Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Мая 2013 в 07:44, реферат
I Қоршаған ортаға әсер етуді басқару ұғымы мен мәні
1.Қоршаған ортаға әсер етуді басқару
2.Қоршаған ортаның сапасын бақылау
3.Қоршаған ортаға әсер етуді бақылау әдістері
Тәжірибелі байқаулардың нәтижелері негізінде максималды әрекетсіз зат шоғырының орташалаудың (орташа жылдық және максималды орташа айлық, орташа тәуліктік және бірреттік) әр дәрежесі арасында келесі мысалдық қатынас орнатылған: 1: 1,5 : 4 : 10.
ШРК бекітілмеген заттарға УШК – уақытша шекті концентрация нормативтері қолданады, немесе, басқаша, әсердің бағдарлық қауіпсіздік деңгейі, ол ауа үшін екі жылға, жұмыс аумағы үшін екі жылға орнатылады.
Ластанған ауа жағдайында тірі ағзаларға бір уақытта ауадағы барлық токсинді қосылыстар әсер етеді. Сонда, олардың бірлескен әсері, жеке әр токсиканттың кері әсерін көбейту мүмкін.
Ауаның ластану деңгейін бірнеше ластайтын зат бойынша өлшеу өсу әсерін есепке ала отырып жүргізіледі, ол зат шоғырының қосындысы олардың ШРК қатысы бір қауіптілік сыныбының ластаушылары үшін анықталады. Ауада, әсер қосындысына ие болатын зат бар болған жағдайда, олардың шоғырының қосындысы 1 (бірден) артық болмауы керек, мына формула бойынша есептегенде:
С1/ ШРК 1+С2/ ШРК 2+…+Сn/ ШРК n≤1,
мұндағы, С1, С2, Сn – ауадағы ластайтын заттардың нақты шоғыры, ШРК1, ШРК 2, ШРК n –осы заттардың шектеу етілген шоғырлары.
Заттың нақты шоғырының оның ШРК қатынасын пайдалануының орындылығы, ШРК әр түрлі абсолюттік мәндері бар, ауаны ластайтын заттардың қосылысы дәрежесінің бірыңғай негізінде өлшеуге рұқсат етеді.
2. Су қоймаларында ластайтын заттарды мөлшерлеу
Судың сапасы деп, оның пайдаланудың және қолданудың нақты түрлеріне пайдалану жарамдылығын анықтайтын, судың қасиеттері мен көрсеткіштерінің бірлестігін айтады. Осы себеп бойынша, су сапасының нормативтерін су қоймасының атқаратын қызыметіне байланысты орнатады. Қазақстанда суды пайдалану және су сапасын мөлшерлеу бойынша шаруашылық-ауызсу және мәдени-тұрмыстық су қоймаларына бөледі, сонымен қатар балық шаруашылығы.
ШРК жеке әр дәреже бойынша орнатады.
Шаруашылық-ауызсу су қоймаларына (бірінші санатты су қоймалары) санитарлы-гигиеналық нормативтер анықталады.
Шаруашылық-ауызсу суды пайдалану халық үшін суды алудың және берудің барлық түрі жатады (орталықтандырылған және орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз ету), сонымен қатар, тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындарын сумен қамтамасыз ету.
Мәдени-тұрмыстық суды пайдалану халықтың тікелей су объектілерінде суды пайдаланудың барлық түрі жатады (шомылу үшін және демалудың басқа түрлеріне және спорттық жаттығуларға).
Балық шаруашылығының су қоймалары балық өсіру мақсатында қызмет атқарады. Олардың сапасының нормативтері су қоймасында тіршілік ететін және жалпы су қоймасын қорғауға және сақтауға бағытталған.
Су қоймалары үшін су сапасының 4 көрсеткішін бөледі. Барлығы нормативті қамтамасыз етілген, яғни, ресми бекітілген нормативтер.
Олар:
А - органолептикалық көрсеткіштер (иіс, дәм, түс, лай, көбіктік, су үстінде жамылғының пайда болуы);
Б – гидрохимиялық көрсеткіштер, оларға рН, еріген оттегінің болуы, минерализация (карбонаттар және гидрокарбонаттар; сульфаттар, хлоридтер, құрғақ қалдық, жалпы қаттылық, кальций мен магнийдің, натрий мен калийдің катиондары), биогенді элементтер (нитраттар, фосфаттар, аммоний, нитриттер), фторидтер, жалпы темір жатады;
В – химиялық токсиканттардың болуы;
Г – микробиологиялық көрсеткіштер.
Ауызсуда және су қоймасының суында химиялық заттарды мөлшерлеуде (судың токсикалығымен бірге, органолептикалық және гидрохимиялық көрсеткіштерді анықтайды) бірнеше ерекшеліктер бар:
1. Судың құрамы мен қасиеттері барлық су қоймаларында және ағындарда біріншідегідей екіншісінде де санитарлы-гигиеналық қалыптарға, арнайы орнатылған орындарда – ағынды сулардың шығатын жерінен нақты қашықтықта орнатылған бақылау құралына сай болу керек.
2. Барлық су объектілеріне (үстіңгі және астыңғы сулар, ауызсу, ыстық сумен қамтамасыз ету жүйелерінің суы) бірыңғай гигиеналық нормативтер орнатады (ШРК, УШК, ОБУВ).
Шаруашылық-ауызсу
және мәдени-тұрмыстық
· Органолептикалық, адамның сезім органдарымен анықталатын, су қасиеттерінің өзгеруіне заттың әсерін сипаттайды (дәм, иіс, түс, лайлылық, көбіктің болуы және т.б.);
· Жалпысанитарлық, заттың су қоймасының өздігінен тазару үрдісіне әсерін сипаттайды (су қоймасының санитарлық тәртібі);
· Санитарлы-токсикологиялық, заттың зертханалық жануарлардың ағзасына әсерін сипаттайды.
Мөлшерлеу негізіне
(су қоймасы үшін ШРК анықтау) зияндылықтың
лимиттік көрсеткіші салынған, ол берілген
заттың су қоймасында ең жоғары кері әсері.
Әр затты зерттеу барлық үш зияндылық
көрсеткіштері бойынша өткізеді
ШРК – ластайтын заттың судағы шекті рұқсат концентрация бұл адам ағзасына бүкіл өмірі мерзімінде және алдыңғы ұрпақтардың денсаулығына тура немесе жанама әсер етпейтін заттың судағы максималды шоғыры, сонымен қатар суды пайдаланудың гигиеналық жағдайын нашарлатпауы тиіс.
мұндағы n – бірдей заттардың саны.
Санитарлы-гигиеналық мөлшерлеудің соңғы кезеңі - халық денсаулығы үшін норматив қауіпсіздігін бағалау. Бұл кезең, ағыннан төмен орналасқан аудандағы халықтық өмірінің жағдайын кешенді гигиеналық және медициналық бақылауын қарастырады. Зерттеу негізінде, су қоймасының суындағы зиянды заттардың болу деңгейі және денсаулыққа қауіпті дәрежесі немесе мәдени-тұрмыстық қажеттілік үшін сумен пайдалануды шектеу арасындағы тәуелділікті айқындау жатыр.
Балық шаруашылығы су қоймаларында ластайтын заттарды мөлшерлеу. ШРК бш (балық шаруашылығы ШРК) – бұл зиянды заттардың максималды шоғыры, олардың әрдайым су қоймасында болғанда балық өлімі, балық түрлерінің жоғалуы, азықтық қатынаста бағалы түрлерінің ауысуы, су қоймасында мекендейтін балықтың тауарлық сапасының бұзылмауы байқалмайды.
Басқа сөздермен, ШРК бш – бұл су қоймасының суында ластайтын заттың максималды шоғыры, оның болуы жақын арада және болашақта балық шаруашылығының пайдалануын қиындататын балық шаруашылығының бағалығын төмендетпейтін салдарды көрсетеді.
Балық шаруашылығында пайдаланатын судың сапасына талаптар, шаруашылық-ауызсу және мәдени-тұрмыстық тағайынды су объектілерінің ұқсас талаптарына қарағанда, арнайы және қатаңдау. Міне, жуатын заттар үшін ШРК (мысалы, ОП-10) санитарлы нормадан 3 есе төмен, мұнай өнімдері – 6 есе, ал ауыр металдар, мысалы, цинк – 100 есе.
Ластайтын заттардың
ШРК орнату бойынша зерттеулер ағзаларда
– су бірлестігінің негізгі
Әр сынақ-ағзалар үшін міндетті түрде бақыланатын сынақ-өлшемдер айналымы орнатылған. Токсикалық және эвтрофикалық әсер ескеріледі.
Зерттейтін заттың максималды әсер етпейтін шоғырын есептеу үшін, лимиттік топ үшін, қор коэффициентінің қосындысын есепке ала отырып, шекті концентрацияны қолданады (ШК): а) заттың суда тұрақтылығы бойынша (Кс); б) гидробионттарда жиналу дәрежесі бойынша (Кн); в) токсикалық әсердің жиналу дәрежесі бойынша (Ккум):
Су ластайтын және гидробионттар үшін токсинды заттардың төрт қауіптілік класы бөлінген: I – аса қауіпті ластайтын заттар; II – жоғары қауіпті ластайтын заттар; III – қауіпті ластайтын заттар; IV – бірқалыпты қауіпті ластайтын заттар. IV класта, су қоймасының экологиялық жағдайының өзгеруінде болатын заттар көрсетілген. Заттарды нақты бір қауіптілік класына кіргізгенде, ШРК шамасы бойынша заттың токсинділігін, осы заттың су қоймасындағы тұрақтылығын және оның 3кестеге сай кумулятивтік қасиеттерін ескереді.
3кесте Гидробионттар үшін химиялық заттардың қауіптілік класы
Заттың қауіптілік класы |
ШРК, мг/л |
Заттың тұрақтылығы, тәулік |
Материалды кумуляция (Кн) |
I |
0,00001…0,0001 |
180 артық |
200 артық |
II |
0,0001…0,001 |
60…180 |
51…200 |
III |
0,001…0,01 |
10…60 |
1,1…50 |
IV |
0,01 артық |
10 кем |
Жиналмайды |
Тәжірибеде, міндетті түрде материалды және функционалды кумуляция бойынша заттың кумулятивтік қасиетін біледі. Материалды кумуляцияны сандық бағалау үшін жиналу коэффициентін пайдаланады (Кн), ол балық ағзасындағы заттың (мг\кг) максималды мөлшерінің оның судағы шоғырына (мг\л) қатысы. Заттың функционалды кумуляциясын бағалауды функционалды кумуляция коэффициенті бойынша өткізеді. Кумуляция көрсеткіштері барлық өмірлік кезеңдерде өткізіледі: уылдырық, құрт, жас, үлкен балық.
Судың ластануы және оның сапасының төмендеуі ондағы токсинді немесе нашар иісті заттардың болуынан ғана емес, сондай ақ су объектісінің экологиялық жағдайын және қызмет істеу тәртібін анықтайтын физико-химиялық, биологиялық, микробиологиялық көрсеткіштердің өзгеруінен (еріген оттегінің мөлшері, судың температурасы, рН, минералды құрамы және т.б.).
Су пайдаланатын
құрылғыдағы судың құрамы мен
қасиеті алынған
Ауыл шаруашылығында, егінді суаруда (ЕС) пайдаланылатын ағынды сулардың сапасын мөлшерлеу. Ағынды сулар ЕС тек қана арнайы тазартқаннан және дайындықтан кейін ғана пайдаланылады. ЕС-да ағынды суларды пайдаланудың мүмкінділігі мен орындылығы олардың құрамы және қасиетімен, соның ішінде тыңайтқыш бағалылығымен анықталады, сонымен қатар, геологиялық, гидрогеологиялық және климаттық жағдайларға, жер бедеріне, топырақ жамылғысына, өсімдіктердің түрлік құрамына және басқа да факторларға байланысты.
Ағынды сулармен
суару мүмкіндігі туралы шешімді
әр нақты жағдайда, суды пайдалану
және қорғауын реттеу бойынша мекемемен,
ауыл шаруашылық мекемелерімен және
мемлекеттік санитарлы
Ағынды сулардың қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша қажеттілігін бағалау үшін – арнайы заттардың болуы, ФАО кепілденген ШЕШ шамамен алынған нормаларды пайдаланады (4кесте).
4кесте Суару суларында ауыр металлдардың және фтордың шектелген концентрациялары
Элемент |
Барлық топырақтар үшін |
Ауыр түйіршіктелген құрамды және рН 6,0…8,5 топырақтарда 20 жылға дейін пайдалану үшін |
Элемент |
Барлық топырақ тар үшін |
Ауыр түйіршіктелген құрамды және рН 6,0…8,5 топырақтарда 20 жылға дейін пайдалану үшін |
Al |
5,0 |
20,0 |
F |
1 |
15 |
Cu |
0,2 |
5,0 |
Li |
2,5 |
2,5 |
Be |
0,1 |
0,5 |
Mn |
0,2 |
10,0 |
Cr |
0,1 |
1,0 |
Mo |
0,01 |
0,05*** |
Cd |
0,01 |
0,05 |
Ni |
0,2 |
2,0 |
Co |
0,05 |
5,0 |
Pb |
5,0 |
10,0 |
Fe |
0,5 |
20,0 |
Zn |
2,0 |
10,0 |
Суаруға пайдаланатын ағынды сулар, жоғары және сапалы өнім алу, сонымен қатар топырақ құнарлылығын арттыру мақсатында суару суларына қойылатын агромелиоративті талаптарға сай болулары керек. Қазіргі кезде ағынды сулардың ауыл шаруашылық дақылдарын суару үшін қажеттілігі рұқсат етілетін минерализациямен және органикалық заттар шоғырымен анықталады (5кесте).
5кесте Әр түрлі топырақтарды суаруға пайдаланатын ағынды сулардың сапалық құрамына қойылатын талаптар
Информация о работе Қоршаған ортаға әсер етуді басқару ұғымы мен мәні