Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 18:14, лекция
Работа содержит лекцию по дисциплине "Бюджетное право"
Жауап берушіні өкілі талап-арыздарды мойындамады және сотқа мынадай түсініктеме берді: шарттың 4.2-тармағы және «Өсімдік өсіру шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» ҚР Заңының 15-бабы негізінде «Сақтанушы» 5 күнтізбелік күн ішінде «Сақтандырушыны» сақтандыру жағдайының орын алуына келтіретін табиғаттың қолайсыз құбылысы фактісінің қалай оған мәлім болғаны туралы хабардар етуге тиіс. Алайда талап қоюшы сактандыру компаниясына тек 2005 ж. тамыздың басында ғана жүтінген. Сонымен қатар шарттың 4.2-тармағы жэне «Өсімдік өсіру шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» ҚР Заңының 15-ба-бының 2-тармағына сәйкес, «Сақтанушы» табиғаттың қолайсыз жағдайы басталған күннен санағанда 3 жұмыс күні ішінде жергілікті атқару органына табиғаттың қолайсыз жағдайына тап болған алаңдарды анықтау үшін комиссия кұру жөнінде өтініш беруге міндетті, бірақ талап қоюшы өтінішті 2005 ж. 2 тамызда, яғни екі ай өткен соң беріп отыр, ал ауа райы болжамының қорытындысы және физикалық-географиялық шарттар бойынша 2005 ж. «Успенск» ШҚ аумағында маусым айының жиырма төрт күні ішінде ең жоғарғы ауа температурасы 25 градустан артық болған. Құрғақ және ыстық ауа райы шілденің басында да сақталған. Өсімдік өсіру шаруашылығындағы міндетті сақтандыру жөніндегі шарт талап қоюшымен 2005 ж. 29 маусымда жасалған, яғни талап қоюшы ауа райының қолайсыз жағдайларын біле отырып, сақтандыру туралы шартты әдейі жасаған. «Өсімдік өсіру шаруашығындағы міндетті сақтандыру туралы» ҚР Заңының 11-бабының 2-тар-мағына сәйкес, ол «Сақтандырушыға» сақтандыру нысаны, сақгандыру тәуекелдігі және сақтандыру жағдайы туралы қасақана жалған мәліметтер береді, ал ол сонымен қатар «Сақтандырушының» сақтандыру төлемдерін жасаудан бас тартуына негіздеме болып табылады.
Тараптардың дәлелдерін анықтаңыз. Сот шешім шығарғанда, қандай
Мән-жайларды ескеруге тиіс?
Тестілер:
Кәсіпкерлік құқық нысанасына кірмейтін қатынастар:
А. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру барысында туындайтын коммерциялық емес қатынастар.
Ә. Кәсіпкерлердің қатысуымен орнайтын коммерциялық қатынастар.
Б. Тұтыну кооперативтерінің қатысуымен орнайтын коммерциялық емес қатынастар.
В. Қоғамдық ұйымдардың қатысуымен орнайтын коммерциялық қатынастар.
Корпорациялық қатынастар - бұл:
А. Кәсіпкерлік қызмет субъектілері арасындағы қатынастар.
Ә. Кәсіпкерлік қызмет субъектілері мен мемлекеттік органдар арасындағы қатынастар.
Б. Коммерцияльщ емес ұйымдар арасындағы қатынастар.
В. Кәсіпкерлік қызмет субъектісінің құрылымдық бөлімшелері арасындағы қатынастар. »
Кәсіпкерлік құқық әдісі төмендегі болып табылады:
А. Диспозициялық әдіс.
Ә. Өктем (императивтік) әдіс.
Б. Диспозициялық жэне өктем әдістердің қосындысы.
В. ¥сыныстар мен ынталандыру эдісі.
Кәсіпкерлік қатынастарды көпшілік-құқықтық реттеу төмендегідей түрде бола алмайды:
А. Тыйым салу.
Ә. Шектеу қою.
Б. Жеңілдіктер мен артықшьшықтар беру.
В. Келісім.
Кәсіпкерлік құқық ұстанымдарына жатпайтындар:
А. Шарт еркіндігі ұстанымы.
Ә. Тараптардың жарысушылығы және тендігі танымы.
Б. Кәсіпкерлік қатынастарға қатысушылардың теңдік ұстанымы.
В. Бәсекелестік еркіндігі жэне монополиялық қызметті шектеу ұстанымы.
Азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру ұстанымы төмендегіні білдіреді:
А. Кәсіпкерлік қызмет субъектілері өздерінің құқықтарын толық көлемде және қандай да бір шектеулерсіз, ал, ең бастысы, басқа тұлгалардың мүдделерін козғамай және қысым жасамай жүзеге асырады.
Ә. Белгіленген азаматтық құқықтар бұзылған жағдайда, кәсіпкерлік қызмет субъектілеріне олардың қайта қалпына келтірілетініне кепілдік беріледі.
Б. Кәсіпкерлік қызмет субъектілері өз мүдделерін және занды құқықтарын қорғауға құқылы.
В. Мемлекеттік органдар, олардың лауазымды адамдары және кез келген басқа тұлғалар кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің жеке істеріне араласуға құқылы емес.
Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу ұстанымы төмендегіден көрінеді:
А. Мемлекет кәсіпкерлік кызметтің еркіндігіне кепілдік береді және оның қорғалуын және қолдау табуын қамтамасыз етеді.
Ә. Мемлекет кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің мінез-құлқына экономикалық және әкімшілік ықпал ету шараларын қолданады.
Б. Мемлекет жеке меншікке қолсұкпаушылық және қорғау кепілдігін береді.
Мемлекет кәсіпкерлік қызметтің бәсекелестікке қабілетті қатысушыларын ынталандырады.
8. 2006 ж. 31 қаңтардағы «Жеке кәсіпкерлік туралы» ҚР Заңында кәсіпкерлік құқықтың қандай ұстанымы көрініс таба алмады?
А. Кәсіпкерліктің барлық субъектілерінің тендігі ұстанымы. Ә. Жеке меншікке қолсұқпаушылық және қорғау ұстанымы. Б. Жеке кәсіпкерлік еркіндігі ұстанымы.
В. Бәсекелестіктің еркіндігі жэне монополиялық қызметті шектеу ұстанымы.
9. 2006 ж. 31 қаңтардағы «Жеке
кәсіпкерлік туралы» ҚР Заңында
жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін
қозғайтын заң актілерінің
жобаларын әзірлеу жөнінде қандай талап
бекітілген?
А. Барлық мүдделі тұлғаларды шақыра отырып, міндетті түрде көпшілік талқылауына салу.
Ә. Міндетті түрде БАҚ-тарда жариялау.
Б. Міндетті түрде көпшілікке арналған тындаулар өткізу.
В. Тәуелсіз сарапшылардың міндетті сараптамалар өткізуі.
10. Кәсіпкерлік қүқықтың ерекше
бөліміне қандай институт (қағи-
далар жиынтығы) кірмейді?
А. Кәсіпкерлік шарт.
Ә. Жер қойнауын пайдалану саласындағы кәсіпкерлік шарттар.
Б. Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіпкерлік шарттар.
В. Құрылыс саласындагы кәсіпкерлік шарттар.
5-тақырып. Кәсіпкерлік қызмет субъектілері
Тақырып бойынша сұрақтар:
Кәсіпкерлік қызмет субъектісі түсінігі.
Кәсіпкерлік қызмет субъектісінің құқықтары мен міндеттері.
Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің түрлері.
Нормативтік материал:
ҚР Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім). 27.12.1994. // ҚР Жоғарғы Кеңесінің ведомостары. 1994. № 23-24 (қосымша). 282-бап; ҚР Азаматтық кодексі (Ерекше бөлім). 01.07.1999 ж. № 409-1. // ҚР Парламентінің ведомостары. 1999. № 16-17. 642-бап.
1995 ж. 5 қазандағы «Өндірістік кооператив туралы» ҚР Заңы. № 2486. ҚР Жоғарғы Кеңесінің ведомостары. 1995. № 20. 119-бап.
1995 ж. 31 тамыздағы «Қазақстан Республикасындағы банктер жэне банк қызметі туралы» ҚР Заңы. № 2444. // ҚР Жоғарғы Кеңесінің ведомостары. 1995. № 15-16. 106-бап.
1995 ж. мамырдың 2-індегі «Шаруашылық серіктестіктері» туралы ҚР Заңы. № 2255. // ҚР Жоғарғы Кеңесінщ ведомостары. 1995. № 7. 49-бап.
1995 ж. 19 маусымдағы «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» ҚР Заңы. № 2335. // ҚР Жоғарғы Кеңесінің ведомостары. 1995. № 9. 66-бап.
2007 ж. 28 ақпандағы «Бухгалтерлік есеп және қаржы қызметі туралы» ҚРЗаңы. № 234-Ш. Казахстанская правда. 13.03.2007. № 38 (25283).
1998 ж. 22 сэуірдегі № 220-1 «Жауапкершілігі шектеулі жэне қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» ҚР Заңы. ҚР Парламентінің ведомостары. 28.04.1998. № 5-6 (2271).
2001 ж. 8 мамырдағы № 197-11 «Тұтыну кооперативтері туралы» ҚР Заңы. // ҚР Парламентінің ведомостары. 2001. № 10. 138-бап.
2003 ж. 13 мамырдағы № 415-П «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңы. // Казахстанская правда. 2003. № 141-142 (24081-24082).
2006 ж. 31 қаңтардағы № 124-ІП «Жеке кәсіпкерлік туралы» ҚР Заңы. Казахстанская правда. 07.02.2006. № 27 (24998).
ҚР Үкіметінің 1996 ж. 13 мамырдағы «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын монополиясыздандыру және тұрғын үй-коммуналдық қызметтер үшін есеп айырысуларды тәртіпке келтіру туралы» № 587-Қаулысы. ҚР ПҮАЖ. 1996. № 20. 177-бап (ҚР Үкіметінің 2000 ж. 17 наурыздағы 258-Қаулысымен күшін жойды).
ҚР Жоғарғы сотының 1992 ж. желтоқсанның 18-індегі «Сот тәжірибесінде жеке және заңды тұлғалардың ар-ожданы, қадір-қасиеті жэне іскерлік беделі туралы» № 6-нормативтік қаулысы (Қосымшаны қараңыз).
ҚР Жоғарғы сотының 1999 ж. 9 шілдедегі «Тұрғын үйге меншік құқығы туралы зандарды қолданудың кейбір мәселелері туралы» № 10-нормативтік қаулысы (Қосымшаны қараңыз).
ҚР Жоғарғы сотының 2004 ж. 18 маусымдагы «Өз қызметі зандарды өрескел бұза отырып жүзеге асыратын занды тұлғаларды таратудың сот тэжірибесі туралы» № 5-нормативтік қаулысы (Қосымшаны қараңыз).
ҚР Жоғарғы сотының 2008 ж. шілденің 10-ындағы «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы заңдарды қолданудың кейбір мәселелері туралы» № 2-нормативтік қаулысы (Қосымшаны қараңыз).
Әдебиет:
Ю.Г.Басин. Юридические лица по Гражданскому кодексу Республики Казахстан. - Алматы, 1996.
Гражданское законодательство. Мақалалар. Түсініктемелер. Практика. 20-шығарылым. // Жауапты ред. А.Г.Диденко. -Алматы: Юрист, 2004.
С.Э.Жилинский. Предпринимательское право (правовая основа предпри-нимательской деятельности): ЖОО үшін оқулық. - М.: Норма баспасы, 2006.
С.И.Климкин. Юридические лица (мақалалар жинағы). - Алматы: «Норма-К баспасы» ЖШС-і, 2004.
В.В.Лаптев. Введение в предпринимательское право. -М., 1999.
В.С.Мартемьянов. Хозяйственное право: 2 томдық оқулық. -М., 1994.
Право и внешне экономическая деятельность в Республике Казахстан. // Жауапты ред. М.К.Сүлейменов. - Алматы, ҚазМЗА, 2001.
Б.И.Пугинский. Коммерческое право России. - М.: Юрайт, 2005.
Субъекты гражданского права. // Жауапты ред. М.К.Сүлейменов. -Алматы, Қаз МЗУ жеке құқык ГЗИ-і, 2004.
М.К.Сүлейменов. Избранные труды по гражданскому праву. // Ғылыми ред. В.С.Ем. -М.: Статут, 2006.
Тапсырмалар:
1-тапсырма. Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот «Тұран» АҚ-ының аталған АҚ акционерлері мен директорлар кеңесі мүшелеріне берген «Тұран» АҚ-ының акционерлері жалпы жиналысының хаттамаларын жэне «Тұран» АҚ-ы директорлары кеңесі отырысының хаттамасын заңсыз деп тану женіндегі талап-арызын қараған. Сот мынаны анықтады: «Тұран» АҚ-ы акционерлерінің жалпы жиналыстарының дау тудырып отырған хаттамаларымен «Құрылыстранс» ЖШС-іне 10 350 500 теңге сомасындағы берешектің орнын толтыру үшін жылжымайтын мүлік (оның ішінде бір өнеркәсіп базасы және бір дүкен бар) беру туралы шешім қабылданған. Келіспеушілік тудырып отырған акционерлердің жалпы жиналысының басқа хаттамасына сәйкес, сауда-құрал-жабдықтарымен қоса жалға берушілерге төрт дүкен жалдау ақысы ретінде берілген. Ары қарай, «Тұран» АҚ-ы акционерлерінің жалпы жиналысының келесі даулы хаттамасы бойынша, ҚР Қорғаныс министрлігінің рұқсат қағазына сәйкес, «Тұран» АҚ-ы ұтып алған тендер бойынша әскери бөлімшелерге берілген макарон өнімдері үшін 2 млн. теңге сомасындағы борышты өтеу үшін, жеке кәсіпкер ИА.Макаровқа құны 750 мың теңгелік кондитер цехін беру туралы шешім шығарылған.
Аталған жиналыстардың барлығы 61 142 (88,9%) жай акциялар иеленуші жалғыз акционер - Құрылыстранс» АҚ-ының қатысуымен өткен. Одан өзге, хаттамаларда 7 643 (10%) артықшылығы бар акция иеленуші еңбек ұжымының өкілі Калинкинаның қатысуы көрсетілген нұсқау бар, ал ол сотта еңбек ұжымының мүдделеріне өкілеттік етуге құқы бар екенін дәлелдейтін айғақтар бере алмады.
Сот қандай шешім шығаруға тиіс? Егер мүліктің «Тұран» АҚ-ы құрылтайшыларының туыстарына берілгені дәлелденсе, сот шешімі өзгере ме? «Тұран» АҚ-ы құрылтайшыларының іс-әрекеттерін қасақана банкроттыққа жеткізу деп бағалауға бола ма?
тапсырма. «Рақат» ЖШС-і коммерциялық банктен 52 232 500 теңге негізгі борышты және бөтен ақшалай қаражаттарды заңсыз пайдаланғаны үшін пайыз өндіріп алу туралы талаппен сотқа жүгінген.
Сотта белгілі болғандай, инвестициялық қор және коммерциялық банк 2000 ж. 29 наурызда жасасқан менеджменттің қаржылық орындауы шартына сәйкес, «Рақат» ЖШС-І банкке 27 470 000 теңге капиталымен қаржы қорын басқаруға береді. Банк, өз кезегінде, шартта бар кесте бойынша 2001 ж. 29 наурызда пайыз түрінде 18 000 000 теңге қайтаруға міндеттенеді.
Істе сонымен қатар жоғарыда көрсетілген шарттың орындалуы бойынша банк қүрьштайшылары кеңесінің төрағасы К.Н.Исаев қол қойған мәжіліс хаттамасы бар, ал онда банктің «Рақат» ЖШС-іне берілген қаржы қорларынан және солар бойынша пайыздардан тұратын 34 000 000 теңге залал келтіргені айтылады, соның негізінде 2001 ж. 30 сэуірге дейін келтірілген заладдың орнын толтыру туралы міндеттеме қабылданады.
Банктің 1995 ж. 18 тамыздағы құрылтай шартына сәйкес, банктің жоғарғы басқару органы кеңес төрағасын сайлайтын кұрылтайшылардың жалпы жиналысы болып табылады. Құрылтайшылардың жалпы жиналысы банк қызметіне қатысты кез келген мәселені шешуге құзырлы (2.1-тармақ).
Тараптардың дәлелдеріне талдау жасаңыз. Сот қандай шешім шыгаруга тиіс?
тапсырма. 1999 ж. 17 ақпанда «Консалтинг орталығы» ЖШС-і «Азия» ЖШС-ін орналасып отырған тұрақ жайдан шығару туралы сотқа арызданады.
Іс материалдарынан белгілі болғаны: 1998 ж. 5 тамыздағы сатып алу-сату шартымен «Консалтинг орталығы» ЖШС-і мемлекеттен қосымша жанастырылып салынған кеңсе тұрақжайын сатып алады. Талап қоюшының меншік қүқығы меншік құқын иелену туралы мемлекеттік актімен расталған. Талап қоюшы сатып алған 180 шаршы метр аумақта 1997 ж. 5 қыркүйекте мемлекеттік мүлік жөніндегі қалалық комитет пен «Азия» ЖШС-і арасыңда бір жыл мерзімге жасалған жалға беру шарты негізінде жауап беруші орналасқан. Жалға беру шартының жарамдылық мерзімі ұзартылмаған.
Жаңа меншік иесінің жалға беру шартын жасау туралы ұсынысынан жауап беруші бас тартқан.