Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 19:24, курс лекций
1-сұрақ. Жоспарлау – басқарудың жалпы функциясын, ал басқарудың объектісінің де, субъектісінің де қоса алғандағы болашақта жай-күйін белгілейді. Тәжірибеде ол жоспарды жасау жолымен жүзеге асады. Оның ерекше белгісі - олардың уақыты бойынша көрсеткіштердің нақтылығы және сандық анықтығы болып табылады.
Лекция 1. Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың теориялық негізі және дамуы.
Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың пәні, түсінігі.
Жоспарлаудың формалары, олардың қолданылуы.
Жоспарлаудың қалыптасуының тарихи аспектісі.
Лекция 2. Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың әдістемелік негізі.
2.1. Жоспарлаудың әдістемелік қағидалары.
2.2. Жоспарлау жүйесі.
Макроэкономикалық жоспарлау және болжау.
Лекция 3. Экономиканы жоспарлаудың әдістері.
Экономиканы жоспарлаудың жүйесі.
Экономиканы жоспарлаудың түрлері және қызметі.
Экономикалық және әлеуметтік дамуды жоспарлауын ұйымдастыру.
Лекция 4. Экономикалық өсудің және экономиканың құрылымын әлеуметтік-экономикалық жоспарлау.
4.1. Экономикалық өсім. Макроэкономикаылқ көрсеткіштер.
4.2. Экономикалық өсімнің әлеуметтік-экономикалық жоспарлауда алатын орны. Экономиканың құрылымын қалыптастыру.
4.3. Бағаны және инфляцияны болжау.
4.4. Қаржыны жоспарлау.
Лекция 5. Еңбек ресурстарын жоспарлау.
5.1 Еңбек ресурстарын және тұрғындардың жұмысбастылығын жоспарлау.
Мемлекеттің жұмысбастылық саясаты.
Лекция 6. Әлеуметтік-экономикалық саясат.
6.1. Әлеуметтік саясат.
Минималды тұтыну бюджеті және минималді жалақы.
Еңбек жалақысын болжау.
6.4.Тұтыну нарығын жоспарлау.
Лекция 7. Материалды-техникалық құралдарды, инвестицияны, инновациялық қызметті экономикалық жоспарлау.
7.1. Материалдарды – техникалық ресурстарды жоспарлау және қамтамасыз ету.
7.2. Инвестиция, олардың мазмұны және құрамы.
7.3. Инновациялық қызметті экономикалық жоспарлау.
Лекция 8. Сыртқы экономикалық қатынастарды және өндірістік салаларды жоспарлау және болжау.
Сыртқы экономикалық қатынастардың дамуын жоспарлау.
8.2Өнеркәсіптік өндірісті экономикалық жоспарлау.
8.3 АӨК, құрамы және ерекшеліктері. ҚР аграрлық саясаты.
Лекция 9. Өндірістік инфрақұрылымды жоспарлау.
Транспорттық қызметті жоспарлаудың мақсаты, қысқаша сипаттамасы.
Байланыс және информатиканы дамытуды жоспарлау.
Лекция 10. Тұрғындарға кызмет ету саласын әлеуметтік-экономикалық жоспарлау.
10.1.Тұрғындарға кызмет ету саласы қызметінің ерекшеліктері және сипаттамасы.
10.2. Білім беру саласын болжау.
10.3. Денсаулық сақтау және мәдениет саласын экономикалық жоспарлау.
Лекция 11. Өңірлердің дамуын, табиғатты қорғауды жоспарлау.
11.1. Өңірлік саясат және өңірлердің дамуын экономикалық жоспарлау.
11.2. Еркін экономикалық аймақ. Олардың қызмет ету қағидалары.
11.3. Табиғатты қорғау қызметін және экологиялық – экономикалық жүйені қалыптастыруды жоспарлау.
Лекция 12. Кәсіпкерлік қызмет.
12.1. Кәсіпкерлік қызметтің дамуын жоспарлау.
12.2. Кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық жағдайларға әсері.
Лекция 13. Бағдарламалық мақсаттық жоспарлау
13.1Мақсаттық кешенді бағдарламалар түсінігі және оны жасау тәртібі
13.2 Негізгі жасалатын мақсаттық бағдарламалар
Лекция 14. Қазақстандағы макроэкономикалық тұрақтандырудың ерекшеліктері мен даму кезеңдері
14.1 Макроэкономикалық тұрақтандырудың ерекшеліктері. Республика экономикасының циклдік даму сатысы.
14.2 Экономика тиімділігін және құрылымын, өсу қарқынын қалыптастыру.
Лекция 15. Ұлттық болжау жүйесі
15.1 Мемлекеттік немесе ұлттық болжау жүйесі туралы түсінік
15.2 Ұлттық болжауды жіктеу белгілері
15.3 Болжауды ұйымдастыруда қойылатын мақсаттар
6-шы бөлімде - инвестициялық
шешіммен өндіріс басталғанға
дейінгі кезең көрсетіледі,
7-ші бөлімде - өндірістік және инвестициялық шығындар көрсетіледі.
8-ші бөлімде - қандай
құқықтық статуста екені
Тақырып
4. Экономикалық өсуді және экономиканың
құрылымын әлеуметтік-
4.1.Экономикалық
өсу. Макроэкономикалық
4.2.Экономикалық
өсудің әлеуметтік-
4.3. Бағаны, инфляцияны және қаржыны жоспарлау
1-сұрақ. Неге экономикалық өсу қажетті экономикалық мақсат ретінде қарастырылады? Жан басына шаққандағы жалпы өнімнің өсуі халық жағдайының көтерілуіне әкеледі. Өсіп келе жатқан экономика жаңа тұтынуларды қанағаттандыра алады және әлеуметтік – экономикалық ахуалдарды шеше алады. Экономикалық өсу деп - экономика қызметінің және ресурстарды пайдалану нәтижесінің өзгеруін түсінеміз. Экономикалық өсудің соңғы мақсаты –тұтыну мен халық тұрмысының өсуі. Барлық қоғамдық өндіріс масштабында ол өндіріс тауарларының көлемінің көбеюін сипаттайды және абсолютті, салыстырмалы шамада өлшенеді. Экономикалық өсудің өзгеруін сипаттауда қоғамның өндіріс динамикасы қолданылады, олардың көрсеткіші болып өсу темпі және артуы табылады. Экономика дамуының жоспарлау және болжау тәжірибесінде жылдық өсу темпі және артуы, сондай-ақ орта жылдық өсу темпі қолданылады.
Жылдық өсу темпі - екі нақты жылға экономикалық өсімді сипаттайтын көрсеткіштің физикалық көлеміне қатынасы ретінде есептеледі.
Jt - жылдық өсу темпі, (%).
Пt және Пб - ағымдағы болжанған
және сәйкес базисті жылдағы
Ал, артудың (өсудің) жылдық темпі былайша анықталады: Өсу темпі мен 100% арасындағы айырмашылық.
Орта жылдық өсу темпі
– болжанған кезеңдегі жылдар
бойынша өсу темпі
Экономикалық өсімге және олардың темпіне, сапасына әсер ететін негізгі факторларды атайық: еңбек және табиғи ресурстың саны және сапасы; негізгі капиталдың көлемі; ҒТП; қоғамның жиынтық сұранысы. Экономикалық өсімнің маңызды көзі болып- инвесторлар табылады. Экономистердің зерттеуі бойынша нарықтық жүйеде тауарлар мен қызметтердің өндірісін ұлғайтуға салынған қаражат табысты көбейтетін нәтиже береді. Бұл нәтиже «мультипликациялы» деп аталады, ал мұндай көбейту дәрежесін сипаттайтын сандық көрсеткіштерін – мультипликатор деп аталады. Мәселен, 1млн теңге көлеміндегі қаражат 2.5млн теңге табыс әкелсе, онда мультипликатор 2.5-ке тең яғни 2.5млн / 1млн.
Экономиканың өсуін болжауға мемлекеттің барлық жағдайы бар. Жер реформасы мен халықтың өсуін ұстау – басты міндет болып табылады, әл-ауқатты жоғарылату үшін мемлекеттің кірісуі керек. Тек мемлекет қана дамуға жол аша алады.
Макроэкономикалық мақсаты және көрсеткіштері: Экономиканы тиімді басқару үшін макроэкономикалық мақсаттарға сүйену қажет - экономикалық теорияға байланысты оларға жататындар: өндірістің ұлттық көлемінің тұрақты өсуі, бағаның тұрақты деңгейі, жұмысбастылықтың жоғары деңгейі, сыртқы сауда балансының тепе-теңдігін ұстау. Бұл мақсаттар өзара байланысты және өзара тәуелді.
Экономика нәтижелігінің
негізгі критерийі болып
Шетелдік тәжірибеде, ЖҰӨ, (ЖІӨ)-ді жоспарлауда экстраполяция, дефляция, экономика-математикалық модель (факторлы, салаарлық, эконометриялық), өндірістік, бөлу және ЖІӨ-ді соңғы пайдалану әдістері қолданады.
2-сұрақ. Экономика құрылымы - салалар, өңірлер, өндіріс құралдарының және тұтыну заттарының өндірісі, ұдайы өндірістің құндық элементінің (қайтару, тұтыну және жинақ қоры) қатынастарын сипаттайды. Сондықтан, экономика өзгерісі әртүрлі факторлардың әсерінен жүзеге асырылады. Салалық құрылымға әсер ететіндер: қоғамның тұтыну құрылымы; экономикалық даму темпі; жаратылған табиғи ресурстардың болуы (пайдалы қазындылар, жер, т.б.); интреграциялық процестертің дамуы; ҒТП маңызы мен темпі. Өңірлік құрылымдарды анықтайтын факторлерге жататындар: елдің территориясы бойынша тұрғындардың сұранысқа төлем қабілеттілігін бөлу; әртүрлі экономикалық аудандар тұрғындарының өмір сүру деңгейін теңестіру және олардың кешенді дамуын қамтамасыз ету қажеттілігі; шикізат, жанар май, энергия көздерін орналастыру; елдің территориясы бойынша жұмыс күшін бөлу және олардың жұмысбастылық мәселесін тұрғындарды көшіру мүмкіндігі есебімен шешу.
Экономика құрылымын
- тұрғындардың және кәсіпорының
сұранысын сыртқы сауда
3-сұрақ. Баға - тарихи сипаттамасы бар эканомикалық категория болып табылады. Баға тауар құнының ақшалай көрінісін көрсетеді, дегенмен кез-келген тауар өндірісінде баға құнынан ауытқиды. Директивті жоспарлауда баға ауытқуы жоспарлы түрде белгіленген және өндіріске, өткізуге және өнімді қолдануға мемлекетпен жоспарлы әсер ететін эканомикалық құрал ретінде қолданылды. Ал, өтпелі кезеңде баға нарық пен мемлекеттің әсерімен анықталды, бұл жағдайда бағаға әсер ететін негізгі факторлар: өндіріс және айналым шығындары; ұсыныс пен сұраныс байланысы; бәсеке; өнімнің сапасы мен пайдалылығы; сыртқы экономикалық факторлар (басқа елдермен ұзақ мерзімді экономикалық келісім-шарттар); ақша айналысының жағдайы (ақша массасының көбеюі бағаның өсуіне әкеледі); бағаны мемлекеттік реттеу. Бағаның ең төменгі шегін өндіріс шығындары қалыптастырады. Микродеңгейде баға кәсіпорынның өндірістік- шаруашылық және коммерциялық қызметінің реттеушісі болып табылады. Макродеңгейде экономика құылымын қалыптастырады және диспропорциялардың пайда болуын ескертеді. Баға келесі қызметтерді атқарады: жоспарлы-есептік, реттеушілік, бөлуші және қайта бөлуші, баланстаушы және ақпараттық.
Инфляция – ұдайы өндіріс
диспропорциясынан туындаған
Тауар-ақша қатынастары жағдайында материалды және материалды емес ресурстарды пайдалану ақша қаражаты қозғалысымен жүзеге асырылады, бұл процесте экономикалық қатынастар субьектілері арасында экономикалық операциялар жүзеге асады. Көбінде мұндай операциялар тауарлар мен қызметтерді қаржы активтеріне (ақшаға сату) айырбас түрінде немесе қаржы активтерін басқа да қаржы активтеріне (құнды қағаздарды ақшаға сату) айырбас түрінде болады. Белгілі бір уақыт аралығындағы экономикалық операциялар жиынтығы «тасқын» деп аталады, яғни толассыз, үздіксіз өндіріс процесі. Сондай-ақ, сол уақытта белгілі-бір көрсеткіштердің қалдық көлемін көрсетуші запас (ресурс) термині қолданылады.
«Тасқындар» қаржылық емес (шынайы) және қаржылық болып бөлінеді. Қаржылық емес тасқындарға- тауар мен қызметтерді алу, өндіріс процесінде жүзеге асырылатын операциялар жатады. Қаржылық тасқындарға - қаржылық активтер мен пассивтердегі өзгерістерді жатқызамыз. Қаржы ресурстары экономиканың қаржылық жағдайын сипаттайды және бір уақытта оның дамуының көздері болып табылады. Қаржылық ресурстары орталықтандырылған (мемлекет деңгейінде) және деорталықтандырылған (кәсіпорындар, мекемелер, бірлестіктер деңгейі) болып 2-ге бөлінеді. Қаржы ресурстарын тиімді басқару - оларды болжау мен жоспарлауды қажет етеді. Дүниежүзілік тәжірибеде қаржыларды болжау мен жоспарлауда эксперттік бағалау, экспраполяция және модельдеу әдістері кең пайдалануда. Модельдеуде экзогенді және эндогенді әдістері қолданылады. Экстрополяция әдісінің мәні – кәсіпорын, мекемедегі қазірг жағдайда өндірістік көрсеткіштер өзгерісін ескеретін коэффициенттерді есепке ала отырып, келешекте жоспарланатын кезеңге көшіру. Бұл әдіс кәсіпорын, мекеменің персоналға деген уақытша қысқа кезеңге қажеттілігін жоспарлауға ыңғайлы. Жасалған қаржы жоспарлары (бағдарламалары) - міндетті макроэкономикалық мақсаттарға жетуге бағытталған кешенді шаралардан тұрады. Қаржы жоспарын қалыптастыру - экономиканың негізгі секторы бойынша белгіленген кезең соңындағы жиынтық көрсеткіштердің есебін енгізеді. Қаржы жоспарын қалыптастырудың алғашқы этабында базистік бағдарлама жасалады, онда елдің экономикалық саясаты өзгеріске ұшырамау мақсаты негізделеді.
Тақырып 5. Еңбек ресурстарын жоспарлау.
5.1. Еңбек ресурстарын
және тұрғындардың
5.2. Мемлекеттің жұмысбастылық саясаты
1-сұрақ. Жалпы тұрғындар санынан еңбек ресурстарын бөлетін негізгі критерийлерге жататындар:
Мысалы, АҚШ-та ең төменгі еңбекке қабілеттілік жасының шегі қыздар мен ұлдарға 14 жас. Жоғарғы шегі ерлер үшін 65 жас, әйелдер үшін 60 жас. Белорусь Республикасында еңбекке қабілеттілік жасы ерлер үшін 16-60 жасқа дейінгілер, әйелдер үшін 16-55 жасқа дейінгілер.
Еңбек ресурстары құрамына жататындар:
Еңбекке қабілетті тұрғындарға, 1-2 топтағы жұмыс істемейтін мүгедектерден басқа, жұмысқа қабілетті жастағы тұлғалар жатады. Еңбек қызметіне байланысты еңбек ресурстары құрамын келесідей категорияға бөлуге болады:
Еңбек балансы жүйесінде
негізгі орынды еңбек нарығын
реттеуде маңызды инструмент болып
табылатын еңбек ресурстарының
жиынтық балансы алады. Оның негізінде
мемлекеттік жұмысбастылық
1-ші бөлімде: еңбек
ресурстары және олардың
2-ші бөлімде: еңбек
ресурстары жұмысбастылығы