Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 19:24, курс лекций
1-сұрақ. Жоспарлау – басқарудың жалпы функциясын, ал басқарудың объектісінің де, субъектісінің де қоса алғандағы болашақта жай-күйін белгілейді. Тәжірибеде ол жоспарды жасау жолымен жүзеге асады. Оның ерекше белгісі - олардың уақыты бойынша көрсеткіштердің нақтылығы және сандық анықтығы болып табылады.
Лекция 1. Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың теориялық негізі және дамуы.
Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың пәні, түсінігі.
Жоспарлаудың формалары, олардың қолданылуы.
Жоспарлаудың қалыптасуының тарихи аспектісі.
Лекция 2. Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың әдістемелік негізі.
2.1. Жоспарлаудың әдістемелік қағидалары.
2.2. Жоспарлау жүйесі.
Макроэкономикалық жоспарлау және болжау.
Лекция 3. Экономиканы жоспарлаудың әдістері.
Экономиканы жоспарлаудың жүйесі.
Экономиканы жоспарлаудың түрлері және қызметі.
Экономикалық және әлеуметтік дамуды жоспарлауын ұйымдастыру.
Лекция 4. Экономикалық өсудің және экономиканың құрылымын әлеуметтік-экономикалық жоспарлау.
4.1. Экономикалық өсім. Макроэкономикаылқ көрсеткіштер.
4.2. Экономикалық өсімнің әлеуметтік-экономикалық жоспарлауда алатын орны. Экономиканың құрылымын қалыптастыру.
4.3. Бағаны және инфляцияны болжау.
4.4. Қаржыны жоспарлау.
Лекция 5. Еңбек ресурстарын жоспарлау.
5.1 Еңбек ресурстарын және тұрғындардың жұмысбастылығын жоспарлау.
Мемлекеттің жұмысбастылық саясаты.
Лекция 6. Әлеуметтік-экономикалық саясат.
6.1. Әлеуметтік саясат.
Минималды тұтыну бюджеті және минималді жалақы.
Еңбек жалақысын болжау.
6.4.Тұтыну нарығын жоспарлау.
Лекция 7. Материалды-техникалық құралдарды, инвестицияны, инновациялық қызметті экономикалық жоспарлау.
7.1. Материалдарды – техникалық ресурстарды жоспарлау және қамтамасыз ету.
7.2. Инвестиция, олардың мазмұны және құрамы.
7.3. Инновациялық қызметті экономикалық жоспарлау.
Лекция 8. Сыртқы экономикалық қатынастарды және өндірістік салаларды жоспарлау және болжау.
Сыртқы экономикалық қатынастардың дамуын жоспарлау.
8.2Өнеркәсіптік өндірісті экономикалық жоспарлау.
8.3 АӨК, құрамы және ерекшеліктері. ҚР аграрлық саясаты.
Лекция 9. Өндірістік инфрақұрылымды жоспарлау.
Транспорттық қызметті жоспарлаудың мақсаты, қысқаша сипаттамасы.
Байланыс және информатиканы дамытуды жоспарлау.
Лекция 10. Тұрғындарға кызмет ету саласын әлеуметтік-экономикалық жоспарлау.
10.1.Тұрғындарға кызмет ету саласы қызметінің ерекшеліктері және сипаттамасы.
10.2. Білім беру саласын болжау.
10.3. Денсаулық сақтау және мәдениет саласын экономикалық жоспарлау.
Лекция 11. Өңірлердің дамуын, табиғатты қорғауды жоспарлау.
11.1. Өңірлік саясат және өңірлердің дамуын экономикалық жоспарлау.
11.2. Еркін экономикалық аймақ. Олардың қызмет ету қағидалары.
11.3. Табиғатты қорғау қызметін және экологиялық – экономикалық жүйені қалыптастыруды жоспарлау.
Лекция 12. Кәсіпкерлік қызмет.
12.1. Кәсіпкерлік қызметтің дамуын жоспарлау.
12.2. Кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық жағдайларға әсері.
Лекция 13. Бағдарламалық мақсаттық жоспарлау
13.1Мақсаттық кешенді бағдарламалар түсінігі және оны жасау тәртібі
13.2 Негізгі жасалатын мақсаттық бағдарламалар
Лекция 14. Қазақстандағы макроэкономикалық тұрақтандырудың ерекшеліктері мен даму кезеңдері
14.1 Макроэкономикалық тұрақтандырудың ерекшеліктері. Республика экономикасының циклдік даму сатысы.
14.2 Экономика тиімділігін және құрылымын, өсу қарқынын қалыптастыру.
Лекция 15. Ұлттық болжау жүйесі
15.1 Мемлекеттік немесе ұлттық болжау жүйесі туралы түсінік
15.2 Ұлттық болжауды жіктеу белгілері
15.3 Болжауды ұйымдастыруда қойылатын мақсаттар
Мемлекеттік әлеуметтік
- экономикалық жоспарлаудың
- өзекті мәселелерді (экология,
ресурстың бітуі) ұзақ мерзімді
жалпыұлттық масштабта шешу
- қоғамдық қажеттілік (коллективті)
үлесінің жоғарылауы
- нарық макроэкономикалық теңсіздікті және тұрақтылықты қамтамасыз ете алмайтыны;
- қоғамда жоспарлаусыз экономика тиімділігін көтеру мүмкін еместігі.
Экономиканы жоспарлау әдістемесінің ғылыми негізіне қоғамдық дамудың және экономикалық теорияның заңдары жатады. Диалектикалық заңдары- болжау қызметін атқарады: бірігу және қарсыласпен күресу заңы, сандық және сапалық өзгеріске өзара өту заңы; Экономикалық және әлеуметтік процестерді жоспарлау әдістемесінде жүзеге асырылатын негізгі кейнсиандық, монетарлық және маркстік теорияның ережелерін қарастырайық:
Кейнсиандық теория жиынтық шығындарға (жиынтық сұраныс) және олардың компоненттеріне көңіл бөлінеді. Кейнсиандық теңдіктің негізі: С+G+I+(E-M)=Y
Бұл жерде:
C-жеке секторда ішкі тұтыну;
G-мемлекеттік шығындар;
I-инвестиция;
E-тауарлар мен қызметтердің экспорты;
M-тауарлар мен қызметтердің импорты;
Y-аралық тұтынуды алғандағы
тауарлар мен қызметтердің
Тепе-теңдік жағдайында сол жақ (жиынтық шығын) оң жаққа (елдегі өндіріс көлеміне) тең болады.
Экономикалық өсімнің кейнсиандық моделі баланстық өсімді қамтамасыз ететін сұраныстан пайда болады. Бұл модельмен ұлттық ішкі өнім, инвистицияның ағым мүмкіндіктері, тауарлар мен қызметтердің экспорты мен импортын есептеу әдістері жүргізіледі.
Монетарлық теорияда ақша ұсынысының көлемін тұрақты саясаттың негізгі параметрлеріне жатқызады, яғни монетаризм ақшаға көңіл бөледі.
Айырбас теңдігінің негізгісіне мына формуланы жатқызамыз: MgV=PQ, мұнда:
Mg-ақша ұсынысы;
V-ақша айналысының жылдамдығы;
P-баға көлемі;
Q-өндірілген тауарлар мен қызметтердің шынайы көлемі.
Монетарлық
саясат – ақша-несие жүйесінің
ақша ұсынысына және пайыз
ставкасына әсерін тигізу
Маркстік теорияда - қоғамдық өндірісті 2 сфераға бөледі. Материалды өндіріс - материалды игіліктер мен қызметтер өндіріледі, сондай-ақ өндірістік емес сфера және әртүрлі материалды емес қызметтер көрсетіледі.
Өндірістік сфераны 2-ге бөлуге болады:
Жиынтық қоғамдық өнімді және кез-келген өнімнің (тауардың) түрін құны бойынша 2-ге бөлеміз:
Өндірістің ұсталған құралдарының құны (С) және қайта пайда болған (жасалған) құны (V+m). V-қажетті өнімнің құны және m -қосылған өнімнің құны. Бұл ережелер жоспарланған кезеңде жалпы экономикалық пропорцияның қалыптасуында маңызды орынға ие.
2-сұрақ.Өзгермелі жоспарлауды қамтамасыз ету үшін экономиканы басқару деңгейіне және уақыт аспектісіне байланысты жоспарлар енетін жоспарлар жүйесі жасалады. Макродеңгейде - елдің экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламалары, аймақтық деңгейде - өңірлердің даму жоспарлары (облыстың, ауданның, қаланың) қалыптасады. Микродеңгейде - кәсіпорынның даму жоспары жасалады.
Уақыт аспектісіне байланысты жоспар жүйесі ұзақ мерзімді (15-20жыл), орта (3-5жыл), қысқа мерзімді (1жылға дейін) болып бөлінеді және оперативті (1 күндік, апталық, кварталдық) болады.
Макроэкономикалық жоспарлау
- басқарудың мемлекеттік құрылымның
жоғарғы деңгейіне жатады, ал олардың
обьектісі болып толықтай экономикалық
жүйе, ұлттық экономика есептеледі.
Макроэкономикалық жоспарлаудың субъектісі
болып – орталық жоспарлаушы
мекемелер жатады. Макроэкономикалық
жоспарлау экономикалық жүйелердің
даму мақсаттарын және олардың жеке
элементтерін бір толық орта ретінде
анықтайды және болашақтарын табады.
Макродеңгейде болжамдық
Тақырып 3. Экономиканы жоспарлаудың әдістері.
3.1. Экономиканы
жоспарлаудың әдістері мен
3.2. Әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын ұйымдастыру
1-сұрақ. Ғылыми әдебиеттерде экономиканы жоспарлаудың бірнеше әдістері бар. Олардың негізгісіне жататындар:
Экономикалық талдау әдісі. Бұл әдіс - макро, сондай-ақ мезо және микрожоспарлау деңгейінде жүзеге асырылады. Экономикалық талдауды жүзеге асырғанда жүйелік тәсілді қолдану керек. Жүйе ретінде халық шаруашылығы толығымен және олардың құрылымдық бөлімдері: салалар, өңірлер, бірлестіктер, кәсіпорындар қарастырылады. Экономикалық талдау кешенді, яғни жан-жақты болу керек. Экономикалық талдау әдісінің маңызы болып - экономикалық процесс құрамдас бөлшектерге бөлініп, олардың өзара қарым-қатынастары және осы бөлімдердің бір-біріне және жалпы процестің даму барысына әсері анықталады. Экономикалық талдау осындай процестің маңызын ашуға, олардың болжанған кезеңдегі өзгеріс заңдылықтарын анықтауға, қойылған мақсатқа жету жолдары мен мүмкіндіктерін жан-жақты толықтай бағалауға мүмкіндік береді.
Баланстық әдіс - арқылы баланстау пропорционалды қағидалар жүзеге асырылады. Баланстық әдістің маңызына – белгілі бір елдің өнімді өндіру мүмкіндіктері мен әр түрлі өнімге, материалға, еңбекке және қаржы ресурстарына қажеттілігі мен үйлесімділігі жатады. Баланстық әдіс - баланс жасауда қолданылады, яғни түскен ресурс көздерін сипаттайтын бір бөлімнің екінші - олардың шығындарының барлық бағыттары бойынша бөлінуді көрсететін бөлімге тең болуын анықтайтын көрсеткіштер жүйесінен тұрады. Нарыққа өтпелі кезеңде макродеңгейде қолданылатын баланстардың ролі күшеюде: болжау, төлем балансы, мемлекеттің кіріс және шығыс балансы, тұрғындардың ақшалай кірістері мен шығыстары, еңбек ресурстарының жинақ балансы, ұсыныс пен сұраныс балансы.
Нормативті әдіс. Қазіргі кезде экономиканы реттеу ретінде нормалар мен нормативтерді пайдалануға байланысты нормативті әдіске көп көңіл бөліне басталды. Нормативті әдістің маңызы болып - болжауды, жоспарды, бағдарламаны пайдалана отырып, техника-экономикалық дәлелдеу табылады. Нормалар мен нормативтердің көмегімен маңызды пропорциялар- материалды өндіріс пен өндірістік емес саланың дамуы негізделеді, экономиканы реттеу жүзеге асырылды. Норма - бірлік өлшемінде белгіленген өнімнің, жұмыстың бірлігіне шаққан ресурстың ғылыми дәлелденген өлшемі. Мысалы: 1 тонна нан өнімдеріне кететін ұнның шығыны бекітілген рецептураға байланысты алынады. Өндірістік емес сферада, мысалы: 1 адамға кететін судың өлшемі, 1 тұрғынға есептелетін тұрғын үй көлемі т.б. Нормативтер - бұл ресурсты пайдалану деңгейін сипаттай отырып, салыстырмалы түрде жүзеге асырылады. Мысалы: металл үйінділерінен шығатын жарамды құймалардың пайдалылығы, 1 млн теңге өнім ресурсының шығыны, несие төлемінің мөлшері ( %-қ ставкалары) және т.б.
Бағдарлы-мақсаттық әдіс. Нормативті, балансты және экономикадағы математикалық әдістермен тығыз байланысты және соңғы жылдары кең тарай бастады. Бағдарлы-мақсаттық әдістің маңызы - әлеуметтік, экономикалық және ғылыми-технологиялық дамудың негізгі мақсатының іріктелуінен тұрады, сондай-ақ ресурстарды баланспен қамтамасыз ету негізінде белгіленген уақытта мақсатқа жетуде шаралардың өзара байланысын жасаудан тұрады. Бағдарлы-мақсаттық әдіс – ғылыми-зерттеу, өндірістік, ұйымдастыру-щаруашылық, әлеуметтік және басқа да міндеттер мен шаралар кешені мен мақсаттарының орындаушы мен орындалу уақыты көрсетілген құжаттан тұрады, ол мақсатты-кешенді бағдарламаларды жасауда қолданылады.
Мақсатты-кешенді бағдарлама
мазмұны бойынша әлеуметтік-
2-сұрақ. Жоспарлауды ұйымдастыру - халық шаруашылығын басқарудың барлық саласында, олардың қызметін анықтайтын, болжамдар мен жоспарларды жасалу тәртібін бекітетін, маңызды көрсеткіштерді орындалуына дейін жеткізетін және олардың орындалуын қамтамасыз етуді ұйымдастыруда жоспарлау мекемелер жүйелерін қамтиды. Жоспарлауды ұйымдастырудың ғылыми негізі болып қағидалар табылады, яғни талаптар, негізгі ережелер.
Қазіргі кезде жоспарлауды
ұйымдастырудың маңызды
Макродеңгейде жоспарлаудың
мемлекеттік мекемелері ағымды
экономикалық жағдайды
Бизнес жоспардың құрылымы.
Резюме.
1. Кәсіпорын сипаттамасы.
1.1. Кәсіпорын реквизиттері,
салалық бағыты, меншік түрі, заңдық
статусы, кәсіпорын
1.2. Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыты мен мақсаты.
1.3. Кәсіпорынның құрылу тарихы, қазіргі жағдайы және дамуы.
2. Өнімдері және қызметтері.
2.1. Өнім сипаттамасы және
оны қолдану саласы, ерекшелік
қасиеті немесе өнімнің
2.2. Лицензиялары, патентік құқығы.
3. Маркетингтік жоспар.
3.1. Нақты тұтынушыларды бағалау.
3.2. Бәсекелестерді және бәсекелестік күресті бағалау.
3.3. Нарықты кешенді зерттеу
(нарық сегментін, нарық
3.4. Маркетингтік стратегиясы.
4. Өндірістік жоспар.
4.1. Экономикалық потенциалы.
4.2. Технологиялық потенциалы.
4.3. Материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі.
4.4. Еңбек потенциалы.
4.5. Проектіні құқықтық қорғау.
5. Кәсіпорынды басқарудың ұйымдастырушылық жоспары.
6. Проектіні өткізу.
7. Қаржылық жоспар.
7.1. Қаржы-шаруашылық қызметін талдау және болжау.
7.2. Проектінің қаржыландырылуы.
7.3. Өндірістік шығындар.
7.4. Жалпы инвестициялық жағдайы.
7.5. Коммерциялық пайдасы.
7.6. Тәуекелділік және оны азайтуды қамтамасыз ету шаралары.
8. Құқықтық аспектілері.
Қосымшалар: шығарылатын
өнімнің техникалық деңгейінің
картасы, патенттік және
Резюмеде проектінің жалпы мазмұны көрсетіледі. Кәсіпорын қызметінің жағдайы (өнім шығару, қызмет көрсету) толықтай алынады. Болашақ өнімнің бәсекелестер өнімінен қандай артықшылығы, ерекшелігі барын көрсету. Негізгі қаржылық нәтижелері көрсетіледі, банктік несие болса, қайтару механизмі, мемлекеттік немесе жергілікті орындардың кепілділігі т.б. жағдайлары көрсетіледі. Резюме - бизнес-жоспарды құрып болған соң барып жазылады.
1-ші бөлімде - салалық
қажеттілігі, бизнес-жоспардың
2-ші бөлімде - өнім туралы ақпарат (олардың ерекшелігі, қажеттілігі), яғни бәсекелестік тауармен өз өніміне салыстырмалы талдау беріледі.
3-ші бөлімде нарықты талдау көрсетіледі.
4-ші бөлімде - өндірістік
жоспарда – экономикалық
5-ші бөлімде - кәсіпорынның
ұйымдық схемасы,