Қоршаған ортаға әсер етуді басқару ұғымы мен мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Мая 2013 в 07:44, реферат

Краткое описание

I Қоршаған ортаға әсер етуді басқару ұғымы мен мәні
1.Қоршаған ортаға әсер етуді басқару
2.Қоршаған ортаның сапасын бақылау
3.Қоршаған ортаға әсер етуді бақылау әдістері

Файлы: 1 файл

Дәрістік курс.doc

— 1.09 Мб (Скачать)

Агромелиоративті  көрсеткіш

Топырақтар

Дернды күлденген

Дернды күлденген  глейлы

Торфты глейлы (құрғатылған)

Қоңыр орманды

Қара топырақ

Талшын топырақ

Сұр топырақ

Көп тұздалған  және сортаңдар

Құрғақ қалдық

<4,5

<4,0

<3,5

<3,5

<2,5

<2,0

<1,5

<0,6

Минералды заттар, мг\л

<3,0

<2,5

<2,0

<2,5

<1,5

<1,2

<0,8

<0,3

Орта реакциясы (рН)

6,0…8,5

5,5…8,5

5,0…7,5

5,5…8,5

5,5…7,5

6,0…7,5

6,0…7,5

5,0…7,0

Натрий, мг\л

<500

<400

<400

<450

<300

<200

<250

<50

Кальций, мг\л

<750

<700

<600

<650

<500

<450

<350

<200

Калий, мг\л

<150

<150

<150

<125

<100

<75

<75

<100

Хлор, мг\л

<500

<450

<400

<400

<350

<300

<250

<150

Сульфаттар, мг\л

<550

<500

<450

<500

<400

<350

<200

<150

Жалпы сілтілік, мг\л

<1750

<1700

<1600

<1650

<1300

<1200

<1000

<500

Жалпы азот, мг\л

<250

<200

<200

<200

<150

<150

<150

<150

Аммонийлы азот, мг\л

<150

<150

<100

<150

<100

<100

<100

<100

Фосфор (Р2О5), мг\л

<100

<100

<75

<75

<75

<75

<75

<75

Бихроматты қышқылдану, мг О2

<2000

<1750

<1500

<1800

<1500

<1350

<1250

<1100

БПК мг О2

<1600

<1250

<1200

<1300

<1250

<850

<750

<550

Органикалық арнайы заттар, мг\л

<250

<200

<100

<200

<300

<200

<250

<150

Өлшенген қалдық, мг\л

<3000

<3000

<3000

<3000

<3000

<3000

<3000

<3000

Na:Ca қатынасы, мг*экв

<3 : 1

<3 : 1

<2,5 : 1

<3 : 1

<2 : 1

<1 : 1

<2 : 1

<0,5


 

  

 

3. Топырақта ластайтын заттарды мөлшерлеу

Топырақ мөлшерлеу  объектісі ретінде, одан адам ағзасына ластайтын заттар тікелей байланыста жеке жағдайларда ғана түседі (қол жұмыстары кезінде шаңмен бірге, т.б.). Адам ағзасына топырақтан келетін ластайтын заттардың негізгісі онымен байланысатын орта арқылы көшудің биологиялық бөлігі бойынша түседі (ауа, су, өсімдіктер): топырақ-өсімдік-адам, топырақ-өсімдік-жануар-адам, топырақ-ауа-адам, топырақ-су-адам және т.б. Зияндылықтың үш көрсеткішіне (органолептикалық, жалпысанитарлық, санитарлы-токсиндық), су қоймаларында химиялық заттарды мөлшерлеуді есепке алғанда, топырақта химиялық заттарды мөлшерлегенде тағы да үш көрсеткіш қосылады, олар заттардың топырақтан жеке орталарға (ауа, су қоймалары және өсімдіктер) ауысуын есепке алу. Бұл ауамен қоныс аудару, сумен қоныс аудару және фитоаккумуляционды, немесе транслокационды көрсеткіштері. Сонымен, топырақтағы химиялық затты анықтағанда, зерттеулер зияндылықтың алты көрсеткіші бойынша жүргізеді.

Жалпысанитарлық ЗК (зияндылық көрсеткіші). Жалпысанитарлық зияндылық көрсеткіші бойынша заттың шекті концентрациясы – топырақтағы химиялық заттың максималды мөлшері (мг\кг), ол 5…7 тәулікте негізгі физиологиялық топтардың микроорганизмдерінің жалпы санын 50% артық өзгертпейді, сонымен қатар топырақтың ферментативтік белсенділігі (инвертазды, дегидрогеназды, т.б.) – салыстырмалы бақылау байқауынан 25% артық.

Осында ескерілетін негізгі көрсеткіштер:

·                   1 гектарға санағанда микроорганизмдердің жалпы санының өзгеруі;

·                  Топырақтың «ферментативті айнасының» өзгеруі (ферментативті реакциялар – топырақта өтетін биологиялық үрдістер және жағдайының көрсеткіші, мысалы, топырақтың дегидрогеназды, каталазды, протеазды, уреазды, фосфатазды, нуклеазды, целлюлазды және инвертазды белсенділігі, олар топырақтың тотығу-тотықсыздану дәрежесін қалыптастыруында, ондағы азоттың және фосфордың, көміртегілердің қосындыларын ауыстыруында маңызды роль атқарады.

Ауамен қоныс  аударудың ЗК. Ауамен қоныс аударудың зияндылық көрсеткіші бойынша заттың шекті шоғыры – заттың ауаға түскен кезінде ауаға арналған орташа тәуліктік ШРК қосылмайтын заттың топырақтағы максималды мөлшері.

Сумен қоныс  аударудың ЗК. Сумен қоныс аударудың  зияндылық көрсеткіші бойынша заттың шекті шоғыры – су қоймаларының сулары үшін ШРК аспайтын, оның жер  асты сулары және үстіңгі суларға  топырақ суларымен және үстіңгі  ағындармен түскен заттың топырақтағы максималды мөлшері.

Топырақтағы заттың шекті шоғырын орнату бойынша  зерттеулер сумен қоныс аударудың  ЗК бойынша екі бағытта жүргізеді: заттың жер асты суларына қоныс аударуы; заттың үстіңгі сулармен қоныс аударуы.

Фитоаккумуляционды (транслокационды) ЗК. Бұл көрсеткіш химиялық заттың топырақтан, тамақ өнімі ретінде және оның өсімдіктің тауарлы бөліктерінің фитомассасында жиналуын  пайдаланылатын мәдени өсімдіктерге қоныс аударуын сипаттайды. Фитоаккумуляционды (транслокационды) зияндылық көрсеткіші бойынша заттың шекті шоғыры– ауылшаруашылық өсімдіктерінің тауарлы мүшелерінің фитомассасымен затты егінді жинау мерзімінде, тамақ өнімдеріне бекітілген ШРК немесе шектелген қалдық мөлшерінен (ШҚМ) аспайтын заттың топырақтағы максималды мөлшері.

Санитарлы-токсикологиялық ЗК. Санитарлы-токсикологиялық зияндылық көрсеткіші бойынша заттың шекті шоғыры– заттың қосындысы жылықандылардың ағзасына (адам) түскенде, топырақпен немесе сумен қоныс аударғанда, ауамен, тамақ өнімдерімен тікелей байланысқанда халықтың денсаулығына тура кері әсер немесе алшақтаған әсер тигізбейтін заттың топырақтағы максималды мөлшері.

Органолептикалық  зияндылық көрсеткіші. Органолептикалық зияндылық көрсеткіші бойынша заттың шекті шоғыры–экстремалды жағдайларда  қалыптасқан, ауа және судың, өсімдіктес өнімдердің органолептикалық қасиеттеріне және тағамдық бағалылығына әсер етпейтін химиялық заттың топырақтағы максималды мөлшері.

Топырақта заттың шекті шоғырын орнатқанда, органолептикалық зияндылық көрсеткіші бойынша суға, ауаға және тамақ өнімдеріне орнатылған органолептикалық зияндылық көрсеткіші бойынша шекті шоғырларды қолданады.

Топырақтағы ластайтын  заттарды мөлшерлеу теориясы бірнеше  талаптарды ескереді.

1.                     Заттардың санитарлы жағдайын және топырақтың өздігінен тазару үрдісін бұзбайтын, адам денсаулығына қауіпсіз болатын қосылыстар түрінде топыраққа зиянды заттардың келуі және болуы рұқсат етіледі. Топыраққа келіп түсетін барлық заттар зиянды ластаушылар деп қарастырылмайды. Бастысы – ШРК негізделген регламенттерді ұстану.

2.                     Халықтың ең сезімтал топтарының ағзаларының адаптациялық қабілеттіліктің шегін және адам денсаулығына және қоршаған ортаға ластайтын заттардың кешенді немесе оқшаулау әсері кезінде топырақтың адаптациялық (өздігінен тазару) қабілеттіліктің шегін жоғарылатпау мүмкін емес.

3.                     Топырақтағы ластайтын заттардың ШРК орнату бойынша зерттеулер экстремалды топырақтық-климаттық жағдайларда өткізіледі, олар зерттелетін заттың топырақпен байланысатын ортаға қоныс аударуына себеп болады, сонымен қатар заттың өздігінен тазару үрдісіне және топырақтық микробиоценозға белсенді әсер етуін қамтамасыз етеді.

Экстремалды жағдайларды  тудыру үшін зерттеулерді максималды тазарту және минималды сіңіру және сору қабілеттіліктеріне ие топырақтарда өткізіледі. Бұл қасиеттер құмдық топырақтарда болады.

Топырақта химиялық заттардың қоныс аударуына температура, ылғалдылық, ультракөгілдір сәулеленудің белсенділігі көп әсер еткендіктен, экстремалды ұстаным аталған  факторлардың шектелген ортаға токсиканттардың максималды қоныс аударуына себеп болатын мәндерінде зерттеулерді өткізу қамтамасыз етіледі.

Тәжірибеде экстремалды  жағдайға жету үшін токсиканттың мөлшерін орнату бойынша, зертейтін затқа  бірқалыпты сезімталды және зерттелетін  затты осы немесе басқа да бөліктерде (біріншіден, ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тауарлы мүшелерінің фитомассасында) максималды жинауға (шоғырлауға) қабілетті өсімдіктер-концентраттарды пайдаланады. Бұл өсімдіктер фитотесттер деп аталады.

Сонымен, топырақтағы химиялық заттың ШРК – оның экстремалды климаттық жағдайларда орнатылған және адам денсаулығына және оның ұрпақтарына, халық өмірінің санитарлы жағдайына тура кері немесе жанама әсердің болмауын қамтамасыз ететін заттың максималды мөлшері. Топырақтың өздігінен тазару үрдістері бұзылмайды.

4.                     Топырақта химиялық заттың ШРК орнату бойынша эксперименттер зертханалық эксперимент жағдайында өткізіледі. Ондай жағдайларды жасау үшін топырақтың түйіршіктелген және физико-химиялық құрамы және бірыңғай микроклиматтық өлшемдері бар модельды топырақ эталонын қолданады.

5.                     Талдаған заттың қоныс аудару және детоксикация, органолептикалық қасиеттер мен өсірілген өсімдіктердің тағамдық құндылығына әсері, тәжірибелік жануарлар ағзаларына және топырақтық микробоценозға әсері, халықтың денсаулығына және санитарлық жағдайына әсері үрдістерін анықтайды. Ол үшін, барлық жоғарыда аталған зияндылық көрсеткіштері бойынша шекке жақын шоғырларды анықтайды. Зияндылық көрсеткіші ең аз шекті шоғырын лимитті ЗК ретінде таңдайды. Оның шектік шоғырын топырақтағы заттың ШРК ретінде қабылдайды. Осындай жолмен, лимиттік көрсеткіш бойынша табылған ШРК, топырақтағы химиялық заттың шоғыры басқа 5 зиянды көрсеткіштер бойынша  ешқашан сәйкес шектік шамадан жоғарыламайды.

6.                     Топырақтағы ШРК аудандық топырақтық-климаттық жағдайларға төзімділік қорының коэффициентімен түрлі топырақтық климаттық жағдайлар үшін бірыңғай болады.

7.                     Топырақтағы химиялық заттың бірыңғай ШРК бойынша нақты аумақ жағдайларына аумақтық нормативтерді анықтайды. Сәйкес есептеу кезінде алдағы факторларды ескереді, олардан токсикалық, қоныс аудару, детоксикация, ластайтын заттардан метаболиттер түзу тәуелді. Бұл топырақ температурасы мен ылғалдылығы, гумус, рН, бактериалды дақылдандыру және т.б. Аталған факторлардың әсерін ескеретән коэффициенттер әр түрлі аймақта табиғи жағдайларда топырақ үлгілерінде анықтайды.

ШРК бірыңғау шамасын  және түзетілген коэффициенттер шамасын  нақты топырақтық климаттық жағдайларға арнап затты енгізудің шектеу  етілген деңгейі (ЕШЕД) және қалған шаманың қауіпсіздігін (ҚШҚ) есептеуге пайдаланады.

4. Тамақ өнімдерінде ластайтын заттарды мөлшерлеу

Тамақ өнімдері – мыңдаған химиялық қосылыстардың  күрделі көп бөлікті қоспасы. Олардың ішінен негізгі маңыз ақуыз, май, көміртектер, минералды заттар, дәрумендер сияқты заттарға беріледі, олар ағзаға өмірлік функцияларды атқаруға өте қажет.

Тамақ өнімдері келесі негізгі талаптарға сай болулары керек:

·                   Тиімді органолептикалық қасиеттерге ие болуы (сыртқы түрі, дәмі, түсі);

·                   Тамақтану бағалылығына ие болу, яғни, ақуыздардың, майлардың, көміртектердің, дәрумендердің қажетті санына ие болу;

·                   Токсикологиялық қатынаста қауіпсіз болу, яғни адам денсаулығына зиянды токсинді элементтердің болмауы.

Қазіргі кезде, ауыл шаруашылық дақылдарының түсімінде,  оны алған кезде немесе тамақ өнімдерінде токсиканттардың болуын шектейтін негізгі норматив - санитарлы-гигиеналық норматив – ластайтын заттардың шектелген қалдық концентрациясы (ШҚК), олар соңғы өнімнің 1 кг мгмен белгіленеді. (Кейде, ШРК немесе МШД – максималды шектелген деңгей терминдері қолданылады, олар сондай мағынаны және өлшем бірлігін білдіреді).

Сонымен, тамақ  өніміндегі токсиканттың (мг\кг) ШҚК (ШРК, МШД) – бұл адам ағзасына күн сайын түскенде ұзақ уақыт бойы онда немесе оның ұрпағында кері әсерлер тудырмайтын өнімнің салмақ бірлігінде токсиканттың максималды саны. Тамақ өніміндегі химиялық және биологиялық тәрізді токсиканттардың ШҚК 2.3.2.560-96 «Азықтық шикізат және тамақ өнімдерінің сапасына қойылатын гигиеналық талаптар» СанЕжН көрсетілген.

Тамақ өнімдеріндегі  ластайтын заттарды мөлшерлеген  кезде мыналар міндетті:

·                   Ауыл шаруашылығында пайдаланғанда жағдайларды сақтағанда, осы немесе басқа да заттан әсерге ұшырататын өсімдік және жануарлар өнімдерінің органолептикалық қасиетін білу;

·                   Ауыл шаруашылығында пайдаланғанда кепілденген жағдайларда өсімдік және жануарлар ұлпаларында заттың қалдық санын анықтау;

·                   Өсімдік және жануарлар ұлпаларында метаболиттердің шоғырын және химиялық пайда болуын анықтау (олар болған кезде);

·                   Тамақ өнімдерінің химиялық құрамға және биологиялық бағалылыққа әсерін анықтау;

·                   Әсерге тиген өсімдіктер мен жануарлардан алынған тамақ өнімдерінің биологиялық зерртеуін өткізу;

Информация о работе Қоршаған ортаға әсер етуді басқару ұғымы мен мәні