Қоршаған ортаға әсер етуді басқару ұғымы мен мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Мая 2013 в 07:44, реферат

Краткое описание

I Қоршаған ортаға әсер етуді басқару ұғымы мен мәні
1.Қоршаған ортаға әсер етуді басқару
2.Қоршаған ортаның сапасын бақылау
3.Қоршаған ортаға әсер етуді бақылау әдістері

Файлы: 1 файл

Дәрістік курс.doc

— 1.09 Мб (Скачать)

·        қоршаған  ортаны қорғау;

·        табиғи ресурстарды  тиімді  пайдалану;

·        экологиялық қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Парламенті 20-дан астам  халықаралық  конвенцияларды,  келісімдер мен  хаттамаларды  бекіткен.

Экологиялық талаптар мен өлшемдердi енгiзу және барлық әзiрленетiн  мемлекеттік, салалық және өңiрлiк  бағдарламаларды келiсу - экономиканы экологияландырудың негiзгi шарты. Экологиялық талаптар мен өлшемдер бағдарламаларды әзiрлеу барысында енгiзiлуi және мiндеттi экологиялық сараптамадан өту процесiнде түзетiлу тиiс. Халықаралық тәжiрибенi ескере отырып, табиғат пайдаланудың және экологиялық сараптаманың рұқсат ету жүйесiн оңтайландыру жоспарлы және дәйекті түрде жүргiзілетiн болады. Рұқсат ету жүйесi экологиялық жағдайдың аялық деңгейiн және халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсер етудiң мүмкiн болатын салдарларын ескере отырып, әрбiр объектiнiң қоршаған ортасына әсер етудiң негiздi бағалау жолымен табиғат қорғау практикасына енгiзіледi. Қоршаған ортаға терiс антропогендiк әсер етулердi азайтуға жәрдемдесетiн мемлекеттік бақылаудың тиiмдi моделiн құру экожүйелiк тәсiлдiң қағидатына негiзделген. Бұл орайда, табиғи объектілер күрделi iшкi және сыртқы байланыстарға ие тұтас жүйе ретінде қаралады. Тек осындай тәсіл әртүрлі министрліктер мен ведомстволар бойынша бақылау функцияларын жинақтау кезінде нәтижелі болуы мүмкін. Экологиялық тиімді pecуpc үнемдейтiн технологияларды, өндiрiстерді, шикізат түрлерін, материалдарды, өнiмдер мен жабдықты әзiрлеу жөнiндегi зерттеулер epeкше pecуpc үнемдейтiн технологиялар саласындағы неғұрлым тиімді экологиялық және экономикалық орынды шешiмдердi табу мақсаты бар. Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау практикасына қоршаған ортаны қорғау саласындағы индикаторлар мен көрсеткiштер жүйесiн және мемлекеттiк статистиканы әзiрлеу және енгiзу қоршаған ортаның жай-күйiн объективтi сандық бағалау алуға, әкiмшiлiк шешімдерiн жоспарлау, қабылдау саласында пайдалану үшін бағыттылығы мен оның серпiнiнiң қарқынын қадағалауға мүмкіндiк бередi . 

 Табиғат пайдалануды нақты жағдайларға сәйкес бағалау үшін табиғат ресурстарының мемлекеттік кадастрларының маңызы зор. Табиғат қорғау және тиімді пайдалану шешімдерін дайындау, қабылдау үшін мемлекеттік есеп беру жүйесінің мәліметтері қолданылады.Табиғат ресурстарының барлық түрлері бойынша 15 мыңға жуық көрсеткіштерді қамтитын есептеулер жүргізіледі.  Қазіргі кезде ең негізгі табиғат ресурстарын жер, су, орман, минералдық шикізаттар техногендік құрылымдар және қалдықтар кадастрлары жүргізіледі. Онда табиғат ресурстарының саны, сапасы, орналасқан ортасы, пайдалану бағыты, жылдық пайдалану шамасы, пайдаланушылар туралы мәліметтер жинақталады. 

Табиғат қорғау шараларын дұрыс ұйымдастыру  үшін оның жай – күйі, өзгерістері  туралы тұрақты мәліметтер керек  болады. Мұндай мәліметтерді табиғи ортаның мониторинг жүйесі береді.

Тыйым салу. Егер белгілі бір өндіріс,ресурстар, технология табиғи ортаға зиянды әсер ететін болса және оның зиянды әсерін жою шаралары тиімсіз болса, оларға тыйым салу шарасы қолданылады . Мысалы,1952 жылдан ДДТ қолдануға тыйым салынған. 1996 жылдан  озон қабатын ыдырататын  хлорфторкөміртектерді (фрон) өндіруге және қолдануға тыйым салынды.

Егер табиғатқа  әсер шамасын, табиғат ресурстарын  пайдалану шамасын (балық аулау, аң,құс ату, ағаш кесу, орманда мал  жаю,т.б.) шектеу қажет болатын болса, онда шектеулер (лимит, квота) белгіленеді. Олар бірнеше түрде: 1га жерге жайылатын мал санын, орманға келіп демалушылар санын, топыраққа егілетін егін шамасын, өнімдерді өндіру, пайдалану шамасын белгілі уақыт мерзімінде, кеңістік бойынша шектеу түрінде толық тыйым салумен жалғасады.

Шектер, нормалар белгіленгеннен кейін әрбір табиғат пайдаланушыға сертификаттар беріледі. Оларды алғандар белгілі бір мерзімде табиғат ресурстарын:  жерді, суды, орманды, қазба байлықты, биологиялық ресурстарды уақытша немесе түпкілікті пайдалану, ластаушы заттарды шығару құқығына ие болады.

Табиғат ресурстарын  пайдалануға,табиғи ортаға ластаушы заттар шығаруға кәсіпорындарға, фирмаларға стандарттар, шектер, нормалар негізінде  рұқсат – лицензиялар беріледі. Лицензиялар өндіріс көлеміне сәйкес белгілі мерзімге беріледі. Өндіріс ұлғайтылғанда немесе лицензия мерзімі аяқталғанда жаңа лицензия алу керек. Лицензия табиғат пайдалануды басқарудың басқа механизмдерімен: төлемдер, стандарттар мен, шектеулермен үйлесімдіріледі.

Рұқсат – лицензия беру үшін нормалар, шектер белгілеу үшін табиғи ортаға келтірілетін әсерлер бағаланады. Табиғат пайдалану саласындағы барлық бағдарламалар, жобалар, шаруашылық іс - әрекеттері қолданылатын шикізат бағалауға жатады.

Табиғи ортаның  тазалығы мына бағыттар бойынша бағаланады: ауаны, судың, топырақтың, тағамдық өнімдердің тазалығы. Табиғи ортаның тазалық номативтері зиянды заттардың адамға және басқа организмдерге әсері бойынша белгіленеді. Олар ұзақ уақыт әсер еткенде зиян келтірмейтін шамадан артпауы керек.

Қоршаған ортаны қорғау облыстық басқармаларының химиялық зертханаларын талдамалық жабдықпен қамтамасыз ету, гидрометрикалық және гидрохимиялық жұмыстарды жүргізу үшiн арнайы теңiз кемесiн сатып алу қажет, ол бақылау-инспекциялық жұмысының сапасын арттыруға, сондай-ақ табиғат қорғау заңнамасын бұзу жағдайында экожүйелер мен халықтың денсаулығына келтiрiлетiн зиянның дәлелділігіне мүмкiндiк бередi. Экологиялық сақтандырудан өту үшін кәсіпорын өзіне экологиялық аудит жасайды. Олар кәсіпорындарды бақайшығына дейін тексереді. Сақтандырылғаннан кейін кәсіпорын «жұмыс жасауға болады» деген рұқсат алады. Рұқсат ала алмаған кәсіпорынның жұмыс істеуге құқығы жоқ. Сол себептен де еліміздегі барлық кәсіпорындар айналаға зиян келтірмейтін қондырғылар сатып алады да, табиғатқа жасалатын қысым мүлде азаяды.  Кәсіпорындардың сол төңіректе өмір сүріп отырған адамдарға келтіріп отырған зияны үшін өтемақы төлейтіндей жағдай жасалады.

ҚОҚМ экологиялық сараптама комитеті қолда бар лицензиялармен қызметтерді жүзеге асырады.

·                     Экологиялық сараптама  аясында табиғатты қорғау жобасына және нормалау жұмыстарына мемлекеттік лиценцзия;

·                     Топографиялық – геодезиялық және картографиялық жұмыстарына мемлекеттік лицензия;

·                     Ақпараттық баспасөз тіркеуге алу куәлігі;

·                     Ғылыми-техникалық және ғылыми жұмыстар жүргізу қызметтеріне аттестация;

·                     Құрылыстар үшін жоба жасауға мемлекеттік құрылыс лицензиясы. 

 

1. «Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарының мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйелерге техникалық қолдау көрсету.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылдың 25 қыркүйегінің № 1449 бұйрығына сәйкес «ҚР-ның табиғи орындарының мемлекеттік кадастрын сандық геоақпараттық жүйе негізіне ала отырып бір жүйеге келтіру», сондай-ақ ҚР Экологиялық кодексінің 18-тарауына (2007ж 9 қаңтарынан №212) сәйкес «ҚР-ның табиғи ресурстарының мемлекеттік кадастры» қабылданды және ақпараттық жүйелер жүргізілуде.

Қазақстан Республикасының орнықты даму 2007-2024 жылдарына арналған концепциясына сәйкес (ҚР Президентінің 14 қараша 2006 ж №216 бұйрығы) қосымша жүйелердің мәлімет қоры көптеген мәселелерді шешуге көмектеседі:

1.     табиғи ресурстарды бағалау;

2.     табиғи жүйе территорияларына түсетін ауырлықтан экологиялық дағдарыс қаупітілігін бағалау;

3.     табиғи ресурстар территорияларын қолданғаны үшін лимит;

4.     территориялардың экологиялық жағдайын ескере отырып шаруашылық орындарын орналастыру;

5.     еркше қорғалатын табиғи территориялардың табиғатты қорғау бақылауын іске асыру;

6.     ресурстардың пайдалану эффективтілігі;

7.     республика облыстарының экологиялық балансын сақтай отырып ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп инфрақұрылымын дамытуға арналған территорияларды анықтау;

8.     орман қоры, жануарлар әлемі, ерекше қорғалатын табиғи территориялар, балық ресурсы және су қорының жағдайын бағалауға болады.       

 Экологиялық рұқсат - жеке және заңды тұлғалардың қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыру құқығын куәландыратын құжат.        

 Экологиялық менеджмент - қоршаған ортаны қорғауды әкімшілік басқару, ол кәсіпорынның экологиялық саясатын әзірлеуге, енгізуге, орындауға, талдауға және қолдауға арналған ұйымдастыру құрылымын, жоспарлауды, жауапкершілікті, әдістерді, рәсімдерді, процестер мен ресурстарды қамтиды


Информация о работе Қоршаған ортаға әсер етуді басқару ұғымы мен мәні