Лекция по "Бюджетному праву"

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 18:14, лекция

Краткое описание

Работа содержит лекцию по дисциплине "Бюджетное право"

Файлы: 1 файл

Мороз кәсіпкерлік құқық.doc

— 1.33 Мб (Скачать)

А. Өзінің заңды құқықтарын қорғайды.

Ә. Тауар айналымына мүмкіндік туғызады.

Б. Өзінің шарттар жасау қүқықтарын іске асырады.

В. Заң талаптарын орындайды.

Аралық іс қарау үстанымдарына  төмендегі жатпайды:

А. Тараптар еркінің дербестік ұстанымы. Ә. Шарттың еркіндік ұстанымы. Б. Тараптардың  тең күқықтылығы үстанымы. В. Тэуелсіздік  ұстанымы.

Аралық соттардың қарауына жататын  даулар:

А. Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтер көрсету туралы шарттарынан туган.

Ә. Нарықта басымдық алып тұрған субъектілердің жүмыстар орындау туралы шарттарынан  туған.

Б. Банкроттық туралы істер бойынша.

В. Ірі кэсіпкерлік субъектілерінің  тауар ендірісі туралы шарттарынан туған.

Төмендегі адам аралық қазы бола алмайды:

арызды кабылдаудан бас тартуға  негіздеме бола алмайтынын А- Жоғары заңгерлік білімі бар. Ә; Басқа аралық соттың қазысы болып табылатын. Б. Мемлекеттік  қызметкер болып табылатын. В. Жеке кэсіпкер ретінде тіркелген.

Аралық келісім жасасқан тараптар мынаган міндетті:

А. Аралык сот шешімін орындауға.

Ә. Аралық сотқа жүтінуге. Б. Бейбіт келісім жасасуга.

В. Өзінің міндеттемелерінің орындалуын камтамасыз етіп беруге.

8. Қандай  жағдайларда  тараптар  қүзырлы  сотқа  аралық сот шешіміне қарсы шағым бере алады?

А. Аралық  келісім  талаптарына  жатпайтын  дау  бойынша шешім

шығарылғанда.

Ә. Дауды аралык қазының бір өзі  ғана қарағанда.

Б. Дау тараптардың біреуі болмаған кезде қаралғанда.

Шешім таралтардың біреуі болмаған кезде шығарылғанда.

Дауды бір озі шешетін халықаралык  коммерциялық тврелік төрешісінің:

А. Жоғары заңгерлік білімі жэне заңгерлік  мамандық бойынша кемінде 2 жыл жұмыс  өтілі болуға тиіс.

Ә. Заңгерлік мамандық бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болуға тиіс.

Б. Жоғары заңгерлік білімі болуға, ал өзі ҚР азаматы болуға тиіс.

В. Заңгерлік мамандық бойынша 3 жыддан кем емес ғылыми-педагогикалық өтілі  болуы керек және өтелмеген соттылығы  болмауға тиіс.

10. Халықаралық коммерциялық торелік талап-арызды қайтарады,

егер:

А. Талап қоюшы талап-арызды қайтару  туралы арыз берсе. Ә. Жауап беруші талап-арызға қарсы уэж бермесе.

Б. Талап қоюшы жауап берушінің  талап-арызга қарсы уәжімен танысып  үлгірмесе.

В. Талап қоюшы төрелік алымды төлемесе.

 

II БӨЛІМ. КӘСІПКЕРЛІК (ШАРУАШЫЛЫҚ) ҚҰҚЫҚТЫҢ ЕРЕКШЕ БӨЛІМІ

1-такырып. Биржа қызметін құқықтық  реттеу Тақырып бойынша сұрақтар:

1.1. Биржалар тусінігі жэне оның негізгі белгілері жэне биржа сауда- 
саттығы. Биржаның түрлерін жіктеу.

Тауар биржалары.

Қор биржалары.

Валюта биржалары.

Нормативтік материал:

ҚР Азаматтык кодексі (Жалпы  бөлім). 27.12.1994. // ҚР Жоғарғы Кеңе-сінің  ведомостары. 1994. № 23-24 (қосымша). 282-бап; ҚР Азаматтық кодексі (Ерекше бөлім). 01.07.1999 ж. № 409-1. // ҚР Парламентінің ведомостары. 1999. № 16-17. 642-бап.

1995 ж. 7 сэуірдегі № 2170-ші «Тауар  биржалары туралы» ҚР Заңы. // ҚР  Парламентінің ведомостары. 1997. №  11. 143-бап.

1998 ж. 30 маусымдағы «Атқарушылық  өндіріс және сот орындаушы-ларының  мэртебесі туралы» ҚР Заңы. ҚР  Парламентінің ведомостары. 1998. № 13. 195-бап.

1998 ж. 20 қарашадағы № 304-1 «Аудиторлық  қызмет туралы» ҚР Заңы. // Казахстанская  правда. 24.11.1998. № 220 (22691).

2000 ж. 18 желтоқсандағы № 126-11 «Сақтандыру  қызметі туралы» ҚР Заңы. ҚР  Парламентінің ведомостары. 2000. №  22. 406-бап.

2003 ж. 13 мамырдағы № 415-П «Акционерлік  коғамдар туралы» ҚР Заңы. // Казахстанская  правда. 2003. № 141-142 (24081-24082).

2003 ж. 2 шілдедегі № 461-II «Бағалы  кағаздар нарығы туралы» ҚР  Заңы. // Казахстанская правда, 2003. №  199-200 (24139-24140).

2003 ж. 13 маусымдағы № 440-ІІ «Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқыктык жауапкершілігін міндетті сақгандыру туралы» ҚР Заңы. // Казахстанская правда. 18.06.2003. №176 (24116).

ж. 13 маусымдағы № 57-Ш «Валюталық реттеу жэне валюталық бақылау туралы»  ҚР Заңы. // Казахстанская правда. 17.06.2005. № 158-159 (24768-247-69).

ж. 31 қаңтардағы № 124-Ш «Жеке кәсіпкерлік  туралы» ҚР Заңы. Казахстанская правда. 07.02.2006. № 27 (24998).

ҚР ¥лттык банкі Басқармасының 2002 ж. 23 желтоқсандағы «Банк операцияларының  жекелеген түрлерін жүзеге асыратын үйымдардың қаржылық есептеме тапсыруының тізбесі, түрлері мен мерзімдері туралы Нұсқаулыкты бекіту туралы» № 509-қаулысы. ҚР нормативтік кұкықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2003 ж. 29 қаңтарда № 2142 болып тіркелген. // ҚҚ ¥лттық банкі жаршысы. 2003. № 7.

ҚР ¥лттық банкі Басқармасының 2007 ж. 5 акландағы «Қазақстан Рес-публикасы  ¥лттық банкінің РЕПО операцияларын  жүзеге асыру Ережелерін бекіту туралы»  № 1-қаулысы. ҚР нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 ж. 16 сэуірде № 4616 болып тіркелген. // «Параграф» ақпараттық жүйесі.

ҚР Жоғарғы сотының 1992 ж. желтоқсанның 18-індегі «Сот тэжіри-бесінде жеке жэне занды тұлгалардың ар-ожданы, қадір-қасиеті  және іскерлік беделі туралы» № 6-нормативтік  қаулысы (Қосымшаны қараңыз).

Әдебиет:

А.Ю.Бушее, О.А.Городов, НЛВещупова жэне баскалары. Коммерческое право: оқулық. // В.Ф.Попоңдопуло, В.Ф.Яковлеваның басшылығымен. 2-бө-лім. - СПб.: Санкт-Петербор университеті баспасы, 1998.

И.В.Ершова, Т.М.Иванова. Предпринимательское право: оқу құралы. Түзетіліп, толықтырылып 2-басылуы. М.: Юриспруденция, 2000.

Коммерческое право зарубежных стран: оқулық. / В.Ф.Попондопулоның басшылығымен. - СПб.: СПбМУ баспа үйі. 2005.

Международное коммерческое право: оқу  құралы. // Санкт-Петер-бургский филиал ИГП РАН. // А.Б.Бушев және басқалары. // В.Ф.Попондо-пулоның жалпы басшыл. 2-бас, стер. - М.М. Омега-Л, 2006.

Предпринимательское право России: оқулық. В.С.Белых, Г.Э.Берсункаев, С.И.Винниченко жэне басқалары. // Жауапты ред. В.С.Белых. - М.: Проспект, 2008.

Предпринимательское право Российской Федерации. // Жауапты ред. Е.П.Губин, П.Г.Лахно. - М.: Юристь, 2006.

Предпринимательское (хозяйственное) право: оқулық. // Н.Н.Возне-сенская жэне басқалары. В.В.Лаптевтің, С.С.Занковскиидің басшылығымен. -М.: Волтерс Клувер, 2006.

В.П.Шумилов. Международное финансовое право: оқулық. - М.: Между-народные отношения, 2005.

Г.П.Черников. Фондовая биржа: международный опыт. - М.: Между-народные отношения, 1991.

Тапсырмалар:

1-тапсырма. 2008 ж. 3 каңтарда «Орталык Азия компаниясы» АҚ-ы мен «Қазакстандық коммерциялык банк» АҚ-ы арасында «Қазақстаңдык кор биржасы» жүйесінде 25 млн. теңге ашылу сомасына және 30 млн. теңге көлеміңде 2008 ж. 23 қазандағы жабылу сомасына 14 000 дана «Қазакстаңдық коммерциялық банк» АҚ-ы акциясымен төте репо мәмілесі жасалады. Төте репо мәмілесі бойынша «Орталық Азия компаниясы» АҚ-ы өзінің клиенті -«Веста» сақтандыру компаниясы» АҚ-ының мүдделерін қорғап жэне соның есебінен оның клиенттік тапсырыстары негізінде брокер ретінде эрекет етеді. Жасалған төте репо мәмілесінің талаптарына сәйкес, «Орталық Азия компа-ниясы» АҚ-ы өзінің клиентінің бүйрығы бойынша клиентке тиесілі 25 млн. теңге сомасындағы ақшаны банк шотына аударады, ал банк (өз кезегінде) «Веста» сақтандыру компаниясы» АҚ-ының шотына 14 000 дана акцияны репоның жабылған күніне жинақталган пайызды есепке ала отырып, оларға берілген акцияларды айырбастап, оның алган ақшшіай сомасын қайтару міңдеттемесімен аударады.

Аталған мәміле бойынша жабу күні 2008 ж. 23 мамыр деп белгіленген, ал содан кейін 2008 ж. 23 казанга ауыстырылған. Жабу күніне, ягни 2008 ж. 23 қазанға банк акцияларды сатып алу және «Веста» сақтандыру компаниясы» АҚ-ының ақшасын қайтарып беру женіндегі өзінің міндеттемесін орындамады.

2008 ж. 24 қарашада «Орталық Азия компаниясы» АҚ-ы мен «Веста» сақтандыру компаниясы» АҚ-ы арасында талап ету құқықтарын беру шарты жасалып, сол бойынша «Орталық Азия компаниясы» АҚ-ы «Веста» сақтандьфу компаниясы» АҚ-ынан аталған мэміле бойынша шығындардың орнын толтыру бойынша талап ету құкығын сатып алады. Репоны жабу мәмілесін бұзуга банктің шартты айтарлықтай бұзуы негіздеме болды.

«Орталық Азия компаниясы» АҚ-ы 2008 ж. 4 желтоқсанда 5 млн. теңге сомасында  шығындардың орнын толтыру жөнінде  «Қазақстан коммерциялық банкіне» шағымданып, сотқа жүгіңді. «Қазақстан коммерциялық банкі» 2009 ж. 24 қарашада «Орталық Азия компаниясы» АҚ-ы мен «Веста» сақ-тандыру компаниясы» АҚ-ы арасында жасалған талап ету құқығын беру шартын заң талаптарына сай емес деген негізде, яғни шартта «Веста» сақтандыру компаниясы» АҚ-ының «Орталық Азия компаниясы» АҚ-ы пайдасына берген құқықтардың (шығындар көлемінің) нақгы мөлшері және сақтандыру компаниясында шығындардың тууына негіздеме болған талап-тардың көрсетілмеуі себепті жарамсыз деп тану туралы ыңғайласпа талаппен сотқа жүгінеді. Оған қоса, жауап берушінін мәліметтері бойынша талап қоюшының банктік қарыз операцияларын орындауға уәкілетті мемлекеттік орган берген лицензиясы жоқ.

Тараптардың дэлелдерін талдаңыз. Сот  ңандай шешім шыгаруга тиіс? Егер талап  ңоюшының репо мэмілесін отеу үшін ңажетті аңшалай ңаражатты 2008 ж. 23 мамырда бермегені жэне мэміле мерзімі талап ңоюшының бастамасымен үзартылганы аныңталса, сот шешімі взгере ме?

тапсырма. Коммерциялық банк 1,5 млн. теңге  шығынның орнын толтыру туралы И.Т.Садықовқа  қатысты талаппен сотқа жүгінді. Оның келтірген дэлелдері мынадай: ұйымдастырылған биржа нарығында компания басқарушысы кұқықтарымен жэне инвестициялық үлестік жарна қоры (ИҮЖҚ) мүдделерін корғап, банктің И.Т.Садықовпен жасаған репо мэміле-сінің талаптары бойынша банк мэміле нысанасы үшін «Азимут» АҚ-ына қүны 9 млн. теңге жай акциялар беруге, ал И.Т.Садықов алты айдан кейін сыйақыны есепке ала отырып, 10 млн. теңге қайтаруға міндеттенеді, бірақ ол өзінің міндеттемесін орындамаған.

Сот ңандай шешім шыгаруга тиіс?

тапсырма. Қазақстанның жаңа инвестициялық  банкі» АҚ-ы «Қорға-сын-мырыш комбинаты» АҚ-ына қатысты жауап берушіні аудит өткізуге және барлық қажетті қүжаттарды (материалдарды) аудиторлық компанияға беруді міндеттеу туралы талаппен сотқа жүгінді. «Қорғасын-мырыш комбинаты» АҚ-ы жауап берушінің акциялары коп емес (миноритар) акционерлерін біріктіру жэне ірі акционер құзыреттіліктерін беру туралы келісімдерді жарамсыз деп тану туралы банкке қарсы ыңғайласпа талап-арыз береді.

Сотта мэлім болғандай, жауап берушінің  ірі акционерін құру мақсатында жауап  берушінің аудит откізу туралы кейінгі  талаптары үшін талап қоюшы «Қорғасын-мырыш комбинаты» АҚ-ының акциялары аз акционерлерін біріктіру туралы шарт жасасады, соның талаптары бойынша қол қойған акционерлер талап қоюшыға аудиторлық ұйыммен жауап берушінің аудитін откізу туралы шарт жасасуға уэкілеттік беруге келіседі. Талап қоюшы аудиторлық компаниямен сондай шарт жасасады, бірақ аудитке кірісу эрекетіне жауап берушінің қауіпсіздік қызметі бөгет жасап, Комбинат аумағына аудит откізуге келген адамдарды кіргізбей қояды, ол кезде жауап беруші аудит өткізуге талап етілетін құжаттарды беруден бас тартады.

Жауап беруші сот мәжілісінде талапты  мойындамады жэне талап қоюшының талаптарын заңсыз деп мэлімдеді, өйткені  жауап берушінің дауыс беруші акцияларының жалпы санының 3%-ын иелене отырып, талап қоюшы жауап берушінің ірі акционері болып табылмайды және жауап берушіге оның аудитін өткізу туралы өз бетінше талап қоюга құқығы жоқ. Өзінің акциялары көп емес акционерлердің біріктірілуін заңсыз деп тану жөніндегі ыңғайласпа талап-арызында жауап беруші тараптардың ешқайсысының оған қол қоюға құқықтары болмаганын корсетті, ойткені талап қоюшы қалған барлық акциялары аз акционерлермен үлестес.

Тараптардың дәлелдерін зерттеңіз. Сот  шешім шыгарганда, ңандай мэн-жайларды ескеруге тиіс?

тапсырма. «Самал» ЖШС-і мен «Жер»  АҚ-ы арасында 2005 ж. 10 маусымда «Кен-металлургия компаниясы» АҚ-ының 250 000 дана акция-сын сату женінде шарт жасалған. 2005 ж 23 желтоқсанда бұл акцияларды «Жер» компаниясы шетелдік «КВК ІЛЮ» компаниясына сатады.

2009 ж. 28 ақпанда Р.К.Козлов «Самал»  ЖШС-і, «Жер» АҚ-ы және «КВК ІЛЮ» компаниясына шағымданып, 2005 ж. 10 маусымдағы және 2005 ж. 23 желтоқсандағы акцияларды сату туралы шарттарды жарамсыз деп тану туралы талаппен сотқа жүтінді. Р.К.Козлов «Жер» АҚ-ының акционері, ал «Самал» ЖШС-інің қүрылтайшысы болып табылатынын, акцияларды сату женіндегі мэміленің оның келісімінсіз жасалганын керсетті.

Жауап берушілер талапқа қарсы  пікірлерінде түлғаның бұзылған құқы-ғынан  немесе оның қорғалатын мүдцесінен туатын талаптың канағат-тандырылуы мүмкін талаптық мерзімнің отіп кеткеніне сілтеме жасайды.

Талап қоюпіы езінің кұқықтарының бұзылғаны  оған тек 2008 ж. «Самал» ЖШС-інің шаруашылық қызметін тексеру бойынша аудитке  әзірлену барысында мәлім болғанын айтып, талап беру үшін талаптық мерзімді қалпы-на келтіру туралы етінішпен сотқа жүтінді.

Тараптардың уэждерін талдаңыз. Сот  ңандай шешім шыгаруга тиіс?

тапсырма. «Отан» АҚ-ы Жекешелендіру  женіндегі комитетке және «Кемір»  ЖШС-іне шағынып, акциялардын мемлекеттік  пакетін сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тану туралы талаппен сотқа жүгінген.

Информация о работе Лекция по "Бюджетному праву"