Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 19:20, лекция
Организм дегеніміз сыртқы ортаның әсеріне өз бетімен жауап қайтаратын, өзін-өзі реттейтін, тірі материяның біртұтасжеке бөлшегі. Организм – күрделі ашық жүйе. Ол сыртқы ортамен үздіксіз затпен және энергиямен алмасып отырады.Организмнің өзін-өзі реттеуі нәтижесінде оның ішкі ортасының салыстырмалы тұрақтылығы сақталып, үнемі өзгерісте болатын сыртқы ортаға бейімделу реакциялары қалыптасады.
Жоспары:
1. Организм жайында жалпы түсінік
2. Физологияның басқа ғылымдармен байланысы
3. Физиологияның эволюциясы
КҮЙЛЕУ – эстроген гормондарының әсерімен орталық нерв жүйесінің қозғыштығының жоғарылап, организмнің көбею процесіне дайындығын қамтамасыз ететін күрделі процесс. Күйлеген сиыр мазасызданып, мөңіреп, азық қаылдамай, өнімділігін төмендетеді. Олар бір жерге жиналып, бір-біріне артыла бастайды. Саулықтарда бұл белгілер нашар байқалады. Күйлеген мегежіндер мазасызданып, бір-бірін иіскелеп, басқа мегежіндерге артыла бастайды. Күйлеу шарықтаған кезде, олар тынышталып, көбіне қимылсыз тұрады, қабанның қасынан шықпай қояды. Күйлеудің бірінші күні жыныс айналымының басы болып саналады. Күйлеу кезеңінің соңында ұрғашы малдың еркек малға деген құштарлығы бәсеңдей бастайды.
Дәріс № 20,21
Жүйке жүйесінің вегетативтік бөлімінің физиологиясы
Жоспары:
1.Жүйкенің құрылысы және жіктелуі
2. Жүйке талшықтарының физиологиялық қасиеттері
3. Қозу толқынының синапспен берілуі.
4. Қозудың рецепторларда туындауы және олардан таралуы.
Жүйке жүйесі жүйке ұлпасынан құралған. Ал, жүйке ұлпасы өз кезегінде жүйке торшаларынан – нейрондардан және жүйкелік глиядан нейроглиядан тұрады. Нейроглия торшалары нейрондар аралығында орналасады да, оларды біріктіре дәнекерлей отырып, тіректі, қорғаныш және нәрлік қызмет атқарады.
Жүйке жүйесінің құрылымдық және әрекеттік негізгі нейрон болып табылады. Нейрон деп нерв торшасы мен оның өсінділерінен тұратын құрылымды айтады. Нейронның ядролы денесі және одан жан-жаққа тарайтын көптеген өсінділері болады. Олар денриттер – қысқа өсінділер және нейрит – ұзын өсінді болып бөлінеді. Әр нейронда бірнеше дендрит және жалғыз нейрит болады. Дендриттер – сырттан келетін жүйкелік тітіркеністерді өз ұштарымен қабылдап, нейрон денесіне өткізетін өсінділер. Нейрит нейрон денесінде пайда болған тітіркеністі басқа нейрондар дендриттері ұшына, немесе атқарушы органға өткізетін өсінділер. Нейрон өсінділері сыртынан қабықпен қапталып, жүйке талшықтарына, ал олар топтаса келіп, жүйке тамырларына айналады. Жүйке тамырлары организмдегі телефон кабелі іспеттес құрылым. Олардың негізгі қызметі – нерв импульстерін өткізу. Нерв импульсі деп тітіркендіру нәтижесінде туған нерв процесін айтады. Бір жүйке тамырының құрамында бірнеше мың немесе миллион талшықтар болады. Демек, жүйке тамыры – жүйке талшықтарының будасы болып табылады.
Құрылысы жағынан жүйке паранхималық құрылым болып саналады. Ол екі бөлімнен – стромадан және паренхимадан тұрады. Жүйке паренхимасын оның құрамына енетін жүйелік талшықтар құрайды. Ал, оларды бір бірімен біріктіріп тұратын борпылдақ және дәнекер ұлпа жүйкенің стромасын түзеді. Сыртынан қоршап тұратын дәнекер ұлпаны – эндоневрит, ал оларды бір-бірімен байланыстырып, талшықтар будасын құрайтын дәнекер ұлпаны – периневрит және осы талшықтар будаларын бір-бірімен байланыстырып, сыртынан қоршай келе нрвке айналдыратын дәнекер ұлпаны – эпиневрит деп атайды.
Құрылым ерекшеліктеріне қарай жүйкелер үлпекті және үлпексіз болып бөлінеді. Миленді нерв талшықтары жуандау, олардың диаметрі 1-25 мкм шамасында болады да, миеленсіз талшықтар жіңішке келеді. Миеленді талшықтар миелен және шван қабықтарымен қапталған, ал миеленсіз талшықтарда тек шван қабығы болады. Миелендік талшықтың ортаңғы цилиндрі – оқтығы болады да, оның айналасында миелен қабығы және тізбектеле Шван торшалары орналасады. Миелен қабығы электр изоляторы ролін және нәрлік қызмет атқарады. Шван қабығы біртұтас болмайды да оның тіркес жатқан екі торшаларының арасы қылталана үзіліп, Ранвье үзілімін – қылтасын құрайды.
Нерв талшықтарына қозғыштық, лабильділік, қозу толқынының даралап және қос бағытта өткізу және басқа қасиеттер тән.
Қозғыштық. Нерв талшықтарының қозғыштығы өте жоғары. Миеленді талшықтар миеленсіз талшықтармен салыстырғанда қозғыш келеді. Мәселен, сүт қоректілердің қозғағыш жүйкелерінің хронаксиясы – 0,05 0,2 мс болса, симпатикалық жүйкеде ол 5 мс. Соғылады.
Лабильділік. Нерв талшықтарының функциональдық өзгергіштігі де өте жоғары. Нерв талшықтарында қозу толқыны басқа ұлпалармен салыстырғанда шапшаң пайда болып, тез өшеді. Басқаша айтқанда шеткі жүйкелерде қозу толқыны аз ғана уақытқа созылады., сондықтан жүйке талшықтары өте жиі тітіркендіру ырғағын игере алады. Нерв торшалары үшін қозу толқынының максимальдық ырғағы секундына 10-12 тітіркеніс. Осы торша аксоны үшін максимальдық ырғақ секундына 300-500 тітіркеніс болса, оптимальды ырғақ 100-175 тітіркеніс шамасында. Миеленді нервтердің лабильділігі миеленсіз нервтерден жоғары.
Тұтастық заңдылығы. Қозу импульсі нерв талшықтарымен оның анатомиялық тұтастығы мен талшық мембранасының қалыпты функциональдық белсенділігі сақталған жағдайда ғана өткізіледі. Жүйке талшықтарын механикалық жолмен зақымдау немесе натрий арналарын арнаулы заттармен тығындау нервтің өткізгіштік қасиетін жояды.
Қозуды қос жақты өткізу. Қалыпты жағдайда нервтің қозған учаскесінде рефрактерлік құбылыстың дамуымен байланысты қозу толқыны кері бағытта таралмайды. Дегенмен, аксонның қозғыштығы жоғары бастапқы сегменттерінде қозу толқыны қос бағытта – аксон ұшына қарай және нейрон денесіне қарай таралады.
Жүйкедегі зат алмасу. Нерв талшықтарындағы қозудың жалпылама белгілерінің бірі – заталмасу процесінің күшеюі. Қозған нервте оттегі шығыны артып, көмір қышқыл газы бөлінеді, энергияға бай фосфорлы қосылыстардың шығыны артып, сүт қышқылының, аммиактың түзілуі көбейеді. Қозу салдарынан аксон ұшында медиаторлар бөлінеді, жылу түзу қарқыны орта есеппен 20-30 процентке артады. Бірақ жалпы алғанда, қозу үстіндегі талшықтар онша көп энергия шығындамайды. Ол энергияны тек натрий – калийлік сораптың жұмысын қамтамассыз ету үшін ғана шығындайды.
Нервтің қажуы. Жүйке қалыпты жағдайда қажымайды.. Оның себебі зат алмасу процесі қарқынының төмен болуында және қайта синтездеу процестерінің шапшаң жүруінде Н.Е. Введенский бірнеше сағат бойына жүйкені ырғақты тітіргендіргендірегеннің өзінде оның қозуды өткізгіштік қабілетінің жоғалмайтынын, демек, нервтің баяу қажитынын дәлеледеген. Нервтің қажымау себебінің бірі – оның лабильділігінің жоғарылығында. Қалыпты жағдайда нерв торшалары секундына 50-100 импульс тудырып үлгерсе, нерв талшықтары одан әлдеқайда көп импульстерді өткізіп үлгеруге бейімделген.
Қозу толқыны жүйке талшықтарынан атқарушы құрылымдарға – жүйке, ет, без торшаларына, синапс арқылы беріледі.
Синапс немесе жалғама деп қозуды немесе тежелуді біржақты өткізетін торша аралық үзілмелі байланыстың ерекше түрін айтады. Олар бірнеше принциппен жіктеледі. Жалғамалар орналасу орнына қарай орталық және шалғай, қызметіне қарай – қоздырғыш және тежеуші қозуды өткізу жолына қарай – химиялық. Электрлік, аралас, бөлетін медиаторлар табиғатына қарай – холинэнергиялық және адреэнергиялық болып бөлінеді.
Синапсқа бірнеше
Рецепторлар ішкі және сыртқы орта тітіргендіргіштерінің әсерін қабылдап, оларды ерекше электрохимиялық сигналдарға – нерв импульстеріне айналдыратын арнаулы сезімтал нерв ұштарын айтады. (латын тілінде «қабылдау» деген мағына береді.) . Рецепторлар сезім жүйесінің бастапқы буынын құрайды, сондықтан олар жануарлар организмдегі, әр түрлі ақпарлардың, сигналддардың көзі болып табылады.
Қабылдайтын тітіргендіргіштер табиғатына қарай рецепторлар фото-, механо-, хемо – және зақымдаушы, ауыртпалық әсерлерді қабылдайтын болып бөлінеді.
Табиғатына қарай рецепторлар негізгі немесе тікелей сезінетінжәне сатылы – жанама сезінетін болып бөлінеді. Тікелей сезінетін рецепторлар (тері, бұлшық ет, ішкі ағза, иіс анализаторлары рецепторлары) әсерді бірден қабылдайды, ал сатылы сезінетін рецепторларда тітіргендіргіш әсерін алдымен арнаулы маманданған эпителиальдық немесе глиальдық рецепторлық торшалар қабылдайды. Осы торшалар сезімтал торшалар өсінділерінің ұшымен синапс түзеді де, сол арқылы қозуды негізгі рецепторлық торшаларға бағыттайды. Рецепторлардың бұл түріне есту, дем көру, тепе-теңдік анализаторларының сезімтал ұштары жатады.
Ұлпаның физиологиялық күйіне, тітіркендіру жиілігіне және күшіне байланысты қозу тітіркенісінің жиілігі көп шекте ауытқып отырады. Әрбір үлпада дара қозу тітіркенісі белгілі уақытқа созылады. Осымен байланысты Н.Е. Введенский лабильділік ұлпада жеке қозу тітіркенісінің пайда болып және өшіп үлгеретін уақытын сипаттайтын қасиет деп санаған. Лабильділік немесе функционалдық жылжымалық деп ұлпада дара қозу тітіркенісінің толық кезеңінің пайда болып және аяқталып үлгеру шапшаңдығын айтады. Қозу толқынының ұзақтығы абсолюттік рефрактерліктің ұзақтығымен анықталады және де ол ұлпадағы биохимиялық және физиологиялық процестердің шапшаңдығымен бейнеленеді. Сондықтан жеке қозу толқынын құрайтын процестер неғұрлым шапшаң жүрсе, соғұрлым лабильділік жоғары болады, демек ұлпада белгілі бір мерзім ішінде көбірек қлзу толқыны пайда болады. Ұлпа лабильділігін лабильділік бірлігі деп аталған өлшеммен өлшейді.
Лабильділік бірлігі деп 1 сек ішіндегі тітіркендірулерге жауап ретінде ұлпада пайда болып үлгеретін қозу тітіркеністерінің ең көп мөлшерін айтады. Жоғары лобильділік миелинді сомалық нервтерге, ал төменгі лобильділік – миелинсіз вегативтік нервтерге тән. Сомалық нервтерге 1 сек ішінде 500 қозу тітіркеніс, пайда болып үлгерсе, вегетативтік нервте – 200 ғана импульс туындайды. Қаңқа еттерінің лабильділігі бірыңғай салалы етпен салыстырғанда жоғары. Мысалы, қаңқа еттерінде секундына 200 қозу импульсы туындай алатын болса, бірыңғай салалы етте бұл көрсеткіш 10 есе кем. Организмнің өсіп-дамитын кезеңдерінде лабильділік жоғарылайды, қартая келе – төмендейді.
Дәріс № 22,23
Жоғары дәрежелі жүйкелік қызмет және жануарлар этологиясы
Жоспары:
1. Ми қыртысының жеке бөліктерінің қүрылымдық жэне қызмет
ерекшеліктері
2. Жоғары дэрежелі нерв қызметін зерттеу әдістері
3. Шартты рефлекстер және олардың түрлері
4. Жоғары дәрежелі нерв қызметінің типтері жайлы ілім
5. Этология және оның мазмүны
Жануарлар мен адамның үлкен ми сыңарлары қыртысының әрекетін жоғары дэрежелі нерв қызметі (ЖДНҚ) деп атайды. Жоғары дәрежелі нерв қызметі организмнің сыртқы ортаның өзгермелі жағдайларына бейімделуін, демек оның сыртқы ортамен күрделі қарым-қатынасын қамтамасыз етеді.
Жоғары дәрежелі нерв қызметі жануарлардың мінез-қылығының ней-рофизиологаялық негізі болып табылады. Оның құрылымдық негізі болып үлкен ми жарты шарлары қыртысы, алдыңғы мидың қыртыс асты ядролары мен аралық ми құрылымдары саналады. Функциялық тұрғыдан жоғары дәрежелі нерв қызметі жануарлардың сыртқы орта жағдайларына мүлтіксіз бейімделуін қамтамасыз ететін табиғи туа қалыптасқан (инстинкт) және жүре пайда болған механизмдердің жиынтығы болып табылады.
Мінез-қылық деп жануардың өзінің табиғи мұқтаждығы мен қоршаған орта жағдайларына бейімделуін қамтамасыз ететін күрделі әрекетін айтады.
Жоғары дәрежелі нерв қызметі шартсыз жэне шартты рефлекстердің ара қатынасына, негізделген, сондықтан жануарлар дүниесінің даму жолында өзгеріп, күрделеніп отырған. Омыртқасыздар мен төменгі сатыдағы омыртқалы жануарлардың мінез-қылығында табиғи, туа қалыптасқан нерв әрекеттері жүре пайда болған нерв әрекеттерінен басым болады. Жануарлар эволюциясына байланысты жүре қалыптасқан нерв әрекетінің үлесі артады да, ол жоғары дәрежелі нерв қызметінің басым түріне айналады. Сонымен қатар шартты рефлекстер күрделеніп, жетіле түседі де, олардың құрамы толықтырылып, байып, организмнің сыртқы орта жағдайларына бейімделуін қамтамасыз ететін реттеуші факторға айналады.
Жоғарғы дәрежелі нерв қызметі жайлы
ілімнің негізін орыстың ұлы ғалымы И.П.
Павлов салған. Ол үлкен ми жарты шарының
шартты рефлекторлық әрекетінің негізінде
үш принцип жататынын негіздеді. Олардың
алғашқысы — құрылымдық принцип. Бұл принцип
бойынша үлкен ми жарты шарларының кез
келген физиологиялық әрекеті белгілі
бір құрылыммен байланысты. Кез келген
шартты рефлекторлық байланыс мидың байырғы,
бірақ іске қосылмай келген материялық
субстратының іске қосылуымен байланысты. «Басталу көзі» жоқ шартты рефлекторлық
реакция болмайды.
Сыртқы әсердің ерекшеліктері жоғары
дэрежелі нерв қызметінің сипатын
анықтайды, соған себепкер болады.
Жоғары дәрежелі нерв қызметінің үшінші принципі — талдау (ана-лиз) және жинақтау (синтез) деп аталады. Организмге қалыпты жағдайда бір мезгілде бірнеше тітіркендіргіш әсер етеді. Ми қыртысында осы тітіркендіргіштер жіктеліп, олардың негізгі элементтері, құрамдары анықталады. Осындай талдаудың нәтижесінде заттардың түсі, пішіні, иісі, температурасы т.с.с. ажыратылды.
Ми қыртысы орталық нерв жүйесінің ең жоғарғы, филогенездік тұрғыдан ең жас бөлімі болып табылады. Онымен жануарлардың мінез-қылығын қалыптастыратын жоғары дәрежелі нерв қызметі байланысты, Ми қыртысы органязм мен сыртқы орта арасындағы байланыстың мағыналығын, мәнділігін қалыптастырып, организмнің физиологиялық процестерін реттеп, бағыттап, олардың функциональдық тұтастығын қамтамасыз етеді.
Омыртқалы жануарлардың
филогенездік қатарында ми қыртысы
алғаш рет бауырымен
Ми қыртысы алынып тасталған сүтқоректілердің көптеген қызметі бұзылады. Алдымен Гольц, соңынан Ротман, Г.П. Зеленый итке операция жасап, ми қыртысын алып тастап, оны жыл бойы аман сақтап, бақылаған. Бүкіл бақылау мерзімі ішінде бірде-бір бұзылған қызмет қалпына келмеген.
Ми қыртысында сенсорлық аймақ та болады. Олар көру, есту, жанасу т.б. аймақтар болып бөлінеді. Көру аймағы үлкен ми жарты шарының шүйде бөлігінде, есту аймағы-самай бөлігінде, иістік аймақ-ежелгі қыртыстың аммон мүйізінде, артқы ортаңғы қатарда терінің жанасу мен қысымды қабылдайтын рецепторларынан тараған импульстерді сезінетін жанасу сезімінің аймағы жатады. Алдыңғы қозғағыш аймақты ішкі рецепциялық аймақ деп санайды. Бұл жерге ішкі ағзалардан тараған импульстер бағытталады. Осы аймақты тітіркендірсе немесе сылып тастаса тыныс алу, қан айналу процестері өзгеріп, ас қорыту жолының секторлық қызметі мен қимылы бұзылады.
Жалпы жануарлар мен адамның үлкен ми жарты шарлары қыртысында 9 бөлік байқалады. Олар шүйде, самай, жоғарғы төбелік, төменгі төбелік, аралшықтық, алдыңғы орталық, артқы орталық және маңдай беліктер. Өте терең талдағанда жарты шарлардың топогра-фиялық картасында 200-ден астам эр түрлі өрістерді ажыратуға болады. Өріс деп ми қыртысының нақтылы қызмет атқаратын бөлігін атайды.
Информация о работе Жануаралар физиологиясы пәнінің міндеттері мен мақсаттары және даму тарихы