Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 19:24, курс лекций
1-сұрақ. Жоспарлау – басқарудың жалпы функциясын, ал басқарудың объектісінің де, субъектісінің де қоса алғандағы болашақта жай-күйін белгілейді. Тәжірибеде ол жоспарды жасау жолымен жүзеге асады. Оның ерекше белгісі - олардың уақыты бойынша көрсеткіштердің нақтылығы және сандық анықтығы болып табылады.
Лекция 1. Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың теориялық негізі және дамуы.
Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың пәні, түсінігі.
Жоспарлаудың формалары, олардың қолданылуы.
Жоспарлаудың қалыптасуының тарихи аспектісі.
Лекция 2. Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың әдістемелік негізі.
2.1. Жоспарлаудың әдістемелік қағидалары.
2.2. Жоспарлау жүйесі.
Макроэкономикалық жоспарлау және болжау.
Лекция 3. Экономиканы жоспарлаудың әдістері.
Экономиканы жоспарлаудың жүйесі.
Экономиканы жоспарлаудың түрлері және қызметі.
Экономикалық және әлеуметтік дамуды жоспарлауын ұйымдастыру.
Лекция 4. Экономикалық өсудің және экономиканың құрылымын әлеуметтік-экономикалық жоспарлау.
4.1. Экономикалық өсім. Макроэкономикаылқ көрсеткіштер.
4.2. Экономикалық өсімнің әлеуметтік-экономикалық жоспарлауда алатын орны. Экономиканың құрылымын қалыптастыру.
4.3. Бағаны және инфляцияны болжау.
4.4. Қаржыны жоспарлау.
Лекция 5. Еңбек ресурстарын жоспарлау.
5.1 Еңбек ресурстарын және тұрғындардың жұмысбастылығын жоспарлау.
Мемлекеттің жұмысбастылық саясаты.
Лекция 6. Әлеуметтік-экономикалық саясат.
6.1. Әлеуметтік саясат.
Минималды тұтыну бюджеті және минималді жалақы.
Еңбек жалақысын болжау.
6.4.Тұтыну нарығын жоспарлау.
Лекция 7. Материалды-техникалық құралдарды, инвестицияны, инновациялық қызметті экономикалық жоспарлау.
7.1. Материалдарды – техникалық ресурстарды жоспарлау және қамтамасыз ету.
7.2. Инвестиция, олардың мазмұны және құрамы.
7.3. Инновациялық қызметті экономикалық жоспарлау.
Лекция 8. Сыртқы экономикалық қатынастарды және өндірістік салаларды жоспарлау және болжау.
Сыртқы экономикалық қатынастардың дамуын жоспарлау.
8.2Өнеркәсіптік өндірісті экономикалық жоспарлау.
8.3 АӨК, құрамы және ерекшеліктері. ҚР аграрлық саясаты.
Лекция 9. Өндірістік инфрақұрылымды жоспарлау.
Транспорттық қызметті жоспарлаудың мақсаты, қысқаша сипаттамасы.
Байланыс және информатиканы дамытуды жоспарлау.
Лекция 10. Тұрғындарға кызмет ету саласын әлеуметтік-экономикалық жоспарлау.
10.1.Тұрғындарға кызмет ету саласы қызметінің ерекшеліктері және сипаттамасы.
10.2. Білім беру саласын болжау.
10.3. Денсаулық сақтау және мәдениет саласын экономикалық жоспарлау.
Лекция 11. Өңірлердің дамуын, табиғатты қорғауды жоспарлау.
11.1. Өңірлік саясат және өңірлердің дамуын экономикалық жоспарлау.
11.2. Еркін экономикалық аймақ. Олардың қызмет ету қағидалары.
11.3. Табиғатты қорғау қызметін және экологиялық – экономикалық жүйені қалыптастыруды жоспарлау.
Лекция 12. Кәсіпкерлік қызмет.
12.1. Кәсіпкерлік қызметтің дамуын жоспарлау.
12.2. Кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық жағдайларға әсері.
Лекция 13. Бағдарламалық мақсаттық жоспарлау
13.1Мақсаттық кешенді бағдарламалар түсінігі және оны жасау тәртібі
13.2 Негізгі жасалатын мақсаттық бағдарламалар
Лекция 14. Қазақстандағы макроэкономикалық тұрақтандырудың ерекшеліктері мен даму кезеңдері
14.1 Макроэкономикалық тұрақтандырудың ерекшеліктері. Республика экономикасының циклдік даму сатысы.
14.2 Экономика тиімділігін және құрылымын, өсу қарқынын қалыптастыру.
Лекция 15. Ұлттық болжау жүйесі
15.1 Мемлекеттік немесе ұлттық болжау жүйесі туралы түсінік
15.2 Ұлттық болжауды жіктеу белгілері
15.3 Болжауды ұйымдастыруда қойылатын мақсаттар
3. Бағдарламаларды жасау
үшін іс-шаралар кешені мен
міндеттер құрамы қалыптасады.
Негізгі тапсырмалар құрамы
4. Бағдарламалардың ресурстық
қамтамасыз етілуі мен негізгі
көрсеткіштері есептеледі. Бағдарламаларды
жасауда ресурстар (
5. Бағдарламалық құжаттарды
дайындау, бағдарламаларды бекіту
және келісу жүргізіледі.
Тақырып
14. Қазақстандағы
14.1 Макроэкономикалық тұрақтандырудың ерекшеліктері. Республика экономикасының циклдік даму сатысы.
14.2 Экономика тиімділігін және құрылымын, өсу қарқынын қалыптастыру.
1-сұрақ. Қазақстандағы әкімшілдік- әміршілдік экономикадан нарықтық экономикаға қозғалыс ерікті экономикаға қарай қозғалысының даму процестерінің классикалық қағидаларына сай жүргізілді. Олар:
Кесте 2 - Республика экономикасының циклдік даму сатысы
Фаза атауы |
Кезеңдер |
Қысқаша сипаттамасы |
Дағдарыс |
1989-1993 |
Ұлттық экономиканың барлық көрсеткіштерінің күрт төмендеуі. «Тітіркендіру терапиясын» қолданғаннан кейінгі бағаны ырықтандыру мен шағын жекешелендірудің (1992-1993) жүргізілу салдарынан кейінгі халық әл- ауқатының барынша нашарлауы. Инфляцияның асқынуы, қайтарымсыз несиелердің етек алуы. Макроэкономикалық саясаттың Ресейге тәуелділігі |
1994-1998 |
Дербес макроэкономикалық саясат жүргізу. Орын алған гиперинфляцияны ауыздықтау үшін қатаң қаржы- несие саясатына көшу және нарықтық институттардың қалыптаса бастауы. Оңтүстік- Шығыс Азия елдеріндегі дағдарыстың кері әсері. | |
Тоқырау |
1999-2000 |
Классикалық тоқырауға сай нарықтық экономика субъектілерінің жаңы ойын ережелеріне бейімделуі. Шикізат өндірісінің қарқын ала бастауына байланысты ЖҰӨ өсуінің байқалуы. Банк секторының реформасы. |
Жандану |
2000-2004 |
Шикізат өндірісі мен экспорттының тиімділігіне байланысты басым түрде сол бағытта инвестициялық белсенділіктің артуы. |
2005-2010 |
Шикізаттық қана бағдар ұстанудан аластанудың негізін қалау, экономиканы диверсификациялау. Сыртқы сауданы ырықтандыру, Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болу. | |
Өрлеу |
2010 кейін |
Экономиканың дамуы, жалпы экономикалық өсу байқалады. |
Қазақстан экономикасының өтпелі
кезеңге басқан алғашқы қадамдарының
әлеуметтік салдарлары ауыр болғаны
белгілі. Әлеуметтік- экономикалық жүйесі
озық дамыған мемлекеттерде (Германия,
Жапония, Швеция) нарықтық шаруашылық
эволюциялық жолмен, біртіндеп спецификалық
ерекшеліктерін ескере отырып, сатылы
түрде қалыптастырылса, біздің елімізде
қысқа мерзімде шапшаң жүргізілді.
Экономиканы қайта құруды радикалды,
тітіркендіру терапиясы таңдалды. Экономикалық
өсу резервтерінің жоқтығында мұндай
саясатты ұстану дағдарысты асқындырып,
тұрақсыздықты орнатты.(кесте-
Экономиканы тұрақтандыру кезеңінің
мәнін түсіндіруде қазақстандық
белді ғалымдардың іскерлік белсенділіктің
циклдік толқуын мойындауы
2-сұрақ. Экономиканың дамуы өндіріс тиімділігін көтеру деңгейіне байланысты жүреді.
Рынокті экономикада макродеңгейдегі нәтижелерді немесе әсерді анықтау үшін Жалпы Ұлттық Өнім (Ж.Ұ.Ө) интегралді көрсеткіші қолданылады:
Ә=Δ Ж.Ұ.Ө / К.С
Мұндағы Δ Ж.Ұ.Ө - Ж.Ұ.Ө-нің өсімі
К.С- капиталдық салымдар
Бұл көрсеткіш ақшалай түрдегі барлық ресурс түрлерін қолданудың интегралді тиімділігін көрсетеді.
Жекелеген ресурс түрлерін тиімді қолдануда материал сиымдылығы (Мш/ Ж.Ұ.Ө); қор сиымдылығы (Н.Қ/Ж.Ұ.Ө); еңбек сиымдылығы (Е/ Ж.Ұ.Ө) және кері көрсеткіштер: материал қайтарымы ( Ж.Ұ.Ө/Мш); қор қайтарымы (Ж.Ұ.Ө/Н.Қ); өнімділігі (Ж.Ұ.Ө/Е) өлшенеді.
Болжау мен жоспарлау үдерісі тиімділігінің деңгейі шығындар және нәтижелік көрсеткіштер динамикасына әсер ететін барлық көрсеткіштерден тұрады. Егер Ж:Ұ.Ө-нің өсу қарқыны ресурстардың (шығындардың) өсу қарқынынан жоғары болса, өндіріс тиімділігі жоғарылайды.
Барлық шығындар деңгейіне әсер ететін басты фактор ғылыми-техникалық прогресс (ҒТП). Материал сиымдылықтың шамамен 90%-ға қысқаруы өңдеуші және өндіруші салаларда жаңа техниканыжаңа технологиямен қамтамасыз етеді. Жаңа техника, технология ендіру нәтижесінде еңбек өнімділігі ұлғаяды. Қосымша жұмыс күшіне қажеттілік төмендейді. Өндіріс тиімділігіне әсер ететін келесі фактор-еңбекті басқарудың және өндірісті ұйымдастыру деңгейі.
Болжау және жоспарлау
кезеңіндегі макроэкономикалық
көрсеткіш Ж.Ү.Ө-нің өсу
Ж.Ұ.Өөсу қарқыны=(Ж.Ұ.Ө бол/ Ж.Ұ.Ө б)х100
Ж.Ұ.Ө-нің болжамдық шамасын есептеу үшін барлық факторлардың қосындысының әсерімен анықталады.
Өсу қарқынын негіздеуде факторлар тобы қолданылады. Олар белгілері бойынша (сипаты, қолданылатын ресурс түрлері бойынша) жіктеледі. Ол факторлар:
-елдің табиғи-ресурстық әлеуеті, сапасы, көлемі, құрамы;
-ғылыми-техникалық әлеуеттің сапасы, құрамы, көлемі;
-өндірістік әлеует сапасы, құрамы, көлемі;
-еңбек әлеуетінің сапасы, құрамы, көлемі;
-қаржылық әлеует көлемі;
-Сыртқы экономикалық байланыстардың даму деңгейі.
Өндірістің өсу қарқынына
әсер етуші факторлар екіге
1.Экстенсивті;
2.Интенсивті.
Экстенсивті факторлар-бұл
шаруашылық қызметтегі барлық ресурстарды
ұлғайту факторы. Бұл фактор өндіріс
ауқымының өсуін қосымша
Интенсивті факторлар-бұл өндіріс өсімін қолданылатын ресурстар тиімділігін көтеру арқылы (қор қайтарымдылығының еңбек өнімділігін көтеру, табиғат ресурстарын кешенді, тиімді пайдалану есебінен) жүргізіледі.
Шаруашылық тәжірибеде басқа да факторлар қолданылады. Егер интенсивті факторлар үлесі өндіріс көлемі өсімінде 50%-дан жоғары қамтамасыз тілсе, онда мұндай экономикалық өсу типін интенсивті немесе сапалық өсу деп, егер 50%-дан төмен болса, дамудың мұндай типін экстенсивті немесе сандық өсу деп атайды.
Ж.Ұ.Ө-нің өсу қарқынына өндірістік және еңбек әлеуеті ықпалын тигізеді. Есептеу төмендегішерде жүргізіледі.
Ж.Ұ.Өбол. =НК1х Қ1- Δ Н.Кд х К2
Мұндағы, НК1-базистік кезеңдегінегізгі қор көлемі;
Қ1- базистік негізгі қордағы қор қайтарымының болжамдық деңгейі
Δ Н.Кд-жоспарлы кезеңдегі
К2 –жаңа негізгі қордағы қор қайтарымының болжамдық деңгні
НК1х Қ1- бұл экстенсивті өсім;
Δ Н.Кд х К2- бұл интенсивті өсім;
Экономикалық өсімге және олардың қарқынына, сапасына әсер ететін негізгі факторларды атайық: еңбек және табиғи ресурстың саны және сапасы; негізгі капиталдың көлемі; ҒТП; қоғамның жиынтық сұранысы. Экономикалық өсімнің маңызды көзі болып- инвесторлар табылады. Экономистердің зерттеуі бойынша нарықтық жүйеде тауарлар мен қызметтердің өндірісін ұлғайтуға салынған қаражат табысты көбейтетін нәтиже береді. Бұл нәтиже «мультипликациялы» деп аталады, ал мұндай көбейту дәрежесін сипаттайтын сандық көрсеткіштерін – мультипликатор деп аталады. Мәселен, 1млн теңге көлеміндегі қаражат 2.5млн теңге табыс әкелсе, онда мультипликатор 2.5-ке тең яғни 2.5млн / 1млн.
Экономиканы тиімді басқару үшін макроэкономикалық мақсаттарға сүйену қажет - экономикалық теорияға байланысты оларға жататындар: өндірістің ұлттық көлемінің тұрақты өсуі, бағаның тұрақты деңгейі, жұмысбастылықтың жоғары деңгейі, сыртқы сауда балансының тепе-теңдігін ұстау. Бұл мақсаттар өзара байланысты және өзара тәуелді.
Тақырып 15. Ұлттық болжау жүйесі
15.1 Мемлекеттік немесе ұлттық болжау жүйесі туралы түсінік
15.2 Ұлттық болжауды жіктеу белгілері
15.3 Болжауды ұйымдастыруда қойылатын мақсаттар
1-сұрақ. Ұлттық (макроэкономикалық немесе мемлекеттік) болжау ұлттық экономиканың даму бағыттары туралы ғылыми негізделген көріністердің қалыптасу жүйесі секілді болжамды зерттеудің жиынтығына негізделеді.
Ұлттық болжау маңызы ұлттық
экономиканың дамуында тиімді шешімдерді
қабылдауда көрінеді. Ұлттық экономиканың
даму болжамы (ұлттық болжам) сапалық
және сандық формада көрсетілген
және ұлттық экономиканың дамуының алдағы
уақыттағы көрсеткіштері туралы
көрініс беретін дәлелденген
жорамалдардың кешенін
Ұлттық болжау негізінде
ұлттық экономиканың өткені мен қазіргі
жағдайына байланысты оның болашақ
жағдайы анықталады. Ұлттық экономиканың
өткен, қазіргі және болашақ жағдайы
өз маңызында объективті заңдар мен
заңдардың тұрақтылығына, процестер
мен құбылыстардың үдемелілігі
мен қайталанушылығына
Ұлттық болжауды өңдеу үдерісін жіктеу:
Сипаттау тәсілі бойынша болжамды екіге бөлуге болады:
Көрсеткіштерді қалыптастыру тәсілі бойынша:
Генетикалық және нормативтік
әдістерді бірге қолдану
Мемлекеттік реттеу құрамы
бойынша болжаудың негізгі
Мемлекеттік болжаудың маңызды объектілері:
2-сұрақ. Мемлекеттік болжау процесі мына элементтерді қарастырады: