Лекция по "Бюджетному праву"

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 18:14, лекция

Краткое описание

Работа содержит лекцию по дисциплине "Бюджетное право"

Файлы: 1 файл

Мороз кәсіпкерлік құқық.doc

— 1.33 Мб (Скачать)

И.С.Шиткина. Правовой и управленческий аспекты. - М.: «Городец баспасы» ЖШҚ-ы, 2003.

 

 

Тапсырмалар:

1-тапсырма. Пернебаев өзінің «Парус» ЖШС-індегі үлесінің ақшалай тұлғаланған құнын анықтау және ЖШС мүлкінен еншісін бөліп алу туралы талаппен сотқа жүгінеді. Оның көрсетуінше, «Парус» ЖШС-ін ол және Морозов 2003 ж. 15 шілдеде әр қатысушының 50% үлесі бойынша 100 мың теңге жарғылық капиталымен құрған. Талап қоюшы ЖШС-тен шыққысы келіп, ЖШС мүлкінен өзінің еншісін нарықтык құнына қарай ақшалай немесе мүлік түлғасында бөліп алу жөніңде құрылтайшылардың жалпы жиналысына жүтінеді. 2005 ж. 20 қыркүйекте өткен жалпы жиналыс шешімімен талап қоюшының ЖШС мүлкінен 50% үлесін ақшалай құнымен бөліп беру туралы өтініші қанағаттандырылып, мүліктік қатынаста қанағаттандырылмаған. ЖШС жарғысына сәйкес, мүшеліктен шығатын қатысушы өзінің үлесінің еншісін кез келген жағдайда ақшалай да, мүліктей де алуға құқылы. Еншісінің нарыктық құнын Пернебаев өз бетінше анықтай алмайды, өйткені оған екінші қатысушы кедергі келтіріп отыр.

Сот шешімімен Пернебаевтың талап-арызы қанағаттандырылды. Оның «Парус» ЖШС-і мүлкіндегі үлесі 4 923 566 теңге көлеміңде анықталды. «Парус» ЖШС-інен Пернебаевтың пайдасына 4 923 566 теңге, мемлекеттік баж төлеуге және сараптама жасауға кеткен шығыстар өндіріліп берілді.

Шағым беру сатысындағы сот бірінші саты сотының шешімінің күшін жойып, талап-арызды қараудан бас тарту туралы жаңа шешім шығарды.

Шағым беру сатысындағы соттың шешімі негізді болып табыла ма? Талапты қараудан бас тарту шешіміне наразылың білдіру үшін қандай негіздемелер бар?

тапсырма. Салык органы «Рубин» АҚ-ын банкрот деп тану туралы талаппен сотқа жүгінеді. Сотқа жүгіну сәтінде «Рубин» АҚ-ының салықтар мен салықтық емес төлемдер бойынша берешегі 7 563 876 теңге болған. Жауап беруші бұл факт бойынша дауласпайды. Жауап берушінің қаржылық қызметіне құжаттық тексеру жүргізген Қаржылық бақылау комитеті басқармасының кесіміне сәйкес, 2007 ж. 1 сәуір қарсаңында АҚ-тың кредиттік жиынтық берешегі 12 850 теңге құраған. АҚ басшылығының сендіруі бойынша, төлемеудің негізгі себебі айналыс қаражатының жеткіліксіздігі болып табылады, өйткені 201 ж. 1 қаңтарына таза айналым қаражаттары 5081 мың теңге минус көрсеткішке шығып отыр, ал айналым қаражаттарының жеткіліксіздігі 2007 ж. 1 сәуір қарсаңында 11 081 мың теңге қүрайды. Сөйтіп, 2004-2006 аралығыңдағы кезеңде бюджетке және бюджеттен тыс қорларға үзақ уақыт төлемдер жасамау нәтижесінде пайда болған 7031 мың теңге көлемінде өтелмеген шығын орын алган.

Жауап беруші сот мәжілісінде оған қатысты оңалту шараларын қолдану туралы өтініш жасайды.

Сот қандай шешім шыгаруга тиіс? Егер жауап беруші оңалту жоспарын берсе және кэсіпорынның борыштарын өтей алатынына және қызметін қайтадан жандандыра алатынына дәлелдер келтірсе, сот шешімі өзгере ме?

тапсырма. «Олимп» ЖШС-і мемлекеттік мүлік жөніндегі комитеттің 2008 ж. 8 шілдедегі бөтен заңсыз иеліктен кепіл нысанасын алып қою туралы қаулысын заңсыз деп тану, яғни сол арқылы талап қоюшының АК-тің 195, 265, 316-баптарына байланысты кепіл иеленуші ретіндегі заттық құқығын бұзғаны туралы талаппен сотка жүгінеді.

Іс материалдарынан белгілі болғандай, 2007 ж. 27 шілдедегі талаптарды беру туралы шарт бойынша коммерциялық банк берілген кредит бойынша берешектерді, кредитті пайдаланғаны үшін пайызды және өсімақыны, сондай-ақ кредит шартынан, кепіл туралы шарттан, ипотекалық куәліктен және өзге құжаттардан туындайтын басқа міндеттемелерді өндіріп алу туралы өзінің қүқығын талап қоюшыга береді.

Талап ету қүқығын беру - міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететін барлық кұкықтар сақтала отырып жүргізілген.

Даулы мүлік кредит шарты бойынша кепіл нысанасы болып табылады, келіспеушілік тудырып отырған қаулы заңсыз деп таныған жағдайда, мүлік кепіл берушіге берілуге тиіс.

Сонымен қатар тараптар аталған талап-арыздың қаралу сәті қарсаңында Қарағанды облыстық сотының 2008 ж. 13 тамыздағы шешімімен кепіл нысанасын иеленуші «Гарант» АҚ-ының банкрот болып танылғаны туралы құжаттар табыс еткен. «Инвестгрупп» Ақ-ы конкурстық басқарушысының банк сауалына жауап берген хатына сәйкес, кепіл кредиторы ретіңце «Олимп» ЖШС-і кредиторлар талаптарының тізілімінде екінші кезекке енгізілген.

Банкротқа мүліктік талаптар қойылуы мүмкін бе? Кепіл иеленуші кепіл құқыгын және кепіл иеленушінің барлық құқықтарын сақтай ма немесе жоғалта ма? Сот қандай шешім шығаруға тиіс?

тапсырма. «Гранит» ЖШС-і құрылтайшыларының жалпы жиналысы шешімімен оның кұрамынан «Жамал» ЖШС-і бөлініп шықты және бөлу теңгеріміне сәйкес, мүлік, оның ішінде оқшау тұрған кеңсе ғимаратын және осы ғимарат орналасқан жер телімін тұрақты пайдалану құқығын алды. Кейіннен «Гранит» ЖШС-інің директоры Г.П.Николаев даулы жер телімінде орналасқан қоймаларды сатып алу-сату шартын жасамақ ниетпен жер телімін бөлуді талап етіп, «Жамал» ЖШС-іне өтініші жасайды, бірақ қайта құрылу нәтижесінде «Жамал» ЖШС-інің барлық телімді тұрақты пайдалану құқығын алғанын және оны белісетін ниеті жоқтығын білдірген бас тарту жауабын алады.

Дауды шешіп көріңіз. Жаңадан құрылган заңды тұлғаға ЖШС мүлкінің бір бвлігін бөліп берудің тәртібі қандай?

тапсырма. Соттың 2008 ж. 26 наурыздағы шешімімен «Астанаинвест» АҚ-ы мен «ЭКО» ЖШС-і арасында 2006 ж. 14 қаңтарда жасалған сатып алу-сату шарты, - тараптар екіжақты келісім тәртібімен бастапқы жағдайларына келтіріле отырып, - жарамсыз деп танылды. «ЭКО» ЖШС-інің талаптары қанағаттандыруға қабылданбады.

Осы соттың 2008 ж. 22 сәуірдегі қаулысымен іс бойынша дәлелдерді зерттеудің толық еместігіне байланысты аталған шешімнің күші жойылып, іс қайта қарауға жолданды.

Іс материалдарынан белгілі болғандай, 2006 ж. 14 қаңтарда тараптар арасында «ЭКО» ЖШС-і үшін «Астанинвест» АҚ-ының мүлкін: ғимараттарды, құрылыстарды, құрал-жабдықтарды, коммуникацияларды, сондай-ақ өндірістік инфрақұрылымдардың жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған сатушының меншігіндегі жер теліміне тұрақты иеліктен шығарылатын жерді пайдалану құқын сатып алу-сату шарты (шартқа қоса тіркелген тізбеге сәйкес, сатылатын мүліктің ақысын 2007 ж. 31 қаңтарға дейін төлеу мерзімін белгілей отырып) жасалған.

Шартта ол акционерлердің және «Астанаинвест» АҚ-ы құрылтайшысының келісімімен жасалғаны көрсетілген. Оны растау үшін «Астанинвест» АҚ-ы акционерлерінің 2006 ж. 9 қаңтарда өткен жалпы жиналысының хаттамасы табыс етіліп, оңда дауыс берушілер болып: мемлекеттік мүлік жөніндегі комитеттен 44,4% акциямен С.С.Иванов, «Кеңесші» ЖШС-інен 10% акциямен.

Б.Ш.Шайхин, «Ақжарқын» АҚ-ынан 18,2% акциямен К.М.Мақашев, 9,1% акциямен Г.И.Петренко көрсетілген.

Сот сауалына орай, мемлекеттік мүлік жөніндегі комитеттен «Астана-инвест» Ақ-ының 2006 ж. 1 каңтар қарсаңындағы акцияларын бөлу туралы 2008 ж. 3 наурыздағы жаңа құжаты алынды, онда акциялардың бөлінуі істе бар деректерге қарағанда, анағұрлым бөлек. Одан езге, 69,5% көлеміндегі акциялардың мемлекеттік пакетінің қалай құрылғаны туралы мағлұматтар жоқ.

Оның үстіне, талап қоюшының дәлелдерінен төлем жөніндегі шарт талаптарының бұзылуы себепті мемлекеттік мүлік жөніндегі комитет 2005 ж. қарашада «Ақжарқын» Ақ-ынан акциялардың мемлекеттік пакетін қайтарып алғаны түсінікті болды.

Шешім шығарғанда, сот қандай мән-жайларды ескермеген? Істі қайтадан қараған кезде, сот шешімі қандай болуға  тиіс?

тапсырма. 2008 ж. 18 наурызда Мүгедектердің қоғамдық бірлестігі (ҚБ) «Дәулет» ЖШС-іне шағымданып, құрал-жабдықтарды жалға беру туралы Мүгедектердің ҚБ баспаханасы мен «Дәулет» ЖШС-і арасында жасалған шартты заңсыз деп тану жөнінде сотқа жүгінеді.

Іс материалдарынан белгілі болғаны: 2005 ж. 7 тамызда Мүтедектердің ҚБ баспаханасы мен «Дәулет» ЖШС-і арасында жасалған шартқа сэйкес, «Дәулет» ЖШС-і әр тоқсан сайын ҚР ¥лттық банкі бағамымен 1500 АҚШ доллары сомасында жалға алу ақысын төлеп тұруға міндеттеніп, 10 жыл мерзімге офсеттік басып шығару станогын жалға алған. Аталған станок 2005 ж. қаңтарда республикалық бюджет қаражаты есебінен 27 980 000 теңгеге сатып алынған.

Мүтедектердің ҚБ жарғысының 29, 30-тармақтарына сәйкес, ол қоғамдық бірлестіктің мүлкін, оның ішінде баспахананы да иеленуге, пайдалануға және билік етуге құқылы. Баспахана жарғысының 4.2-тармағында баспахана мүлкін иелену, пайдалану жэне билік ету күқығы Мүгедектер ҚБ басқар-масына берілгендігі бекітілген. Істе сонымен бірге ҚБ басқармасы прези-диумының 1998 ж. 29 қаңтардағы ҚБ мүлкін басқарманың рұқсатынсыз жалға беруге тыйым салынатыны туралы қаулысынан алынған үзінді тіркелген.

Сот қандай шешім шығаруға тиіс?

тапсырма. 2002 ж. 28 ақпанда «Ударник» ЖШС-і мен «Ауылшаруашылық техникасы» АҚ-ы қаржы лизингі туралы жасасқан шарт бойынша «Ударник» ЖШС-і лизинг шарттарында ауылшаруашылық техникасын алады. 2008 ж. наурыздың 28-інде «Ауылшаруашылық техникасы» АҚ-ы мен «Ауылшаруашылық қолдау» АҚ-ы арасында жасалған талаптарды беру шарты бойынша «Ауылшаруашылық техникасы» АҚ-ы «Ауылшаруашылық қолдау» АҚ-ына «Ударник» ЖШС-інен лизинг шарты бойынша пайда болған 2 000 651 теңге сомасындағы берешектерді талап ету құқықтарын береді. 2008 ж. 31 наурыздағы сот шешімімен кредит берушінің арызы бойынша «Ударник» ЖШС-і банкрот болып танылған және Әділет департаментінің 2008 ж. 11 жел-тоқсандағы бұйрығымен таратылып, занды тұлғалар тізілімінен шығарылады.

«Ауылшаруашылық техникасы» АҚ-ына қатысты салық органының 2008 ж. 26 наурыздағы арызы бойынша уәкілетті орган соттан тыс таратуды қоддану туралы шешім қабылдайды жэне Әділет департаментінің 2009 ж. 5 қаңтардағы бұйрығымен «Ауылшаруашылық техникасы» АҚ-ы занды тұлғалар тізілімінен шығарылады.

«Ударник» ШЖС-інің жарғы капиталында 50% қатысу үлесі бар, оның директоры жэне қатысушысы болып табылатын С.Т.Шведова 2008 ж. 28 наурызда «Ауылшаруашылық техникасы» АҚ-ы мен «Ауылшаруашылық қоддау» АҚ-ы арасында жасалған талап ету құқықтарын беру туралы шартты жарамсыз деп тану жөнінде сотқа жүгінеді.

Сот қандай шешім шығаруға тиіс? Егер Қылмыстық кодекстің 176-бабы, 3-бөлімінің «б» тармагына сәйкес, лизингке алынган ауылшаруашылық техникасын иеленіп алу және ысырап ету бойынша С.Т.Шведовага кінә тағылуына байланысты қылмыстық іс қозғалғаны дәлелденсе, сот шешімі өзгере ме?

 

Тестілер:

Жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркелуі:

А. Егер ол тұрақты түрде жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланатын болса, міндетті болып табылады.

Ә. Егер жеке кәсіпкерліктен табатын жиынтық жылдық табысы 25 АЕК-тен асатын болса, міндетті болып есептеледі.

Б. Егер жеке кәсіпкерліктен табатын жиынтық жылдық табысы 50 АЕК-тен асатын болса, міндетті болып есептеледі.

В. Міндетті болып табылмайды.

Жеке  кәсіпкердің  мемлекеттік  тіркелуі  қандай мерзімдерде

жүргізілуге тиіс?

А. 3 жұмыс күнінен кешіктірілмей. Ә. 7 жұмыс күнінен кешіктірілмей. Б. 10 жұмыс күнінен кешіктірілмей. В. 14 жүмыс күнінен кешіктірілмей.

Шағын кәсіпкерлік субъектісінің мемлекеттік тіркелуі қандай мерзімдерде жүргізілуге тиіс?

А. 3 жұмыс күнінен кешіктірілмей. Ә. 7 жұмыс күнінен кешіктірілмей. Б. 10 жұмыс күнінен кешіктірілмей. В. 14 жүмыс күнінен кешіктірілмей.

Шетелдік заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу қандай мерзімдерде жүргізілуге тиіс?

А. 3 жұмыс күнінен кешіктірілмей. Ә. 7 жұмыс күнінен кешіктірілмей. Б. 10

жұмыс күнінен кешіктірілмей. В. 14 жұмыс күнінен кешіктірілмей.

Заңды тұлғаны қайта құрудың қандай формасы оның қызметінің тоқтатылуына жеткізбейді?

А. Қосу. Ә. Біріктіру. Б. Бөлу.

В. Бөліп шығару.

Қандай жағдайларда занды тұлға сот шешімімен мәжбүрлі түрде таратылуы мүмкін?

А. Банкроттық.

Ә. Бәсекелестікке қарсы шарттар жасау.

Б. Занды тұлғаның жарғылық мақсаттарына кайшы келетін мәмілелер жасау.

В. Лицензияның қолданылуьш ұзақ мерзімге тоқтатып қою.

Заңды тұлганы таратқан кезде кредит берушілердің кінәрат-талаптар беру мерзімі төмендегіден аз болмауы керек:

А. Тарату туралы ақпарат жарияланған кезден санағанда, бір айдан. Ә. Тарату туралы ақпарат жарияланған кезден санағанда, екі айдан. Б. Тарату туралы акдарат жарияланған кезден санағанда, үш айдан.

Заңды тұлға мүлкінің меншік иесі оның таратылатыны туралы шешім қабылдаған кезден санағанда, үш айдан.

 

8. Занды тұлганы тараткан кезде, оның салық және бюджетке төленетін басқа төлемдер бойынша берешегі қандай кезектілікпен өтеледі?

А. Бірінші кезекте. Ә. Екінші кезекте. Б. Үшінші кезекте.

8. Төртінші кезекте.

9. Таратылатын заңды тұлға мүлкінің жеткіліксіздігі себепті кредит 
берушілердің қанагаттандырылмаган кінәрат-талаптары:

А. Құрылтайшылардың мүлкі есебінен қанағаттандырылуға жатады.

Ә. Оның таратылатыны туралы сот шешімі шыққаннан кейін заңды түлғаның құрылтайшылары болып табылатын жеке тұлғалардың жалақылары және алған басқа табыстары есебінен қанағаттандырьшуға жатады.

Б. Кредит берушілер кінәрат-талаптарын әрбір үш жыл сайын мәлімдей алады.

В. Өтелген болып саналады.

10. Бірлескен кәсіпорынды тарату туралы шешім қабылданған 
болып саналады, егер ол үшін төмендегілер дауыс берсе:

А. Барлық қатысушылар.

Ә. Қатысушылардың көпшілігі.

Б. Қатысушылардың жартысы.

В. Қатысушылардың үштен екі бөлігінен көбі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7-тақырып. Кәсіпкерлік қызметтегі мүліктін құқыктық режимі

Информация о работе Лекция по "Бюджетному праву"