Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Мая 2013 в 07:44, реферат
I Қоршаған ортаға әсер етуді басқару ұғымы мен мәні
1.Қоршаған ортаға әсер етуді басқару
2.Қоршаған ортаның сапасын бақылау
3.Қоршаған ортаға әсер етуді бақылау әдістері
СӨЖ тапсырмасы: Табиғатты қорғау нормативтері мен ережелері бекітілген негізгі заңдарды (нормалар, ережелер, нұсқаулар, шешімдер, белгіленген тәртіптер, мемлекеттік стандарттар) анықтап, тізбесін жасау.
Бақылау сұрақтары
1. Қоршаған орта сапасын мөлшерлеу дегеніміз не?
2. Мөлшерлеу және стандартазациялау дегеніміз не?
3. Экологиялық мөлшерлердің атқаратын қызметті қандай?
4. Нормативті көрсеткіштер дегеніміз не?
5. Нормативті емес көрсеткіштер дегеніміз не?
6. Технологиялық стандарттар дегеніміз не?
7. Табиғи ортаның тазалық нормативтері дегеніміз не?
8. Қоршаған ортаны қорғау саласының қолданыстағы қандай нормативтік құқықтық актілері бар?
4 Санитарлық - гигиеналық нормативтер
1.Санитарлық-гигиеналық нормалаудың теориялық негіздері
2.Ағзалардың зиянды әсерлерге жауаптарының заңдылықтары
3.Өндіріс шарушылық нормативтері
1 Экологиялық нормативтер – антропогендік әсерлердің табиғи ортада залал келтірмейтін шегін белгілейды.Олардың құрамына экологиялық – гигиеналық және табиғи ортаға әсер ету нормалары кіреді. Кейбір тірі организмдер табиғи ортаның тазалығына адамнан да сезімтал келеді.Сондықтан нормалар олардың қалыпты жағдайда өмір сүру жағдайын ескеріп белгіленеді.
Нормативті жүйесі табиғи ортаның жұтаңдамауын, экологиялық байланыстардың бұзылмауын табиғат байлықтарының қалпына келуін, молаюын көздейді.Бұл нормативтер белгілі табиғат кешеніне антропогендік әсерлердің ғылыми дәлелденген шегі болып табылады.
Санитарлы-гигиеналық мөлшерлеу – бұл адам ағзасына зиянды факторлардың әсер ету жағдайларын үйрену бойынша және ағзаға қауіпсіз жағдайда олардың әсер ету ұзақтылығы мен жиілілік шегін әділетті дәйектеу бойынша қызмет. Санитарлы-гигиеналық мөлшерлеу, адамды қоршаған табиғи ортаға антропогенді әсерінің нормативтерін әзірлегенде, санитарлы-гигиеналық үйлесу (яғни, санитарлы-гигиеналық қалыптарды сақтау) негізінде құрылады.
Қоршаған орта сапасының негізгі санитарлы-гигиеналық нормативтері болып, химиялық және биологиялық ластайтын заттардың шекті рұқсат концентрациясы (ШРК) және физикалық факторлар әсерлердің шекті рұқсат деңгейлері (ШРД) табылады.
ШРК (сыртқы ортадағы химиялық қосылыстың шекті рұқсат концентрациясы) – бұл максималды концентрация, адам ағзасына әсер еткен кезде мерзімді немесе өмір бойы (экологиялық жүйелер арқылы тікелей немесе біреу арқылы, сонымен қатар мүмкін экономикалық зиян арқылы) соматикалық немесе психикалық аурулар (соның ішінде, жабық немесе уақытша орны толтырылған) немесе қабілетті физиологиялық реакциялар шегінен шыққан және тез арада немесе қазіргі және болашақ ұрпақ өмірі мерзімінде қазіргі әдістермен анықталатын денсаулық жағдайының өзгеруі.
ШРД мазмұны бойынша ШРК сәйкес.
Санитарлы-гигиеналық мөлшерлеу адамның барлық тіршілік ету ортасын алады: ауаны, өндірістік бөлмелердің, тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардың ауасын, ауыз суды су объектілерінің суын, топырақты, азық-түлікті.
Қазіргі кезде, Қазақстан Республикасында санитарлы-гигиеналық мөлшерлеудің мемлекеттің жүйесі қызмет атқарады, оған халықтың санитарлы-эпидемиологиялық хал-ахуалын қамтамасыз ету бойынша нормативті құжаттарды әзірлеуін, сараптауын, қарастыруын және бекітуін, қайта қарауын ұйымдастыру жатады. Берілген жүйенің құқықтық негізін ҚР «Халықтың санитарлы-эпидемиологиялық хал-ахуалы туралы» заңы анықтайды. Нормативтер денсаулыққа тікелей қауіптілігін бағалауға және мемлекеттік санитарлық бақылауды жүзеге асыруға, сонымен қатар шектеу етілген тастамдар мен ластауларды белгілеуге және оған рұқсат беруге негіз болады.
2 Қазіргі кезде, санитарлы-гигиеналық мөлшерлеуде ағзаға кері әсер ететін әсерлердің нормативтерін орнатуда үш тұжырым бар:
1. Шектеу тұжырымы, ол әр зат (фактор) үшін мөлшерден төмен ағзаға кері әсер етпейтін мөлшер бар екендігі қағидасында негізделеді.
2. «Тәуекелді бағалау» тұжырымы «қауіпсіздік шегін» емес, жоғарылатуға болмайтын шекті тәуекелді орнатуын қарастырады. Сонда да халыққа статистикалық шекте (5…10%) зиян әкелу мүмкіндігі қарастырылады. Яғни, жалпы қоғамға зиян әкелмей-ақ популяцияның бір бөлігіне ғана зиян әкелуі мүмкін. Бұл тұжырым АҚШ-та және кейбір еуропа елдерінде пайдаланылады және экономикалық, техникалық және басқа да пікірлермен дәйектеледі.
3. Шексіздік тұжырымы келесі қағидалармен негізделеді:
· Жеке шекті әсер, жеке дараққа тәжірибелі түрде орнатылған, нақты адамдардың ластайтын заттарға деген реакциялары жеке болғандықтан, ағза деңгейінен популяция деңгейіне ауысқан кезде популяция өлшеміне тура пропорционалды болып төмендейді;
· Ластанулардың синергизмі, антагонизмі, толтыру мүмкіндіктері туралы біздің білімдеріміздің қатыстылығы.
Біздің елімізде шексіздік тұжырымы әсер тудыратын қоршаған ортаның факторларын мөлшерлеу кезінде қолданады. Шекті мөлшерлерді есептеуді эпидемиологиялық мәліметтер негізінде жүзеге асырады.
Санитарлы-гигиеналық мөлшерлеу негізінде келесі негізгі ұстанымдар жатыр:
· Нормативтің зиянсыздығы (тура немесе жанама зиянды әсер ететін шоғыр рұқсат етілген);
· Ағзаға зиянды факторлардың әсерінің шектілігі (аллергендерден, мутагендерден басқа). «Барлық заттар у, у болмайтын бірде-бір зат жоқ. Тек қана мөлшер у мен дәріні айырады».
· Зиянды заттарға үйрену қолайсыз жағдай болып және берілген шоғырға рұқсат етілмеу дәлелдігі қарастырылады;
· ШРК ең сезімтал ағзалар бойынша және сезімтал үрдістер бойынша орнатады;
· ШРК ҚО жеке әр объектісіне орнатады (ауаға, суға, топыраққа, өсімдіктер және жануарлардан алынатын азық түлікке);
· Қолайсыз әсерлердің әр түрін ескереді (зияндық өлшемдері) – органолептикалық және жалпысанитарлық көрсеткіштерге әсері, рефлекторлық әсері, бір ортада басқа ортаға ауысу мүмкіндігі, халықтың санитарлық тұрмыс жағдайына әсері, токсикологиялық көрсеткіштер;
· ШРК соңғы көрсеткішін лимиттік көрсеткіш бойынша орнатады («әлсіз бөлім» ұстанымы бойынша);
· Адамға қолайсыз факторлардың көптүрлілік әсерін есепке алу, әсерлерді бірыңғай интегралды мөлшерлеудің қажеттілігі.
және оған рұқсат беруге негіз болады.
3 Өндірістік шаруашылық нормативтері кәсіпорындардың өндірістік әрекеттерінің табиғи ортаға әсерінің шегін белгілейді.Оларға технологиялық, қала құрылысы, рекреациялық, т.б. шаруашылық нормативтері жатады.
Технологиялық нормативтер – зиянды заттарды ауаға шығару, суға төгу, жер бетіне орналастыру,отын жағудың жол беретін шекті шамалары. Нормативтер табиғи ортаға ластаушы әрбір көзге белгіленеді және өндіріс түрімен, ластаушы заттардың сипатымен, шамасымен байланысты болады.
Құрылыс және қала құрылысы нормативтері – қалаларды және басқа елді мекендерді жоспарлау, жобалау және салу кездерінде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін белгіленеді.
Рекреациялық
нормативтер – табиғат
Табиғат қорғау, пайдалану нормативтері тұрақты немесе уақытша белгіленеді. Кейбір объективті себептермен тұрақты нормативтер белгілеу мүмкін болмағанда, уақытша нормативтер тағайындалады. Ғылыми – техникалық жетістіктерге сүйеніп нормативтер ұдайы қатандату бағытында өзгертіліп отырады. Өзгерту мақсаты – табиғи ортаға зиянды әсерлерді неғұрлым азайту.
СӨЖ тапсырмасы: Ағзалардың зиянды әсерлерге жауаптарының заңдылықтары талдау жасау.
Бақылау сұрақтары:
1.Санитарлы–гигиеналық нормалаудың қызметі және ол қалай құралады?
2.Санитарлы-гигиеналық мөлшерлеуде ағзаға кері әсер ететін әсерлердің нормативтерін орнатудағы үш тұжырым қандай?
3. Шексіздік тұжырымының негізгі қағидалары қандай?
4. Экологиялық норматив дегеніміз не?
5.Технологиялық нормативтерді қалай түсінесіз және олар немен байланысты?
5 Экожүйенің жай күйін нормалау
1. Экожүйелерді нормалық және патологиялық бағалау проблемасының сандық тәсілі. Экожүйеге зиянды заттардың қалдықтары мен шығындыларын шығарудың шекті рауалы мөлшері
2. Экожүйелердің экологиялық тұрақтылығы. Экожүйелердің буферлік сыйымдылығы. Экологиялық апат зоналары
3. Химиялық, физикалық және биологиялық ластаулардың ерекшелігі және олардың әсерін нормалау
Табиғаттың өте қиын жағдайдан апатты жағдайға ауысқан аумағы және антропогенді немесе табиғи әсерінін салдарынан әлеуметтік-экономикалық жағынан дәлелді деп танылған шаруашылықтың жүргізілуі мүмкін емес аумағы экологиялық апат аймағы деп танылады. Халықтың денсаулығының көрсеткіштері (бала өлімі, балалар мен ересектердің ауруға шалдығуы, психикалық ауытқулар және т.б.), мүгедек болып қалу жиілігі мен жылдамдығы бұл жерлерде көп есе артады, ал адамдардың өмір ұзақтығы статистика бойынша бұндай әсерге душар етпеген аумақтарға, немесе осы аумақта аталған әсер тап болмаған күндерге қарағанда төмен.
Өнімді экожүйенің құнарлығы төмен экожүйемен алмастыру процессі қайтарылмайтын түрде өтетін аумағы (даланың шөлейттенуі) экологиялық апат аймағына жатқызылады. Қайсыбір қорғау шараларын қолданған кезде де бұл аумақта орындалған іс-әрекеттер экономикалық залалға душар болады.
Экологиялық апат
аумағындағы экожүйе өзінің трофикалық
буынының үлес салмағының 50 пайызға
көбеюімен немесе азаюымен сипатталады.
Экожүйенің ішіндегі қарым-қатынастың
бұзылуы қайтарылмас түрде
«Төтенше жағдай зоналарын немесе экологиялық апат зоналарын анықтау үшін бағалау тәртібіне» сәйкес экологиялық жағдай экологиялық сәтсіздік деңгейінің жоғарлаумен келесідей жіктеледі:
а) қанағаттанарлық жағдай;
ә) қауырттылық;
б) өте қиын жағдай;
в) дағдарыс (экологиялық төтенше жағдай)
г) апатты жағдай (экологиялық апат зоналары)
Атомдық электр станцияларында жарылыстар салдарынан пайда болған жағдайларда келесі зоналар белгіленеді:
а) оқшаулау;
ә) көшіру;
б) көшірілу құқығы бар;
в) сауықтыру.
Заңда экологиялық апат зонасына келесідей сипаттама беріледі: «Егер қолайсыз экологиялық ахуал салдарынан халықтың денсаулығына елеулi нұқсан келтiрiлсе және (немесе) табиғи экологиялық жүйелер бұзылып, өсiмдiктер дүниесi мен жануарлар дүниесi азып-тозса, экологиялық ахуал төтенше аумақтар экологиялық апат аймақтары деп жарияланады.
Экологиялық апат аймақтары әрбiр жеке жағдайда өз кезегiнде төтенше экологиялық ахуалдың күрделiлiгi мен ауырлығына немесе осы жағдайға себеп болған факторларға қарай кiшi аймақтарға (экологиялық апаттар, экологиялық дағдарыс, экологиялық дағдарыс алдындағы жай-күйлер және басқалар) бөлiнедi.
Табиғи ресурстарды
молықтыру, қоршаған табиғи ортаны сауықтыру,
халыққа медициналық көмек
Экологиялық апат аймағында:
1) қолайсыз экологиялық жағдайдың пайда болуына себепшi болған шаруашылық объектiлерiнiң қызметi тоқтатылады:
2) адамның денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды ықпал ететiн ұйымдардың, цехтардың, агрегаттар мен жабдықтардың қызметi тоқтатыла тұруы мүмкiн;
3) табиғат пайдаланудың жекелеген түрлерiне шек қойылады;
4) қажет болған жағдайда адамдарды көшiру жөнiнде шаралар жүргiзiледi». Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерде экологиялық аймақтарды жариялау және қорғау мәселелері қарастырылған (сурет 5):
5 - сурет ҚР- ның нормативтік-құқықтық актілерінде қарастырылатын экологиялық қолайсыз аймақтарының мәселелері
Қоршаған ортаның химиялық факторларын мөлшерлеу
Химиялық заттар адам ағзасына тікелей зиянды әсер етуімен қатар (жалпытоксикалық немесе арнайы әсерлер – канцерогенді, мутагенді, аллергенді және т.б.), жанама зиян, сонымен қатар халық өмірінің санитарлы жағдайын нашарлатуға байланысты, оларды ҚО объектілерінде болуын мөлшерлеу кезінде, келесі қауіптілік өлшемдерін ескеру керек: токсикалық дәрежесі; арнайы әсерлерге қабілеттілігі; ҚО таралуы; адамның тағамға пайдаланатын ағзаларда және адам ағзасында кумуляциялауға қабілеттілігі; аса зиянды қосылыстарға ауысу қабілеттілігі.
Информация о работе Қоршаған ортаға әсер етуді басқару ұғымы мен мәні