Қоршаған ортаға әсер етуді басқару ұғымы мен мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Мая 2013 в 07:44, реферат

Краткое описание

I Қоршаған ортаға әсер етуді басқару ұғымы мен мәні
1.Қоршаған ортаға әсер етуді басқару
2.Қоршаған ортаның сапасын бақылау
3.Қоршаған ортаға әсер етуді бақылау әдістері

Файлы: 1 файл

Дәрістік курс.doc

— 1.09 Мб (Скачать)

Декларацияның берілу сатысында қоршаған ортаның  күйі туралы қысқаша шолу жасалып, онда жоспарланып отырған қызметтің  экологиялық, әлеуметтік және экономикалық мүмкін зардаптары керсетілуі қажет.

"Ниет Декларациясына" экологиялық сараптаманың қорытындысы оң болса, шаруашылық қызметтің инициаторы жоба құжаттарының келесі сатысы - объектінің орналасатын орнын келісу, (жерді таңдау),  немесе оның құрылысының техникалық-экономикалық негіздеме нұсқалары келісіледі. Материалдар құрамына "Қоршаған ортаға жоспарланып отырған қызметтің ете алатын әсердің жуықтау бағалануы (ҚОӘБ-алды) (предОВОС)", ол уақытша нұсқауға сәйкес хатталуы тиіс (Қазақстан Республикасындағы жоспарланып отырған қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалаудың уақытша нұсқауы" РНД-03.02.01-93).  

Бұл сатыда шаруашылық қызметтің  инициаторы ұсынылып отырған жоспарланушы қызметтердің нұсқауларының талдауын өткізіп, тіпті ол қызметті өткізуден  бас тартуға дейін әртүрлі  нұсқалармен, "нольдік вариант". түрді ақпарат жүйесін таныстырады, сонымен қатар жергілікті жердегі экологиялық комиссия органдарын жоспарланып отырған қызмет туралы хабарландырады.

ҚОӘБ-алды сатысы міндетті түрде істелуі қажет емес ол тек инвесторға жоспарлап отырған шаруашылық қызметтің іске асырылуы жөнінде оң шешімі алынбаған жағдайда қаржысының үнемделуі үшін жасалады. Бірақ инвестордың қоршаған ортаға әсерді бағалау процедурасын түгел жасату құқығы әрине сақталады.

Жоба материалдары құрылыс орнын анықтау сатысынан  бастап "Басмемсараптауға" берілгенге дейін жазбаша түрде хатталып, ескертулер мен ұсыныстар жасалуы үшін территориялардың облыстық (Алматы қаласында қалалық) экология және биоресурстары басқармасына тапсырылады да министрлікке  әдейі хат жазылып хабарландырылады.

Содан соң, барлық құжаттар бұл сатыда министрлікке жіберіледі. Мемлекеттік экологиялық сараптама  басқармасы тарапынан объектінің қоршаған ортаға әсерін бағалау (ҚОӘБ) толық  көлемде жүргізілуі анықталады. Бұл, арнайы нұсқаудың (РНД-03.02.01.-93) бөлімдеріне сәйкес жүргізіледі. 

Экологиялық сараптама кезінде  ескерілетін барлық экологиялық  талаптар нормативті-құкықтық құжаттар сарапталатын объектінің әрбір сатысына сәйкес келетіндей топталады. Оларға нормативті құжатты зерттеу-дайындау (жоба алды жұмыстар объектінің орналасу орыны), жобалау   құжаттарындағы   негіздемелер, техникаға, сертификатына негіздеме, технологиялар мен материалдарға, рұқсат лицензияларына негіздемелер әртүрлі қызмет түрлеріне келісімдер және т.б.

Экологиялық   талаптардың   негіздеме   құжаттарын   дайындауға қажетті құжаттар шаруашылық және басқа қызметтердің экологиялық негіздемелері    нұсқауында (инструкциясында) келтірілген (ҚР-ғы жоба алды және    жобалауда мемлекеттік экологиялық  сараптау жұмыстарын жүргізу нұсқауы, 21.02.1997, Алматы).  

 

СӨЖ тапсырмасы: мемлекеттік және қоғамдық сараптамаларға талдау жасау 

 

Бақылау сұрақтары

1. Экологиялық сараптама міндеттері, ұстанымдары

2. Экологиялық сараптаманың объектілері

3. Экологиялық сараптаманың объектілері

4. Экологиялық сараптама комиссиясы

5. Әр түрлі объектілерге қойылатын экологиялық талаптар

 

 

 

9 Экологиялық аудит

1.Экологиялық аудиттің құрылымы мен құрамы, ұйымдастырылуы

2.ҚР экологиялық аудит жүргізудің ерекшеліктері

3.Экологиялық аудит пайдаланудың дүние жүзілік тәжерибиесі 

 

Экологаялық аудит — бұл объективті, жүйеленген, құжатталған және әрдайым қайталанып тұратын кәсіпорындағы қоршаған орта жағдайын зерттеу,  мұндағы басты мақсат экологиялық проблемаларды анықтау және мүліктерді беру кезіндегі потенциалдық міндеттерді шешу.

Экологиялық аудит жұмысы дамыған елдерде өте кең түрде дамыған. Америка Құрама Штаттарында экоаудит 70-жылдардың ортасынан бастап, өндірістегі апаттардың санының өсуімен және химия кәсіпорыңдарындағы экологиялық шығындардың көбеюінен бастап пайда болды. 80-жылдардың басынан бастап экологиялық аудит Англия, Нидерландия, Швеция және басқа Еуропаның дамыған елдеріндегі өндіріс орындарында енгізілді. Қоғамдық саланың аталған елдердегі өсуі, осы мемлекеттерде арнайы Еуропа одағының қаулысы - «Экоаудит туралы қаулы» (1993). Бұл құжат Еуропа мемлекеттеріндегі орналасқан кәсіпорындар үшін, зандылық күшінде болды. 

Халықаралық тәжірибедегі экологиялық  аудитті жүргізудің негізінде олардың  келесі түрлері болады:

- трансұлттық;

- мемлекет ішінде;

- салалық;

- кәсіпорын ішінде.

Бұл  жерде  экологиялық   аудитті,    экологиялық   бағалаудан ажырата білуіміз қажет. Экологиялық аудит қоршаған ортаның қазіргі кездегі   әсерінің, сондай-ақ болып кеткен кезеңдегі қызметтің экологиялық    зардабын бағалайды.Ал, экологиялық  бағам бағытталған   болашаққа   жобаланған   жоба   жүзеге   асканда, оны  қоршаған ортаға зиянды әсерін сипаттайды.   

Қазіргі  кезде  экологиялық аудит  Қазақстан  Республикасы онша кең түрде тараған жоқ. Келіп жаткан шетел компанияларын біздің кәсіпорындардан негізгі қорларының жағдайы экологиялық көрсеткіштері жағынан сың көтермейді, техника мен технология эколоиялық көрсеткіштері халықаралық стандарттар мен нормаларға сай келмейді. Оның себебі, біздегі техника мен технология нарықгық экономика талабына жауап бере алмай жатыр. Экологиялық аудитормен немесе экологиялық аудиторлық ұйыммен экологиялық аудит жүргiзуге шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға аудиттелетiн субъект болып табылады. Экологиялық аудит аудиттелетiн субъектiлердiң қоршаған ортаға әсер ету туралы есептiлiгiне талдау жасау жолымен жүргiзiледi. Экологиялық аудиторлар, экологиялық аудиторлық ұйымдар және аудиттелетiн субъектiлер арасындағы қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес экологиялық аудит жүргізуге арналған шарттың негiзiнде туындайды.

Қазақстан Республикасының "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегi және "Қоршаған ортаны қорғау туралы" 1997 жылғы 15 шiлдедегi Заңдарына Қазақстан Республикасының экологиялық кодексіне.- 2007 ж. 9 қаңтардағы сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етілді:    

1)Экологиялық аудиторлық қызметтi лицензиялауға қойылатын біліктiлік талаптары;      

2)Экологиялық аудиторлық қызметтi лицензиялау ережесi;     

3)Экологиялық аудитті жүргiзу ережесi бекiтiлсiн.      

Экологиялық аудиторлық қызметтi лицензиялау ережесi

Экологиялық аудиторлық қызметтi лицензиялау ережесi (бұдан  әрі - Ереже) заңды және жеке тұлғаларға экологиялық аудиторлық қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензиялар беру тәртiбi мен шарттарын айқындайды.

Лицензиялар Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларына олар белгіленген талаптарды сақтаған жағдайда берiледi. Экологиялық аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензияны қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бередi.  Экологиялық аудит экологиялық аудиттi жүргiзу жоспарына сәйкес жүргiзiледi, оны экологиялық аудитор Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес заң талаптарын ескере отырып жасайды және ол тапсырыс берушiмен және аудиттелетiн субъектiмен келiсiледi. Экологиялық аудит жүргiзудi жоспарлау кезiнде тараптар экологиялық аудиторлар палатасы бекiткен, ұсынымдық сипатта болатын экологиялық аудиттi жүргiзу жоспарының үлгiлiк нысанын басшылыққа алады. Мiндеттi экологиялық аудит аудиттелетiн субъект мiндеттi  экологиялық аудит туралы қорытындыны алған кезден бастап алты айдан аспайтын мерзiмде жүргiзiледi.       Экологиялық аудитор немесе экологиялық аудиторлық ұйым аудит жүргiзудiң жоспарын әзiрлеу үшiн мiндеттi экологиялық аудит туралы қорытындымен, аудиттi жүргiзу негiздемесiмен, аудиттелетiн субъектiге тән экологиялық проблемалармен және өзге де аспектiлермен танысады.

Қазақстан Республикасындағы экономика салаларының кәсіпорындары нарықтық экономика талабына сай күрделі де кұрылымдық өзгерістерге ұшырай даму үстінде. Кез-келген ірі компания немесе банкілер ірі көлемде немесе көпжылдық инвестиция саларда, несие беруде сондай-ақ басқа да тәуекел операцияларын кеңейту, қайта жаңарту, жекешелендіруге байланысты өздері немесе бизнестегі өзіндей кәсіпорыңдарды экологиялық аудит жүргізілуін талап етеді.

Экологаялық аудит  — бұл объективті, жүйеленген, құжатталған  және әрдайым қайталанып тұратын  кәсіпорындағы қоршаған орта жағдайын зерттеу,  мұндағы басты мақсат экологиялық проблемаларды анықтау және мүліктерді беру кезіндегі потенциалдық міндеттерді шешу.

Экологиялық аудиттің объектілері:

-мүліктер (жер учаскілері,  табиғат объектілері, ғимарат пен қондыр-ғылар, машиналар мен кұрал-жабдықтар т.б.);

-кәсіпорынның  ағымындағы  операциялары  (өндірістік, коммерциялық т.б.);

-кәсіпорынның төтенше жағдайдағы басқару жүйесі;

-қоршаған орта қорғау және адамдардың  қауіпсіздігін қамтамасыз жасау бағдарламасы.

Экоаудит жұмысы ерікті, бірақ Қазақстан территориясындағы  кез-келген кәсіпорынның қызметі қоршаған ортаға немесе тұрғын халыққа экологиялық  зиянын тигізсе, онда жергілікті атқарушы органдар экологиялық аудит жүргізуге мәжбүр етуге құқы бар.

Экологиялық аудиттің негізгі функциялары:

-кәсіпорынның немесе өндіріс орнының күнделікті қызметтің экологиялық зандылық көзкарасы бойынша бағалау;

-әкімшілікті жоспарлау және басқаруға қажетті мәліметтермен қамтамасыз жасау;

-әкімшіліктің қоршаған ортаны қорғауға байланысты шешімдерін тексеру;

-қоғамдық, акционелер және үкімет тарапынан кәсіпорынға сенімділікті арттыру.

Сонымен, мемлекетік бақылау «өзін-өзі бақылауға» жол береді,  яғни экологаялық аудиттің кең түрде етек алуына жәрдемдеседі.

Экологиялық аудит 4 этапты қамтиды:

Бірінші этап —  экоаудит шараларын алдын-ала жүргізу:

-экологиялық тиімділігін бағалау негізінде бірінші кезектегі объектілерді анықтау, экологиялық аудитті жүргізудің графигін жасау;

-экологиялық аудиттің шараларының жоспарын жасау.

Екінші этап - өзіндік аудит жүргізу: қызмткерлер  мен басшылармен әңгіме өткізу, құжаттармен  жұмыс жасау.

Үшінші этап — экоаудиттің есебіне дайындау. Берілетін есепте объектінің Қазақстан Республикасы заңдары, стандарттары, нормаларына сай экологиялық сипаты және «өзін-өзі бақылау» міндеттері бойынша нормаға дұрыстығы келтіріледі.

Төртінші этап — экологиялық аудиттің нәтижелерін  іс жүзіне асыру: кәсіпорынның басшыларына,  қызметкерлеріне, акционерлеріне, қоғам-дық мекемелерге, мемлекеттік органдарға, бизнестегі партнерлерге нә-тиже мәліметтерін жеткізу.

Бұл  жерде  экологиялық   аудитті,    экологиялық   бағалаудан ажырата білуіміз қажет. Экологиялық аудит қоршаған ортаның қазіргі кездегі   әсерінің, сондай-ақ болып кеткен кезеңдегі қызметтің экологиялық    зардабын бағалайды. Ал, экологиялық  бағам бағытталған   болашаққа   жобаланған   жоба   жүзеге   асканда, оны  қоршаған ортаға зиянды әсерін сипаттайды.                                      

 

СӨЖ тапсырмасы: ҚР экологиялық аудит жүргізудің ерекшеліктерін анықтау. 

 

Бақылау сұрақтары

1. Экологиялық аудит ұғымы және оның қажеттілігі

2. Экологиялық аудит түрлері, әдістері және оларды жүргізудің мерзімділігі

3. Экологиялық аудит түрлері, әдістері және оларды жүргізудің мерзімділігі

4. Экологиялық аудит тексерулерін жүргізу тәсілі және тәртібі

5. Экологиялық аудиторлардың және экологиялық аудиторлық   ұйымдардың құқықтары 

 

 

10 ҚР табиғат пайдалануды мөлшерлеу.

1.Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті сақтау саласындағы іс әрекеттерді, табиғат пайдалануды лицензиялау тәртіптері мен принциптері.

2.Экологиялық сертификация түсінігі.

3.Экологиялық маркетинг жүйесі.  

 

 

      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негiздерi Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 30 сәуiрдегi өкiмiмен мақұлданған экологиялық қауiпсiздiк тұжырымдамасына енгiзiлiп, онда өтпелi кезеңнiң экологиялық басымдықтары, атап айтқанда, жекешелендiрудiң экологиялық проблемалары, табиғат қорғау заңнамасының, мемлекеттiк бақылау және сараптаманың, табиғат пайдаланудың экономикалық тетiктерiнiң, қоршаған орта мониторингiнiң жүйесiн құру қажеттiлiгiнiң мәселелерi қарастырылған болатын.              

 Ұлттық экономиканың барлық салаларын реформалау табиғи ресурстарды пайдалануға көзқарастардың өзгеруiне, қоршаған ортаны сақтауды ескере отырып, әлеуметтiк-экономикалық дамуды жүзеге асыруға негiз болды.  Қазақстан Республикасында қоғамдық дамуда елеулi өзгерiстер болды. Мемлекет дамуының стратегиялық құжаттары әзiрлендi, табиғат қорғау заңнамасының негiзi құрылды, қоршаған ортаны қорғау мәселелерi бойынша бiрқатар халықаралық конвенцияларға қол қойылды, табиғат қорғау қызметiн басқару жүйесі құрылды.  Мысалы, 1997 жылы "Қоршаған ортаны қорғау туралы", "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы", "Экологиялық сараптама туралы", 1998 жылы - "Радиациялық қауiпсiздiк туралы" Заңдар, ал 2002 жылы - "Атмосфералық ауаны қорғау туралы" Заң қабылданды.         

 Табиғатты ұтымды пайдалану саласында Президенттiң "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" (1996 жыл) және "Мұнай туралы" (1995 жыл) заң күшi бар Жарлықтары, 2003 жылы - Орман, Су және Жер кодексі және 2007жылы - Экология кодекс қабылданды .           

 Қазақстан Республикасы дамуының 2010 жылға дейiнгi стратегиялық жоспарына сәйкес және XXI ғасырдағы   Күн тәртiбiнiң негiзгi ережелерi мен Қоршаған орта және даму жөнiндегi 1992 жылғы Рио-де-Жанейро декларациясының қағидаттарын, сондай-ақ Йоханнесбургге өткен (2002 жыл). Заңға тәуелдi қажеттi нормативтiк құқықтық актiлердiң көпшiлiгi әзiрленiп, бекiтiлдi. Заңнаманы жетiлдiру мақсатында республикада оны дамыған елдердiң заңнамасына жақындатуға және халықаралық стандарттарды енгiзу бағыты алынды. Әлемдiк тәжiрибе көрсететiндей, экологиялық проблемаларды табысты шешу мен экологиялық апаттардың алдын алудың негiзi кез келген мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық жүйесiн экологияландыру болып табылатынын көрсетедi. Ұлттық қауiпсiздiктiң құрамдас бөлiгi ретiнде экологиялық қауiпсiздiк тұрақты дамудың мiндеттi шарты болып табылады және табиғи жүйелердi сақтаудың және қоршаған ортаның тиiстi сапасын қолдаудың негiзi болады. Кез келген құқықтық мемлекеттегі сияқты, бұл мәселелердің бәрі осы салаға  қатысты заңдарды  қабылдау  және  жетілдіру  арқылы  жүзеге асады. Бұл күндерді  республикада  экологиялық  жағдайға  әсер ететін  құқықтық  қатынас субьктілерінің  қызметін  реттейтін  қажетті заңдық актілер  біршама қамтамасыз  етілген. Ол заңдар Қазақстан Республикасы  Конституциясының  ережелеріне сәйкес  қабылданған  және мына  төмендегі  негізгі   мақсаттарды  шешуге  бағытталған:

Информация о работе Қоршаған ортаға әсер етуді басқару ұғымы мен мәні