Бюджет

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2012 в 20:42, реферат

Краткое описание

Мемлекеттiк шығындар мәні сонда, яғни ол мемлекеттiк саясатты iске асыру мақсатында (мемлекеттiк органдардың өздерiнiң тұтынуына арналмаған) өндiрiлетiн тауарларға (жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге) мемлекеттiк органдардың ақы төлеуi ретінде айқындалады.
Бюджеттің құрылымы жан-жақты қарастырылған. Бюджеттiң шығыстары, жалпы алғанда, бюджет кредитте

Файлы: 1 файл

бюджет сож.docx

— 43.22 Кб (Скачать)

Мемлекеттiк шығындар мәні сонда, яғни ол мемлекеттiк саясатты iске асыру мақсатында (мемлекеттiк  органдардың өздерiнiң тұтынуына  арналмаған) өндiрiлетiн тауарларға (жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге) мемлекеттiк органдардың ақы төлеуi ретінде айқындалады.

Бюджеттің құрылымы жан-жақты қарастырылған. Бюджеттiң шығыстары, жалпы алғанда, бюджет кредиттерi, қаржы активтерiн сатып алу, қарыздар бойынша негiзгi борышты өтеу бюджеттiң шығыстары болып табылады.

Жалпы алғанда бюджет шығындары  негізінен қайтарылмайтын негiзде  бөлiнетiн бюджет қаражаты бюджет шығындары  болып табылады.

Қазіргі кезде халықты әлеуметтік қорғаудың  төрт деңгейлі жүйесі қалыптасқан:

    • бірінші деңгей - мемлекеттік бюджеттен төленетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақылар: базалық зейнетақы төлемдері, мемлекеттік жәрдемақылар, баланың туылуына арналған біржолғы төлемдер;
    • екінші деңгей әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорынан ортақ зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді төлеу, яғни барлық жұмыскерлер аударым жасайтын, ал зейнеткерлікке жасы толғандар немесе тиісті сақтық жағдайы орын алғандар ғана алатын орнықтылық қағидаттарымен жүзеге асырылатын төлемдер;
    • үшінші деңгей - міндетті зейнетақы жарналарының есебінен төленетін зейнетақы төлемдері, яғни адамның жеке салымдарына тәуелді жүзеге асырылатын төлемдер;
    • төртінші деңгей - ерікті сақтандыру есебінен төленетін әлеуметтік төлемдер.

Үкіметтік бағдарламалармен халықтың жекелеген  санаттарына әлеуметтік көмек көрсетудің қосымша нысандары қарастырылған. Мәселен, кедейлікті жою және әлеуметтік-демографиялық  жағдаятты жақсарту үшін қажетті  жағдайлар жасау мақсатымен 2005 жылдан бала бір жасқа толғанға дейін  оның күтімі бойынша жәрдемақылар енгізуді, ал перспективада отбасынының табыстарына  қарай балалардың жәрдемақылар төлеуді  қоса, балаларды қорғаудың біртұтас жүйесі жасалуда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әлеуметтік  шараларға жұмсалатын шығындар

Республикалық бюджеттiң  шығыстары мынадай бағыттар бойынша  жүзеге асырылады:

2004.20.12 N 13-III ҚР 1) тармақша өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. қара) - әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру:

- Қазақстан Республикасының  зейнетақымен қамсыздандыру туралы  сәйкес зейнетақымен қамсыздандырылуға  бар азаматтарға бюджет қаражаты  есебiнен зейнетақы төлемдерi;

- мемлекеттiк әлеуметтiк  жәрдемақылар;

- мемлекеттiк арнаулы  жәрдемақылар;

- арнаулы мемлекеттік  жәрдемақылар;

- зейнеткерлердi, Ұлы Отан  соғысының қатысушылары мен мүгедектерiн,  Қазақстан Республикасының белгiленген  мемлекеттiк жәрдемақы алушыларды  жерлеуге жәрдемақы; 

- бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақына байланысты:

- баланы бір жасқа толғанға дейін бағып-күту бойынша тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;

- әскери қызметшiлердiң,  құқық қорғау, мемлекеттiк өртке  қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң  отбасыларына әлеуметтiк төлемдер;

- саяси қуғын-сүргiн құрбандарына  және одан зардап шеккендерге  Қазақстан Республикасындакөзделген  әлеуметтiк төлемдер;

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң  мiндеттемелерi болып табылатын әлеуметтiк  төлемдер; көшi-қон iс-шаралары;

 әлеуметтiк көмек және  әлеуметтiк қамсыздандыру: 

жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтiк  қамсыздандыру;

ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен қаржыландырылатын әлеуметтік көмек түрлерін қоспағанда, мүгедек балаларды қоса алғанда, қарттар мен мүгедектердi әлеуметтiк қамсыздандыру;

Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру:

  • тұрғын үй көмегi;
  • үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету;
  • Он сегіз жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;

-   дербес оңалту бағдарламасына сәйкес мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін - жеке көмекші, құлағы естімейтін мүгедектер үшін мамандар беру;

- мұқтаж азаматтарға үйде  әлеуметтiк көмек көрсету; 

- белгiлi бiр тұрғылықты  орны жоқ адамдарды әлеуметтiк  бейiмдеу;

- халықтың жұмыспен қамтылуын  қамтамасыз ету; 

- мемлекеттiк атаулы әлеуметтік  көмек; 

- жергіліктi өкiлдi органдардың  шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың  жекелеген санаттарына әлеуметтiк  көмек көрсету барысында жүзеге  асып отырады.

 

Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры

     Әлеуметтік сақтандыру көбінесе зейнетақымен қамтамасыз ету арқылы іске асырылады.

Зейнетақы - бұл қартайғанда, толық немесе ішінара еңбек ету қабілеттігінен, асыраушысынан айырылған және заңда көзделген басқа жағдайларда азаматтарды қамтамасыз ету үшін берілетін ай сайынғы ақшалай төлемақы, қызмет атқарған уақыттағы табыстың бір бөлігі. Зейнетақы төлемдерінің мөлшерлері тек қана жұмыс өтіліне және зейнетақыны есептеу үшін берілген орташа айлық табыс деңгейіне байланысты болады.

Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы  қоры — белгіленген тәртіппен салымшылардың міндетті зейнетақы жарналарын жинайтын және алушыларға зейнетақы төлемдерін төлейтін, сондай-ақ зейнетақы активтерін қалыптастыру жөніндегі қызметті жүзеге асырып, оларды бағалы қағаздарға, банкілердің депозиттеріне, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына инвестициялайтын заңы тұлға; құрылтайшысы үкімет болып табылатын жабық акционерлік қоғам нысанында құрылады.

Қазақстан Республикасы –ТМД елдерінің ішінде бірінші болып халықты зейнетақымен қамсыздандыру реформасын жүзеге асырды. Зейнетақы реформасындағы басты оқиға халықтың ынтымақтастығына негізделген әлеуметтік қамсыздандырудың таратып тұратын жүйесінен жинақтаушы зейнетақы қорларындағы жеке зейнетақы жинақ ақшаларды көздейтін жинақтаушы зейнетақы жүйесіне ақырындап өту болды.

Қалыптасау  кезеңінде жаңа зейнетақы жүйесінің  дамуын ынталандыратын ерекше стратегиялық рөлі ҚР Үкіметі қаулысымен 1997 жылғы  қыркүйекте арнайы құрылған – Мемлекеттік  жинақтаушы зейнетақы қорына берілді. Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы  қоры еліміздегі зейнетақы реформасының өзіндік бастауыш алаңқайы болды: ол еліміздің алғашқы жинақтаушы қоры, алғашқы зейнетақы жарнасын қабылдады  және зейнетақы қорлары арасында алғашқы болып зейнетақы активтерін дербес басқаруға құқық алды. Алғашқы  он жылдық ішінде – 1998 жылдан бастап 2008 жылға дейін Қор ерекше «жанама  қор» мәртебесін иеленді, ол салымшылардың  ішіне барлық азаматтарды қосып  алуға мүмкіндік берді және қандай да бір себептер бойынша зейнетақы  қорын таңдау жөнінде дербес шешім  қабылдай алмады. Сонымен қатар жинақтаушы зейнетақы жүйесіне халықты барынша  қатыстыру және жинақтаушы зейнетақы  жүйесінің салымшылар қорын қалыптастыру жөніндегі тапсырмаларды жүзеге асырды. Бірақ басқа да мемлекеттік  емес жинақтаушы зейнетақы қорлары  зейнетақы нарығының дұрыс және бәсекелес қатысушылары бола отырып, 2003 жылға дейін ГНПФ бұл мәртебені  бермеді. Сосын екі жыл өткесін 2005 жылы Қор өзінің «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ деген ресми  атауын «ГНПФ» Жинақтаушы зейнетақы  қоры» АҚ өзгертті, бас әріптері үшін бұрынғы мазмұнын сақтамайды. ГНПФ халық тарапынан жаңа зейнетақы  жүйесіне деген сенімді қалыптастыру, зейнетақы нарығының негізін  және бәсекелес ортаны құру жөнінде  өзіне жүктелген тарихи миссияны орындады.

Бүгінде ГНПФ – көптеген негізгі көрсеткіштері  бойынша жетекшілік позициясы бар  еліміздегі бірден-бір ірі зейнетақы  қоры.

Қазақстанның  заманауи зейнетақы жүйесі ҚР Үкіметі  еліміздегі зейнетақымен қамсыздандыру  жүйесі тұжырымдамасын мақұлдап және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру  туралы» Заңы қабылданған 1997 жылдан бастап өз жұмысын бастады. Жаңа ереже  ынтымақтастықты жүйеден ақырындап  бас тарта отырып жинақтаушы зейнетақы  жүйесінің негізін құруға жасалды.

Өткен жүз  жылдық соңында зейнетақымен қамсыздандыру  мәселелері ерекше шиеленіс жағдайларында  болды. Оған себеп бір жағынан  нарықтық экономика механизміне  өту болса, екінші жағынан - өткен  жүз жылдықтың 90 жылдарындағы Қазақстанға  тән әлеуметтік-демографиялық фактор болды.

Зейнетақы реформасының нәтижесінде болшақ зейнетақылар сақталып арта түсетін болды, ал экономика  тағы бір институционалдық инвестор – зейнетақы қорларын алмақ.

«Қазақстан  Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру  туралы» 1997 жылы маусымның 20-сындағы  заңның қабылдануымен байланысты зейнетақы  реформасы басталды. Оның мәні - 1997 жылғадейін өмір сүрген зейнетақымен қамтамасыз етудің зейнетақы қорларын қалыптастыру кезіндегі ұрпақтардың ынтымақтастық қағидатынан дара қорланымдардың қағидатына көшуде болды. Бұл үшін жинақтаушы зейнетақы қорларының жүйесі (соның ішінде Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры) және Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық қарастырылған. Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры жалақының барлық түрлерін, әр алуан сыйлықақыларды, үстеме ақыларды, үстемелерді қоса, жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланатын заңи тұлғалардың, сондай-ақ дара кәсіпкерлердің, адвокаттар мен жекеше нотариустардың ай сайынғы ақшалай немесе натуралдық нысандағы табысынан (жұмыс берушінің материалдық, әлеуметтік игіліктер немесе басқадай материалдық пайда түріндегі табыстарын қоса) он пайыз мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналары нысанында аудару жолымен қалыптасады. Бұл кездің есебінен жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының зейнетақы қорланымдары қалыптасады. Зейнетақы қорланымдарын қалыптастырудың басты мақсаты азаматтарды қартайғанда әлеуметтік қамтамасыз ету. Осыған байланысты жұмыскердің ай сайынғы табысынан ұсталатын және азаматтардың дара шоттарында жиналатын міндетті зейнетақы жарналары - бұл қатаң нысаналы ақша, график бойынша дүркін-дүркін төленетін төлемдер негізінде оның арналымы қарттықты қамтамасыз етуде болып табылады.

Зейнетақымен  қамсыздандыру Қазақстан Республикасында  зейнетақымен қамсыздандыру туралы Қазақстан Республикасы заңына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазіргі кезде жинақтаушы зейнетақы жарналарының жүйесі - зейнетақы төлемдерін төлейтін Орталық 1998 жылғы 1 қаңтардағы жай-күйі бойынша кемінде алты ай еңбек  өтілі бар жеке тұлғаларға еңбек  өтіліне бара-бар түрде жүзеге асырылатын ақшаны, жинақтаушы зейнетақы  қорлары алушыларға зейнетақы қорланымдарын  төлейді.

Міндетті  зейнетақы жарналарын есептеуге  алынатын ай сайынғы табыс ең төменгі  айлық жалақының жетпіс бес еселік мөлшерінен аспауы тиіс. Жинақтаушы зейнетақы қорларына аударылатын міндетті зейнетақы жарналары Салықтық кодексте белгіленген бірқатар төлемдерден ұсталынбайды. Кейін зейнетақы төлемдері мемлекеттік және мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларындағы әркімнің дара зейнетақы шотынан төленеді. Сондықтан зейнетақының мөлшеріне бюджеттің жай-күйі, қанша адамның жұмыспен қамтылып, қаншасы жұмыссыз жүргені әсер етпейді.

Салымшылар  немесе жұмыс берушілер міндетті зейнетақы жарналарына қосымша  ретінде ерікті зейнетақы жарналарын төлей алады, олардың мөлшері  шектелінбейді, жарналар бірақ рет  немесе дүркін-дүркін, ұдайы немесе тұрақсыз, қолма-қол ақшамен немесе аудару жолымен (қолма- қолсыз ақшамен) төленеді.

Қазақстанда аралас зейнетақы жүйесі жұмыс істейді, өйткені 1998 жылға дейін зейнеткерлікке шықкан зейнеткерлер немесе бұл уақытқа  дейін зейнеткерлік өтілі барлар үшін ынтымақтастық зейнетақы жүііесінің жұмыс істеуі жалғасуда. Олардың зейнетақымен қамтамасыз етілуін қаржыландыру үшін қаражаттар республикалық бюджеттен Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорына және одан ары зейнетақылар төлем жөніндегі орталыққа аударылады. Негізінде мұндай қаражаттардың көзі әлеуметтік салық болып табылуы тиіс, бірақ зейнеткерлік бағдарламаларды жабуға және оларды толық қаржыландыруға оның түсімдерінің жеткіліксіздігі жакдайларында мемлекеттік бюджет кірістерінің басқа түрлері тартылады.

Зейнетақы төлемдері салымшының таңдауы бойынша  Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы  қорына немесе Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларына бағытталады, салымшыға зейнетақы келісімшартының  негізінде дара зейнетақы шоты және жекеше нөмір дара сәйкестендіру  нөмірі (ДСН) ашылады.

Салымшылардың қордаланған жарналарын зейнетақы  қорлары уәкілетті орган - банк (кастодиан) арқылы зейнетақы активтерін басқаруды  жүзеге асыратын ұйымдарға, бағалы қағаздарға, банктердің депозиттеріне және басқа  қаржылық құралдарына орналастырады. Орналастыру кезінде алынған  табыс инвестициялық табыс деп  аталады, ол салымшылардың дара шоттары  бойынша қордаланған қаражаттардың  сомасына сәйкес бөлінеді; инвестициялық  табыс қорланудың ұлғаюын және оның инфляциядан қорғалуын қамтамасыз етеді.

Информация о работе Бюджет