Лекции по "Бюджету"

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 19:24, курс лекций

Краткое описание

1-сұрақ. Жоспарлау – басқарудың жалпы функциясын, ал басқарудың объектісінің де, субъектісінің де қоса алғандағы болашақта жай-күйін белгілейді. Тәжірибеде ол жоспарды жасау жолымен жүзеге асады. Оның ерекше белгісі - олардың уақыты бойынша көрсеткіштердің нақтылығы және сандық анықтығы болып табылады.

Оглавление

Лекция 1. Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың теориялық негізі және дамуы.
Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың пәні, түсінігі.
Жоспарлаудың формалары, олардың қолданылуы.
Жоспарлаудың қалыптасуының тарихи аспектісі.

Лекция 2. Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың әдістемелік негізі.

2.1. Жоспарлаудың әдістемелік қағидалары.
2.2. Жоспарлау жүйесі.
Макроэкономикалық жоспарлау және болжау.

Лекция 3. Экономиканы жоспарлаудың әдістері.
Экономиканы жоспарлаудың жүйесі.
Экономиканы жоспарлаудың түрлері және қызметі.
Экономикалық және әлеуметтік дамуды жоспарлауын ұйымдастыру.

Лекция 4. Экономикалық өсудің және экономиканың құрылымын әлеуметтік-экономикалық жоспарлау.
4.1. Экономикалық өсім. Макроэкономикаылқ көрсеткіштер.
4.2. Экономикалық өсімнің әлеуметтік-экономикалық жоспарлауда алатын орны. Экономиканың құрылымын қалыптастыру.
4.3. Бағаны және инфляцияны болжау.
4.4. Қаржыны жоспарлау.

Лекция 5. Еңбек ресурстарын жоспарлау.
5.1 Еңбек ресурстарын және тұрғындардың жұмысбастылығын жоспарлау.
Мемлекеттің жұмысбастылық саясаты.

Лекция 6. Әлеуметтік-экономикалық саясат.
6.1. Әлеуметтік саясат.
Минималды тұтыну бюджеті және минималді жалақы.
Еңбек жалақысын болжау.
6.4.Тұтыну нарығын жоспарлау.

Лекция 7. Материалды-техникалық құралдарды, инвестицияны, инновациялық қызметті экономикалық жоспарлау.
7.1. Материалдарды – техникалық ресурстарды жоспарлау және қамтамасыз ету.
7.2. Инвестиция, олардың мазмұны және құрамы.
7.3. Инновациялық қызметті экономикалық жоспарлау.

Лекция 8. Сыртқы экономикалық қатынастарды және өндірістік салаларды жоспарлау және болжау.
Сыртқы экономикалық қатынастардың дамуын жоспарлау.
8.2Өнеркәсіптік өндірісті экономикалық жоспарлау.
8.3 АӨК, құрамы және ерекшеліктері. ҚР аграрлық саясаты.

Лекция 9. Өндірістік инфрақұрылымды жоспарлау.
Транспорттық қызметті жоспарлаудың мақсаты, қысқаша сипаттамасы.
Байланыс және информатиканы дамытуды жоспарлау.

Лекция 10. Тұрғындарға кызмет ету саласын әлеуметтік-экономикалық жоспарлау.

10.1.Тұрғындарға кызмет ету саласы қызметінің ерекшеліктері және сипаттамасы.
10.2. Білім беру саласын болжау.
10.3. Денсаулық сақтау және мәдениет саласын экономикалық жоспарлау.

Лекция 11. Өңірлердің дамуын, табиғатты қорғауды жоспарлау.

11.1. Өңірлік саясат және өңірлердің дамуын экономикалық жоспарлау.
11.2. Еркін экономикалық аймақ. Олардың қызмет ету қағидалары.
11.3. Табиғатты қорғау қызметін және экологиялық – экономикалық жүйені қалыптастыруды жоспарлау.

Лекция 12. Кәсіпкерлік қызмет.

12.1. Кәсіпкерлік қызметтің дамуын жоспарлау.
12.2. Кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық жағдайларға әсері.

Лекция 13. Бағдарламалық мақсаттық жоспарлау

13.1Мақсаттық кешенді бағдарламалар түсінігі және оны жасау тәртібі
13.2 Негізгі жасалатын мақсаттық бағдарламалар

Лекция 14. Қазақстандағы макроэкономикалық тұрақтандырудың ерекшеліктері мен даму кезеңдері

14.1 Макроэкономикалық тұрақтандырудың ерекшеліктері. Республика экономикасының циклдік даму сатысы.
14.2 Экономика тиімділігін және құрылымын, өсу қарқынын қалыптастыру.

Лекция 15. Ұлттық болжау жүйесі

15.1 Мемлекеттік немесе ұлттық болжау жүйесі туралы түсінік
15.2 Ұлттық болжауды жіктеу белгілері
15.3 Болжауды ұйымдастыруда қойылатын мақсаттар

Файлы: 1 файл

Әлеуметтік экономикалык жоспарлауЛекция.docx

— 240.79 Кб (Скачать)

Инвестицияның жіктелуі:

1.Инвестиция масштабына  байланысты:шағын, дәстүрлі, ірі,  мегожобалар.

2.Қойылған мақсатқа сай:  шағындарды төмендету, тәуекелді  төмендету, дабысты кеңейту жаңа  ринктерге ену, әлеметтік әсер, экологиялық әсер.

3. Өзара байланыс деңгейіне  байланысты: альтернативті, өзара  байланысты.

4. Тәуекел деңгейіне байланысты: тәуекелі бар тәуекелсіз.

5. Мерзімі бойынша: қысқа  мерзімді, ұзақ мерзімді.

Инвестициялық жобаның өмірлік  циклі үш негізгі стадияға бөлінеді:

1) бастапқы

2) инвестициялық

3) эксплуатациялық 

  1. Бастапқы стадияны жүргізуде үш фазаны бөліп қарастыруға болады.

• Жобаның инвестициялық  мүмкіндіктерін оқу

• Жоба алдындағы зерттеу

• Инвестициялық жобанының  жүзеге асырылғыштығын бағалау

  1. Инвестициялық стадия төменгі жұмыстарды қамтиды:

• Сауда-саттық және келісім  шарттар жүргізу, дайындық жұмыстарында сатып алу мен жеткізіп беруді ұйымдастыру

•  Құрылыс монтаждық  жұмыстар

•  Жобаның құрылыстық фазасын бітіру

3) Эксплуатациялық стадияда  өңдірістік дамуы, жөндеу жұмыстары  жобаның аяқталуы жүргізіледі.  

 Мемлекеттік инвестициялық қызметтің негізгі міндеттеріне:

-еліміздің индустрриялық  даму бағдарламасына сәйкес экономиканың  басым салаларына жаңа ірі  инвестициялық жобаларды қаржыландыруға  көмектесу;

-жаңадан құрылған өндірістік  кәсіпорындарға бастапқы инвестициялау  және қаржыландырудың дәстүрлі  көздерінен тартуға болатын сатыларға  дейін жеткізу;

-жаңа өндірістік және  технологияны дамыту мен құру  үшін қажетті инфрақұрылымдарды  инвестициялау;

-жетекші технологиялық  даярламалары бар компанияларды  инвестициялаумен айналысатын инвестициялық  құрылымдары бар біріккен венчурлық  қорларда құрудамемлекеттің қатысуы;

-индустриялық саясаттың  басымдылықтарынан туындайтын ғылыми-техникалық  тапсырмалардың коммерциялық негізінде  орналастыру және қаржыландыру;

-ғылыми-техникалық әзірленімдерді  өндіріске енгізу сатысын қаржыландыру;

- шағын инновациялық кәсіпорындар  үшін екінші деңгейлі банк  несиелері бойынша несие ставкасы  жекелей субсидтеу.

3-сұрақ. Ғылыми-техникалық прогресс саласындағы ең саңғы тәжірибелік зерттеулер  инновацияға кәсіпкерлік іс-қимылдарын енгізудің ерекше маңызды екендігін кезінде атақты ғалым-экономист Й.Шумпетер айтып өткен. Шаруашылықтың жаңащылдығы ұйымдастыру кезінде кез-келген қызмет шығармашылық сипатта болады. Шығармашылық жеке міндетті жүзеге асыруда й инновациялық-бағытты стратегияны қолдайды. Президентіміздің өзі «Жаңа әлемдегі-жаңа Қазақстан» атты халқына Жолдауында тоғызыншы бағытқа –жоғары технологияларды енгізуге және инновацияларды қолдауға бағытталған біртұтас мемлекеттік стратегия жүргізуді жатқызған. Онда, біріншіден, өзіміздің бәсекелестік артықшылықтарымызды негізге ала отырып, технологиялар трансфертін белсенді әрі байыпты жүргізуіміз керек. Сырттан  жаңа технологиялар әкеліп, оларды жетілдіруді жүзеге асыратын, сондай-ақ отандық ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізумен шұғылданатын конструкторлық бюролар мен жобалау ұйымдарының желілерін құруға жәрдемдесу қажет. Екіншіден, жоғары технологиялар саласындағы жобаларды қаржыландыруды, соның ішінде венчурлық негізде қаржыландыруды қолдайтын құрылымдар жасақтау қажет. Қазақстан ғалымдарының үздік әзірлемелерінің «сыртқа» кетуіне жол беруге болмайды. Үшіншіден, Қазақстан бизнесінің инновациялық белсенділігін көтермелеу шарт. Ғылыми-зерттеу және конструкторлық қызметтегі зор күш-жігер жеке меншік сектордың еншісіне тигені жөн. Төртіншіден, зерттеу жұмыстарына мемлекеттік тапсырыстар жасауды бір жүйеге келтіру қажет, сонда ғана бұл жұмыстардың нәтижесіне экономиканың нақтылы секторында сұраныс туатын болады. Бесіншіден, зияткерлік меншік пен сауда белгілерінің қорғалуын нығайтып, технологиялық сектордың дамуына ықпал ету керек. танысу мен қаржыландыру үшін ашық болатын инновациялар мен патенттер банкін құру қажет. Бұл-«Қазынаның» міндеті делінген. Бұған қоса, еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік бағдарлама ретінде, «2015 жылға дейінгі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы» құрылған. Бұлардың барлығы, қазіргі технология және әлеуметтік прогресс сапалы өмір сүру ортасын құруда материалдық негізін жасауға бағытталған.

Мемлекеттің негізгі инновациялық саясаты келесі шараларды қамтуы тиіс:

-инновациялық шаралардың  экономикалық, құқықтық және ұйымдастырушылық  негіздерін қалау;

-өндіріс тиімділігі мен  ішкі нарықтағы тауар өндірушілердің  өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін  технологиялық жаңалықтар енгізу  негізінде арттыру;

-кәсіпкерлердің инновациялық  белсенділігін көтеру және инновациялық  іс-әрекеттерді асыруға бөлінген  мемлекеттік қаржыларды тиімді  қолдану;

-отандық инновациялық  өнімді халық аралық нарықта  өткізуде қолдау және Республикадағы  өнімнің осы түрі бойынша экспорттық  әлеуетті арттыру. [18]. 

Жаңа инновациялық саясат іске асқаннан кейін келесі нәтижелерді  күтуге болады:

-өндірістік жүйедегі  ресурстарды қолданудың тиімділігін  арттыра отырып, бәсекелік артықшылықтың  ерекше түрімен ұлттық экономиканы  жетілдіруде құрылымдық өзгерістер  енгізу;

-халықтың әл-ауқатын,  өмір сүру деңгейінің жақсаруы.

 

Тақырып 8. Сыртқы экономикалық қатынастарды және өндірістік салаларды жоспарлау  және болжау.

 

1. Сыртқы экономикалық  қатынастардың дамуын жоспарлау

2. Өнеркәсіптік  өндірісті экономикалық жоспарлау

3. АӨК, құрамы  және ерекшеліктері. ҚР аграрлық  саясаты.

 

    1-сұрақ.  Сыртқы сауда-халықаралық еңбек бөлісі негізінде пайда болды және олардың экономикалық өзара тәуелділігін көрсететін әртүрлі елдердегі тауар өндірушілері арасындағы байланыс формасы болып табылады. Сондай-ақ сыртқы сауда терминімен-тауардың төлемін импортпен және төленетін экспортпен белгілі бір елдің басқа елдермен жүргізілетін саудасы түсіндіріледі.

     Сыртқы сауда  операциясы дегеніміз-сауда айырбасын  жүргізуге және сондай-айырбасты  қамтамасыз етуге бағытталған  әртүрлі елдердегі контрагенттердің (сыртқы операциялар бойынша шетелдік  партнерлар) қызмет кешені.

     Халықаралық сауда дегеніміз-халықаралық деңгейде тауар мен қызметтердің айырбас жүйесімен түсіндірілетін дүниежүзілік нарықтық қызмет ету формасы. Сыртқы сауда айырбасы сыртқы нарықта мамандандырылған өндіріс тауарларын шығару мен өткізіп әкелу жолымен жүзеге асады. Халықаралық сауда тәжірибесінде коммерциялық операциялардың 2 негізгі әдісі қолданылады: тікелей және жанама. Тікелей әдіс-ірі көлемді және қымбат тұратын құралдар саудасында; ұзақ уақыттағы келісім-шарт негізіндегі өндірістік шикізат нарықтарында; меншікті шекара филиалдары және өзінің жеке сауда байланысы бар дочерний компаниялары арқылы көп көлемді стандартты құралдардың экспортында; дамушы елдерде өндіруші-фермерлерден тікелей ауыл шаруашылығы тауарларын сатып алуда қолданылады. Халықаралық саудада жанама әдіспен сауда делдалдарын пайдаланып, тауар өткізудің 50 пайызы жүзеге асырылады. Жанама әдіс-жеке қиын жеткізілетін нарықтағы қосымша өнімнің түрлерін өткізуде; аз көлемді нарықта; нарық үшін жаңа тауарларды өткізуде; аз көлемді экспортты операцияларда; шағын және орта тауар өндірушілердің тауарын өткізуде қолданылады.

     Сыртқы сауда  операцияларының негізгі элементтеріне:  экспорт, реэкспорт, импорт, реимпорт  жатады (Сыртқы сауда саясатының  объектілері).

     Экспорт-мемлекеттің  кеден шекарасынан тауарларды  шетке шығару;

     Импорт- кеден  шекараларынан тауарды шеттен  әкелу;

     Реэкспорт-елде  қайта өндірілмеген және бұрын  шеттен әкелінген тауарды кеден  шекараларынан шығару;

     Реимпорт-шетелдерде  бұрын шетке шығарылған және  сол елде өңделмеген тауарды  алуға мүмкіндік береді.

     Үкіметтің  сыртқы сауда саясаты 2 түрге  бөлінеді. Протекционизм және фритредерство.  Протекционизм саясаты-ішкі нарықта  шетел бәсекелестерінен өзінің  ауыл шаруашылығын, өнеркәсібін  қорғауға бағытталған. Протекционизмнің  негізгі формалары: селективті, келісімді  немесе келісім-шартты, жасырын,  дәстүрлі, өзекті. Фритредерство импортты  тауарлардың жолдарына қойылған  әртүрлі шектеулерді өзгертіп, кеден  тарифін төмен қоюды ұйғарады. Бұл түрі үкіметтің шектеулі  араласуымен жүзеге асырады, көбінде  дамыған елдерге тән. Ұлттық  кәсіпкерлер халықаралық бәсекені  қолдауға бейімді.

     Экономиканы  басқарудың барлық деңгейінде  сыртқы экономикалық байланыстардың  жоспарын жасауда және өнімді  жеткізудің халықаралық контрактілер  мен келісім-шарттарға отыруды  бекітуде экономикалық тиімділіктің есебін жүргізу қажет. СЭБ тиімділігі көрсеткіштер жүйесімен сипатталады. Елдің масштабында ол экспорт пен импорттың ЖІӨ-ге қатынасымен анықталады. Сонымен қатар, СЭБ тиімділігі елдің сыртқы сауда сальдосы көлемімен бағаланады және экспорт құрылымымен сипатталады. Яғни, экспортта шикізат пен жартылай фабрикаттар қаншалықты көп болса, соншалықты деңгейде елдің халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуы аз болады. Экспортқа өнімді жеткізудің жоспарлы көлемін анықтау үшін сыртқы нарық конъюктурасы, өнімге деген сұраныс пен оның бәсекеге қабілеттілігі, салалардың экспорттық мүмкіндіктері, келісім-шартқа байланысты міндеттемелері, ішкі нарықтық толыққандығы есепке алынады. Ал, тауарлардың импортының жоспарлы көлемі сондай-ақ, импорттың орнын басу өндірістерін дамыту мүмкіндіктерін оның тиімділігін есепке алумен анықталады.

     СЭБ бағыттары  мен нәтижелері жоспарлы төлем  балансында көрсетіледі, оның  негізгі бөлімі болып сауда  балансы табылады. сыртқы сауда  жоспарында экспорт пен импорттың  тауарлы және географиялық құрылымы, оның көлемі көрсетіледі. Тауарлардың  экспорты мен импорты жоспарында  келесідей бөлімдер бар: елдер  бойынша экспорт (импорт) жоспары;  экспорт үшін тауарды жеткізу  жоспары; импорттық түсімдерден  халық шаруашылығы салаларына  тауарларды жеткізу жоспары; келісім-шарт  бойынша міндеттемелер есебінен  экспорт және импорт бойынша  жеткізу жоспары. Кәсіпорындар  мен экспортқа тауарларды жеткізу  үшін мемлекеттік заказ бекітіледі. Дүниежүзілік шаруашылық-бір-бірімен  тауарлы-ақша қатынастарымен байланысқан,  егеменді ұлттық мемлекеттің  жиынтығы болып табылады. статистикалық  көрсеткіштеріне сүйенсек, «Үлкен  жетілік» елдерінің көп экономикалық  мүмкіншілігі барлығын байқатады.  Осы «жетілік» үлесіне дүниежүзілік  ЖҰӨ мен өнеркәсіп өндірісінің  50 пайыздан артығы, ауыл шаруашылығы  өнімінің 25 пайыздан астамы келеді. Жоғарыдағы жетілікке енетін  елдерге өндірістік қатынастары  өте жақын  болып, «жаңа индустриалды  елдер» тобын құрайтындар жатады. Оларға: Бразилия, Мексика, Оңтүстік  Корея, Аргентина, Гонконг, Тайвань,  Сингапур жатады. Дүниежүзілік шаруашылық  аясында өтпелі кезеңнің экономикалық  дағдарысынан шыға бастаған елдер  де талпыныс жасауда. Нарықтық  қатынастарға талпыныс байқатқан  Шығыс Европа және ТМД елдері  тартылуда. Дүниежүзілік шаруашылықтағы 100-ден астам елдер дамымаған елдер қатарын құрайды. Жоғары дамыған елдердің индустриалды дәрежеден постиндустриалды (ақпаратты) қоғамға өтуінде олардың даму деңгейі тым төмен көрінеді. Халықаралық еңбек бөлінісі жеке елдердің мамандандырылуын сақтайды. Олардағы өндіріс қызметінің әртүрлі саласын белгілі түрге мамандандырады. Қорытындысында, өндіріс нәтижесін, ғылыми-техникалық қызметтер, тауарлармен алмастыру жағдай туғызып, халықаралық сауда дами түседі. Халықаралық еңбек бөлісінің үш типі бар: жалпы, жеке және ерекше. Халықаралық еңбек бөлісі дегеніміз-еңбек бөлісінің өндіріс саласымен жіктелуі. Мысалы, өңдеу мен кен қазу өнеркәсібі; ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп, т.б. басқаша айтқанда, елдің ішіндегі қоғамдық еңбек бөлісінің тікелей жалғасы-жеке елдердің, бірлестіктердің, жеке өнімдерді өндіру кәсіпорындарының немесе оларды соңғы өнімді бірігіп шығару үшін өндірушілермен кооперацияланған бөлімдердің мамандандырылуын өзара байланыстыру процесін айтамыз. Жеке халықаралық еңбек бөлісі дегеніміз-елдің дараланған белгілі өндіріс саласының дайын өнімге мамандандырылуын айтамыз. Халықаралық еңбек бөлісінің бұл түріне жоғары деңгейдегі өнеркәсіптің жіктелуі тән. Ерекше халықаралық еңбек бөлісі дегеніміз-әртүрлі елдердің дараланған тетік, деталь, агрегаттар мен өнім компаненттерін дайындауды айтамыз. Осы аталған технологиялық стадиясы-өндіргіш күштердің жоғары дамыған дәрежесіне сай келеді және ол ең жоғарғы тип болып табылады.

2-сұрақ. Отандық экономиканың алдында тұрған басты міндет шикізаттық бағдарды бәсекеге төтеп бере алатын, жоғары сапалы нақты дайын өнім алу бағдарына аудару. Сондықтан да кәсіпорындардың өздерін сапалық жетілдіру шаралары орын алуы тиіс.

       Қазақстан экономкасындағы басты кемшіліктер бізде шағын өнеркәсіп индустрясы нашар дамыған, дайын өнімдерді сырттан тасымалдаймыз. Яғни, аталған саланы дамытпайынша, экономиканы диверсификациялау мүмкін емес.    
      Ұлттық экономика, Қазақстан өнеркәсіптерінің салалары мен отандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін дамыту мен ондағы басқару тетіктерін жетілдіру бойынша мемлекеттік іс-шаралар жүйесін дайындауда теориялық, әдістемелік және тәжірибелік қолданысқа түсу мүмкіншілігімен анықталды:

  1. жетекші елдер үлгілері негізінде елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау жасаудағы қолданылған ақпараттық-сараптамалық құралдар экономикалық субъектілерге қатысты бәсекеге қабілеттілік теориясының даму дәрежесін көрсететіні дәлелденді;
  2. өсімтал даму жолдары мен Қазақстан үшін анықталған сабақтары, талдау нәтижелері жалпы мемлекеттік және аймақтық даму мәселелерімен айналысатын ғылыми-зерттеу орталықтарының пайдалануына болады;
  3. бәсекеге қабілетті елдер тәжірибесі негізінде жүргізілген макроэкономикалық индикаторлардың ұлттық экономиканы бәсекеге қабілетті етудегі рөліне жасалған сараптамалар статистикалық агенттіктер жұмысында қолданысқа ене алады;
  4. мемлекеттік органдар мен жекеменшік компаниялар үшін еңбек өнімділігінің артуына ықпал ететін факторларды анықтау, басқарудың озық үлгілерін іс жүзінде дәлелдеудің тәжірибелік мәні зор;
  5. еңбектің қормен қарулануы мен еңбекақының өсуі сияқты факторлардың еңбек өнімділігіне қаншалықты оң әсер ететіндігін анықтау отандық бизнес үшін және мемлекеттік экономикалық басқару ісінде үлкен жетістік болып табылады

    3-сұрақ. Агроөнеркәсіп кешенінің дамуымен жоспарлау мен болжаудың басты мақсаты-агроөнеркәсіп кешені соңғы өнімінің көлемін ұлғайту болып табылады. Агроөнеркәсіп кешенінің соңғы өнім құрамына: халықтың жеке тұтынуда қолданатын өнімдерді, салалардағы өндірістік тұтынудар, артық қорлар мен оларды экспорттауды кіргізуге болады. Агроөнеркәсіп кешенінің дамуын жоспарлау тәжірибесінде экстрополяция, нармотивтік, баланстық және бағдарламалық-мақсатты әдістер қолданылады. әрбір ауылшаруашылық өнімдерінің негізгі түрлеріне баланстар жатады. Қажеттіліктерді анықтау процесіндегі баланстарды жасауда нармотивтік әдіс кеңінен қолданылады. Мысалы: ұн мен жармаға деген рыноктегі қажеттілік халықтың орташа жылдық болжамдық есебімен әрбір адамдардың тұтыну мөлшеріне байланысты.

Информация о работе Лекции по "Бюджету"