Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2012 в 20:42, реферат
Мемлекеттiк шығындар мәні сонда, яғни ол мемлекеттiк саясатты iске асыру мақсатында (мемлекеттiк органдардың өздерiнiң тұтынуына арналмаған) өндiрiлетiн тауарларға (жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге) мемлекеттiк органдардың ақы төлеуi ретінде айқындалады.
Бюджеттің құрылымы жан-жақты қарастырылған. Бюджеттiң шығыстары, жалпы алғанда, бюджет кредитте
Табыстың орташа айлық мөлшері, әлеуметтік тәуекел жағдайы басталған ай үшін қорға әлеуметтік аударымдар түскен болса, осы айды қоса алғанда, соңғы он екі айда әлеуметтік аударымдар жүргізілген кірістер соммасын 12-ге бөлу жолымен айқындалады.
2010 жылғы 1 қаңтардан бастап төрт және одан көп бала туған аналарға берілетін бір жолғы жәрдемақы мөлшерін 70 650 теңгеге дейін және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі үшін төленетін ай сайынғы жәрдемақы мөлшері
Соған сәйкес көп бала туған және тәрбиелеген аналарды «Алтын алқа» белгісімен марапаттау үшін балалар саны 10 нан 7 ге дейін, «Күміс алқа» белгісімен марапаттау үшін 8-ден 6-ға дейін төмендетілді. Оларға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері 3,9 АЕК-тен 6,0 АЕК- ке дейін жеткізілді. Бұрын бұл белгілермен марапатталған немесе «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері де 8 478 теңгеге өсті. Мүгедек баланы тәрбиелеуші ата ананың біреуіне немесе асырап алушыға, қамқоршыға ең төмен жалақы мөлшерінде (14 952) ай сайынғы жаңа мемлекеттік жәрдемақы түрі енгізілді. Бұл жәрдемақыны 2010 жылдан бастап 28 мыңға жуық азамат алатын болады. Отбасында 2 және оданда көп мүгедек бала болған жағдайда жәрдемақы әрбір азаматқа бөлек тағайындалады. 2010 жылдың 1 қаңтарынан «Балалы отбастарына мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасы заңымен төртінші және одан артық бола туғанда берілетін біржолғы жәрдемақының мөлшерін 50 АЕК-ке көбейту қарастырылған.
Жұмысынан айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлем жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға адам жұмыссыз ретінде тіркеуге өтініш берген күннен бастап тағайындалады және оның мөлшері әлеуметтік аударымдар объекті ретінде ескерілген соңғы жиырма төрт ай ішіндегі табыстың орташа айлық мөлшерін тиісінше табысты алмастыру коэффициенттеріне және қатысу өтілінің коэффициенттеріне көбейту арқылы тағайындалады. Бұл ретте кірісті алмастыру коэффициенті - 0,3 болады, ал қатысу өтілінің коэффициенті «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» заңға сәйкес есептеледі.
Әлемнің
көптеген елдерінде жұмысынан
Жұмысынан
айырылғандар қысқартылғандар және
жұмыссыздар мәртебесіне
Жұмыс іздеуші, жұмыспен қамтудың мемлекеттік службасында тіркелген және өзінің біліміне, кәсібіне, еңбек машығына сай келетін жұмыс алуға нақты мүмкіндігі жоқ еңбекке жарамды азаматтар жұмыссыздар деп саналады.
Жұмыссыздарға жұмыссыздық бойынша берілетін жәрдемақылар төленеді. Жәрдемақы жұмыссыз ретінде тіркелген мезеттен жұмысқа орналастыру туралы мәселе шешілгенге шейін, бірақ заңнамамен белгіленген мезгілден аспайтын уақытқа төленеді.
Әр түрлі
елдерде жұмысынан айырылғанда
әлеуметтік қолдауды қаржыландыру үшін
қаражаттарды қалыптастырудың өзіндік
механизмдері қолданылады. бірақ негізінен
жұмыссыздық бойынша
Үкімет және жергілікті атқарушы органдар жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өкілдерінің қатысуымен әлеуметтік-экономикапық дамудың индикативтік жоспарлары негізінде халықты жұмыспен қамтудың бағдарламаларын әзірлеп, бекітеді. Мемлекет халықты жұмыспен қамту сферасында азаматтарға әлеуметтік қорғандыруды кепілдендіреді.
Қазақстан Республикасы заңнамасымен жұмыспен қамту бағдарламалары жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатыны аннықталған. Жұмыссыздықтан мемлекеттік әлеуметтік қорғау мына шараларды кіріктіреді:
1) жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;
2) кәсіптік даярлау, біліктілікті жоғарылату және жұмыссыздарды қайта даярлау олар үшін қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру;
3) қоғамдық
жұмыстармен қамтылған
4) табысы
аз азаматтардан шыққан
Қоғамдық жұмыстарды орталық және атқарушы органдар ұйымдастырады, республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаттарынан және олардың өтінімдері бойынша жұмыс берушілердің қаражаттарынан қаржыландырылады.
Қазақстан
Республикасындағы «Арнаулы мемлекеттік
жәрдемақы туралы» заңыңда және
оған сәйкес қабылданған өзге заңнамалық
актілерінде көзделген
Бір мезгілде әр түрлі арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар адамдарға олардың таңдауы бойынша бір жәрдемақы тағайындалатынын атап айту қажет.
Өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің Үкімет бекітетін №1 тізімі бойынша жер асты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыс өтілі бар азаматтарға мемлекеттік арнаулы жәрдемақы қарастырылған. Мұндай жәрдемақы еркектер - 53 жасқа толғанда және жұмыс өтілі кемінде 20 жыл болып, оның кемінде 10 жылын аталған жұмыстарда істегенде; әйелдер - 48 жасқа толғанда және жұмыс өтілі 15 жыл болып, оның кемінде 7 жыл 6 айын аталған жұмыстарда істегенде оларға тоғыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады. Ал осындай №2 тізім бойынша еркектер - 58 жасқа толғанда және жұмыс өтілі кемінде 25 жыл болып, оның кемінде 12 жылын аталған жұмыстарда істегенде; әйелдер - 53 жасқа толғанда және жұмыс өтілі 20 жыл болып, оның кемінде 10 жыл аталған жұмыстарда істегенде оларга сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады.
Еңбек жағдайлары
ауыр (ерекше ауыр) жұмыстарда және зиянды
(ерекше зиянды) және қауіпті жұмыстарда
істейтін қызметкерлерге Қазақстан
Республикасының Еңбек
2000 жылғы
1 қаңтардан бастап «Жер асты
және ашық кен жұмыстарында, еңбек
жағдайы ерекше зиянды және
ерекше ауыр жұмыстарда
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы Жолдауына сәйкес 1998 жылғы 1 қаңтарға ауыр және зиянды өндірістерде белгілі бір өтіл жинаған азаматтар үшін 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап №2 тізім бойынша мемлекеттік арнаулы жәрдемақы енгізілді.
Көрсетілген
жәрдемақылар, зиянды еңбек жағдайларында
жұмыс істеген аға буын азаматтарға
жалпыға ортақ белгіленген
Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар ең төменгі күнкөріс деңгейінен еселенген мөлшерде белгіленеді (2006 жылдың басына дейін - айлық есептік көрсеткіштен ). Адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемақылар, сондай-ақ азаматтың қайтыс болуы нәтижесінде залал шеккен адамдардың зияндарын өтеуді сақтық компаниялары өздеріне алған. Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылған жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды мемлекет төлейді. Барлық төлемақылар кездейсоқ жағдайға дейін адамның алып жүрген жалақысына тікелей байланысты болып келеді.
Тұтас алғанда 2009 жылы мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері орта есеппен 14 пайызға арттырылды.2009 жылдың 1 желтоқсанына қарасты деректер бойынша, республикада 638,9 мың мүгедек міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінен қосымша әлеуметтік төлемдер алады. Елімізде 43,4 мыңнан астам азамат 1 және 2-ші тізімдер бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақылар алады. Бұл жәрдемақы мөлшері 2009 жылы 11 пайызға артты. 2015 жылға қарай мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшерін 2010 жылмен салыстырғанда 1,2 есе арттыру көзделген.
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» заңға сәйкес жан басына шаққанда өңірлерде белгіленген кедейлік деңгейінен төмен орташа табыс алатын халықтың бәрі атаулы көмекпен қамтылады. Негізінен олар кәмелетке толмаған балалары, жұмыссыздары, мүгедектері бар отбасылар. Кедейлік шегі мен ең төменгі күнкөріс деңгейі өңірлер бойынша сараланатындықтан, заң әрбір отбасының табысын нақтылауға мүмкіндік береді. Азаматтардың қайда тұратынына қарамастан, өздерін отбасында жан басына шаққанда кедейлік шегі деңгейінде орташа табыспен қамтамасыз ететіндей әлеуметтік көмек алады. Мысалы, жергілікті бюджеттерде табысы аз отбасыларының 18 жасқа дейінгі балаларына мемлекеттік жәрдемақылар төлеу қарастырылған. Заңға сәйкес, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өкілетті органдарда тіркелмеген енбек жасындағы жұмыссыздардың әлеуметтік көмек алуға құқылары жок. Мүгедектер, айдан астам уақыт стационарлық емдеуде жатқан адамдар, 1 және 2 топтағы мүгедектерге, жасы 80-нен асқан кісілерге, 7 жасқа дейінгі балаларға күтім жасаумен айналысатын азаматтар, оқушылар мен студенттер бұл санатқа жатпайды. Сонымен бірге, жұмыспен қамту органдарына өтініш берген жағдайда, еңбекке жарамды адамдарға лайықты жұмыс немесе қоғамдық жұмыстарға қатысу ұсынылады. Бұл жұмыстардан бас тартқан жағдайда олар алты ай мерзімге дейін атаулы әлеуметтік көмек алу құқығынан айырылады. Заңда атаулы көмек тағайындату үшін өтініш білдірудегі рәсімдер жеңілдетілген.
Қазақстанда мынадай жәрдемақылар төленеді:
1) жұмыссыздықтан мемлекеттік әлеуметтік қорғау;
2) жүктілігіне және босануына байланысты;
3) жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты;
4) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты;
5) жерлеуге берілетін жәрдемақылар;
6) саноторийларға жолдама сатып алу шығыстары.
Бұл бағыт бойынша қаржыландыру: 1,6 тармақтар шаруашылық жүргізуші субъектілердің жұмыс берушілердің қаражаттары есебінен, 2,3,4,5 тармақтар жергілікті бюджеттердің есебінен жүзеге асырылады.
Әлеуметтік
көмек бойынша төлемақылар
а) отбасының жиынтық табысын ескере отырып тағайындалатын, балалы отбастарына жәрдемақы (18 жасқа дейінгі балаларға);
ә) балалары
бар мерзімділік қызметтің
б) мүгедек - балалары бар отбасыларына жәрдемақы;
в) ВИЧ - инфекцияланған
балалар мен ересектерге
г) әкелері алимент төлеуден жалтарынған балаларға уақытша жәрдемақы;
д) 4 және одан көп 7 жасқа дейін жастағы балалары бар жұмыссыз аналарға жәрдемақы және т.б.
Әлеуметтік қорғау жүйесімен сондай-ақ мыналар қарастырылған:
Табысы екі айлық есептік көрсеткіштен артық емес жұмыссыздарға материалдық көмек белгіленген.
Қазақстан
Республикасының «Қазақстан Республикасында
мүгедектігі бойынша, асыраушысынан
айырылу жағдайы бойынша және
жасына байланысты берілетін мемлекеттік
әлеуметтік жәрдемақылар туралы» заңына
сәйкес мүгедектігі бойынша
2010 жылдың
1 қаңтарынан бастап ең төмен
күнкөріс деңгейі көлемінің
Жергілікті бюджеттерден әлеуметтік көмек көрсету түрінде төлемақылар мыналарға төленеді:
1) экологиялық апаттардан, нәубеттерден, ядролық сынақтардан зардап шекендерге;
2) жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына, көп балалы аналарға, жан басына шаққанда табыс деңгейі төмен аз қамтылған отбасыларына, халықтың біркатар басқа санаттарына.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер, басқа жұмыс берушілер меншікті әлеуметтік қорларынан өздерінің жұмыс істеп жүрген жұмыскерлеріне, бұрынғы жұмысскерлеріне, олардың отбасы мүшелеріне қосымша материалдық және ақшалай көмек көрсете алады.