Лекции по "Бюджету"

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 19:24, курс лекций

Краткое описание

1-сұрақ. Жоспарлау – басқарудың жалпы функциясын, ал басқарудың объектісінің де, субъектісінің де қоса алғандағы болашақта жай-күйін белгілейді. Тәжірибеде ол жоспарды жасау жолымен жүзеге асады. Оның ерекше белгісі - олардың уақыты бойынша көрсеткіштердің нақтылығы және сандық анықтығы болып табылады.

Оглавление

Лекция 1. Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың теориялық негізі және дамуы.
Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың пәні, түсінігі.
Жоспарлаудың формалары, олардың қолданылуы.
Жоспарлаудың қалыптасуының тарихи аспектісі.

Лекция 2. Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың әдістемелік негізі.

2.1. Жоспарлаудың әдістемелік қағидалары.
2.2. Жоспарлау жүйесі.
Макроэкономикалық жоспарлау және болжау.

Лекция 3. Экономиканы жоспарлаудың әдістері.
Экономиканы жоспарлаудың жүйесі.
Экономиканы жоспарлаудың түрлері және қызметі.
Экономикалық және әлеуметтік дамуды жоспарлауын ұйымдастыру.

Лекция 4. Экономикалық өсудің және экономиканың құрылымын әлеуметтік-экономикалық жоспарлау.
4.1. Экономикалық өсім. Макроэкономикаылқ көрсеткіштер.
4.2. Экономикалық өсімнің әлеуметтік-экономикалық жоспарлауда алатын орны. Экономиканың құрылымын қалыптастыру.
4.3. Бағаны және инфляцияны болжау.
4.4. Қаржыны жоспарлау.

Лекция 5. Еңбек ресурстарын жоспарлау.
5.1 Еңбек ресурстарын және тұрғындардың жұмысбастылығын жоспарлау.
Мемлекеттің жұмысбастылық саясаты.

Лекция 6. Әлеуметтік-экономикалық саясат.
6.1. Әлеуметтік саясат.
Минималды тұтыну бюджеті және минималді жалақы.
Еңбек жалақысын болжау.
6.4.Тұтыну нарығын жоспарлау.

Лекция 7. Материалды-техникалық құралдарды, инвестицияны, инновациялық қызметті экономикалық жоспарлау.
7.1. Материалдарды – техникалық ресурстарды жоспарлау және қамтамасыз ету.
7.2. Инвестиция, олардың мазмұны және құрамы.
7.3. Инновациялық қызметті экономикалық жоспарлау.

Лекция 8. Сыртқы экономикалық қатынастарды және өндірістік салаларды жоспарлау және болжау.
Сыртқы экономикалық қатынастардың дамуын жоспарлау.
8.2Өнеркәсіптік өндірісті экономикалық жоспарлау.
8.3 АӨК, құрамы және ерекшеліктері. ҚР аграрлық саясаты.

Лекция 9. Өндірістік инфрақұрылымды жоспарлау.
Транспорттық қызметті жоспарлаудың мақсаты, қысқаша сипаттамасы.
Байланыс және информатиканы дамытуды жоспарлау.

Лекция 10. Тұрғындарға кызмет ету саласын әлеуметтік-экономикалық жоспарлау.

10.1.Тұрғындарға кызмет ету саласы қызметінің ерекшеліктері және сипаттамасы.
10.2. Білім беру саласын болжау.
10.3. Денсаулық сақтау және мәдениет саласын экономикалық жоспарлау.

Лекция 11. Өңірлердің дамуын, табиғатты қорғауды жоспарлау.

11.1. Өңірлік саясат және өңірлердің дамуын экономикалық жоспарлау.
11.2. Еркін экономикалық аймақ. Олардың қызмет ету қағидалары.
11.3. Табиғатты қорғау қызметін және экологиялық – экономикалық жүйені қалыптастыруды жоспарлау.

Лекция 12. Кәсіпкерлік қызмет.

12.1. Кәсіпкерлік қызметтің дамуын жоспарлау.
12.2. Кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық жағдайларға әсері.

Лекция 13. Бағдарламалық мақсаттық жоспарлау

13.1Мақсаттық кешенді бағдарламалар түсінігі және оны жасау тәртібі
13.2 Негізгі жасалатын мақсаттық бағдарламалар

Лекция 14. Қазақстандағы макроэкономикалық тұрақтандырудың ерекшеліктері мен даму кезеңдері

14.1 Макроэкономикалық тұрақтандырудың ерекшеліктері. Республика экономикасының циклдік даму сатысы.
14.2 Экономика тиімділігін және құрылымын, өсу қарқынын қалыптастыру.

Лекция 15. Ұлттық болжау жүйесі

15.1 Мемлекеттік немесе ұлттық болжау жүйесі туралы түсінік
15.2 Ұлттық болжауды жіктеу белгілері
15.3 Болжауды ұйымдастыруда қойылатын мақсаттар

Файлы: 1 файл

Әлеуметтік экономикалык жоспарлауЛекция.docx

— 240.79 Кб (Скачать)
  • жинақталған заңдылықтар және дамудың айқындалған бағыттарын талдау;
  • дамудың ықтимал варианттарын аңықтау;
  • ұлттық экономика дамуының басымдықтарын және негізгі мақсатын негіздеу;
  • алға қойған мақсаттарға жету үшін әдістер мен ресурстарды таңдау;
  • өзіне төмендегілерді қосатын әлеуметтік- экономикалық концепцияларының дайындалуы:

• мемлекеттің әлеуметтік- экономикалық саясатының стратегиялық мақсаттары мен басымдықтары;

• басты мақсаттарды жасаудың маңызды бағыттары мен құрамдарының реттеленуі.

Ұлттық экономиканың дамуы  осындай қызметтерге бағытталған стратегиялық мәнге ие болады.

Ұлттық болжау (мемлекеттік)- ұйғайтылған ұдайы өндірістің барлық деңгейлері мен аспектілерін қамтитын кешендік сипатқа ие. Ұлттық экономиканың жұмыс істеуі мен дамуының әр түрлі кезеңдері мен шеңберін сипаттайтын жеке ұлттық болжаулар бір- бірімен тығыз байланысты тұтас жүйені құрайды.

 

3-сұрақ. Ғылыми алдын- ала көре білуде: гипотеза, болжау, жоспар, бағдарлама және жоспарлау формалары маңызды. Болжау процесінен соң жалпы мемлекеттік бағдарламалар мен жобалау іс- әрекеттері орын алады.

Жоспар- алдын- ала белгілі нәтижелер алуға бағытталады және онда дамудың тиімді варианттары бейнеленеді. Басты ерекшелігі- тапсырмалардың анықтылығы мен директивтілігі. Жоспардың стратегиялық, перспективалық, ағымдағы, оперативті түрлері бар.

Стратегиялық  жоспар- ресурстарды тиімді бөлу, сыртқы ортаға қалыптасу мүмкіндіктері мен мақсаттары арасындағы сәйкестікті сақтау, болашақты көре білуге бағытталған.

Перспективалық  жоспар- ресурстарды тиімді қолдану, жаңа технологияны ендіруге байланысты даму бағыты, техника- экономикалық есептер мүмкіндіктерін қосады.

Ағымдағы жоспар- бір жыл төңірегіндегі күтілетін нәтижелер, қаржыландыру көздері, қызметтің нақты бағытын негідеуді және анықтауды қарастырады.

Оперативті жоспар- өте қысқа, шұғыл түрде орындалатын іс- шараларды қамтиды.

Бағдарлама- бұл белгілі бір мақсаттағы жетістіктерге жетуде оның мерзімі көрсетілген, ұйымдастырылған іс- шаралар және қаржылық, құқықтық, ақпараттық, материалдық және еңбек ресурстарымен өзара байланысты мақсаттар мен міндеттер жүйесі.

Бағдарламаның жоспардан  айырмашылығы әр түрлі деңгейдегі берілген бір ғана маңызды мәселені шешуге бағытталған және өте аз мақсатты қамтиды.

Жоспардың бағдарламадан  айырмашылығы нақты объекті қызметінің барлық бағыттарын қамтиды.

Жобалау- глобальды, ұлттық, локадьды болып бөлінеді. Экономикалық өсудің ұлттық және локальды формасына инвестициялық жобаларды кіргізуге болады.


Информация о работе Лекции по "Бюджету"