Лекция по "Бюджетному праву"

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 18:14, лекция

Краткое описание

Работа содержит лекцию по дисциплине "Бюджетное право"

Файлы: 1 файл

Мороз кәсіпкерлік құқық.doc

— 1.33 Мб (Скачать)

Б. Шартты екінші тарап айтарлықтай  бұзған жағдайда, тек сот тәртібімен бұзылуы мүмкін.

Шартты екінші тарап айтарлықтай  бұзған жағдайда, сотқа жүгінбей-ақ бұзуға болады.

8. Шарттан біржақты бас тартуға  жол беріледі:

А. Шартқа негізделген міндеттемені орындау мүмкін болмаған жағдайда. Ә. Белгіленген тәртіпте екінші тарап  банкрот болып танылған жағдайда. Б. Соның негізінде шарт жасалган мемлекеттік орган актісі өзгерген немесе күшін жойғанда.

Шартты тиісті дәрежеде орындау  үшін, нарықта тауарлар, жұмыстар немесе қызметтер болмаса.

Шарт бүзылған кезде тараптардың  міндеттемелері:

А. Толық тоқтатылады. Ә. Ішінара  тоқтатылады.

Б. Әрекет етуді жалғастыра береді (бірақ езгерген түрде). В. Сот тәртібімен қалпына келтірілуі мүмкін.

10. Шарт бұзылғанға немесе өзгергенге дейін:

А. Тараптар міндеттемелер бойынша  өздері орындағанды қайтаруды талап  етуге құқылы емес.

Ә. Тараптар міңдеттемелер бойынша өздері орындағанды толық көлемде қайтаруды талап етуге құқылы.

Б. Міндеттемені орындаған тарап  шарт бойынша екінші тараптың міндеттемесін  орындамауына байланысты өзі орындағанды  қайтаруды талап етуге құқылы.

В. Міндеттемені орындаған тарап  шарт бойынша екінші тараптың міндеттемесін орындамауына байланысты өзі орындағанды қайтаруды, сондай-ақ шарттың өзгеруінен немесе бұзылуынан келтірілген шығындардың орнын толтыруды талап етуге құқылы.

 

10-тақырып. Кәсіпкерлік қызмет  саласындағы жауапкершілік

Тақырып бойынша сұрақтар:

10.1. Кәсіпкерлік қатынастардағы  жауапкершілік түсінігі және  оның маңызы.

Кәсіпкерлік қызмет туралы заңды бұзғаны  үшін зандық жауапкершіліктің түрлері  және олардың сипаттамалары.

Нормативтік материал:

ҚР Азаматтық кодексі (Жалпы  бөлім). 27.12.1994. // ҚР Жоғарғы Кеңесінің ведомостары. 1994. № 23-24 (қосымша). 282-бап; ҚР Азаматтық кодексі (Ерекше бөлім). 01.07.1999 ж. № 409-1. // ҚР Парламентінің ведо-мостары. 1999. № 16-17. 642-бап.

1997 ж. 16 шілдедегі ҚР Қылмыстық  кодексі. № 167-1. ҚР Парламентінің ведомостары. 1997. № 15-16. 211-бап.

1997 ж. 13 желтоқсандағы № 206-1 ҚР  Қылмыстық іс жүргізу кодексі. // Қазақстан Республикасы Парламентінің  ведомостары. 1997. № 23. 335-бап.

1999 ж. 13 шілдедегі № 411-1 Қазақстан  Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі. // Казахстанская правда. 27.07.1999. № 179-180 (22896-22897).

2001 ж. 30 қаңтардағы № 155-П ҚР  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  кодексі. // Казахстанская правда, 13.02.2001. № 40-41 (23388-23389).

2003 ж. 5 сэуірдегі № 401-II ҚР Кеден  кодексі. // Казахстанская правда, 11.04.2003 ж. № 102-04 (24042-24044).

ж. 15 мамырдағы № 251-III Қазакстан  Республикасының Еңбек кодексі. // Казахстанская правда, 22.05.2007. № 76 (25321).

ж. 10 желтоқсандағы № 99-ІУ «Салық жэне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексі. // «Параграф» АЖ.

 

ж. 31 қаңтардағы № 124-ІП «Жеке кэсіпкерлік  туралы» ҚР Заңы. Казахстанская правда. 07.02.2006. № 27 (24998).

ж. 11 қаңтардағы № 214-Ш «Лицензиялау туралы» ҚР Заңы. ҚР Парламентінің  ведомостары. 2007, қаңтар. № 2 (2483). 10-бап.

ҚР Жоғарғы сотының 1992 ж. желтоқсанның 18-індегі «Сот тәжірибесінде жеке жэне занды тұлғалардың ар-ожданы, қадір-қасиеті  жэне іскерлік беделі туралы» № 6-нормативтік  қаулысы (Қосымшаны караңыз).

ҚР Жоғарғы сотының 2004 ж. 26 қарашадағы «Соттардың экімшілік кұкьіқ бұзушылықтар туралы зандарды коддануының кейбір мәселелері туралы» № 18-нормативтік каулысы (Қосымшаны қараңыз).

ҚР Жоғарғы сотының 2006 ж. 23 маусымдағы «Салық заңын колданудың сот тәжірибесі туралы» № 5-нормативтік қаулысы (Қосымшаны қараңыз).

ҚР Жоғарғы сотының 2008 ж. шілденің 10-ындағы «Жауапкершілігі шектеулі жэне қосымша жауапкершілігі бар  серіктестіктер туралы заңдарды қолданудың кейбір мэселелері туралы» № 2-нормативтік  қаулысы (Қосым-шаны қараңыз).

Әдебиет:

С.Т.Алибеков. Таможенное право (Внутренние и международные вопросы). Оқулық жэне практикалық жұмыстар оқу құралы. - Алматы «Әділет Пресс» баспасы, 1997. '

И.В.Амирханова. Гражданско-правовое обеспечение развития предприни-мательства в РК. - Алматы, ҚазМУ, 2003.

Ю.Г.Басин. Избранные труды по гражданскому праву. // Құрастырушы МКСулеименов. - Алматы, «Әділет» ЗА-ЖҚМ-і, ҚазМЗУ Жеке құқық ГЗИ-і,

Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодексі (Жалпы бөлім). 2 кітап-тағы түсіндірмелер. - сот практикасын пайдалана отырып, түзетіліп, толық-тырылып 2-ші басылуы. // Жауапты ред. М.К.Сүлейменов, Ю.Г.Басин. -Алматы, Жеті Жарғы, 2003.

Гражданское право. Мақалалар жинағы. Жалпы бөлім. Оқу құралы Жауапты  ред. А.Г.Диденко. - Алматы, Нұр-пресс, 2006.

2000 ИВДоиников- Предпринимательское право: оқу құралы. - М.: ПРИОР,

А.ГДиденко. Избранное (постсоветский период). - Алматы: Юридичес-кая литература, 2004.

С.ЭЖшинский. Предпринимательское право (правовая основа предпри-нимательской деятельности): ЖОО үшін оқулық. - М.: Норма баспасы, 2006.

Предпринимательское право России: оқулық. // В.С.Белых, Г.Э.Берсун-каев, С.И.Винниченко жэне басқалары. / Жауапты ред. В.С.Белых - М-Проспект, 2008.

Предпринимательское право Российской Федерации. // Жауапты оед Е.П.Губин,П.Г.Лахно.-М.:Юристь,2006.

Предпринимательское (хозяйственное) право: окулық. // Н.Н.Возне-сенская жэне басқалары. В.В.Лаптевтің, С.С.Занковскийдің басшылығымен -М.: Волтерс Клувер, 2006.

Тапсырмалар:

1-тапсырма. Мамандандырылған әкімшілік  сот ҚР ӘҚБК-тің 414-ба-бында  кезделген әкімшілік құқық бұзушьшық әрекет жасағаны үшін, атап айтқанда, ҚР кеден органына олар белгілеген мерзімдерде кедендік мақсат-тарда, яғни аталған тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда және қылмыстық белгілері болмаған жағдайларда қажетті құжаттар мен мәліметтерді бермегені үшін, «Павлодартранс» ЖШС-ін кінәлі деп таныды. Істі қарау барысында анықталғаны: «Павлодартранс» ЖШС-інің кеден брокері беретін лицензиясы жоқ, ал ӘҚБК-тің 414-бабының санкциясымен лицензияның, арнайы рұқсаттың немесе біліктілік аттестаты-ның қолданылуын тоқтатып қоя отырып, әкімшілік айыппұл түріндегі жауапкершілік көзделген.

Сот ңандай шешім шыгарады? Егер лицензиясы бар, біраң Еңбек кодексінің 399-бабының 2-тармагына сәйкес, шарт бойынша  жауапкершілігі шектеулі кеден  брокерімен «Павлодартранс» ЖШС-інің шарт жасасңаны дәлелденсе, сот шешімі өзгере ме?

тапсырма. Мамандандырылған әкімшілік  сот заң бойынша бензин және дизель отыны жатқызылатын акцизделетін тауарларды тасымалдау ережелерін бұзғаны туралы «Мыңбұлақ» шаруа қожалығының басшысы Жылқышиевке қатысты әкімшілік іс қарады. Іс қарау барысында белгілі болғандай, Жылқышиев 15 150 литр келеміндегі Аи-92 бензинін сатып алған және белгіленген үлгідегі ілеспе жүкқұжатынсыз тасымалдаған, өйткені оған тиесілі машинаны тоқтатқан кезде, жүргізуші Селивановта ілеспе кұжаттар болмай шыққан.

Сот шешім шыгарганда, ңандай мэн-жайларды есепке алуга тиіс?

тапсырма. Салық органының қаулысымен ҚҚС бойынша мағлұмда-маларда 2004 ж. 2 жэне 3-тоқсан үшін тіркелмеген резидент емеске қатысты төлеуге жататын 1 317 661 теңге көлемінде есепке жаткызылған ҚҚС сомасын 1 580 194 теңге сомасында асыра көрсеткені, яғни ӘҚБК-тің 209-бабының 2-тармағында көзделген құқық бұзушылық әрекет жасағаны, Салық кодексінің 235-бабының 4-тармағын бұзғаны үшін, «Ертіс кен-руда компаниясы» ЖШС-і мемлекет пайдасына 1 449 427 теңге көлемінде айыппұл төлеу түріндегі әкімшілік жазаға тартылды. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың аныктамасымен соның негізінде әкімшілік құкық бұзушылық туралы хаттама шығарылған хабарлама және әкімшілік айыппұл өндіріп алу: «Ертіс кен-руда компаниясы» ЖШС-і салық міндеттемесін орындаған, өйткені төлеуге жататын салық мезгілінде аударылған және мағлүмдамада көрсетілген, құқық бұзушылықтың жоюға болатын сипаты бар және тексеру біткеннен кейін салық төлеуші 1 317 661 теңге көлеміндегі ҚҚС-қа аударылған салық сомасын аудару және есепке алу туралы өтініш бергені негізінде заңсыз жэне жарамсыз деп танылған.

Сот аныңтамасы заңга сай болып  табыла ма?

тапсырма. Салық қызметі органы «Инвестсерсис» ЖШС-іне салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің дұрыс есептелуі және уақытында төленуі мәселесі бойынша тақырыптык салық тексеруін өткізеді. Соның нәтижесінде салықтардың және бюджетке теленетін басқа да міндетті төлемдердің және өсімақының есептелген 469 088 теңге сомасы туралы хабарлама әзірленеді. Құжаттық тексеру кесімінін мазмұнынан белгілі болға-ны: СК 217-бабының 1-тармағын бұза отырып, салық төлеуші «Инвестсервис» ЖШС-і ҚҚС бойынша 3 400 860 теңге сомасына салық салынатын айналымды, «Жарнама» ЖШС-інің орындалған жұмысты қабылдау-тапсыру кесіміне сәйкес көрсеткен қызметтері бойынша (2005 ж. 4 тоқсанында билбордтар жасау және орнату) 469 088 теңгеге ҚҚС сомасын азайтып керсеткен. Салық төлеуші бұл жұмыстың атқарылуын 2005 ж. 3 тоқсанында көрсеткен, ал нақты жұмыстар 2005 ж. 4 тоқсанында жүргізілген және төленген. «Инвестсервис» ЖШС-і шағымында 2005 ж. 4 тоқсаны үшін ҚҚС бойынша салық сомасын кемітпегенін жэне оның эрекеттерінде ӘҚБК 209-бабының 1-тармағында көзделген экімшілік қүқық бұзушылық қүрамының жоқтығын көрсетеді. Алайда құқык бұзушьшыққа жол бергені, яғни салық қызметі органының қаулысымен «Инвестсервис» ЖШС-і ӘҚБК 209-бабының 1-тармағында көзделген әкімшілік құкық бұзушылық үшін, 2005 ж. 4 тоқсанына ҚҚС бойынша салык сомасын кемітіп көрсеткеніне байланысты ұкімет пайдасына 214 928 теңге көлемінде айыппұл түрінде экімшілік жазаға тартылады. Іс материалдарынан белгілі болғандай, 02.09.2005 ж. № 4 және 24.12.2005 ж. № 889-төлем тапсырмалары негізінде «Инвестсервис» ЖШС-і билбордтардың жасалуы мен орнатылуына жалпы сомасы 3 400 890 теңге төлем жасаған, ал 2005 ж. 26 тамызда «Инвестсервис» ЖШС-і 2005 ж. 3 тоқсан үшін мағлұм-дамада ҚҚС сомасын көрсетіп, шот-фактура жазған (іс жүзіңде билбордтардың жасалуы жэне орнатылуы 2005 ж. 4 токсанында орындалған).

Тараптардың дэлелдеріне талдау жасаңыз. Іс бойынша ңандай шешім ңабылдануга  тиіс?

тапсырма. Аудандык сот қазысының  қаулысымен «Астанаавто» ЖШС-і ӘКБК-тің 414-бабы бойынша айыппұл түрінде  заңды тұлға филиалы-ның есептік  тіркеу куэлігінің қолданылуын 10 күнге тоқтатып коюды көздейтін экімшілік жазаға тартьглды.

Қазы шыгарган ңаулыга бага беріңіз.

тапсырма. Өртке қарсы қызмет департаменті «Ракурс» ЖШС-іне шағымданып, өз талаптарына  төмеңдегідей уэж келтіріп, сотқа  жүтінді. Өртке қарсы қызмет «Ракурс» ЖШС-інің орналасқан аумағын жэне тұрақжайын өртке қарсы мұкяят техникалық тексеруден өткізу жұмысын жүргізген, соның барысында «Ракурс» ЖШС-інің түрақжайы ҚР өрт қауіпсіздігінің қолданьшып жүрген нормалары мен ережелері өрескел бұзыла отырып пайдаланьшатыны анықталады, атап айтқанда: 1) экімшілік ғимаратында автоматты өрт сигнали-зациясы жоқ; 2) автоматты өрт сигнализациясы жүмыс істемейді; 3) барлық ток беретін және жарықтандыратын электр желісінің оқшаулама кедергісіне тиісті кесім жасалып, өлшеу жүргізілмеген; 4) бүлінген розеткаларды пайдалануға жол беріледі; 5) электр шамдарын түсірілген күйінде пайдалануға жол беріледі; 6) койма бөлмелерінде ағаштан жасалған сөрелер оттан қорғайтын кұрамдармен вңделмеген; 7) қойма бөлмелерін тұрмыстық қызмет көрсету, жұмыскерлердің қосалқы кызмет бөлмесі ретінде пайдалануға жол берілген; 8) электрмен жабдықтау аппараттары (қосатын, сөндіретін) қойма бөлмелерінің ішінде орналастырылган.

Аталғандарға сүйене отырып, адамдардың өмірін жэне материалдық құндылықтарды өрттен қорғау мақсатында жэне «Ракурс» ЖШС-інің басшылығы өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзуды боддырмау үшін ешқандай нақты іс-шара қабылдамай отырғанын ескеріп, талап қоюшы өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелерінің жоғарыда аталған бұзылушылықтарын толық жойғанға дейін «Ракурс» ЖШС-і түрақжайын пайдалануды тоқтата тұруды қажет санайды.

Сот мэжілісінде жауап беруші өртке  қарсы қызметтің талабын ішінара  мойындап, төмендегіні түсіндірді: «Ракурс» ЖШС-інщ тұрақжайын пайдала-нуды тоқтатып қою серіктестіктің мүдделеріне айтарлыктай зиян келтіреді, өйткені серіктестік құрылтайшыларының сот қарап жатқан дауга ұрынуына байланысты «Ракурс» ЖШС-і қазіргі уақытта қаржьшық дағдарысқа тап болып отыр. Серіктестік шотына тыйым салынған, оның үстіне аталған ақауларды жою шараларын орындауға ауа райы жэне климат жағдайы мүрсат бермейді. «Ракурс» ЖШС-інің тұрақжайын пайдалануды тоқтатып қою іс жүзінде оның бар қызметін тоқтатып қоюмен парапар, өйткені оның қызметінің негізгі түрі -түрақжайды жалға беру. Баяндалған мэн-жайды ескеріп, «Ракурс» ЖІІІС-і өртке қарсы қызметке өрт қауіпсіздігі нормаларының бұзылушылығын жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын келісуді міндеттеуді және талапты толык қанағаттаңдырудан бас тартуды сұрайды.

Істі шешіп көріңіз. Егер бүрын  өртке ңарсы ңызметтің ӘҚБК-тің 312-бабының 1-тармагына сэйкес, 10 АЕК көлемінде «Ракурс» ЖШС-і директорына айыппұл салу санкциясын ңолданганы дэлелденсе, сот шешімі цандай болмаң?

Тестілер:

Кәсіпкерлік-қүкықтық жауапкершілік - ол:

А. Заңдық жауапкершіліктің салалық  түрі.

Ә. Зандық жауапкершіліктің мамандандырылған түрі.

Б. Экономикалық жауапкершіліктің бір  түрі.

В. Заңдык жауапкершіліктің дербес түрі.

Кәсіпкерлік-құқықтық жауапкершілік  субъектілері болып табы-латындар:

А. Кәсіпкер ретінде тіркелген тұлғалар ғана.

Ә. Кәсіпкерлік қызметтің кез келген қатысушылары.

Б. Қызметінің негізгі мақсаты пайда  табу болып табылатын тұлғалар ғана.

В. Пайда (табыс) табатын кез келген тұлғалар.

Санкция қолдану тәртібі бойынша  төмендегілер ажыратылады:

А. Жазалау және өтемақы (айыппүл) төлету жауапкершілігі. Ә. Соттық жэне әкімшілік жауапкершілік. Б. Дербес жэне ұжымдық жауапкершілік. В. Кінэлі жэне кінәсіз жауапкершілік.

Мемлекеттік органдарга және олардыц  лауазымды адамдарына томендегі  үшін жауапкершілік жүктеледі:

Информация о работе Лекция по "Бюджетному праву"