Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Мая 2013 в 07:44, реферат
I Қоршаған ортаға әсер етуді басқару ұғымы мен мәні
1.Қоршаған ортаға әсер етуді басқару
2.Қоршаған ортаның сапасын бақылау
3.Қоршаған ортаға әсер етуді бақылау әдістері
Қоршаған ортаның физикалық факторларын мөлшерлеу
Физикалық орта түрлі табиғаттың факторларының қосындысын құрайды, олар ағзаға энергетикалық әсер етеді. Физикалық факторлар – энергияның әр түрін таратушылар мыналар: серпінді толқындар (дыбыс, вибрация, инфра және ультрадыбыстар); инерциялы күштер (жеделдету); энергетикалық өріс (гравитациялық, электр, электромагниттік); космостық және радиоактивті корпускулярлы ағындар). Соңғы уақытта, физикалық факторларды мөлшерлеу қажеттілігі осы факторлардың өсуімен көрсетілген; әсер ету тәртібі мен ұзақтылығының өзгеруімен; табиғи жағдайларға сипатты емес қосылыстардың өздері арқылы және басқа да факторлар арқылы пайда болуы.
Қазіргі кезде, физикалық факторларды мөлшерлеу ағзаға әсер ететін факторлардың сандық сипаттарын, олардың көрсету деңгейіне, әсер ету ұзақтылығына және тәртібіне байланысты орнатылады. Ол үшін биологиялық үлгілерде (жануарларда) тәжірибе және адамдарды бақылау жүргізіледі.
Физикалық факторлар ортаның айырылмас бір бөлігі болғандықтан, тірі ағзалар көп немесе аз болсада оларға үйренген. Физикалық факторлар үшін мөлшер болып, фактордың әбден болмауы емес, ал оның айқындылығының нақты бір деңгейі болады. Сондықтан, қоршаған ортаның физикалық факторларын мөлшерлеу үш нормативті шаманы орнатуда бекітіледі: минималды қажетті деңгей (МҚД), оптималды және шектеу етілген деңгей (ШЕД). Осыған байланысты, қазіргі кезде, физикалық факторлардың әсері деңгейінің жоғарылауы бақыланып жүр, зиянды әсер етудің ең жоғары мәні ШЕД жатады.
Толқындық табиғаттың
физикалық факторларын
Кейбір физикалық факторлардың (шу, температура, жарық) әсер ету күші мен сипаты тәулік уақытынан, адамдардың бос еместігінен тәуелді. Сондықтан, осы факторлардың әсер ету нормативтері адамның әр жерде болуынан және тәулік уақыты үшін тәуелді.
Ағзаға физикалық факторлардың әсер ету кезінде басқа бір заттың келмеуі емес, ал энергияның бір түрі әсер ететіні байқалады. Материалды кумуляцияның болмауы нормативтерді орнату кезінде мөлшерлік ыңғайды күрделендіреді.
Қоршаған орта объектілерінде биологиялық ластаушыларды мөлшерлеу
Биологиялық ластану экожүйелерге әкелетін және оларға жат ағзалардың көбеюімен немесе ағзалардың анықталған деңгейден жоғарылауымен байланысты. Олар:
· Антропогенді және зоогенді текті патогенді микроорганизмдер (бактериялар, вирустар), шартты-патогенді микроорганизмдер;
· Паразиттер (лямблийлер, дизентериялық амебалар, аскаридалар);
· Патогенсіз микроорганизмдер – биологиялық белсенді қосылыстардың продуценттері;
· Су қоймаларында көп мөлшерде дамитын фитопланктондар.
Биологиялық ластаушыларды регламенттеу, бірінші және екінші топқа жататын, негізінде жататын басты ұстаным – эпидемиялық қауіпсіздік ұстанымы. Осы ұстанымды ескере отырып, ауызсу, тұзсыз және теңіз су қоймаларының суының, рекреацияда пайдаланылатын судың, орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету, малту бассейндерінің және ағынды сулардың сапасының нормативтері, топырақ жағдайының микробиологиялық (санитарлық) нормативтері орнатылған.
Нормативті деңгей
ретінде, су қоймалардың суынан патогенді
бактериялар және ішек вирустары
бөлінбейтін, олардың өнеркәсіптік-
Ауызсудың эпидемиялық қауіпсіздігі, оның микробиологиялық және паразитологиялық көрсеткіштерге сәйкестігімен анықталады. Ауызсудың колииндексі (1дм3 суда ішек таяқшасының саны) 3 аспауы керек.
Үстіңгі су қоймаларында және жер асты суларында негізгі мөлшерлейтін көрсеткіш, колииндекс және 1см3 сапрофиттік бактериялардың саны. Үстіңгі су қоймаларында, тазарту құрылғыларының толық емес кешені бар, немесе жоқ болған жағдайда колииндекс 5000 нан және аспауы керек, және тазарту құрылғыларының толық кешені бар су қоймаларында 1000. Зарарсыздандырудан өтетін жер асты суларында колииндекс 10 нан аспауы керек, зарарсыздандырылмайтындарда 3. Шаруашылық ауыз су мақсаттары үшін пайдаланылмайтын рекреациялық мақсаттарда колииндекс 5000 нан аспауы керек. Сапрофитті бактерия саны 5*106 кл\мл аспауы керек.
Ішекті патогенді біржасушалылармен (лямблии, дизентериялық амебалар), гельминттармен (тениидтер, аскаридалар) және олардың жұмыртқаларымен көрсетілген паразиттердің ауызсуда және су көздерінің суында болуы рұқсат етілмейді. Актиномицеттерге бірреттік кездесу рұқсат етіледі.
Ауаның, қалыпты жағдайда, бактериалды және вирусты патогенді инфекциялардың таралуында маңызы жоқ. Аэрогенді инфекциялардың таралуында маңызды рольды жабық бөлмелердің, әсіресе ауруханалардың ауасы атқарады. Жабық бөлмелердің ауасының микробтық ластану нормативтері тек қана операция бөлмесі және перинаталды үйлер үшін орнатылған.
Топырақтың белсенді микробтық ластануы егін суаруда шаруашылық-тұрмыстық ағынды суларын пайдаланумен байланысты. Топырақта келесі көрсеткіштер бойынша патогенді микроорганизмдер мен паразиттер болады: термофильды бактериялардың титры; колититр (топырақтың ең аз салмағы, онда бір ішек таяқшасы бар); клостридиум бактериясыныңтитры; патогенді микроорганизмдердің титры; гельминттердің жұмыртқалары және құрттары; синантропты масалардың жұмыртқалары және құрттары.
Топырақтың санитарлық жағдайын бірнеше көрсеткіштер бойынша бағалайды, соның ішінде санитарлы мөлшер бойынша, яғни, ақуыздық азоттың жалпы органикалыққа қатынасы.
Әр түрлі микроорганизмдердің
(актиномицеттер, бактериялар және т.б.)
микробиологиялық синтезінің үрдісін
пайдалану патогенсіз микроорга-низмдер-
ШРК шамасы, үнемі
шекті (иммунотоксикалық, дисбиотикалық,
ішкі мүшелерде микроорганизмдердің
диссеминациясы) лимитті әсерден
шыға отырып орнатылады. Шекті шоғырды орнату негізінде,
химиялық заттарды мөлшерлегенде де, тәуелділікті
талдау мөлшер – уақыт – нәтиже жатыр.
Микроорганизмдер-
СӨЖ тапсырмасы: Экожүйелердің экологиялық тұрақтылығы. Экожүйелердің буферлік сыйымдылығы талдау жасау.
Бақылау сұрақтары:
1. Табиғи ортаға әсер ету стандарттары қалай құралады?
2. Ластаушы заттардың жол берілетін шығару нормасын белгілеу қалай жүреді?
3. Шексіздік Төтенше жағдай зоналарын немесе экологиялық апат зоналарын анықтау үшін бағалау тәртібі қандай?
4. Қоршаған ортаның химиялық факторларын мөлшерлеу қалай жүргізіледі?
5. Қоршаған ортаның физикалық факторларын мөлшерлеу қандай негізде жасалады?
6. Қоршаған ортаның биологиялық факторларын мөлшерлеу қандай табиғи объектілерде жасалады?
7.Физикалық орта түрлі табиғаттың факторларының қосындысын құрайды, олар ағзаға қалай әсер етеді?
6 Қоршаған орта компонентерінің сапасын нормалау
1.Атмосфералық ауаның ластану мөлшерін нормалау
2.Су сапасын нормалау
3.Топырақ сапасын нормалау
4.Тамақ өнімдері мен тұтыну заттардың сапасын нормалау
1. Ауадағы ластайтын заттарды мөлшерлеу
МСТ сәйкес ауаның ластануы деп, оның құрамының, қосындылардың болуына қарай, өзгеруін айтады. Қосынды деп (сол МСТ бойынша), ауа таралған, оның қалыпты құрамында болмайтын затты айтады. Ауа сапасының өлшемі ретінде ШРК орнатылған – ауадағы қосылыстардың максмималды шоғыры, анық орталанған уақытта белгіленген, ол адамның бүкіл өмірі мерзімінде немесе мерзімдік әсер кезінде оған зиянды әсер тигізбейді.
Ауа қабатын санитарлы бағалау үшін ШРК үш түрін қолданады: ауаға – ортатәуліктік ШРК (ШРК о.т.) және максималды бірреттік ШРК (ШРК м.б.), оларды өзара байқауларды орташалау мерзімі бойынша айырады; жұмыс аумағы үшін - жұмыс аумағының ШРК (ШРК ж.а.).
Максималды бірреттік
ШРК (байқауды орташалау уақыты 20…30
мин) ластайтын заттардың
Ортатәуліктік ШРК жалпытоксикалық немесе арнайы әсер тудыратын ауа ластаушыларының үнемі әсерін болдыртпауға арналған.
ШРК м.б – бұл ауаны жұтқан кезде 30 минут ішінде адамда рефлекторлық реакция тудыртпауға тиісті ластаушылар шоғыры. Ортаға маңызды зиянды жоғары қысқашауақытты токсинды заттармен ластаушылар әкеледі. Осы немесе басқа ластаушының ең жоғары шоғыры орнатылған ШРК м.б аспауы тиіс.
ШРК о.т. – адамға, бүкіл өмірінде ауаны жұтқанда, тікелей немесе жанама кері әсерін тигізбейтін тұрғылықты жерлердің ауасындағы химиялық заттардың шоғыры. Ортаның ластануы бойынша барлық есептер ШРК о.т. бойынша жүргізіледі, егер де бұл көрсеткіш болмаса, ШРК м.б бойынша.
ШРК ж.а.(жұмыс аумағындағы ауадағы химиялық заттың шектеу етілген шоғыры) – бұл демалыс күндерінен басқа, күн сайын 8 сағат жұмыста немесе жұмыс күнінің басқа ұзақтылығы кезінде, бірақ барлық жұмыс өтілі мерзімінде аптасына 41 сағаттан артық емес уақытта, зерттеудің қазіргі әдістерімен табылатын, жұмыс үрдісі немесе қазіргі және болашақ ұрпақ өмірі кезінде болатын, денсаулықта ауру немесе басқа да өзгерістер тудырмайтын шоғыр.
Максималды бірреттік және орташаауысымдық ШРК бар. Біріншіні өнеркәсіпте немесе ауыл шаруашылығында пайдаланылатын химиялық заттардың барлығы үшін орнатады. Орташаауысымдық ШРК кумулятивтік қасиеттерге (яғни, ағзада жиналуға қабілетті және үнему улануды тудыратын) ие болатын, химиялық заттарға арналған максималды бірреттікпен бірге әзірлейді.
Зиянды әсер ерекшеліктеріне байланысты ШРК тізіміне, теріге және көзге тамғанда, аллергия тудыратын, канцерогенді, бағытталған және фиброгенді әсер кезінде заттың қауіптілігі туралы белгілер енгізеді.
ШРК заттың қауіптілік сыныбына байланысты, ол ӨД50 орташаөлімдік мөлшерінен, ішке, теріге түскенде, ауаны жұтқанда және басқа да көрсеткіштер бойынша анықталады.
Заттардың төрт қауіптілік класы бар: I –аса қауіпті; II-жоғары қауіпті; III-орташа қауіпті; IV-аз қауіпті. I және II сыныптағы заттар үшін токсикалық шоғырға жету қауіптілігі ШРК жоғарылау жағдайында аса жоғары (2 кесте).
2кесте. Ауадағы кейбір лас заттардың ШРК
Ластайтын зат |
ШРК о.т., мг\м3 |
ШРК м.б., мг\м3 |
Қауіптілік сыныбы |
Бенз(а)пирен |
0,000001 |
- |
1 |
Сынап |
0,0003 |
- |
1 |
Қорғасын |
0,0003 |
- |
1 |
Хром оксиді |
0,0015 |
0,0015 |
1 |
Азот диоксиді |
0,04 |
0,85 |
2 |
Кадмий оксиді |
0,001 |
- |
2 |
Марганец оксиді |
0,001 |
0,01 |
2 |
Мырыш |
0,002 |
- |
2 |
Метилмеркаптан |
- |
9*10-6 |
2 |
Мышьяк |
0,003 |
0,003 |
2 |
Никель |
0,001 |
- |
2 |
Күкіртсутек |
- |
0,008 |
2 |
Күкірткөміртек |
0,005 |
0,03 |
2 |
Фенол |
0,003 |
0,01 |
2 |
Формальдегид |
0,003 |
0,035 |
2 |
Фторлы сутегі |
0,005 |
0,02 |
2 |
Хлорлы сутегі |
0,2 |
0,2 |
2 |
Күкірт диоксиді |
0,05 |
0,5 |
3 |
Азот оксиді |
0,06 |
0,4 |
3 |
Шаң |
0,15 |
0,5 |
3 |
Цинк |
0,05 |
- |
3 |
Аммиак |
0,04 |
0,2 |
4 |
Көміртегі оксиді |
3,0 |
5,0 |
4 |
Информация о работе Қоршаған ортаға әсер етуді басқару ұғымы мен мәні