Қоршаған ортаға әсер етуді басқару ұғымы мен мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Мая 2013 в 07:44, реферат

Краткое описание

I Қоршаған ортаға әсер етуді басқару ұғымы мен мәні
1.Қоршаған ортаға әсер етуді басқару
2.Қоршаған ортаның сапасын бақылау
3.Қоршаған ортаға әсер етуді бақылау әдістері

Файлы: 1 файл

Дәрістік курс.doc

— 1.09 Мб (Скачать)

·                   Тамақ өнімдерін сақтағанда, сонымен қатар түрлі технологиялық және кулинарлық өңдеу кезінде заттың және оның метаболиттерінің қалдықтарының төзімділігін анықтау.

Тамақ өнімдерінде  зиянды заттардың болу нормативтерін  бекіткен кезде келесі ұстанымдармен  басшыланады:

·                   Заттың адамның тәуліктік рационындағы мөлшері адам үшін арналған шектелген тәуліктік мөлшерден (ШТМ) аспауы керек; онда адам ағзасына басқа орталардан (судан, ауадан) түсетін заттарды да ескерген жөн;

·                   Заттың ШҚК әр тамақ үшін, осы заттың қосынды мөлшері барлық өнімде ШТМ аспау керегін ескере отырып, орнатады.  

Айқындалған кумулятивтік қасиеттерге ие, сыртқы ортаның факторларына және жоғары температураға төзімді жоғарытоксинды заттар тамақ өнімдерінде болмау керек.  

Токсинды заттардың, балалардың және диеталық тамақта, сүтте, сәбізде, жидектерде (таңқурай, жидекте) болуы  жіберілмейді. 

Кумуляция коэффициенті 2…3 болатын, гигиеналық топтама бойынша II топ төзімділігіне жататын заттар тамақтың негізгі өнімдерінде – нанда, күріште, картопта, етте болмауы керек. 

Нормативті бекіткен кезде, берілген токсикант болғанда ғана көңіл  аударылады. Мысалы, пестицидтер үшін – осы препараттармен өңделетін, өсімдіктер мен жануарлардан алынған өнімдер. Сонымен, ШТМ өнімдердің барлығына емес, тек токсикант бар өнімге ғана таралады.

ШРК (ШҚК, МШД) шамасын  анықтау. Жоғарыда айтылғандай, адам ағзасына әр ортадан түсетін ластайтын заттың қосындысы адам үшін шектелген тәуліктік мөлшерден аспауы керек. Адам үшін бұл мөлшер тамақ өнімдерінен, сумен, ауамен түсетін ластайтын заттан құралады, және формуламен көрсетілуі мүмкін: 

 

ШТМ = Штр + Шс + Ша, 

 

Мұнда ШТМ –  адам үшін заттың шектелген тәуліктік мөлшері; Штр, Шс, Ша – тамақ рационында, суда, ауада шектелген зат саны.

Қазіргі кезде пайдаланылатын пестицидтердің көбі адам ағзасына тамақ арқылы түседі, ол 80% құрайды, сондықтан шамамен Штр = 0,8 ШТМ.

Адам үшін заттың ШТМ анықтауын жануарларға арналған бірдей мөлшерді есептеуден бастайды. Бұл мөлшер, зертханалық жануарларда (ең сезімтал) токсикологиялық үнемі тәжірибеде орнатылған, шекке жақын мөлшер болып табылады. Әрі қарай, шекке жақын мөлшерді қор коэффициентіне (Кқ) бөледі. Берілген коэффициент, адам үшін ШТМ орнату үшін, жануарларға ШТМ неше есе рет азайту керек екенін көрсетеді. Қор коэффициентінің мәні заттың қасиетіне байланысты (қауіптілік сыныбы, кумуляцияға қабілеттілік, сыртқы орта факторларына төзімділік, алыс әсерлерді тудыру мүмкіндігі, мысалы ұрыққа ауысып, ұрпаққа кері әсер тигізу және т.б.), сонымен қатар адамның және зертханалық жануар түрінің затқа деген салыстырмалы сезімталдығына байланысты. Қор коэффициентінің мәні 30 дан 100 ге дейін өзгереді. Оны келесі негіздер бойынша орнатады:

·        Сыртқы ортада жоғары төзімділік көрсететін және айқындалған кумулятивті қасиетке ие болатын заттар үшін (II қауіптілік класы) жануарлар үшін ШТМ ондық бөлікті құрайды; ұсынылған қор коэффициенті 100;

·        Сыртқы ортада төзімділік көрсететін және айқындалған кумулятивті қасиетке ие болатын заттар үшін, жануарлар үшін ШТМ 1…5 мг\кг, Кқ 50 ден 100 ге дейін;

·        Сыртқы ортада бірқалыпты төзімділік көрсететін және айқындалған кумулятивті қасиетке ие болатын заттар үшін (III және IV қауіптілік класы) жануарлар үшін ШТМ 5 мг\кгден көп, Кқ 30дан 50ге дейін. 

 

СӨЖ  тапсырмасы: ШҚК есептеу.  ШҚК есептеу үшін, адамның тәуліктік рационындағы өнімнің жалпы салмағын білуіміз керек, онда бағаланатын лас зат болуы мүмкін. ШҚК анықтау үшін, тамақ өнімдерімен келіп түскен лас заттың тәуліктік мөлшерін өнімнің жалпы салмағына (онда осы зат болуы мүмкін) бөлу керек. Шамаланған есептер үшін, адам тәулігіне өсімдіктес өнімнің 0,9 кг пайдалануын алу керек. 

 

Бақылау сұрақтары

1. Заттардың қанша қауіптілік класы бар?

2. Судың сапасы дегеніміз не?

3. Шаруашылық-ауызсу және мәдени-тұрмыстық қажеттіліктегі су қоймаларындағы химиялық заттарды мөлшерлеу.

4. Ауыл шаруашылығында, егінді суаруда (ЕС) пайдаланылатын ағынды сулардың сапасын мөлшерлеу.

5. Топырақтағы химиялық затты анықтағанда, зерттеулер зияндылықтың қандай көрсеткіші бойынша жүргізеді?        

6. Топырақтағы ластайтын заттарды мөлшерлеу теориясының талаптары қандай?        

7. Тамақ өнімдеріндегі ластайтын заттарды мөлшерлеудегі міндеттері

 

 

 

7 ҚОЭЕБ қоршаған ортаға тигізілетін әсерді бағалау және экологиялық сараптама.

1.ҚОЭЕБ міндеттері және қызметтері, ұстанымдары

2.Қазақстанда ҚОЭЕБ жүргізу ерекшеліктері

3.ҚОЭЕБ саласындағы дүние жүзілік тәжірибе 

 

Қоршаған ортаға әсердi бағалау (бұдан әрi - ҚОӘБ) қабылданатын басқарушылық және шаруашылық шешiмдер түрлерiнiң экологиялық және басқа да зардаптарын анықтау, қоршаған ортаны сауықтыру, табиғи экологиялық жүйелер мен табиғи қорлардың жойылуын, азуын, сарқылуын болдырмау жөнiнде нұсқауларды әзiрлеу мақсатын ҚОӘБ-да жүргiзiледi.

ҚОӘБ көзделiп отырған нақты ауқымды және (немесе) экологиялық қауiптi объектiлер мен құрылыстарын құруды (дамытуды, қайта құруды, консервациялауды, жоюды) реттейтiн жобалық құжаттама үшiн жасалып отыр және онымен бiр топтамада келiсу үшiн мемлекеттiк экологиялық сараптамаға ұсынылады.

ҚОӘБ келесi жобалық құжаттамалар үшiн жасалады:

1) Кешендер, құрылыс нысандары мен мекемелердi салудың, өлкенi немесе өнеркәсiп салаларын өркендету бағдарламаларының мәндерiн тұжырымдаудың алғашқы сатысында.

2) Халық орналасқан жерлердi, қалалар мен ауылдарды, облыс орталықтарын орналастыру жоспарларын дайындау кезiнде.

3) Кешендер, құрылыс нысандары мен мекемелердi салудың қайта жабдықтау, кеңейту, жаңарту Техникалық негiздемелерi мен есептерiн даярлау кезiнде.

4) Материалдарды, технологиялар мен техникаларды сертификаттау кезiнде, және де кешендердi, құрылыс нысандарды, мекемелердi салуға арналған неше түрлi жобаларды жасау кезiнде.

5) Өнiм қалдықтарымен айналысқан кезде, табиғатты пайдалану мақсатында алатын рұқсатты негiздемелеу кезiнде.

6) Халықты экологиялық жағынан қауiпсiздендiру және табиғатты қорғау үшiн жасалатын әдiстемелiк құжаттарды даярлау кезiнде.

Қолданыстағы объектiлерге арналған ҚОӘБ рәсiмi экологиялық аудит саласындағы нормативтiк-әдiстемелiк құжаттармен реттеледi.

ҚОӘБ төмендегiдей қағидаттардың негiзiнде жүзеге асырылады:

1) кiрiктiрiлу (кешендiлiк) - көзделiп отырған қызметтiң қоршаған ортаға, жергiлiктi тұрғындарға, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсiпке әсер ету мәселелерiн қарастыру оларды технологиялық, техникалық, әлеуметтiк, экономикалық, жоспарлаушылық және басқа да жобалық шешiмдермен өзара байланыстыра отырып жүзеге асырылады;

2) баламалылық - зардаптарды бағалау көзделiп отырған қызметтен бас тарту нұсқасын ("нөлдiк" нұсқаны) қоса алғанда жобалық шешiмдердiң баламалық нұсқаларын мiндеттi түрде қарастыруға негiзделедi;

3) жеткiлiктiлiк - ҚОӘБ өткiзу кезiнде нақтылау дәрежесi көзделiп отырған қызмет қоршаған ортаға, жергiлiктi тұрғындарға, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсiпке әсерiнiң экологиялық маңыздылығымен айқындалатын дәрежеден төмен болмауы тиiс;

4) сақтау - көзделiп отырған қызмет аумақтар мен су айдындарының биологиялық сан алуандылығының азаюына, биологиялық өнiмдiлiгi мен массасының төмендеуiне, сонымен қатар көзделiп отырған қызмет ықпалының аймағындағы биосфераның табиғи құрамдас бөлiктерiнiң өмiрлiк маңызды қасиеттерiнiң нашарлауына әкеп соқпауы тиiс;

5) сыйысымдылық - көзделiп отырған қызмет жергiлiктi тұрғындардың өмiр сүру сапасын нашарлатпауға және шаруашылық қызметтiң басқа түрлерiне, ауыл шаруашылығына, жануарлар мен өсiмдiктер әлемiне орны толмас зиян келтiрмеуге тиiс;

6) икемдiлiк - ҚОӘБ барысы көзделiп отырған қызметтiң нақты сипаты мен құжаттама түрiне байланысты, талдаудың ауқымы, тереңдiгi мен түрiне орай өзгередi;

7) жұртшылықтың мiндеттi түрде қатысуы - ҚОӘБ өткiзiлуi барысында жұртшылықтың ҚОӘБ туралы ақпаратқа қол жеткiзе алуы қамтамасыз етiледi және қоғамдық тыңдаулар (ҚОӘБ материалдарының қоғамдық талқылаулары) өткiзiледi.

Әлемнің дамыған елдерінде қоршаған ортаны ластауға рұқсат беру қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалау негізінде кешенді жүзеге асырылады.        

 Бұл қағидаттың бір құқықтық көрінісі әлемнің көптеген елдерінің экологиялық заңнамасына енгізілген қоршаған ортаға әсерді бағалау тәртібі болып табылады. Осындай елдер қатарына Қазақстан Республикасы да кіреді.        

 Қазақстанда, әдетте, ТМД-ның басқа елдеріндегідей, қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалаумен қатар, мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізіледі. Мемлекеттік экологиялық сараптамамен ажырағысыз болатын қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ) шаруашылық қызметті алдын ала экологиялық бақылаудың тетігі болып табылады.

Қоршаған ортаны превентивтік қорғау немесе қоршаған табиғи ортаға теріс антропогендік әсердің алдын алу қағидаты әлемнің көптеген елдерінде кең қолдау тапқан.

Бұл орайда өңірдегі экологиялық ахуалды, қоршаған ортаның  аялық жай-күйін ескере отырып, ластаушы заттар эмиссиясының рұқсат етілген  көлемдерін ғылыми негіздеу, табиғат  пайдаланудың ерекше жағдайларын белгілеу қамтамасыз етіледі. Қоршаған ортаның ластануын нормалау халықтың денсаулығына және қоршаған ортаның жай-күйіне зиянды әсер етудің салдарларын барынша ескере отырып жүргізіледі, сондай-ақ жоспарланатын қызметтің әлеуметтік-экономикалық салдарлары да ескеріледі.

Мемлекеттік экологиялық  сараптаманың қорытындылары негізінде  кәсіпорындар жыл сайын қоршаған ортаны ластауға рұқсат алады.        

2004 жылы халықаралық тәжірибені пайдалана отырып, табиғат пайдаланушылар қызметінің жобалық шарттарының ықтимал өзгерістерін ескере отырып, рұқсаттардың қолданылу мерзімін оларды ұлғайту жағына қайта қарау арқылы рұқсат беру жүйесі оңтайландырылды. Бұл кәсіпорындар санының тұрақты өсуін ecкepe отырып, түсетін құжаттамаға талдау жасауға үстірт көзқарас болмауы үшін қажет.

Бұдан басқа, Қазақстанда  жаңа нарықтық жағдайларда табиғат  пайдалануды реттеу процесіне жұртшылықты  тартуға мүмкіндік беретін пәрменді тетік болуға тиіс қоғамдық экологиялық  сараптаманы жүргізу заңдық тұрғыдан бекітілген. Бұл мақсатта, үкіметтік емес ұйымдарды (YЕҰ) табиғат қорғау қызметіне неғұрлым белсендірек тарту, олардың ғылыми және шығармашылық әлеуетін, үкіметтік емес ұйымдардың мүмкіндіктері мен ресурстарын қоғамдық экологиялық сараптама жүргізуге, оның ішінде заңнамалық актілерді әзірлегенде, экологиялық жобаларды қалыптастырғанда, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен экологиялық ахуалдың мониторингін өткізгенде кеңірек пайдалану қажет. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы N 253 қаулысымен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасының қабылдануын ескере отырып, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы YEҰ-ны экологиялық жобаларды іске асыруға, қоғамдық экологиялық сараптама өткізуге қатысуға тартуға нақты мүмкіндік ашылды.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасындағы экологиялық мониторингті дамытудың деңгейі қазіргі заманғы талаптарға жауап бермейді.

Өлшеу аппаратурасымен жарақтануы қажетті деңгейдің 40-тан 80%-інe дейін бола отырып, бақылау пункттерінің мемлекеттік желісі олардың оңтайлы санының 20%-ін ғана құрайды. Бақылау және өлшеу техникалық құралдарының тозуы алынатын ақпараттың көлемі мен растығының азаюына әкеледі.

Түрлі министрліктер  мен ведомстволар мониторингінің жүйесін  жеткіліксіз ведомствоаралық үйлестіру қоршаған ортаның жай-күйін толық көлемде әділ бағалауды жүзеге асыруға және уақытылы жедел ақпарат алуға мүмкіндік бермейді.

Ведомстволық  мониторингтің барлық кәсіпорындары  мен мекемелерін, сондай-ақ өндірістік мониторинг жүйелерін енгізе отырып, геоақпараттық жүйелер негізінде қоршаған орта мен табиғи ресурстардың экологиялық мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін құру жөніндегі шараларды шұғыл түрде қабылдау талап етіледі.

Оның жұмыс  істеуі үшін ақпаратты жинау, жүйелеу, сақтау және тарату үшін экологиялық ақпарат қорын құру, бақылау және өлшеу жүйелерінің қазіргі материалдық-техникалық базасын жаңғырту, барлық мүдделі мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын ұйымдастыру үшін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау қажет.        

 Қазақстан құрамына 10 шақты заң мен 200-ден астам заңға тәуелді нормативтік құжаттар кіретін дамыған экологиялық заңнамаға ие.      

 Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын жетілдіру саласында ең алдымен, дамыған елдердің экологиялық заңнамасына жақындату және халықаралық стандарттарды енгізу бағыты алынған.      

   Бірінші кезеңде, пәрмені қоршаған ортаның жай-күйіне әсер етуі мүмкін Қазақстан Республикасының барлық басқа да заң актілеріне табиғат қорғау нормаларын енгізу қажет.

2004 жылы міндетті экологиялық сақтандыруды енгізу жөніндегі және өндіріс пен тұтыну қалдықтарының мәселелері жөніндегі заң актілері дайындалады. Сақтандыру ұйымдарының қаражатты жинауы қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыру кезінде елеулі авариялар мен апаттар жағдайында да қоршаған ортаға зиянды өтеуге кепілдік беруі тиіс. Экологиялық аудит өз кезегінде кәсіпорындар мен ұйымдарға қоршаған ортаны ластаудың нормативтік көрсеткіштеріне экономикалық тұрғыдан ұтымды әдістерімен қол жеткізуге көмектесуі тиіс.         

 СӨЖ тапсырмасы: Қоршаған ортаға әсердi бағалау рәсiмiн талдау.  

 

Бақылау сұрақтары

1.                1. ҚОҚМ-ның Экологиялық реттеу және бақылау комитеіт қызметтерінің негізгі бағыттары қандай?

Информация о работе Қоршаған ортаға әсер етуді басқару ұғымы мен мәні