Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Мая 2013 в 07:44, реферат
I Қоршаған ортаға әсер етуді басқару ұғымы мен мәні
1.Қоршаған ортаға әсер етуді басқару
2.Қоршаған ортаның сапасын бақылау
3.Қоршаған ортаға әсер етуді бақылау әдістері
Ұлттық аймақтың, жергілікті табиғат қорғау бағдарламаларында басты стратегиялық бағыттар айқындалады. Олардың қатарында:
· Денсаулыққа, экологияға зардапсыз ортаны сақтау, халықтың әлеуметтік, психологиялық амандығын қорғау;
· Бірқалыпты әлеуметтік – экономикалық даму үшін табиғатты ұтымды, сарқылтпай пайдалану;
· Табиғаттың қалпына келу және оны пайдалану теңдестігін сақтау;
· Жеке аймақтардың және әлемдік деңгейде биосфералық теңдестіктерді сақтау;
· Табиғатта кездесетін барлық тұқым түрлерін сақтау;
· Осы мақсаттарға жету үшін басты міндеттер белгіленеді.
Олар:
· Табиғат қорғау шараларын ұдайы жүзеге асыру, табиғат ресурстарын үнемдеу, экологиялық талаптарды қатаң сақтау, өнеркәсіпті кешенді, қалдықсыз және аз қалдықты технологияға көшіру, қалдықтарды ұтымды пайдалану, қалпына келетін табиғат ресурстарын ұлғаймалы ұдайы қалпына келтіру (өсіру),т.б.;
· Бірыңғай табиғат қорғау заңдар жүйесін құрып, нормалар мен стандарттар жүйесін жетілдіру;
· өндірісті орналастыруды, табиғат пайдалануды ,оның қорын молайтуды экологиялық негізде жүзеге асыру;
· табиғат пайдалануды басқарудың экономикалық механизмі мен тетіктерін жетілдіру;
· табиғи ортаның жай – күйін бақылаудың бірыңғай автоматты жүйесін құру;
· экологиялық білімдерді жетілдіріп, халықтың, қоғамдық ұйымдардың табиғат қорғау белсенділігін арттыру;
· халықаралық келісімдер негізінде барлық мемлекеттермен, ұйымдармен бірлесіп табиғат қорғау жұмыстарын дәйекті жүргізу.
Табиғат қорғау және тиімді пайдалануды жоспарлаудың басты мақсаты – табиғи ортаның теңдестігін сақтау, табиғат ресурстарының үнемделуінің, молаюын, тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету.
Жоспарлаудың басты нысандары:
1. Жоспардың ғылыми негізділігі;
2. Қоғамдық, ұжымдық және жеке табиғат пайдаланушылардың мүдделерінің үйлесімділігін қамтамасыз ету;
3. Аймақтың, өндіріс салаларының, жалпы ұлттық мүдделерді және халықаралық талаптарды ескеру;
4. Жоспарлаудың үздіксіздігі;
3. Қоршаған ортаға әсер ету жобасын бағалау – соның шегінде шаруашылық және өзге қызметтердегі қоршаған орта үшін және адам денсаулығы үшін мүмкін салдарлар бағаланатын рәсім, жағымсыз салдарлардың алдын-алу бойынша шаралар әзірленеді (табиғи экологиялық жүйелердің және табиғи ресурстардың жойылуы, деградациялары, зақымдануы мен азуы), Қазақстан Республикасының экологиялық заңдарының талаптары есебімен қоршаған ортаны сауықтыру.
Қоршаған ортаға әсер ету жобасын бағалау қоршаған орта мен тұрғылықты халықтың денсаулығына тікелей немесе жанама әсер ететін шаруашылықтар және өзге қызметтердің барлық түрлері үшін міндетті болып табылады.
2 Бағалық әсерісіз қоршаған ортаға ықпалы бар шаруашылықтар және өзге қызметтердің жобалары мен әзірлемелерін таратуға тыйым салынады. Әсер ету бағасының нәтижесі жоспаралдылық, жоспарлық, жоба алдылық, жобалық құжаттардың ажырамас бөлігі болып табылады.
3. Қоршаған ортаға әсер ету жобасын бағалауында қазіргі Кодекстің талаптарына сай, жобалаушы және қызмет етуші объектілердің келешегі бар іс әрекеті жатыр.
4 Тапсырыс беруші (инициатор) және жобаны әзірлеуші жүргізілген қоршаған ортаға әсер ету жобасын бағалаудың нәтижелерін ескеруге міндетті және қоршаған ортаға мен адам денсаулығына өте аз зиян әкелетін нұсқаны қабылдауды қамтамасыз етуі керек.
СӨЖ тапсырмасы үшін бақылау сұрақтары [1, 2, 3, 4, 5,6,7]
1) «Экологиялық сараптама құзыры» тақырыбы бойынша глоссарии құру
2) «Экология қауіпсіздігі» ұғымына пікірсарап беріңіз
Бақылау сұрақтары
1. Табиғаттың адамға байланысты негізгі атқаратын қызметті қандай ?
2. Қоғамның экономикалық даму барысын жетілдірудің міндетті шарты?
3. Қоғам мен табиғаттың өзара байланысы қандай нысандар негізін байланысады?
4. Экология құқығы дегеніміз не ?
5. Табиғат қорғау саласында басқарудың негізгі принципі қандай?
6. Ұлттық, аймақтың, жергілікті табиғат қорғау бағдарламаларында басты стратегиялық бағыттар қандай?
7. Қоршаған ортаға әсер ету жобасын бағалау дегеніміз не?
3 Экологиялық мөлшерлеу
1.Нормативтік және нормативтік емес көрсеткіштер
2.Негізгі конвенциялар мен қаттамалар
3.Табиғатты қорғау нормативтері мен ережелері бекітілген негізгі заңдар (нормалар, ережелер, нұсқаулар, шешімдер, белгіленген тәртіптер, мемлекеттік стандарттар)
1 Барлық табиғатты қорғау ісшараларының негізі қоршаған орта сапасын мөлшерлеу болып табылады. Қоршаған орта сапасын мөлшерлеу аданың өмір сүруі үшін қоршаған ортаның тарамдылығын айқындайтын және биологиялық алуан түрліліктің сақталуы мен экологиялық жүйелердің тұрақты пайдалануын қамтамасыз ететін қоршаған орта сапасының көрсеткіштерін белгілеу. Экологиялық нормативтерді сақтау арқылы адамдардың экологиялық қауіпсіздігін; адам, жануарлар мен өсімдіктер генофондын сақтауды; тұрақты даму жағдайында табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен қалпына келтіруді қамтамасыз етеді.
Мөлшерлеу және стандартазациялау – адам қоғамы қызметінің көпжоспарлы саласын реттеуінің маңызды құралы – өндірістен әлеуметтік-тұрмысқа дейін. Дәстүрлі түрде, мөлшерлер адамдар мен оларды қоршайтын қоршаған орта арасындағы қарым-қатынасты реттеу үшін пайдаланылады.
Қазіргі түсінікке сәйкес, экологиялық мөлшерлеу (ЭМ) қоршаған ортаға әсер ететін шектеу қойылған қалыптарды бекітуге бағытталған ғылыми, құқықтық, әкімшілік және басқа да қызметті білдіреді, оларды сақтаған жағдайда экожүйелердің дағдарысы болмайды, биологиялық әртүрліліктің сақтап қалынуы және халықтың экологиялық қауіпсіздігі кепілденеді. ЭМ экологиялық регламенттер және экожүйелерге, осы жүйелердің қалыпты қызмет етуін сақтап қалатын антропогенді әсер мөлшерлерін әзірлеуге бағытталған. ЭМ мақсаты – экожүйелердің құрылымыдық-функционалды өзгерістері байқалмайтын антропогенді әсерлерді регламенттеу.
Экологиялық мөлшерлер қоғамда тек қана қоршаған табиғат орта объектілеріне әсерлерін бақылау және басқару функцияларын атқарып қоймайды. Қоғамдық экологиялық санасын жоғарылату, әр түрлі экологиялық қозғалыстарды белсендірту үрдісінде, адамның салауатты қоршаған ортаға деген құқығын сақтауға экологиялық мөлшерлер құқықтық кепіл болады.
Экологиялық мөлшерлеудің тиімділігі мыналармен қамтамасыз етіледі:
· Қалыптардың ғылым мен техниканың, халықаралық стандарттардың қазіргі деңгейіне сәйкестігімен;
· Әділдігімен және заңдылығымен, өйткені әзірлеу де, бекіту де мемлекеттің арнайы өкілетті органдарымен жүзеге асырылады;
· Барлық шаруашылық субъектілермен орындаудың міндеттілігімен және оларды орындамағаны үшін ұйымдардың және азаматтардың жауапкершілігімен.
Экологиялық мөлшерлеу негізінде келесі ұстанымдар жатыр:
· Мақсаттар (қоғамның ұзақмерзімдік қызығушылықтарының жеке қызығушылықтардан, әлемдік және аймақтық салдардың жергіліктен басымдылығы, т.б.);
· Озықтар (қалыптарды әзірлеу бойынша зерттеулер жоспарланатын әсерлердің бастамасының алдында болу керек);
· Шектемдер (әсерлердің критикалық мәндерін орнату, олардың жоғарыламауы экологиялық қауіпсіздікті кепіл етеді);
· «Әлсіз бөлім» (қалып ең сезімтал бөлікті қорғау керек);
«джиу-джитсу» (теріс әсерлердің орнын толтыруға қабілетті ішкі жүйелік күштерге тіректеу); Әдетте табиғи ортаны ластаушылардың әрқайсысында жол берілетін ластаушы заттардың шығарылу шегі белгіленеді. Ластаушы заттардың шоғырлану шамасы осы шектен аспағанда олар адам денсаулығына экологиялық жүйелерге зиян келтірмейді деп есептеледі. Нормативтердің орташа тәуліктік және тәуліктегі ең жоғары шамасы белгіленеді.
Табиғи ортаға әсер ету стандарттары әрбір өнеркәсіп үрдістерінен шығарылатын ластаушы заттардың шамасын реттейді. Стандарт бір уақыт аралығында ластаушы заттар санына немесе ластаушы заттардың белгілі мөлшерінің шығарылатын уақытына белгіленуі мүмкін. Табиғи ортаға әсер ету стандарттары жол берілетін ластану шегінің негізінде анықталады. Барлық ластаушылар әсер ететеін территорияда ластаушы заттардың жиынтық шоғырлануын жол берілетін шамадан аспау керек. Әрбір ластаушы көздерге ластаушы заттар шығару шегін белгілегенде территоияның жалпы ластану деңгейі, ластаушы заттардың таралу немесе шоғырлану мүмкінділігі және басқа ластаушылармен қосылатын жиынтық әсері ескеріледі.
Әдетте ластаушы заттардың шоғырлану
дәрежесі бақылау пункттерінде өлшенеді.
Егер көрсеткіш нормадан артық болса,
ластаушыларға норма азайтылып, шоғырлану
дәрежесі қайта есептеледі. Керісінше,
бақылау көрсеткіші төмен болса, норматив
жоғарылатылуы мүмкін. Бұл процестерді
төмендегі блок – сызбадан көруімізге
болады (сурет3).
3- сурет А,В,С, - ластаушы көздер; DA,DВ,DС – ластаушылардың таралу аудандары. К – бақылау нүктесі.
Технологиялық және тағы басқа объективті себептермен ластаушы заттардың шығарылуы нормасын жол берілетін нормаға бірден жеткізу мүмкін болмағанда, аймақтың экологиялық жағдайы көтеретін болса, уақытша келісілген норматив белгіленеді және оны жол берілетін шамаға жеткізу шаралары белгіленеді.
Ластаушы заттар шығару нормативін белгілеу көп сатылы қайталанатын процесс және аймақтағы барлық ластаушылардың табиғи ортаға жиынтық әсері, аймақтың табиғи жағдайы ескеріледі. Бақылау нүктелерінде ластаушы заттардың шоғырлануы жол берілетін шамаға жеткенінше үрдіс қайталана береді (сурет 4).
4- сурет Ластаушы заттардың жол берілетін шығару нормасын белгілеу
2. Бүгінде Қазақстанда табиғат қорғау қалыптары және ережелері 18 мыңнан астам нормативті-техникалық және басқа да құжаттарға кіреді. Олардың ішінде негізгілері:
· Құрылыстық қалыптар және ережелер (ҚҚжЕ);
· Табиғат қорғау саласында мемлекеттік стандарттар;
· Салалық жоспарлауда әзірленетін шаруашылықтың жеке салалары әсерінің қалыптары (салалық стандарттар – ССТр);
· Аумақтық жоспарлауда қолданылатын табиғатты пайдаланудың түрлерінің бірлесуінің қалыптары;
· Қоршаған орта сапасының санитарлы-гигиеналық қалыптары.
Табиғи ортаның сапалық стандарттары ауа,су бассейндерінің, топырақтың және басқа табиғаттың құрамды бөліктерінің жай – күйін реттейді.
Технологиялық стандарттар - әрбір өндіріс процестеріне немесе тазалау қондырғыларына белгіленеді. Стандарт бойынша табиғат қорғау технологиясы үлгілік технологияға сай болуы керек.
Өнімдердің сапасының стандарттары – азық – түлікте, суда, тұтыну тауарларында зиянды заттардың, қоспалардың болмауын реттейді.
Табиғи ортаның тазалық нормативтері: санитарлық – гигиеналық; санитарлық қорғау; экологиялық; өндірістік шаруашылық жүйелеріне бөлінеді.
3. Қоршаған ортаны қорғау саласының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі 1-кестеде.
1-кесте Жаңа нормативтік-құқықтық құжаттар
АТАУЫ |
БЕКІТКЕН КҮН |
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУІ | |
1. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі |
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212 Заңы |
2.Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі (қазақ тілінде) |
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212 Заңы |
3 Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасы туралы |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 14 қарашадағы № 216 Жарлығы |
4 Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы туралы |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы № 1241 Жарлығы |
6 Экологиялық, ғылыми және мәдени ерекше маңызы бар қоршаған ортаны қорғау объектілерінің тізбесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 маусымдағы № 521 Қаулысы |
7 Ластану учаскелерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу ережесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 3 шілдедегі № 566 Қаулысы |
8 Қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралардың типтік тізбесі |
ҚР Қоршаған орта минінің 2007 жылғы 24 сәуірдегі № 119 (ҚР ЭК 17 бабы 29 т. сәйкес) Бұйрығы |
9 Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін айқындау ережесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 маусымдағы № 448 Қаулысы |
Информация о работе Қоршаған ортаға әсер етуді басқару ұғымы мен мәні