалану барысында келтіріп отырган кедергілерді жою туралы бірнеше рет берген жазбаша өтініші оң нэтиже бермеген. Қоршау орнату туралы талапты да жауап беруші аяқсыз қалдырған.

Сот анықтағандай, талап қоюшы мемлекеттік меншіктен жеке меншігіне жерүсті газ құбырының тіреулері орнатылған ауыртпалықтары бар жер телімін сатып алған жэне ол туралы білген және қарсылығы болмаған.

Сот шешіміне негіздеме беріңіз. Егер дау тудырып отырған газ қубыры жеке кэсіпкер ІСМ.Балкеновтің жеке меншігіндегі жерде екені дәлелденсе, сот шешімі озгере ме?

Информация о работе Лекция по "Бюджетному праву"