Лекция по "Бюджетному праву"

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 18:14, лекция

Краткое описание

Работа содержит лекцию по дисциплине "Бюджетное право"

Файлы: 1 файл

Мороз кәсіпкерлік құқық.doc

— 1.33 Мб (Скачать)

Екінші кезектегі тізімге енгізуден бас тартуды банк негізді емес деп санады. «Банкроттық туралы» Заңның 72-бабының 3-тармағында белгіленген тәртіпте конкурстық басқарушының мэлімделген талаптардан бір ай мерзім ішінде жазбаша түрде бас тартуы болмаған жағдайда олар мойындалған болып табылатыны себепті, ол конкурстық басқарушының шешімімен келіспейтіңдігін мәлім етпеді.

Алайда сот атына жазған арызында кредит берушінің конкурстық басқарушы шешімімен келіспейтінін ескеруді өтінді.

1998 ж. сәуірдің 7-індегі қазы (судья) анықтамасында конкурстық басқарушы берген кредит берушілердің борыштарын өтеу кезектілігінің тізілімдері бекітілген, соған сәйкес банк талаптары 5-кезектілікке енгізілген.

Банк қазы анықтамасымен келіспеді де, тиісті арыз жазып, шаруашылық істер жөніндегі алқаға жүгінді.

Жоғарғы сатыдағы сот қандай шешім қабылдауға тиіс? Егер банк пен «Солтүстік» АҚ-ы арасында жасалған жылжымайтын мүліктің кепілге алынуы туралы шарттар белгіленген тэртіпте тіркелмегені анықталса, сот шешімі өзгере ме? Банқроттық туралы қолданылып жүрген ҚР заңдары бвйынша банк талаптары қандай кезектілікте қанағаттандырылуға тиіс?

тапсырма. 1997 ж. мамырдың 22-інде Мемлекеттік сараптаманың бас кәсіпорнының бақылау қызметінің бас инспекторы құрылыс салушылардың сәулет және қала құрылысы саласында салынып жатқан нысандарда заң актілері мен мемлекеттік нормативтерді сактауына ішінара тексеру жүргізу барысында жекелеген нысандар бойынша құрылыс белгіленген тәртіпте мемлекеттік сараптаудан өтпеген жобалар негізінде және құрылыс-құрастыру жұмыстарын жүргізу қүқына мемлекеттік құрылыс инспекциясы беретін рұқсатсыз жүргізіліп жатқанын көрсетіп, ұйғарым берген.

1993 ж. қазанның 22-індегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала кұрылысы туралы» ҚР Заңының 1, 26, 33, 34-баптарына сілтеме жасала отырып, «Құрылысқұрастырусервис» АҚ-ына бір апта мерзім ішінде Мемлекеттік сараптаманың Орталық аппаратына қарауға құжаттама табыс етуге ұсыныс жасалды. Одан өзге, қарсылық білдірілген ұйғарымдар қызмет көрсететін банкке де жолданып, онда қаржыландыруды дереу тоқтата тұруға ұсыныс берілді.

Талап қоюшы ұйғарымдардың күшін жою туралы шағым берді, өйткені аталған нысандар уақытында құрылыс басталғанға дейін сол кезенде қолданыста болған заңда белгіленген тәртіпте сараптамадан өткен және барлық нысандардың құрылысы және қалпына келтіру құрылысы бекітілген жобалар бойынша салынып жатыр.

Шешім шығарылған кезде қолданыста болған заңдарды зерттеп біліңіз. Сот шешіміне негіздеме беріңіз. Сәулет, құрылыс және қала құрылысы қызметі туралы ҚР заңдарында салынып жатқан нысандарга мемлекеттік сараптама жүргізудің талаптары өзгерді ме?

5-тапсырма. «Жүк тасымалдары» АҚ-ы мүдделерін қорғап, прокурор 1995 ж. сэуірдің 19-ында сақтандыру компаниясы мен «Жүк тасымалдары» АҚ-ы арасында жасалған шартты жарамсыз деп тану туралы талаппен сотқа жүгінді.

Сотта «Жүк тасымалдары» АҚ-ының жөнелтілген тауарды сактандыру үшін жалпы сомасы 15 756 400 теңге құрайтын шарт бойынша тиесілі сақтандыру төлемін төлемегені белгілі болды.

Алайда өз арызының талаптарын негіздеу үшін, прокурор жасалған шарттың заңға және басқадай құкыктық актілерге сай келмейтіні туралы фактілер келтірді. Атап айтқанда, сақтандыру компаниясы «Қазақстан Республикасы аумағындағы сақтандыру қызметін лицензиялау туралы» Ережелердің мынадай: сақтандырушының аса ірі бес тәуекелдік бойынша ең үлкен жауапкершілігі өз қаражаттарының екі еселеген көлемінен аспауға тиіс деген бөлігін (20-тармақ) бұзған. Жауап берушінің жеке қаражаттары шарт жасасқан кезде 54,3 млн. тенге құраған, ал «Жүк тасымалдары» АҚ-ының жүгін сақтандыру үшін ғана жеке капиталы 167,5 млн. теңге болуы талап етілген.

Одан өзге, 1992 ж. шілденің 3-індегі «Қазақстан Республикасындағы сақтандыру туралы» ҚР Заңының 9-бабын бұза отырып, даулы шартта сақтандыру шарттары үшін міндетті болып табылатын елеулі талаптар болмаған. Сөйтіп, ол шартта сақтандыру жағдайлары, яғни солар болғанда сақтандырушының залалдың орнын толтыру бойынша міндеті туындайтын талаптар жоқ, орнын толтырудың көлемі және төлеу тәртібі көрсетілмеген, сақтандыру телемдерін жасаудың тәртібі мен мерзімдері белгіленбеген.

Шарт жасалган кезде қолданыста болган заңдарды зерттеп біліңіз. Тараптардың дәлелдерін талдаңыз. Қазіргі заман жағдайында бұл салада қолданылып жүрген ҚР заңдары талаптарын ескере отырып, сот шешімі қандай болуы мүмкін еді?

6-тапсырма. Прокурор мемлекет мүддесін қорғап, «Өнеркәсіпқүрылыс» АҚ-ына және «Ильяс және К» ТС-іне шағымданып, 1997 ж. қаңтардың 2-інде солармен жасалған санаторий-сауықтыру орнының сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тану туралы талаппен сотқа жүгінді.

Прокурордың көрсетуі бойынша ұжымдық кәсіпорынды акционерлік қоғамға қайта қүру барысында ресми-мэдени жэне коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы нысандар кэсіпорынның жарғы қорына кірмеген, яғни бұл нысандар мемлекеттің меншігінде қалған және сол себепті санаторий-сауықтыру орнының сатылуы заңсыз болып есептеледі.

Қазақ КРС-інің 1991 ж. маусымның 22-індегі «Мемлекет иелігінен шығару және жекешелендіру туралы» Заңының 14-бабына сәйкес, мемлекет иелігінен шығару және жекешелендіру формаларының бірі мемлекеттік кәсіпорын мүлкін еңбек ұжымдары мүшелерінің сатып алуы болып табылады. «Өнеркәсіпқұрылыс» өндірістік бірлестігін (ары қарай - ӨБ) мемлекет иелігінен шығару оны ұжымдық кәсіпорынға айналдыру жолымен жүзеге асырылған, оған іске тіркелген құрылтай құжаттары және жауап берушінің 1992 ж. казанның 21-інде ұжымдық кәсіпорын ретінде тіркелгені туралы деректер дәлел болады.

Сонымен қатар істе: 1) соған сәйкес мемлекеттік мүлік жөніндегі комитеттің мемлекет меншігінде қалған мүліктің бағалау құнының 31%-ын шығарып тастағанда, «Өнеркэсіпқұрылыс» бірлестігіне осы кәсіпорынның негізгі жэне айналым құралдарын сатқаны, ал әлеуметтік инфрақұрылымның негізгі қорлары (оның ішінде теңгерімдік құны 119 224 627 рубль құрайтын дау тудырып отырған санаторий де бар) кәсіпорын ұжымына ақысыз берілгені туралы 1992 ж. қыркүйектің 22-інде жасалған шарт;

2) «Өнеркәсіпқүрылыс» ұжымдық кәсіпорнының (¥К) ұжымы «Өнер-кэсіпқұрылыс» ӨБ-інің мемлекеттік мүлкін сатып алғанын растайтын, меншік құқына ену туралы 1993 ж. ақпанның 4-індегі мемлекеттік акт бар.

«Өнеркәсіпқұрылыс» ӨБ-інің «Өнеркәсіпқұрылыс» ¥К-і болып қайта құрылуы кезінде қолданыста болған заңдарды зерттеп біліңіз. Тараптардың дәлелдерін талдаңыз. Сот қандай шешім шығаруға тиіс? «Ильяс  К» ТС-і адал сатып алушы ма?

 

Тестілер:

Қай ел сауда-саттық құқығының негізін қалаушы болып табылады?

А. Франция. Ә. Англия. Б. Испания. В. Италия.

Төменде аталған елдердің қайсысында Сауда кодексі барлығынан бұрын қабылданды?

А. Франция. Ә. Германия. Б. Австрия. В. Жапония.

Жеке құқық дуализмі тән ел:

А. Құқыктың ағылшын-саксондық жүйесі.

Ә. Құқыктың роман-герман жүйесі. Б. Құқықтың мұсылмандық жүйесі. В. Құқықтың американдық жүйесі.

ТМД елдерінін қайсысында бір мезгілде Азаматтық кодекс және Шаруашылық кодекс қолданылады?

А. Ресей Федерациясы. Ә. Беларусь Республикасы. Б. Молдова Республикасы. В. Украина.

Екі секторлы құқық теориясын әзірлеген адам:

А. А.Гинцбург. Ә. Б.Папгуканис. Б. В.Стучка. В. Г.Мамутов.

Шаруашылық құқық тұжырымдамаларының (мектептерінің) қайсысы зиянкестік болып жарияланды?

А. Екі секторлы құқық тұжырымдамасы.

Ә. Біртұтас шаруашылық құқық мектебі.

Б. Шаруашылық құқыктың монистік тұжырымдамасы.

В. Шаруашылық құқықтың дуалистік тұжырымдамасы.

 

Шаруашылық құқық теориясы ең шарықтау шегіне жеткен жылдар:

А. XX ғасырдың 50 жылдары. Ә. XX гасырдың 60-80 жылдары. Б. XX ғасырдың 90 жылдары.

           Б.XXI ғасырдың басы.

8. Қазақстанда кәсіпкерлік (шаруашылық) құқықтың қалыптасуы қашан басталды?

А. XX ғасырдың 20-30 жылдары. Ә. XX ғасырдың 60-80 жылдары. Б. ҚР тэуелсіздік алған кезден бастап.

Қазақ КРС-інің 1990 ж. желтоқсанның 11-індегі «Қазақ КСР-інде шаруашылық қызмет бостандығы және кәсіпкерліктің дамуы туралы» Заңы қолданысқа енгізілген кезден бастап.

Қандай кәсіпкерлік (шаруашылық) қатынастарды қазақстандық заң шығарушылар азаматтық заңдарды реттеу саласына жатқызады?

А. Кәсіпкерлік қызметтік жекелеген түрлерін лицензиялау жөніндегі қатынастар.

Ә. Кәсіпкерлердің салық телеуі жөніндегі қатынастар.

Б. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын занды тұлғаларды тіркеу жөніндегі қатынастар.

В. Кәсіпкерлерге жеңілдіктер мен артықшылықтар беру жөніндегі қатынастар.

10. Қазақстан Республикасында жеке құқықтың қандай жүйесі қалыптасқан?

А. Монистік жүйе. Ә. Дуалистік жүйе. Б.Аралас жүйе.

В. Экономиканың өздігінен реттелуіне негізделген жүйе.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-тақырып. Құқыктын кешенді саласы ретіндегі кәсіпкерлік (шаруашылық) құқык

Тақырып бойынша сұрақтар:

Кәсіпкерлік (шаруашышық) кұқықты құқықтық реттеу нысанасы және әдістері.

Кәсіпкерлік (шаруашышық) құқық ұстанымдары.

Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқық жүйесі.

 

Нормативтік материал:

ҚР Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім). 27.12.1994. // ҚР Жоғарғы Кеңесінің ведомостары. 1994. № 23-24 (қосымша). 282-бап; ҚР Азаматтық кодексі (Ерекше белім). 01.07.1999 ж. № 409-1. // ҚР Парламентінің ведомостары. 1999. № 16-17. 642-бап.

Қазақ КСР-інің «Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы» Заңы. 05.06.1991 ж. № 640-ХІІ. // ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің ведомостары. 1991. № 23. 267-бап.

«Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауарлардың шыққан жерлерінің атаулары туралы» ҚР Заңы. 26.07.1999 ж. № 456-1. // ҚР Парламентінің ведомостары. 1999. № 21. 776-бап.

«Сақтандыру қызметі туралы» ҚР Заңы. 18.12.2000 ж. № 126-П. // ҚР Парламентінің ведомостары. 2000. № 22. 406-бап.

«Өсімдік өсіру шаруашылығындағы сақтандыру қызметі туралы» ҚР Заңы. 10.03.2004 ж. № 533-П. // ҚР Парламентінің ведомостары. 2004. № 5. 26-бап.

«Жеке кэсіпкерлік туралы» ҚР Заңы. 31.01.2006 ж. № 124-ІП. // Казахстанская правда. 07.02.2006 ж. № 27 (24998).

«Бәсекелестік туралы» ҚР Заңы. 25.12.2008 ж. № 112-і У ҚРЗ. // «Параграф» ақпараттық жүйесі.

ҚР Жоғарғы сотының 1992 ж. желтоқсанның 18-індегі «Сот тәжірибесіңде жеке және заңды тұлғалардың ар-ожданы, қадір-қасиеті және іскерлік беделі туралы» № 6-нормативтік қаулысы (Қосымшаны қараңыз).

ҚР Жоғарғы сотының 1996 ж. шілденің 25-індегі «Соттардың тұтынушылар құқықтарын қорғау жөніндегі заңдарды қолдану тэжірибесі туралы» № 7-нормативтік қаулысы (Қосымшаны қараңыз).

ҚР Жоғарғы сотының 2008 ж. шілденің 10-ындағы «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы заңдарды қолданудың кейбір мәселелері туралы» № 2-нормативтік қаулысы (Қосымшаны қараңыз).

 

                                                 Әдебиет:

В.С.Белых. Правовое регулирование предпринимательской деятельности в России. - М.: Проспект, 2005.

С.Э.Жилинский. Предпринимательское право (правовая основа предпри-нимательской деятельности): ЖОО студенттеріне арналған оқулық. - Норма баспасы, 2006.

Н.Ю.Круглова. Хозяйственное право. - М., 2006.

К.К.Лебедев. Предпринимательское и коммерческое право: системные аспекты (предпринимательское и коммерческое право в системе права и законодательства, системе юридических наук и учебных дисциплин). - СПб.: «Юридический центр Пресс» баспасы, 2002.

В.К.Мамутов. Хозяйственное право. Таңдамалы еңбектер. - Екатеринбург: бизнес, менеджмент и право. 2008.

Н.Н.Вознесенская және баскалары. Предпринимательское (хозяйствен-ное) право. // В.В.Лаптевтің, С.С.Занковскийдің басшылығымен. - М.: Волтерс Клувер, 2006.

В.С.Белых, Г.Э.Берсункаев, С.И.Винниченко жэне басқалары. Предпри-нимательское право России: оқулық. // Жауапты ред. В.С.Белых. - М.: Прос-пект, 2008.

Предпринимательское право Российской Федерации. // Жауапты ред. Е.П.Губин, П.Г.Лахно.~М.: Юристъ, 2006.

Б.И.Пугинский. Коммерческое право России. - М.: Юрайт, 2005.

В.С.Якушев. Избранные труды по гражданскому и хозяйственному пра-ву. - Екатеринбург: бизнес, менеджмент и право. 2007.

 

Тапсырмалар:

тапсырма. «Сһосоіаіе ІЛТ)» компаниясы жауап беруші «Империал» ЖШС-іне шағымданып, сотқа жүгінген талап-арызында жауап берушіге ҚР аумағында «Тоіесіо» өніміне ұқсас «Сһоско» өнімін таратуды тоқтатуын, өтініш алған күннен бастап: бумалардан, бланктерден немесе құжаттамадан араласып кету дәрежесіне дейінгі ұқсас өнімнен «Сһоско» бумаларындағы заңсыз пайдаланылып келе жатқан бейнелерді өшіруді, «Тоіесіо» өніміне ұқсас «Сһоско» өнімін жоюды, «Тоіесіо» пайдаланатын тауар белгісімен араласып кету дәрежесіне дейінгі ұқсас «Сһоско» өнімінің әзірленген бейнелерін жоюды, «Тоіесіо» өніміне ұқсас «Сһоско» өнімін сатып алу (импорттау) жэне сату туралы шарттарды бұзу міндетін жүктеуді сұрайды.

Жауап беруші талаппен келіспейтінін мәлімдеді жэне ол түріктің «Кесіопіз» компаниясымен жасаған шарт бойынша алатын «Сһоско» өнімін өндірумен айналыспайтына дәлелдеме келтірді, демек ол тауар белгісін пайдаланушы емес, Түркияда шығарылған өнімді пайдаланушы тұлға болып отыр, ал тауар белгісінің иесі «Кесіопіз» компаниясы болып табылады.

Информация о работе Лекция по "Бюджетному праву"