Бюджет

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2012 в 20:42, реферат

Краткое описание

Мемлекеттiк шығындар мәні сонда, яғни ол мемлекеттiк саясатты iске асыру мақсатында (мемлекеттiк органдардың өздерiнiң тұтынуына арналмаған) өндiрiлетiн тауарларға (жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге) мемлекеттiк органдардың ақы төлеуi ретінде айқындалады.
Бюджеттің құрылымы жан-жақты қарастырылған. Бюджеттiң шығыстары, жалпы алғанда, бюджет кредитте

Файлы: 1 файл

бюджет сож.docx

— 43.22 Кб (Скачать)

«Қазақстан  Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру  туралы» заңға сәйкес Орталықтан зейнетақы төлемдері зейнеткерлік жасқа жеткен азаматтарға - еркектер 63 жасқа толғанда, әйелдер 58 жасқа  толғанда және еркектерге кемінде 25 жыл  еңбек өтілі болғанда, әйелдерге 20 жыл еңбек өтілі болғанда тағайындалады. 2008 жылдың екінші жартысында қор индекстерінің  опырыла төмендеуі зейнетақылық активтердің табыстылығына әсер етті, жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшыларын көбірек шығынға ұшыратты.

Зейнетақылық  активтерді инвестициялаудан алынған  «таза» инвестициялық табыс сомасы (2008 жылдың аяғындағы комиссиялық  сыйақыларды шығарып тастағанда) өспек түгіл, ол тіпті 306,9 миллион  теңгеге дейін қысқарды. Зейнетақылық активтерді инвестициялаудан шеккен залал 2008 жылы 30 миллиард теңгеден асып түсті.

Толық емес көлемдегі жасына байланысты зейнетақы  төлемдері азаматтарға, олардың  нақты еңбек өтілінің болуына  қарай Орталықтан толық көлемінде  зейнетақы төлемдерін алу құқығы болмаған жағдайда тағайындалалуы мүмкін.

Төтенше және барынша радиациялық қатерлі  өңірлерде 1949 жылы 29 тамыздан 1963 жылғы 5 шілдеге дейін кемінде 10 жыл  тұрған азаматтар «Семей ядролық  сынақ полигоныңдағы ядролық  сынақтардың салдарынан зардап шеккен зейнеткерлерге», мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға: еркектер - жалпы  еңбек өтілі 25 жылдан кем болмаған жағдайда 50 жасқа жеткенде; әйелдер  жалпы өтілі - 20 жылдан кем болмаған жағдайда 45 жасқа жеткенде зейнетақы  тағайындалуына құқылы. Төтенше және осы өңірдің ең жоғары радиациялық  қатер өңірлеріне жататын аумақтарда жұмыс істейтін (жұмыс істемейтін), тұратын, сондай-ақ 1949 жылдан 1990 жыл  кезеңінде тұрған азаматтарға республикалық  бюджеттен бір жолғы мемлекеттік  ақшалай өтемақы төлеу жаңғыртылды.

Зейнетақымен  қамсыздандыру туралы заңға сәйкес Орталықтан төленетін зейнетақы  төлемдерін белгіленген орташа айлық  табыстың 60 пайызы есебінен жүргізіледі  және жұмыста болған үзілістерге  қарамастан, қатарынан кез келген 3 жыл жұмыс үшін орташа айлық  табыс негізге алына отырып, 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асырылады. 1998 жылы қаңтардың 1-іне дейін қажетті  еңбек өтілінен тыс жұмыс істеген  әрбір толық жыл үшін зейнетақы  төлемдерінің мөлшері 1 пайызға өсіріледі, бірақ ол зейнетақыны есептеу  үшін ескерілетін табыстың 75 пайызынан  аспауы тиіс.

Орталықтан  төленетін зейнетақы төлемдерін есептеуге арналған табысқа еңбекке  ақы төлеудің барлық түрлері және тізбесін үкімет белгілейтін өзге табыстар енгізіледі. Зейнетақы төлемдерін есептеу үшін 3 жылғы жұмыс ішіндегі табыс қатарынан 36 күнтізбелік айдағы жұмыс ішіндегі табыстың жалпы сомасын отыз алтыға бөлу арқылы анықталып, орташа айлық жалақы шығарылады. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған зейнетақы төлемдерінің ең жоғары мөлшері (зейнетақы алушылардың бірқатарын шығарып тастағанда) Республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген 32 еселенген айлық есептік көрсеткіштің 75 пайызынан аса алмайды. Бұған Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, әскери қызметшілердің, ішкі істер органдарының, бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті қызметкерлерінің және өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдардың және көрсеткіштердің үкімет бекіткен №1 тізімдегі 1998 жылғы қаңтардың 1-іне дейін зейнетақы тағайындалған адамдар жатпайды.

Үкімет 2003 жылдын 4 шілдедегі қаулысымен «Міндетті  зейнетақы салымдарынан құрылған жинақтаушы зейнетақы қорлары мен ерікті кәсіптік зейнетақы салымдарынан зейнетақы  төлеудін ережесін» бекітті.

Бұл ретте  мамандықтары бойынша анықтап белгілегендерге  жұмыс берушілер тарапынан ерікті кәсіптік салымдар салу енгізілді.Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын жұмыс  берушілер жұмыскерлердің пайдасына  меншікті қаражаттары есебінен аударады, бұл ретте жұмыс берушілер  үшін салық преференциялары қарастырылған. Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен жинақталған қорланымдарды төлеу 50 жастан, яғни белгіленген зейнеткерлік жастан ертерек жастан жүзеге асырыла бастайды. Сол сияқты, егер азамат 55 жасқа дейін міндетті жинақтаушы зейнетақы қорына өмірінің сонына дейін жететін ең төменгі төлем деңгейін жинап үлгерсе, зейнетақы демалысына шығуына мүмкіндігі бар. Бұл жағдайда зейнетақы төлемдері аталмыш азаматтардың зейнетақы салымдарын сақтық ұйымдарына өзімен келісім негізінде аударылатын болады.

Әскери  қызметшілерді, ішкі істер органдарының, басқа тәртіп сақтау органдарының (тергеу, ұлттық қауіпсіздік, Республикалық  ұлан, жоғары лауазымды адамдарды  қорғау службасы органдарының) қызметкерлерін зейнетақымен қамтамасыздандыруды  қаржыландырудың ерекшеліктері  бар. Бұл санаттардың зейнетақы  төлемдерін қаржыландырудың көзі - сайып келгенде бірден бір республикалық  және жергілікті бюджеттердің қаражаттары.

Сонымен бірге жасына байланысты азаматтар  мен мүгедектігі мерзімсіз белгіленген  бірінші және екінші топтағы мүгедектер сақтық ұйымдарымен міндетті зейнетақы  жарналары есебінен қалыптасқан  зейнетақы қорланымдарын пайдалана  отырып сактық төлемдерін өмір бойы жүзеге асыру туралы зейнетақылық аннуитет келісімшартын жасауға құқығы бар. Бұл ретте сақтық ұйымынан төленетін  ай сайынғы сақтық төлемдері зейнетақылық аннуитет келісімшарты жасалған күнге  тиісті қаржы жылына арналған республикалық  бюджет туралы заңда белгіленген  ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем болмауы керек.

Зейнетақымен  қамтамасыз ету жайындағы мемлекеттік  әлеуметтік саясаттың басым бағыттарының бірі зейнетақылардың деңгейін көтеру болып табылады. 2010 жылғы 1 қаңтардан  бастап, енді оның ең төменгі мөлшері 12344 теңге, мемлекеттік базалық зейнетақы  төлемінің мөлшері 5981 теңге болып  белгіленген.

Базалық зейнетақының өсуін есепке алғанда, зейнетақы төлеудің ортақ жүйесіндегі  ең төменгі зейнетақы мөлшері 18 235 теңгені, орташа мөлшері 27 481 теңгені, зейнетақының ең жоғарғы мөлшері 40 001 теңгені құрап  отыр. Соңғы 3 жылда орташа зейнетақы алатындар саны 1,6 есеге өскен. 677 мыңға жуық адам жинақтаушы зейнетақы жүйесінен зейнетақы ала бастаған.

Міндетті  зейнетақы жарналары бойынша  салымшылардың (алушылардың) дара зейнетақы  шоттарының саны 2008 жылы 7,7 миллион, ал алушылардың саны 2,5 миллион адамды (бұл әр түрлі зейнетақы қорларында бір салушының бірнеше шоттарының барын білдіреді) құрады. 2008 жылы Зейнетақылар төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан зейнетақы алатындардың саны 1633,9 мың адамды, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны (жасына қарай, мүгедектігі бойынша, асырушысынан айырылған жағдайда, отбасының еңбекке қабілетсіз мүшелері) 636,2 мың адамды, арнаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны 231,6 мың адамды құрады. Зейнетақылар бюджеттен тыс жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан  халқына Жолдауына сәйкес 2015 жылға  қарай базалық зейнетақы төлемдері  ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінің 60 пайызы деңгейіне дейін өсіріледі. Қазіргі уақытта экономикалық зерттелімдер, актуарлық есеп-қисаптар жүргізілуде, осылардың нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін дамытудың бағдарламасы әзірленетін болады.

 

 

 

 

 

 Мемлекеттік  әлеуметтік жәрдемақылар

Әлеуметтік  сақтандыру жүйесіндегі екінші бағыт  әр түрлі жәрдемақылар төлеу болып табылады.

Жәрдемақы - бұл жұмыстағы уақытша үзіліс кезінде, сондай-ақ белгілі бір жағдайларға пайда болатын көтеріңкі шығындарды өтеуге арналған кепілдік берілген ақшалай өтемақы.

Міндетті  әлеуметтік сақтандыру шеңберінде төленетін  жәрдемақылардан басқа азаматтар  уақытша еңбек қабілетінен, асыраушысынан, жұмысынан айырылған жағдайда, сонымен  бірге жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан  айырылуына байланысты. Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорынан жәрдемақыларды кіріктіреді.

Алып  жүрген мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардан  басқа еңбек ету қабілетінен  айырылған жағдайда әлеуметтік төлемақы өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген  міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға, әлеуметтік төлемақы алуға  өтініш берген уақытта жұмысы тоқтатқанына немесе істеп жатқанына қарамастан, тағайындалады. Еңбек ету қабілетінен  айырылған жағдайда әлеуметтік төлемақылар  қордан төленетін әлеуметтік төлемақыларға  құқық туындаған күннен бастап еңбек  ету қабілетінен айырылды деп  белгіленген барлық кезеңге тағайындалады.

Еңбек ету  қабілетінен айырылған жағдайда ай сайынғы әлеуметтік төлемақылардың мөлшері Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінде белгіленген  әлеуметтік аударымдар объекті ретінде  ескерілген соңғы жиырма төрт ай ішіндегі табыстың заңнамалық актілерде белгіленген  ең төменгі жалақының сексен пайызын  шегергендегі орташа айлық мөлшерін табысты ауыстырудың, еңбек ету  қабілетінен айырылу мен қатысу өтілінің тиісті коэффициенттеріне  көбейту арқылы айқындалады.

Сөйтіп, еңбек ету қабілетінен айырылған  жағдайда әлеуметтік төлемақылардың мөлшері  орташа айлық жалақысына, еңбек ету  қабілетінен айырылу дәрежесіне және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты болады.

Алушы жасына қарай зейнетақы төлемдерін алуға  құқық беретін жасқа жеткен кезде  еңбек ету қабілетінен айырылу  жағдайында берілетін әлеуметтік төлемақылар  тоқтатылады. «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы алуға, асыраушысы қайтыс болған отбасының еңбекке жарамсыз, оның асырауында болған мүшелерінің құқығы пайда болған күннен бастап тағайындалады және қажетті құжаттар 12 ай мерзім ішінде тапсырылуы тиіс. Ата-анасының екеуінен де айырылған балаларға (тұлдыр жетімдерге) тағайындалған жәрдемақылар олардың заңды өкіліне (асырап алушыға, қамқоршысына) төленеді.

Оған  қоса, «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» заңға сәйкес, отбасының  жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспаған жағдайда атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Оның мөлшері жан басына шаққандағы орташа табыс пен белгіленген отбасының әрбір мүшесіне есептелген кедейлік шегінің айырмасы түрінде есептелінеді.

Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік  әлеуметтік жәрдемақылар - бұл мемлекет кепілдендірілген ең аз әлеуметтік төлемдер, олар қайтыс болған асыраушысының жұмыс  өтіліне және орташа айлық табысына байланысты емес, жәрдемақымен қамтамасыз етілетін отбасының еңбекке жарамсыз мүшелеріне байланысты белгеленеді.

Қайтыс  болған (сот хабар-ошарсыз кетті  деп танылған немесе қайтыс болды  деп жариялаған) асыраушының - өзі  үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген  міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушысының мына отбасы мүшелері асыраушынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемақылар тағайындалуға  және алуға құқылы:

1) он сегіз  жасқа толмаған болса, олар  он сегіз жасқа толғанға дейін  мүгедек болып қалса, осы жастан  асқан балалары, аға-інілері, апа-сіңлілері мен немерелері;

2) жасына  және еңбек қабілеттілігіне қарамастан, ата-анасының біреуі немесе жұбайы, не атасы, әжесі, аға-інісі немесе апа-сіңлісі, егер ол қайтыс болған асыраушысының үш жасқа толмаған балаларын, аға-інілерін, апа-сіңлілерін немесе немерелерін күтіп-бағумен айналысатын болса.

Сонымен бірге, асыраушысынан айырылғандардың  «Балалы отбасыларға берілетін  мемлекеттік жәрдемақылар туралы»  заңға сәйкес, отбасының орта есеппен  жан басына шаққандағы табысы белгіленген  азық-түлік себетінің құнына төмен  болған жағдайда 18 жасқа дейінгі  балаларға арналған жәрдемақы алуға  құқығы бар.

Өздері  үшін міндетті әлеуметтік аударымдар жүргізілген ата-ананың-міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының қамқорлығынсыз қалған балаларға тағайындалған  әлеуметтік төлемақылар заңнамалық актіге сәйкес айырылып қалған әрбір  ата-ана үшін асырап алушыға, қораншыға (қамқоршыға) төленеді.

Қайтыс  болған асыраушысының асырауында болған, асыраушысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемақы тағайындалуына және алуға құқығы бар отбасының барлық мүшелеріне бір әлеуметтік төлемақы тағайындалады.

Бала  кезінен I немесе II топтағы мүгедектер деп танылған адамдарға әлеуметтік төлемақылар мүгедектер белгіленген  мерзімге тағайындалады.

Асыраушысынан айырылған жағдайда ай сайынғы әлеуметтік төлемақылардың мөлшері әлеуметтік аударымдар объекті ретінде ескерілген соңғы жиырма төрт ай ішіндегі жалақының  сексен пайызы шегерілген орташа айлық  мөлшері табысты ауыстыру, асырауындағылар  санының және қатысу өтілінің тиісті коэффициенттеріне көбейту арқылы айқындалады. 2009 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейінің өсуіне байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерлері екі рет - 1 қаңтардан және 1 маусымнан арттырылды. Нәтижесінде әлеуметтік жәрдемақылар 9%-ға артты.

Сонымен қатар мемлекетік әлеуметтік жәрдемақы  көлемі де өсу үстінде. Мысалы, мүгедектігі бойынша берілетін жәрдемақы 2007 жылы 9 331 теңге болса, 2009 жылы бұл көрсеткіш 14 415 теңгеге жеткен. Асыраушысын жоғалтқан жағдайда төленетін жәрдемақы 12086 теңге болса, жасқа байланысты ол 4670 теңгеден 6858 теңгеге өскен. Балатуу бойынша берілетін бір жолғы жәрдемақы мөлшері 2 есеге көтерілсе, нәрестені 1 жасқа дейін багу үшін ай сайын берілетін жәрдемақы 1,6 есе- ге өсті. Бұл атаулы көмектерді елімізде 410 мың отбасы алады.

Бұған қоса жергілікті атқару органдары есебінен әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды  қолдау мақсатында қосымша 1,2 миллиард теңге бөлінген. Сол сияқты, 2,1 миллиард теңге балаларға арналған жәрдемақыға бөлінді. Бұл 1 миллионға жуық қазақстандыққа қосымша әлеуметтік көмек болып отыр.

Жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына, бапа бір жасқа толғанга дейін оның күтіміне баііланысты  табысынан айрылған жағдайларда  төленетін әлеуметтік төлемақы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінін Қордан әлеуметтік төлемақы алуға құқығы бар  қатысушысына 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалған.

Жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан  айрылған жағдайларда төленетін  төлемақы денсаулық сақтау саласындағы  уәкілетті орган белгілеген тәртіппен  берілген еңбекке жарамсыздық парағында  көрсетілген барлық кезеңге тағайындалған.

Информация о работе Бюджет