Лекции по "Бюджету"

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 19:24, курс лекций

Краткое описание

1-сұрақ. Жоспарлау – басқарудың жалпы функциясын, ал басқарудың объектісінің де, субъектісінің де қоса алғандағы болашақта жай-күйін белгілейді. Тәжірибеде ол жоспарды жасау жолымен жүзеге асады. Оның ерекше белгісі - олардың уақыты бойынша көрсеткіштердің нақтылығы және сандық анықтығы болып табылады.

Оглавление

Лекция 1. Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың теориялық негізі және дамуы.
Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың пәні, түсінігі.
Жоспарлаудың формалары, олардың қолданылуы.
Жоспарлаудың қалыптасуының тарихи аспектісі.

Лекция 2. Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың әдістемелік негізі.

2.1. Жоспарлаудың әдістемелік қағидалары.
2.2. Жоспарлау жүйесі.
Макроэкономикалық жоспарлау және болжау.

Лекция 3. Экономиканы жоспарлаудың әдістері.
Экономиканы жоспарлаудың жүйесі.
Экономиканы жоспарлаудың түрлері және қызметі.
Экономикалық және әлеуметтік дамуды жоспарлауын ұйымдастыру.

Лекция 4. Экономикалық өсудің және экономиканың құрылымын әлеуметтік-экономикалық жоспарлау.
4.1. Экономикалық өсім. Макроэкономикаылқ көрсеткіштер.
4.2. Экономикалық өсімнің әлеуметтік-экономикалық жоспарлауда алатын орны. Экономиканың құрылымын қалыптастыру.
4.3. Бағаны және инфляцияны болжау.
4.4. Қаржыны жоспарлау.

Лекция 5. Еңбек ресурстарын жоспарлау.
5.1 Еңбек ресурстарын және тұрғындардың жұмысбастылығын жоспарлау.
Мемлекеттің жұмысбастылық саясаты.

Лекция 6. Әлеуметтік-экономикалық саясат.
6.1. Әлеуметтік саясат.
Минималды тұтыну бюджеті және минималді жалақы.
Еңбек жалақысын болжау.
6.4.Тұтыну нарығын жоспарлау.

Лекция 7. Материалды-техникалық құралдарды, инвестицияны, инновациялық қызметті экономикалық жоспарлау.
7.1. Материалдарды – техникалық ресурстарды жоспарлау және қамтамасыз ету.
7.2. Инвестиция, олардың мазмұны және құрамы.
7.3. Инновациялық қызметті экономикалық жоспарлау.

Лекция 8. Сыртқы экономикалық қатынастарды және өндірістік салаларды жоспарлау және болжау.
Сыртқы экономикалық қатынастардың дамуын жоспарлау.
8.2Өнеркәсіптік өндірісті экономикалық жоспарлау.
8.3 АӨК, құрамы және ерекшеліктері. ҚР аграрлық саясаты.

Лекция 9. Өндірістік инфрақұрылымды жоспарлау.
Транспорттық қызметті жоспарлаудың мақсаты, қысқаша сипаттамасы.
Байланыс және информатиканы дамытуды жоспарлау.

Лекция 10. Тұрғындарға кызмет ету саласын әлеуметтік-экономикалық жоспарлау.

10.1.Тұрғындарға кызмет ету саласы қызметінің ерекшеліктері және сипаттамасы.
10.2. Білім беру саласын болжау.
10.3. Денсаулық сақтау және мәдениет саласын экономикалық жоспарлау.

Лекция 11. Өңірлердің дамуын, табиғатты қорғауды жоспарлау.

11.1. Өңірлік саясат және өңірлердің дамуын экономикалық жоспарлау.
11.2. Еркін экономикалық аймақ. Олардың қызмет ету қағидалары.
11.3. Табиғатты қорғау қызметін және экологиялық – экономикалық жүйені қалыптастыруды жоспарлау.

Лекция 12. Кәсіпкерлік қызмет.

12.1. Кәсіпкерлік қызметтің дамуын жоспарлау.
12.2. Кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық жағдайларға әсері.

Лекция 13. Бағдарламалық мақсаттық жоспарлау

13.1Мақсаттық кешенді бағдарламалар түсінігі және оны жасау тәртібі
13.2 Негізгі жасалатын мақсаттық бағдарламалар

Лекция 14. Қазақстандағы макроэкономикалық тұрақтандырудың ерекшеліктері мен даму кезеңдері

14.1 Макроэкономикалық тұрақтандырудың ерекшеліктері. Республика экономикасының циклдік даму сатысы.
14.2 Экономика тиімділігін және құрылымын, өсу қарқынын қалыптастыру.

Лекция 15. Ұлттық болжау жүйесі

15.1 Мемлекеттік немесе ұлттық болжау жүйесі туралы түсінік
15.2 Ұлттық болжауды жіктеу белгілері
15.3 Болжауды ұйымдастыруда қойылатын мақсаттар

Файлы: 1 файл

Әлеуметтік экономикалык жоспарлауЛекция.docx

— 240.79 Кб (Скачать)
    • денсаулық сақтаудың мемлекеттік мекемелерінде белгіленген көлдемдегі медициналық көмектерін кепілдікпен қамтамасыз ету;
    • медициналық қызмет көрсету нарығын қалыптастыру, қаржының қосымша көздерін пайдалану;
    • алғашқы медициналы-сатитарлық көмектің болашақ дамуын қамтамасыз ету;
    • отандық фармацевтикалық өндірісті, шетелдің фирмаларымен бірлескен кәсіпорындарды (өндірістерді) дамыту;
    • медицина қызметкерлеріне еңбекте және тұрмыста дұрыс жағдай жасау, оның ішінде аудандарда және жоғары тәуелділікке баратын өндірістерде;
    • денсаулық сақтау саласында құқықтық базаны дамыту және жүзеге асыру.

     Денсаулық  сақтауды дамытудың жоспары-тұрғындарға  медициналық қызмет көрсетуде  дамуын сипаттайтын келесі көрсеткіштерінен  тұрады: аурухана төсектерінің саны, дәрігерлердің қызметтері, тұрғындардың  ауруханаларға, амбулаторияларға  қатысуы, демалыс орындары мен  санаторийлардағы орындар. 

     Мәдениет мекемелерінің  дамуын және жоспарлауда келесі  көрсеткіштер қолданылады:

  • театр сияқты мекемелерге барушылардың саны;
  • тұрғындардың 1000 адамға есебімен кітапханалардағы оқымыстылардың саны;
  • жалпы кітапханалар мен клубтардың жүйесі;
  • кітап, газет және журналдардың шығуы;
  • радио және телебағдарламалардың көлемі;
  • кино көрсететін және олардың ішіндегі орындардың саны;
  • театрлардың, концерттік залдардың, музейлердің, мәдениет және демалыс парктерінің, т.б. саны.

 

Тақырып 11. Өңірлердің дамуын, табиғатты қорғауды жоспарлау.

 

1. Өңірлік саясат  және өңірлердің дамуын экономикалық  жоспарлау

2. Еркін экономикалық  аймақ

3. Табиғатты қорғау  қызметін және экологиялық-экономикалық  жүйені қалыптастыруды жоспарлау

 

   1-сұрақ.  Макроэкономикалық саясаттың құрамдас бөлігі болып отырып, аймақтық саясат әрбір аймақтың экономикасының тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы экономиканың тиімділігін көтеруді өзінің басты мақсаты етіп қояды. Қойылған мақсатқа жету үшін, әрине, міндеттердің қойылуы шарт. Олардың қатарына жататындар:

  • мемлекет пен жекелеген аумақтардың мүдделерін үйлестіру;
  • аумақтық дамудың әрекетті механизмін жасақтау;
  • аймақтық ресурстық, ғылыми, еңбек әлеуметін барынша пайдалану.

     Осылайша, өңірлік  саясаттың мақсаты-әрбір аймақтың  экономикалық тиімділігі мен  бәсекеге қабілеттілігін арттыру,  экономиканың тиімділігін көтеру.

     Аймақтық саясаттың  мақсаты, міндеттері мен жүзеге  асыру әдеттері мемлекеттік реттеудің  басқа бағыттарымен өзара тығыз  байланыста жүзеге асырылады.  өңірлік саясаттың бір негізі  ретінде елімізде «Қазақстан  Республикасының 2015 жылға дейінгі  аумақтық даму стратегиясы туралы»  ҚР Президентінің 2006 жылғы 28 тамыздағы  Жарлығы мемлекет басшысының  «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге  барынша қабілетті 50 елдің қатарына  кіру стратегиясы» атты сол  жылғы 1 наурыздағы Қазақстан  халқына Жолдауына сәйкес әзірленді.  Стратегия экономикалық кеңістікті  қалыптастыруды және халықты  таратып орналастыруды, кластерді  құрумен өзара ұштастыра отырып, йңірлерді инфрақұрылымдық қамтамасыз  етуді қоса алғанда, елдің аумақтық  дамуының стратегиялық бағыттарын  айқындайды. Стратегияны іске асырудың  бағыттары мыналар болып табылады:

  1. елдің өңірлік және әлемдік экономикада ұстанымдануының тиімді стратегиясын тұжырымдау мен іске асыру;
  2. елді тиімді аумақтық ұйымдастыру;
  3. өңірлерді тиімді экономикалық ұйымдастыру;
  4. аумақтардың экологиялық жай-күйін жақсарту;
  5. аумақтық дамуды институттық қамтамасыз ету.

     Қазақстанның  өңірлік және әлемдік рынокта  ұстанымдануының бағыттары мынадай  болып табылады:

     Әлемдік рынокта:

  1. Қазақстан-минералдық шикізаттың, астық өнімдері мен қайта өңдеу өнімдерінің ірі өндірушісі мен жеткізушісі. Осы бағыт аясында негізгі міндет-сыртқы рыноктарда орныққан ұстанымдарды күшейту және өндірістің озық технологияларын енгізу мен жаңа әлемдік рыноктарға шығу есебінен сапалы минералдық шикізат, металлургия және астық өнімдерін ірі әлемдік жеткізушілер қатарына кіру болып отыр.
  2. Қазақстан-Европа, Азия-Тынық мұхиты және Оңтүстік Азия экономикалық жүйелерінің өзара әрекеттесуінің трансқұрлықтық экономикалық көпірі. Мұнда негізгі міндет-Батыс пен Шығыс (Европа мен Азия) арасындағы кеңістікте ресурстардың ағыны үдерістерін технологияландыру болып табылады.

     Өңірлік  рынокта:

  1. Қазақстан-өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуші ретінде. Аталған бағыт аясындағы негізгі міндеттер-өңірлік рынокта бәсекеге қабілетті әлеуметке ие салаларды, оның ішінде кластерлік тәсілді қолдана отырып дамыту, технологиялық трансферт аймақтарын құру мен дамыту, «ғаламдық бренттерді», мысалы Қазақстанда филиалдары жұмыс істеп жатқан «LG», «Knauf», «Philip-Morris» сияқты компанияларды тарту, сыртқы рыноктардағы маркетинг қызметтерін жандандыру.
  2. Қазақстан-қазіргі заманғы сервис орталығы ретінде. Қолда бар әлеуметті пайдалана отырып, Қазақстан өңірлерінің халықаралық стандарттағы жауап беретін қызмет көрсетушілердің кең ауқымын ұсыну бойынша дамыған сервис орталығына айналуға тиіс.
  3. Қазақстан-өңірдің инновациялық орталығы ретінде. Аталған бағыт шеңберіндегі негізгі міндет-бұрын елден басқа жаққа кеткен ғалымдар мен әзірленушілерді, сондай-ақ көршілес елдерден мамандарды тарта отырып, білімберу инновациялық, бизнес-технологиялық және қолдаушы кешендерді біріктіретін өңірлік инновациялық жүйелер құру болып табылады. олардың негізіне ЕЭА-да жатады.

    2-сұрақ. Еркін экономикалық аймақтар (ЕЭА)-өңірлік шаруашылық білім деген сияқты мағынада анықталады. ЕЭА терминінің өзіне «еркін», «ерекше», «экспорттық», «экономикалық», «арнайы аудан», «еркін кәсіпкерлік зона», және т.б сөздерді қосады. ЕЭА-ның 30 шақты анықтамасы бар.

     «Классикалық»  еркін экономикалық аймақ арасында  келесілерді бөліп қарастыруға  болады:

  • Салықсыз зоналар-халықаралық транспорттық жүйе қиылысында орналасқандар;
  • Экспорттық өндірістік зоналар-сыртқы саудаға негізделген өңірлер;
  • Импортты-өндірістік зоналар-мұнда жергілікті кәсіпорындар-жоғары технологиялық қамтамасыз етілгендер;
  • Технологиялық даму паркі-ғылыми-техникалық потенциалы жоғары, бірақ шет ел капиталы мен прогрессивті құралдарды қолданатын, ноу-хау, коммерциялық немесе маркетингтік тәжірибесі бар аймақ;
  • Сақтандыру және банктік қызмет көрсету нормасы.

     Тәжірибеде, тізімдегідей  «таза күйінде» өте аз кездеседі,  көп жағдайда аралас күйінде  болады. Қандай да бір елде  ЕЭА құру, ең алдымен сол өңірдің  дамуына себеп болады. Мұндай  өңірлердің дамуы ұлттық экономикадағы  дағдарыстық ситуацияны азайтады.

     Еркін экономикалық  аймақтар технологияларды мадернизациялауға,  ноу-хау алуға, мамандарды оқытуға,  сонымен қатар отандық шикізат  ресурстарын қолдануға және халықты  жұмыспен қамтуға мүмкіндігі  жоғары.

     БҰҰ эксперттерінің  көмегімен арнайы конценция өңделді,  онда ТМД елдері үшін еркін  аймақтардың әлемдік тәжірибесі  қолданылған. Мұндай функционалды  экономикалық аймақтар технопарктер, технополистер және инкубаторлар  құрып, жаңа техникалар шығаруға  негізделген.

     Технопарк-өңірдің бір бөлігінде жинақы орналасқан комплекс, оған жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу лабораториялары, технологиялық орталықтар жатады.

     Технополис-технопаркке ұқсас құрылым, бірақ өзіне кіші қаланы қосады. Технополиске ғылым, жоғары технология, дәстүрлі әдістер өзара тығыз байланысты.

     Инкубатор-коммерциалық құрылым, кіші инновациялық фирма құру үшін жақсы шарттарға маманданған ғылыми-техникалық идеялар.

     Жетістігі  мол ЕЭА құру үшін шарттар  мен міндеттерді анықтаудың маңызы  зор. Ең бірінші, территория, таңдалған  экономикалық зона қажетінше  кең, географиялық жағынан жақсы  жерде, үлкен қала жанында,  ғылыми-техникалық потенциалы күшті  жерде орналасуы тиіс.

     ТМД елдерінде  ЕЭА концепциясына сәйкес шетел  және жергілікті инвесторларға  жеңілдіктер қарастырылған. Ол  жеңілдіктерге жататындар:

  • Еркін аймақтық импорттары мен экспорттарын кеден салықтарынан босату;
  • Салық және аренда төлемдеріне жеңілдіктер;
  • Инфрақұрылымдық қызметтермен қамтамасыз ету;
  • Амортизация мерзімін өз еркінде белгілеу;
  • Өнімдерге еркін баға қою мүмкіндігі;
  • Экономикалық зонаны басқаруда отандық және шет ел инвесторларының қатысуға құқығы.

     Бұл жеңілдіктер  шет ел инвесторларын тарту  үшін жасалатын шаралар. ЕЭА-тағы  инвесторлар әртүрлі валютамен  келісім жасап, түрлі шет ел  банктермен іс жүргізе алады.  Бірақ, ішкі шаруашылық айналымы  ұлттық валютадв жүргізілуге  міндетті. ЕЭА тиімділігін Қытай  ұлттық республикасынан көруге  болады, себебі ҚҰР ЕЭА-тың кешенді  бағдарламасын қолданады. 

     3-сұрақ. Елдің дамуын әлеуметтік-экономикалық жоспарлау мен болжау жүйесінде табиғатты қорғау қызметіне және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды жоспарлауға көп көңіл бөлінеді. Табиғатты пайдалану жоспарларын жасаудың негізгі ерекшелігіне жоспарлаудың объектісі тек қана әлеуметтік-экономикалық процесс болып табылмағанында, сондай-ақ табиғи құбылыстар да табылады.

     Қоршаған ортаны  қорғауға байланысты жасалған  шаралары табиғатты қорғау заңдылықтарының  талаптары мен мемлекеттік және  басқа да бағдарламалардың есебімен  елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының  болжамдық көрсеткіштері құрамымен  сипатталады. 

     Жалпы қоршаған  ортаны қорғау саласында жүргізілген  мемлекеттік саясаттың есебімен  экология-экономикалық жоспарлау  жүзеге асырылады. Оның негізгі  бағыттарына жататындар:

  • Табиға ресурстардың барлық түрлеріне мемлекеттік меншіктің болуы;
  • Қоршаған ортаны, елдің барлық территориясында тірі және тірі емес объектілерді табиғи қорғалатын территориялардың жүйесін құру арқылы қорғау;
  • Қоршаған ортаны, қорғауды және табиғи ресурстарды пайдалануды мемлекеттік бақылау;
  • Жоспарланған, құрылып жатқан және жұмыс жасап жатқан шаруашылық объектілерге мемлекеттік экологиялық экспертиза жасау;
  • Қоршаған ортаны қорғауды экономикалық механизммен қамтамасыз ету;

Табиғатты қорғау заңдылықтарын  бұзудағы жауапкершілік шараларының  жүйесі, оның дұрыс жүзеге асырылуы

 

Тақырып 12. Кәсіпкерлік қызмет.

 

  1. Кәсіпкерлік қызметтің дамуын жоспарлау
  2. Кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық жағдайларға әсері

 

    1-сұрақ. Кәсіпкерлік қызметтің дамуы халық шаруашылығының барлық саласында экономикалық перспективаларды өзгертіп қана қоймай, елдің толық экономикалық жағдайына әсер етеді. Қоғамның, бизнес пен биліктің мүдделерін жақындастыру-біздің прогреске қарай алға басуымыздағы аса маңызды арналардың бірі. Нарықтық экономиканың қалыптасуы ең бірінші нарықтық ортаны құрайтын кәсіпкерліктің дамуымен тікелей байланысты, яғни шынайы экономикада қоғамдық қажеттіліктердің өзгерісіне тез әсер етушілік және қозғалмалық қажет. Атақты австралиялық экономист Й.Шумпетер өзінің еңбегінде кәсіпкерліктің болмысы мен ролін келесі анықтама бойынша берген:

«кәсіпкерліктің алғы мақсаты-жаңа шикізат көздерін немесе дайын өнімдердің жаңа рыногін ашу арқасында, тіпті  ескі саланы қайта құру мен жаңа саланы құруға дейін барып, жаңа тауарларды немесе бұрынғы тауарларды жаңа әдіс бойынша өндіру жолын реформалау және революцияландыру ...» деген. Оның ойынша, кәсіпкерлікті дамытудың  екі негізгі факторы қажет:

Информация о работе Лекции по "Бюджету"