Лекции по "Бюджету"

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 19:24, курс лекций

Краткое описание

1-сұрақ. Жоспарлау – басқарудың жалпы функциясын, ал басқарудың объектісінің де, субъектісінің де қоса алғандағы болашақта жай-күйін белгілейді. Тәжірибеде ол жоспарды жасау жолымен жүзеге асады. Оның ерекше белгісі - олардың уақыты бойынша көрсеткіштердің нақтылығы және сандық анықтығы болып табылады.

Оглавление

Лекция 1. Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың теориялық негізі және дамуы.
Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың пәні, түсінігі.
Жоспарлаудың формалары, олардың қолданылуы.
Жоспарлаудың қалыптасуының тарихи аспектісі.

Лекция 2. Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың әдістемелік негізі.

2.1. Жоспарлаудың әдістемелік қағидалары.
2.2. Жоспарлау жүйесі.
Макроэкономикалық жоспарлау және болжау.

Лекция 3. Экономиканы жоспарлаудың әдістері.
Экономиканы жоспарлаудың жүйесі.
Экономиканы жоспарлаудың түрлері және қызметі.
Экономикалық және әлеуметтік дамуды жоспарлауын ұйымдастыру.

Лекция 4. Экономикалық өсудің және экономиканың құрылымын әлеуметтік-экономикалық жоспарлау.
4.1. Экономикалық өсім. Макроэкономикаылқ көрсеткіштер.
4.2. Экономикалық өсімнің әлеуметтік-экономикалық жоспарлауда алатын орны. Экономиканың құрылымын қалыптастыру.
4.3. Бағаны және инфляцияны болжау.
4.4. Қаржыны жоспарлау.

Лекция 5. Еңбек ресурстарын жоспарлау.
5.1 Еңбек ресурстарын және тұрғындардың жұмысбастылығын жоспарлау.
Мемлекеттің жұмысбастылық саясаты.

Лекция 6. Әлеуметтік-экономикалық саясат.
6.1. Әлеуметтік саясат.
Минималды тұтыну бюджеті және минималді жалақы.
Еңбек жалақысын болжау.
6.4.Тұтыну нарығын жоспарлау.

Лекция 7. Материалды-техникалық құралдарды, инвестицияны, инновациялық қызметті экономикалық жоспарлау.
7.1. Материалдарды – техникалық ресурстарды жоспарлау және қамтамасыз ету.
7.2. Инвестиция, олардың мазмұны және құрамы.
7.3. Инновациялық қызметті экономикалық жоспарлау.

Лекция 8. Сыртқы экономикалық қатынастарды және өндірістік салаларды жоспарлау және болжау.
Сыртқы экономикалық қатынастардың дамуын жоспарлау.
8.2Өнеркәсіптік өндірісті экономикалық жоспарлау.
8.3 АӨК, құрамы және ерекшеліктері. ҚР аграрлық саясаты.

Лекция 9. Өндірістік инфрақұрылымды жоспарлау.
Транспорттық қызметті жоспарлаудың мақсаты, қысқаша сипаттамасы.
Байланыс және информатиканы дамытуды жоспарлау.

Лекция 10. Тұрғындарға кызмет ету саласын әлеуметтік-экономикалық жоспарлау.

10.1.Тұрғындарға кызмет ету саласы қызметінің ерекшеліктері және сипаттамасы.
10.2. Білім беру саласын болжау.
10.3. Денсаулық сақтау және мәдениет саласын экономикалық жоспарлау.

Лекция 11. Өңірлердің дамуын, табиғатты қорғауды жоспарлау.

11.1. Өңірлік саясат және өңірлердің дамуын экономикалық жоспарлау.
11.2. Еркін экономикалық аймақ. Олардың қызмет ету қағидалары.
11.3. Табиғатты қорғау қызметін және экологиялық – экономикалық жүйені қалыптастыруды жоспарлау.

Лекция 12. Кәсіпкерлік қызмет.

12.1. Кәсіпкерлік қызметтің дамуын жоспарлау.
12.2. Кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық жағдайларға әсері.

Лекция 13. Бағдарламалық мақсаттық жоспарлау

13.1Мақсаттық кешенді бағдарламалар түсінігі және оны жасау тәртібі
13.2 Негізгі жасалатын мақсаттық бағдарламалар

Лекция 14. Қазақстандағы макроэкономикалық тұрақтандырудың ерекшеліктері мен даму кезеңдері

14.1 Макроэкономикалық тұрақтандырудың ерекшеліктері. Республика экономикасының циклдік даму сатысы.
14.2 Экономика тиімділігін және құрылымын, өсу қарқынын қалыптастыру.

Лекция 15. Ұлттық болжау жүйесі

15.1 Мемлекеттік немесе ұлттық болжау жүйесі туралы түсінік
15.2 Ұлттық болжауды жіктеу белгілері
15.3 Болжауды ұйымдастыруда қойылатын мақсаттар

Файлы: 1 файл

Әлеуметтік экономикалык жоспарлауЛекция.docx

— 240.79 Кб (Скачать)

«Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау» курсының бағдарламасы

 Лекция 1. Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың теориялық негізі және дамуы.

    1. Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың пәні, түсінігі.
    2. Жоспарлаудың формалары, олардың қолданылуы.
    3. Жоспарлаудың қалыптасуының тарихи аспектісі.

 

Лекция 2. Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың әдістемелік негізі.

 

2.1. Жоспарлаудың әдістемелік  қағидалары.

2.2. Жоспарлау жүйесі.

    1. Макроэкономикалық жоспарлау және болжау.

 

Лекция 3. Экономиканы  жоспарлаудың әдістері.

    1. Экономиканы жоспарлаудың жүйесі.
    2. Экономиканы жоспарлаудың түрлері және қызметі.
    3. Экономикалық және әлеуметтік дамуды жоспарлауын ұйымдастыру.

 

Лекция 4. Экономикалық өсудің және экономиканың құрылымын әлеуметтік-экономикалық жоспарлау.

4.1. Экономикалық өсім. Макроэкономикаылқ  көрсеткіштер.

4.2. Экономикалық өсімнің  әлеуметтік-экономикалық жоспарлауда  алатын орны. Экономиканың құрылымын  қалыптастыру.

4.3. Бағаны және инфляцияны  болжау.

4.4. Қаржыны жоспарлау. 

 

Лекция 5. Еңбек  ресурстарын жоспарлау.

5.1 Еңбек ресурстарын және  тұрғындардың жұмысбастылығын жоспарлау.

    1. Мемлекеттің жұмысбастылық саясаты.

 

Лекция 6. Әлеуметтік-экономикалық саясат.

6.1. Әлеуметтік саясат.

    1. Минималды тұтыну бюджеті және минималді жалақы.
    2. Еңбек жалақысын болжау.

6.4.Тұтыну нарығын жоспарлау. 

 

Лекция 7. Материалды-техникалық құралдарды, инвестицияны, инновациялық қызметті экономикалық жоспарлау.

7.1. Материалдарды – техникалық  ресурстарды жоспарлау және қамтамасыз  ету.

7.2. Инвестиция, олардың мазмұны  және құрамы.

7.3. Инновациялық қызметті  экономикалық жоспарлау. 

 

Лекция 8. Сыртқы экономикалық қатынастарды және өндірістік салаларды  жоспарлау және болжау.

    1. Сыртқы экономикалық қатынастардың дамуын жоспарлау.

8.2Өнеркәсіптік өндірісті  экономикалық жоспарлау.

8.3 АӨК, құрамы және  ерекшеліктері. ҚР аграрлық саясаты. 

 

Лекция 9. Өндірістік инфрақұрылымды жоспарлау. 

    1. Транспорттық қызметті жоспарлаудың мақсаты, қысқаша сипаттамасы.
    2. Байланыс және информатиканы дамытуды жоспарлау.

 

Лекция 10. Тұрғындарға  кызмет ету саласын әлеуметтік-экономикалық жоспарлау.

 

10.1.Тұрғындарға кызмет  ету саласы қызметінің ерекшеліктері  және сипаттамасы.

10.2. Білім беру саласын  болжау.

10.3. Денсаулық сақтау және  мәдениет саласын экономикалық  жоспарлау. 

 

Лекция 11. Өңірлердің дамуын, табиғатты қорғауды жоспарлау.

 

11.1. Өңірлік саясат және  өңірлердің дамуын экономикалық  жоспарлау.

11.2. Еркін экономикалық  аймақ. Олардың қызмет ету қағидалары.

11.3. Табиғатты қорғау қызметін  және экологиялық – экономикалық  жүйені қалыптастыруды жоспарлау. 

 

Лекция 12. Кәсіпкерлік  қызмет.

 

12.1. Кәсіпкерлік қызметтің  дамуын жоспарлау.

12.2. Кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық  жағдайларға әсері. 

 

Лекция 13. Бағдарламалық  мақсаттық жоспарлау

 

13.1Мақсаттық кешенді бағдарламалар  түсінігі және оны жасау тәртібі

13.2 Негізгі жасалатын  мақсаттық бағдарламалар

 

 Лекция 14. Қазақстандағы макроэкономикалық   тұрақтандырудың ерекшеліктері мен даму кезеңдері

 

14.1 Макроэкономикалық тұрақтандырудың  ерекшеліктері. Республика экономикасының  циклдік даму сатысы.

14.2 Экономика тиімділігін және құрылымын, өсу қарқынын қалыптастыру.

 

 Лекция 15. Ұлттық  болжау жүйесі

 

15.1 Мемлекеттік немесе  ұлттық болжау жүйесі туралы  түсінік

15.2  Ұлттық болжауды  жіктеу белгілері

15.3 Болжауды ұйымдастыруда  қойылатын мақсаттар

   

 

Тақырып 1. Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың теориялық негізі және дамуы.

    1. Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың пәні, түсінігі
    2. Жоспарлаудың формалары, олардың қолданылуы
    3. Жоспарлаудың қалыптасуының тарихи аспектісі

 

1-сұрақ. Жоспарлау – басқарудың жалпы функциясын, ал басқарудың объектісінің де, субъектісінің де қоса алғандағы болашақта жай-күйін белгілейді. Тәжірибеде ол жоспарды жасау жолымен  жүзеге асады. Оның ерекше белгісі - олардың уақыты бойынша көрсеткіштердің нақтылығы және сандық анықтығы болып табылады.

Жоспарлау – белгілі бір елдің, саланың немесе меншіктің барлық формасында болып келетін кәсіпорынның, аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму бағытын жетілдіруде шаруашылық субъектілерінің, мекеме басқармасының және үкіметтің мақсатты қызметі. Яғни, ол жүйеге ықпал ететін белсенді басқару процесі болып табылады, сол арқылы белгіленген мақсатқа жету үшін өндірістің даму қарқыны, материалдық қөздері мен оны жетілдіру әдістері анықталады.

Жоспар және нарық - экономикалық жүйедегі бір-бірін толықтырушы  элементтер. Мемлекеттік жоспарлауға  жататын обьектілер шеңбері өте  кең. Оның біріншісі - бұл қоғамдық өндірістің құрылымы болса, екіншісі - әлеуметтік сала. Мұнда - әртүрлі әлеуметтік топтағы  халық өміріне экономиканың болашақ  дамуының ықпалын болжау, ықпалдың кері жақтарын табу және қажетсінетіндерге  қорғау шараларын анықтау мәселелері шешіледі.

Демек, жоспар - бұл әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу үшін көрсеткіштер мен әртүрлі шаралардың кешендер жүйесінен құралатын құжат. Мұнда  мақсаттар, приоритеттер, ресурстар, оларды қамтамасыз ету көздері, тәртібі  және орындалу мерзімі көрсетіледі.

Жоспарды құруда міндетті түрде маңызды бірнеше талаптарды орындау қажет:

  1. Үйлесімділік, жоспардың бұл нұсқасында, егер ресурста қажеттіліктер аз болса, ал соңғы нәтижесі қаржылық және басқа белгілері бойынша жақсы болса; демек ереже бойынша оқиғаның жүзеге асу мерзімі минимальды болады.
  2. Анықтылық, яғни белгіленген көрсеткіштер және басқа да жағдайлар көлемі және орындалу мерзімі нақты, дәлелді және жүзеге асатындай болу керек.

     3. Жоспарда мақсаттар мен міндеттер нақты көрсетілу керек. Жоспар арнайы құжат түрінде толтырылады, сәйкес мекеме басқармасы қабылдағаннан кейін барып, жоспарды тәжірибе жүзінде жүзеге асыру үшін ұйымдастырушылық жұмыстар басталады. Жоспарды іске асыруда – шаралар, бағдарламалар, концепциялар үлкен рөл атқарады.

  • Шара - алдыңа қойған міндетті шешуде жүзеге асыратын нақты іс-әрекеттер.
  • Бағдарлама - нақты мәселелерді шешуге бағытталған ресурсқа, орындаушыға және мерзімге байланысты жүзеге асатын әлеуметтік-экономикалық және басқа да тапсырмалар мен шаралар кешенінің құжаты.
  • Концепция - басшылыққа алатын ой, жалпы ниет, яғни болжауда, жоспарда немесе бағдарламада қойылған мақсатқа жетудегі негізгі жол.

Жоспарлау функциясы ретінде:

  • Ұйымның болашақтағы дамуын анықтайды;
  • Алға қойылған мақсатқа жетудің жолдары мен әдістерін белгілейді;
  • Міндетті орындауда болуы ықтимал зардаптарды көре білуді қамтиды.

Жоспарлаудың маңызы болып  қоршаған сыртқы орта факторларының  әсері мен ұйымның ішкі мүмкіндіктерін бағалай отырып, мақсаттарды белгілеу және сол мақсаттарды жүзеге асыруда  тиімді әдіс жолдарын таңдап алу табылады. Басқаша айтқанда, жоспарлау мынадай  сұрақтарға жауап береді:

    • Біздің қазіргі, бүгінгі күнгі жағдайымыз қандай?
    • Болашақта біз қандай болуымыз керек?
    • Осы жолы нендей кедергілер орын алған?

2-сұрақ Ғылымда жоспарлаудың бірнеше формалары анықталады. Ең негізгісіне жататындар: директивті, стратегиялық, индикативті. Директивті және индикативті жоспарлау мемлекеттік жоспарлауға жатады.

Директивті жоспарлау - белгіленген мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін әкімшіл-әміршіл тетіктерді ең бірінші іске асырушы, қатаң орындауға тиісті міндеттемелер.  Олардың шарттарына сәйкес әкімшілік құжаттар - заңдар, жарлықтар,бұйрықтар, т.б. шыққаннан соң тәжірибе жүзінде жүзеге асырылуы.

Жоспарлаудың мазмұны  мен дәрежесі уақыт өткен сайын  нақты жағдайларға байланысты өзгеруі  мүмкін, мысалы: бұрынғы КСРО-дағы 30-шы жылдар – бұл кезең елді индустриялау, яғни ауыр өнеркәсіпті дамыту; кейінірек  халықаралық жағдайларға байланысты - қорғаныс саласында, соғыстан кейінгі  жылдары бұзылған халық шаруашылығын орнына келтіру, космостық кеңістікті, тың жерлерді игеру және т.б.

Стратегиялық  жоспарлау - экономикалық көрсеткіштердің ең негізгісі, яғни елдің (салалар, бірлестіктер, кәсіпорындар және т.б.) әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды бағыттарының мақсаттары мен міндеттерін   анықтау процесі. Стратегиялық жоспарлауда - экономикалық өзгерістер, экономиканың тұрақтануы, халықтың әл-ауқаты, елдің қорғаныс жағдайы және т.б. мәселелері шешіледі.

Стратегиялық жоспарлау-көп жылдан бері әскери басшылар стратегия терминін қолданып келеді. «Стратегия» гректің – «генерал өнері» деген сөзінен шыққан. «Стратегия» термині осы уақытқа дейін жарыс, бәсеке мағынасында қолданылып келгенмен, қазіргі кезде бұл атау кәсіпорын қызметінің жалпы концепциясын білдіреді. 
Стратегия дегеніміз ұйымның міндетті ісін орындауды және мақсатына жетуді қамтамасыз ететін жан-жақты жоспар жиынтығы болып саналады. 
Стратегиялық жоспарлау дегеніміз басшы қабылдаған әрекеттер мен шешімдер жиынтығы, сол арқылы ұйымның өз мақсатына жетуі үшін басшы арнайы стратегияны іздестіреді. 
Стратегиялық жоспарлау басқару шешімін қабылдауға қажетті құрал болып саналады. Оның басты міндеті – ұйымдағы жаңадан енгізілгендерді жеткілікті дәрежеде қамтамасыз ету. Стратегиялық жоспарлау басқару қызметінің төрт түрін қамтиды: ресурстарды бөлу, сыртқы ортаға бейімделу, ішкі үйлестіру және ұйымдық стратегиялық болжамдау.        
Стратегиялық жоспарлаудың өзіндік белгілері.  
1. Стратегияны көпшілік жағдайда жоғарғы басшылар тұжырымдайды, және жасайды, алайда оны жүзеге асыруға басқарудың барлық деңгейіндегілердің қатысуы көзделеді. 
2. Стратегиялық жоспар жеке бір ұйымға ғана емес, бүкіл корпорацияның болашағы үшін жасалады. 
3. Стратегиялық жоспар көлемді зерттеулермен және нақты деректкрмен негізделуі тиіс. Қазіргі әлемдегі бизнесмен тиімді бәсекелесу үшін, фирма сапа, рынок, бәсеке және басқадай факторлар туралы толып жатқан ақпаратты ұдайы жинауы, әрі талдауы тиіс. 
4.  Стратегиялық жоспар фирманың айқындылығын, дербестілігін білдіреді, мұның өзі олардың белгілі бір жұмыскерлерді тартуына ықпал етеді. 
5. Стртегиялық жоспарды жасағада, ұзақ уақыт бойы тұтастығын сақтаумен қоса, қажет болған жағдайда жетілдіруді және қайта бағыттауды жүзеге асыратындай икемді болуы тиіс.

 Индикативті жоспарлау - экономикалық  жағдайды нақты есепке ала отырып, стратегиялық жоспарлауда қойылған мақсаттарды жүзеге асырудағы негізгі жұмыс құралы болып табылады. Индикативті жоспар- стратегиялық жоспарды толықтырып отырады және экономиканы дамытуда қысқа және орта мерзімде тәжірибе құралы ретінде қолданылады.

Индикативті жоспар:

концептуалды (әлеуметтік-экономикалық дамудың концепциясы);

болжамдық (әлеуметтік-экономикалық дамуды болжау);

жоспарлы-реттеу (экономикалық реттеулер мен мемлекеттік кешенді бағдарламалар жүйесі) бөлімдерінен тұрады.

Нарықтық қатынастар жағдайына  өтуге байланысты мемлекеттік, сондай-ақ мемлекеттік емес секторда әлеуметтік-экономикалық процестерді мақсатты басқарудың әдісі  ретінде дамыды. Әлеуметтік-экономикалық дамудың индикаторы ретінде экономиканың құрылымын және тиімділігін, динамикасын, қаржы-несие жүйесі  жағдайын, құнды  қағаздар және тауарлар нарығы жағдайын, валюта нарығын, баға қозғалысын, халықтың өмір сүру деңгейін, жұмысбастылығын  сипаттайтын көрсеткіштер қолданылды.

Соған байланысты қазіргі  кездегі жоспарлау жүйесі  келесі схема бойынша ж‰зеге асады: 1. Объектініњ жаѓдайы; 2. Жоспар мен болжамныњ  кµрсеткіштері; 3. Жоспарлау мен болжаудыњ  факторлары; 4.  Мемлекеттік саясаттыњ  баѓыты мен ролі.

      3-сұрақ. Кезінде өзінің шаруашылығының дамуын феодалдарда болжаған. Дегенмен фирманың ішінде жоспар негізінде өндірісті жоспарлау мен басқаруды жүзеге асырған капиталистер болған. Жоспар - шаруашылықта экономикалық шаралар жүйесі реттелуде еңбекті бөлу мен кооперация пайдап болған кезде бірге пайда болды және нақты уақыт кезеңінде шаруашылық бағдарламасы реттеуде жүзеге асты. КСРО 20-шы жылдары макродеңгейде жоспарлау жүзеге асырылып, 1921 жылы мемлекеттік жоспар пайда болады. ТМД елдері тәуелсіздік алғаннан кейін барып, нарықтық қатынастар жағдайына байланысты эканомикалық және әлеуметік дамуда жоспарлау жүзеге аса байланысты.

    

Тақырып 2. Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың әдістемелік негізі.

 

2.1.     Жоспарлаудың  әдістемелік қағидалары

    1. Жоспарлау жүйесі және макроэкономикалық жоспарлау

 

1-сұрақ. Әдістеме - ақиқатты тану және іс-қимыл жасау мақсатында зерттеу әдістерінің бірлігі. Жоспарлаудың методологиялық негізіне қоғамдық өнімнің ұдайы өндірісінің жалпы, сондай-ақ арнайы эканомикалық заңдары жатады.

    Жоспарлаудың  негізгі қағидаларына жататындар:

Информация о работе Лекции по "Бюджету"