Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Мая 2013 в 07:44, реферат
I Қоршаған ортаға әсер етуді басқару ұғымы мен мәні
1.Қоршаған ортаға әсер етуді басқару
2.Қоршаған ортаның сапасын бақылау
3.Қоршаған ортаға әсер етуді бақылау әдістері
2. Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау жүйесін дамыту жолдары қандай?
3. ҚР экологиялық сараптама жүргізудегі негізгі мүмкіндіктер мен қызметтер?
4. ҚР заңнамасына толық түсінік беріңіз
5. Қазақстан Республикасының орнықты даму 2007-2024 жылдарына арналған тұжырымға сәйкес (ҚР Президентінің 14 қараша 2006 ж №216 бұйрығы) қосымша жүйелердің мәлімет қоры қандай мәселелерді шешеді?
8 Экологиялық сараптама
1.Экологиялық сараптама міндеттері
2. Экологиялық сараптама ұстанымдары
3. Экологиялық сараптама түрлері
Экологиялық сараптама дегеніміз шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған орта сапасының нормативтері мен экологиялық талаптарға сәйкестігінің, осы қызметінің қоршаған ортаға жасауы ықтимал теріс әсерлерінің және оларға байланысты зардаптардың алдын алу мақсатында сараптама объектісін іске асыруға қол жеткізілетіндігінің анықтамасы .
Экологиялық сараптама өз алдына жеке экологиялық бақылаудың бір түрі ретінде қарастырылады. Экологиялық сараптаманың негізгі басты айырмашылығы бұл алдын ала сақтындыру ретінде қолданылады, яғни экологиялық зиянды қызмет жүргізілгенге дейін жүзеге асырылады. Мұндағы алдын ала сақтандыру – шаруашылық қызмет нәтижесінің қоршаған ортаны қорғау талатарына сәйкестігін алдын ала тексерумен көрініс табады.
Экологиялық сараптаманың атқаратын бірнеше қызметтері бар:
- біріншіден табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау үшін мемлекеттік басқаруда көмегін тигізеді.
- екіншіден, экологиялық сараптама қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, экологиялық талаптардың сақталуына және де керекті табиғатты қорғау шараларын жүргізудің белгілі бір механизмі ретінде қарастырылады.
- үшіншіден, экологиялық сараптама мемлекет пен азаматтардың экологиялық мүдделері мен құқықтарын қамтамасыз етеді.
Заңда белгіленген экологиялық сараптаманың түсінігі оның алдына қойған негізгі өзіндік арнайы мақсаттарын айқындайды. Бұл мақсаттарға мыналар жатады: жоспарланып отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге де қызметті іске асырудың халық денсаулығы мен қоршаған ортаға ықтимал теріс зардаптарын болдырмау; жоспарланып отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге де қызметті іске асыру туралы шешім қабылданар алдындағы сатыларда, сондай-ақ оларды салу және іске асыру процессінде олардың экологиялық талаптарға сәйкес келуін бағалау; өңдіргіщ күштерді орналастыру мен дамыту салдарынан экологиялық жай күйдің болжамдалып отырған өзгерістеріне сараптамалық бағалауды қамтамасыз ету.
Экологиялық сараптаманың міндеттері мыналар: ықтимал, әлеуметтік, экономикалық және экологиялық зардаптарға талдау жасауды қоса алғанда, объектілерде атқарылған қоршаған орта мен халықтың денсаулығына, табиғи ресурстарға жоспарланып отырған басқарушылық, шаруашылық инвести-циялық және өзге де қызметтің әсер етуін анықтау жоспарланып отырған басқарушылық, шаруашылық инвестициялық және өзге де қызметтің қоршаған орта мен халықтық денсаулығына әсерін жан-жақты, ғылыми негізделген талдау мен бағалауды ұйымдастыру; Қазақстан Республикасының заңдарын-дағы, Қазақстан Республикасының аумағында қолданылып жүрген стандарттар мен ережелердегі экологиялық талаптардың сараптама жасалып отырған құжаттамаларда сақталуын тексеру; экологиялық сарптама қортындыларын әзірлеу, оларды сарптама объектісін іске асыру толы шешім қабылдайтын ұйымдарға беру және мүдделі органдармен халыққа қажетті ақпарат беру болып табылады.
Сонымен экологиялық сарапаманың міндеттері оның мақсатына жету мен қатар, экологиялық сараптаманы жүргізуші органдардың да қызметін жүзеге асыруға көмегін тигізеді.
2 Экологиялық сараптаманың қағидалары. Экологиялық сараптама институт ретінде және қызмет түрі ретінде өзінің арнайы және жалпы қағидаларын басшылыққа ала отырып жүзеге асырылады. Негізінен қағидалар құқықтық жүйеде қоғамдық қатынастарды реттеу үшін басшылыққа алынатын ережелер болып табылады. Экологиялық сараптаманың жалпы қағидалары қорғаушы сипатта болады.
Сонымен экологиялық сараптаманың қағидасы - қазіргі заңда бекітілген, құқықтық нормалардың маңызын көрсететін және де экологиялық сараптаманы жүзеге асыру барысында қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу үшін бағытталған алғы ережелер.
1) мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізудің міндеттілігі
2) министрлердің, мемлекеттік комитеттер мен ведомстволардың өзге де орталық және жергілікті атқару органдардың бақылаушы және қадағалаушы органдармен өзара іс қимылы;
3) экологиялық сараптама тұжырымдарының объектілігі мен ғылыми негізділігі;
4) сараптама органдары мен сарапшылардың өз өкілеттігін жүзеге тасырған кезде тәуелсіз болуы;
5) жариялылық;
6) экологиялық сараптаманың кешенділігі мен алуан түрлі болуы;
7) экологиялық және медициналық биологияның мүдделерінің басымдылығы.
Мемлекеттік экологиялық
сараптама міндеттілік қағида-
Бұл қағида мемлекеттік экологиялық сараптаманың жүргізілуі алдында сарапталатын объектілерінің қауіпсіздік ережелерінің талаптарына сәйкестігін есепке алу және оған қызметін босату үшін экологиялық сараптама шешімінің қаулысы берілмей мемлекеттік экологиялық сараптама міндетілігі туралы хабарландырылады. Мемлекеттік экологиялық сараптама шешімінің дұрыс болуы іске асырылатын объектінің қаржыландырылуының шарттарының бірі бола алады, сонымен бірге сараптама шешімінің дұрыс болмау қаржыландырылмайтын объект екенін көрсетеді. Бұл қағида халықаралық құқықтық қызметке де қатысты, яғни халықаралық келісім бойынша мемлекеттік экологиялық сараптама талаптарының міндеттілігін орындамау - келісімнің орындала алмауына негіз бола алады. Экологиялық сараптаманың міндеттілігі қоршаған ортаға зиянды әсер ете алатын жобалар мен бағдарламаларға қатысты болады.
Міндеттілік қағидасы бойынша біріншіден экологиялық сараптаманы заң талап еткен жағдайда жүргізіледі. Экологиялық сараптама қоршаған ортаға өзінің зиянды және де теріс әсерін тигізетін объектілерге қатысты жүргізіледі. Екіншіден міндетті экологиялық сараптаманың қорытындысы, оның міндетті орындалуына да әкеп соғады. Сонымен міндетті экологиялық сараптама 2 мағынада қарастырылады; міндетті жүргізілу мен талаптардың міндетті түрде орындалуымен. Министрлердің, мемлекеттік комитеттер мен ведомстволардың өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың бақылаушы және қадағалаушы органдармен өзара іс-қимылы қағидасы экологиялық мүдделердің барлық мемлекеттік органдардың міндеті екендігін көрсетеді.
Елімізде табиғаттың жекелеген объектілерін қорғайтын арнайы органдардан басқа, барлық нормативтік құқықтық актілердің, оның ішінде табиғаты қорғау заңдарының сақталуын қадағалайтын органдар бар .
Экологиялық сараптама
туралы заңға сәйкес қоршаған ортаны
қорғау министрлігі мемлекеттік
экологиялық сараптаманы
Экологиялық мүддені қорғау барлық мемлекеттік органдармен жүзеге асуы тиіс, табиғатты қорғау барлық министрліктермен ведомстволардың міндеті болып табылады. Сондай-ақ орталық атқарушы орган консультациялар, бірлескен экологиялық сараптамалар жүргізу, ғылыми және әдістемелік талдамалар алмасу, ол осындай жұмыстарға шетелдік мамандарды тарту мақсатында белгіленген тәртіппен басқа мемлекеттерді экологиялық сараптама органдары мен өзара іс қимыл жасайды. Экологиялық сараптама тұжырымдарының объективтілігімен ғылыми негізділігі қағидасы - бұл мемлекеттік экологиялық сараптама және қоршаған ортаға әсерді бағалау ғылыми зерттеу процесі екені және оның бүгінгі күнгі ғылыми техникалық жетістіктерді, жаңа әдіс -тәсілдерді қолдана отырып, экологиялық сараптаманың қортындылары мен шешімдері объективті сипатта және экологиялық мүдделерді қорғаушы, сонымен қатар ғылыми деректерге негізделген, қорытындылары ғылыми тұрғыда дәлелденген болып, білікті сарапшы мамандардың жасауы тиіс. Сараптаманың міндеттерін қарастыратын болса, сарапшы экологиялық сараптаманың объективті, сараптаманы нормалар мен ережелер және стандарттарға сүйене отырып, экологиялық сараптаманың қорытындысын қажетті айғақтармен дайындауы қажет. Сонымен қатар зерттеу нәтижелерінде тек жіберілген қателіктер нақтылап қоймай, ол қажеттіліктердің зардаптары көрсетіліп, шешім қабылдайтын органдарға және жеке тұлғаларға ұсыныстар мен кемшіліктерді жою үшін не істеу керек қажеттігі көрсетіледі. Бұл қағида қоршаған орта мен адам денсаулығын және өмірін қорғай отырып, экологиялық мүдделердің үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Өйткені объективтік пен ғылыми негізділік экологиялық зиянды әрекеттерден қорғану кепілдігі мен адамның салауатты өмірі мен бақытты тіршілігіне құқықтылығын қамтамасыз етеді. Сараптама органдары мен сараптамалардың өз өкілеттігін жасауда тәуелсіз болу қағидасы - мемлекеттік экологиялық сараптаманың тиімді болуының негізгі шарттарының бірі экологиялық сараптаманы ұйымдастырушы органдардың және сарапшының қызметі мен оның қаржы жағынан тәуелсіз болуында. Бұл экологиялық комиссия мен оның мүшелерінің өз ойларын еркін айтуға, фактілерді ғылыми негіздегі әдістермен белгілі құқықтық дәрежеде қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Экологиялық сараптаманы ұйымдастыру мен өткізуде сарапшы органдардың меңгерушілеріне ҚР заңдары мен басқа да норма құқық актілері олардың еркіндігі мен қызметіне мемлекеттік органдармен лауазымды кісілердің араласуына тиым салынған мемлекеттік экологиялық сарапшының құқықтарына немесе басқа да материалдық зиян келтіретіндей жағдайға себепші болғандарға Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жаза қолданылады. Сарапшы органдардың тәуелсіздігіне өз қызметтерінің атқарылуы кезінде заң жағынан кепілдік беріледі, бірақ экологиялық сараптама және оның органдары мен құрылымдары табиғи ресурстары және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің құрамында болып, ол министрліктің ішкі тәртіп ережелеріне қарай оның қарамағындағы меншік иесі бола отырып, қызметін атқарады. Демек табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі табиғи ресурстарының сол меншікке экологиялық норманы да өзі жүргізуші болып табылады. Яғни, бұл министрлік өзінің меншігіндегі қызметкерлерді тексереді және өздеріне экологиялық сараптама жүргізеді.
Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бекітілген ережелерінде төменгі функциялар көрсетілген: Жұмыс тапсырысшы ретінде болу; Қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік - экологиялық сараптама жүргізеді.
Министр негізгі басты экологиялық сарапшыны тағайындайды. Бұл жерде тәуелсіздік шектеулі екені көрініп тұр. Сондықтан, министрлік өз қарауындағы табиғи ресурстардың экологиялық сараптамасын өзі жасағандығынан оның қарамағындағы сарапшылар әрине тәуелсіз сараптама жасайды деп айту қиын.
Бұл қағида ведомстволық ұғыммен толықтырылса жоғарыда айтылған кемшіліктерден арылып, сарапшылардың кепілдігі пайда болып, комиссияның объективті қорытынды жасауға мүмкіндігі туар еді. Өйткені, экологиялық сараптама өзінің қызметін тәуелсіз орындап жеке ведомствоның мүдделерін емес, экологияның мүддесін жақтауы, қолдауы қажет. Сонда ғана экологиялық сараптаманың мақсаты мен міндеттері орындалады.
Жариялылық қағидасы - сараптау жүргізу кезінде алынатын деректердің, қабылданған шешімдердің іске қосылайын деп отырған объектінің қабылданған шешімдерді есепке алуы, қоғам мүшелерінің және қоғамдық ұйымдардың дұрыс ақпарат алып, оны шешім қабылдаушы органдарға жеткізе алуы, экологиялық ақпараттың дұрыстығы мен жариялылығы қоғамдық ұйымдардың мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуге белсенді қатысуына мүмкіндік береді. Бұл қағидаға сәйкес азаматтардың құқықтары мен экологиялық мүдделерін қорғау үшін, азаматтар мен қоғамдық ұйымдардың ұсыныстарын қарауды, олардың өкілдерін сараптау комиссиясының құрамына енгізу қажет. Жариялылық тиісті дәрежеде жүзеге асырылған жағдайда, халықтың қызметін жаңдандырып бұл қағида қоғамдық пікірмен толықтырылады.
Экологиялық сараптаманың келесі қағидасы, бұл экологиялық сараптаманың кешенділігі мен оның алуан түрлілігі қағидасы.
Экологиялық сараптаманың
сарапшысы экологиялық
3 Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау заңдарына сәйкес Қазақстан территориясында жүргізілуі жобаланып отырған кез келген қызметтер: бірлескен кәсіпорындар; шетелдік технологиялармен инвестицияларды қолданатын кәсіпорындар; барлық инвестициялық шетелдік фирмалар жұмыстарын мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуден бастаулары тиіс.
Шаруашылық қызметтің мәлімдеушісі мемлекеттік экологиялық сараптау басқармасына "ниеттер декларациясын" толтырып, шаруашылық қызмет жоспарланып отырған территориядағы жергілікті органдармен келісілуі (Республикалық мағыналары объектілер үшін Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетімен келісілуі) қажет.
Информация о работе Қоршаған ортаға әсер етуді басқару ұғымы мен мәні