Бюджет

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2012 в 20:42, реферат

Краткое описание

Мемлекеттiк шығындар мәні сонда, яғни ол мемлекеттiк саясатты iске асыру мақсатында (мемлекеттiк органдардың өздерiнiң тұтынуына арналмаған) өндiрiлетiн тауарларға (жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге) мемлекеттiк органдардың ақы төлеуi ретінде айқындалады.
Бюджеттің құрылымы жан-жақты қарастырылған. Бюджеттiң шығыстары, жалпы алғанда, бюджет кредитте

Файлы: 1 файл

бюджет сож.docx

— 43.22 Кб (Скачать)

Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар (бала туғанда, жерлеуге, балалары бар отбасыларына, табысы аз отбасыларына азаматтарға) тұрғын үй көмегі, жұмыссыздарға материалдық  көмек жергілікті бюджеттердің қаражаттарынан төленеді.

Қазақстан Республикасында кедейлікті төмендету  жөніндегі бағдарламада азаматтардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу жолымен, жалпы орта білімге және денсаулық  қызметіне қолжеткілікті жақсарту, атаулы әлеуметтік көмекті арттыру  және басқа іс-шараларды іске асыру  проблемаларын шешуге кешенді тәсілдеме  қарастырылған. Бұл үшін кезең-кезеңімен  әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік қызмет көрсетудің нормативтері енгізілді.

Жыл өткен  сайын Қазақстанда әлеуметтік міндеттемелер  қомақты бола түсіп, ол ТМД мемлекеттері арасында көшбасшылар қатарында  болып отыр. Бүгінде бес миллионға жуық қазақстандық, яғни азаматтардың үштен бірі түрлі әлеуметтік жәрдемақымен қамтылған. Егер 2003 жылы бұл салада 17 әлеуметтік жәрдемақы түрі болса, 2008 жылы олардың саны 29-ға жетті.

Халықты әлеуметтік қамтамасыз ету мен әлеуметтік көмекке бағытталған шығындар 2009 жылы 813 милиард теңгені құрады, бұл  оның алдындағы жылмен салыстырғанда 22,8 пайызға артық. 

2010-2012 жылдарға  арналған үш жылдық бюджеттің  үштен бір бөлігінен жуығын  әлеуметтік салаға жұмсау көзделіп  отыр.

Әлемнің көптеген елдерінде жұмыстан айырылған  кезде мемлекеттік әлеуметтік қорғаудың  шаралары қолданылады.

Қазақстан Республикасы заңнамасымен отбасыларына, жекелеген азаматтарға арнаулы  әлеуметтік қызметтер деп аталатындарды  беру кепілдендірілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚР  Білім және Ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: ______________________________________________________________________________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                               Орындаған: ________________________

                                                               Тексерген: __________________________   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2012


Информация о работе Бюджет